О некоторых вопросах занятия административной государственной должности Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) және 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары;
Тармақша 2
2) 01.03.2023 бастап 31.12.2023 дейін қолданыста болды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 27.02.2023 № 49 бұйрығымен;
Тармақша 2-1
2-1) осы бұйрықтың 2-2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;
Тармақша 3
3) 01.03.2023 бастап 31.12.2023 дейін қолданыста болды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 27.02.2023 № 49 бұйрығымен.
Тармақша 3-1
3-1) осы бұйрықтың 2-3-қосымшасына сәйкес ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңмен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына 1-қосымша «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік орган өткiзедi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орган бос лауазымға орналасуға кандидаттарды iрiктеу үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.
Тармақ 4
4. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға қабылдау немесе мұндай лауазымға қабылдаудан бас тарту үшін негiз болып табылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурстар функциялары, өкілеттіктері мен штат сандары қандай да бір өзгерістерге жатпайтын мемлекеттік органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды қоспағанда, оларды өткізудің кез келген кезеңінде жойылады.
Тарау 2. 2-тарау. Конкурсты өткiзу тәртiбi
2-тарау. Конкурсты өткiзу тәртiбi
Тармақ 6
6. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:
Тармақша 1
1) жалпы конкурс;
Тармақша 2
2) ішкі конкурс.
Тармақ 7
7. Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген адамдардан құжаттар қабылдау;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау;
Тармақша 4
4) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік органның конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның конкурс комиссиясының қорытындысы.
Тармақ 8
8. Денешынықтыру және спорт бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының лауазымдарына конкурс әңгімелесу кезеңінің алдында конкурсқа қатысушыларды дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органмен келісудің кезеңін қамтиды. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарағаннан кейін персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) екі жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушылар құжаттарының электронды түрдегі көшірмелерін дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органға жолдайды. Конкурсқа қатысушыларды келісу конкурс комиссиясынан конкурсқа қатысушылар құжаттарының электронды көшірмелерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органмен жүргізілетін конкурсқа қатысушылармен сұхбат арқылы жүзеге асырылады. Сұхбат кандидаттың қалауы бойынша қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін. Конкурсқа қатысушыларды келісудің нәтижесі екі жұмыс күні ішінде электронды түрде конкурс өткізген мемлекеттік органға жолданатын шешім түрінде ресімделеді. Әрбір конкурсқа қатысушыға жекелеген қорытынды жасалады. Келісудің теріс нәтижесі бар қорытынды кандидаттарды конкурс комиссиясымен әңгімелесуге жібермеуге негіз болып табылмайды.
Тармақ 9
9. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Тармақ 10
10. Конкурсқа Заңның 16-бабында көрсетілген тиісті талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік органға осы Қағидалардың 44, 76 немесе 79-тармақтарында көзделген құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары конкурс қатысушылары болып табылады.
Тармақ 12
12. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.
Тармақ 13
13. Конкурс комиссиясы кандидаттармен әңгiмелесуді өткiзедi және олардың арасынан бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асырады немесе бос лауазымдарға қабылдаудан бас тартады.
Тарау 3. 3-тарау. Конкурс комиссиясын қалыптастыру
3-тарау. Конкурс комиссиясын қалыптастыру
Тармақ 14
14. Конкурс комиссиясы осы Қағидалармен айқындалған тәртіппен тиісті мемлекеттік органның басшысымен немесе аппарат басшысымен қалыптастырылады.
Тармақ 15
15. Конкурс комиссиясының төрағасы конкурс комиссиясы мүшелерінің бірі болып табылады және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген конкурс комиссиясының құрамын бекіткен адамның шешімі бойынша тағайындалады.
Тармақ 16
16. Аудандарда, қалаларда, облыстарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың бірыңғай конкурс комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады. Бірыңғай конкурс комиссиясының төрағасы бірыңғай конкурс комиссиясы мүшелерінің бірі болып табылады және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның шешімі бойынша тағайындалады.
Тармақ 17
17. Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі не орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімімен орталық мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі. Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшелерінде бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурс комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады. Бірыңғай конкурс комиссиясының төрағасы бірыңғай конкурс комиссиясы мүшелерінің бірі болып табылады және осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамның шешімі бойынша тағайындалады.
Тармақ 18
18. Конкурстық комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады. Бұл ретте орталық мемлекеттік органда және оның ведомствосында құрылатын конкурстық комиссияның құрамына саны конкурстық комиссияның үштен бірінен кем емес түрлі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қосылады.
Тармақ 19
19. Конкурс комиссиясының немесе бірыңғай комиссиясының құрамына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндетін атқару жүктелген адамдар, орналасуға конкурс өткізілетін бос лауазымдары бар құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері, сондай-ақ осы Қағидалардың 14-тармағында, 16-тармағының бірінші бөлігінде, 17-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) анықтайтын өзге адамдар енгізіледі. Аудан, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің орынбасары лауазымына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы орган, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органы басшысының орынбасары лауазымына орналасуға конкурс, конкурс комиссиясының құрамына осы ауданның, қаладағы ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімі аппаратының немесе осы атқарушы органның өкілін қоса отырып, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппаратының конкурс комиссиясымен немесе бірыңғай конкурс комиссиясымен өткізіледі. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) басшысының лауазымына орналасуға конкурс өткізу кезінде конкурс комиссияның немесе бірыңғай конкурс комиссияның құрамына мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі енгізіледі.
Тармақ 20
20. Бірыңғай конкурс комиссиясының құрамына аталған комиссия комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың не мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енгізіледі.
Тармақ 21
21. Егер орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілеттіктеріне осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының қызмет бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру жататын болса, онда осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу үшін құрылатын конкурстық комиссиялардың жұмысына қатысуға құқылы. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу үшін конкурстық комиссия құратын мемлекеттік орган тиісті орталық атқарушы органға конкурстық комиссияның құрамына кандидатура ұсыну туралы сұрау салуды жіберуге міндетті. Орталық атқарушы органмен немесе оның ведомствосымен сұрау түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс комиссиясының құрамына кандидатура ұсынылмаған жағдайда конкурс комиссиясы осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілісіз құрылады.
Тармақ 22
22. Конкурс комиссиясының құрамына конкурс қатысушысы кірмейді.
Тармақ 23
23. Конкурс комиссиясының хатшысы мемлекеттік қызметшілердің қатарынан тағайындалады, оның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 24
24. Конкурс комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Тармақ 25
25. Конкурс комиссиясының құрамын өзгерту уәкілетті адамның шешімі бойынша тиісті актіні шығару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін тиісті «Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттіліктерін ескере отырып, он бағыттан аспайтын конкурс сұрақтарының тізімін, сондай-ақ А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 лауазымдары үшін тиісті мемлекеттік органның қызметі саласында эссенің тақырыптар тізімін қалыптастырады. Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі. Бұл ретте осы Қағидалармен көзделмеген кандидаттарды іріктеудің құралдарын қолдану туралы ақпарат конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Тармақ 27
27. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Тармақ 28
28. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
Тармақ 29
29. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Тармақ 30
30. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Тармақ 32
32. Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Тармақ 33
33. Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Тармақ 34
34. Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Тармақ 35
35. Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасымен белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның жұмыскерлерімен конкурс комиссияларының құрамы туралы деректерді көпшілікке жария етуге жол берілмейді.
Тармақ 36
36. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелері жұмыскерлерінің конкурс комиссиясының отырысына, оның ішінде қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуына жол беріледі.
Тарау 4. 4-тарау. Ішкі конкурс
4-тарау. Ішкі конкурс
Тармақ 37
37. Заңның 29-бабы 1-тармағына сәйкес бос лауазымға орналасу үшін мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізеді, оған сондай-ақ Заңда және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.
Тармақ 38
38. Төменгі болып табылатын бос немесе уақытша бос лауазымға орналасу үшін ішкі конкурс өткізілмейді.
Тармақ 1. 1-параграф. Ішкі конкурс туралы хабарландыру
1-параграф. Ішкі конкурс туралы хабарландыру
Тармақ 39
39. Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде ішкі конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, басқа интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде қосымша жариялауға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда ішкі конкурс өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді басылымдарда, басқа интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде қосымша жариялауға жол беріледі. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландырулар өзі соның құрылымында тұрған мемлекеттік органның интернет-ресурсында да орналастырылады.
Тармақ 40
40. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 15-бабы 3-тармағы, 27-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
Тармақ 41
41. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) орналасқан жері көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, пошталық мекенжайлары, телефон нөмiрлерi, барынша рұқсат етілген файлдар өлшемінің шектеулерін көрсетумен электрондық пошта мекенжайлары;
Тармақша 2
2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк орган айқындаған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
Тармақша 4
4) құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам құжаттарды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында қабылдайды;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
Тармақша 6
6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмдерi мен орны;
Тармақша 7
7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;
Тармақша 8
8) конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны;
Тармақша 9
9) конкурс комиссиясының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы ақпарат;
Тармақша 10
10) осы Қағидалармен көзделмеген кандидаттарды іріктеу құралдарын қолдану туралы ақпарат.
Тармақ 41-1
41-1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне сәйкес шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда денсаулық сақтау, әлеуметтік-еңбек және білім саласындағы уәкілетті органдардың, олардың ведомстволарының, олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі конкурстық комиссияның шешімі бойынша бір жұмыс күнін құрауы мүмкін.
Тармақ 42
42. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт, жұмыс орны (лауазымы) сақталатын уақытша болмайтын жұмыскердің жұмысқа шығу күнін, сондай-ақ негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы туралы ақпараттың көрсетілуімен, конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қабылдау
2-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қабылдау
Тармақ 43
43. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Тармақ 44
44. Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Тармақ 45
45. Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 46
46. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Тармақ 3. 3-параграф. Ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
3-параграф. Ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
Тармақ 47
47. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн бір жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 48
48. Шешім осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес үлгіде (бұдан әрі – Шешім) ресiмделеді және оған комиссияның хатшысы және персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам (бұдан әрі – персоналды басқару қызметінің басшысы) қол қояды. Персоналды басқару қызметінің басшысы шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.
Тармақ 49
49. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және 7-қосымшаға сәйкес үлгіде оны өткізудің кестесін қалыптастырады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адаммен шешімді қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күні өткенге дейін және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.
Тармақ 50
50. Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу және эссе, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 51
51. Конкурс комиссиясының хатшысы рұқсат алмаған конкурс қатысушыларына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның шешімі қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу
4-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу
Тармақ 52
52. Әңгiмелесудің мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.
Тармақ 53
53. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Тармақ 54
54. Кандидаттарды бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi. Әңгімелесу алдында конкурс комиссиясының хатшысы әңгімелесуге қатысушыға конкурс комиссиясының мүшелерін, байқаушыларды, сарапшыларды, уәкілетті органның өкілін таныстырады. Әңгімелесуге конкурс комиссиясының үштен кем емес мүшелері қатысады. Конкурс комиссиясының мүшелері әңгімелесу барысында әдеп нормаларын, әңгімелесуге қатысушыларына құрметпен, сыпайы, әдепті және тілектесттік қарым-қатынасын сақтайды. Конкурсқа (-тарға) қатысатын және бос лауазымға (-дарға) орналасуға (оның ішінде екі және одан көп лауазымдарға) арналған әңгімелесуге жіберілген кандидат бір әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған үміттенген бос лауазымға (-дарға) байланысты сұрақтар қойылады және осы Қағидалардың 55 және 92-тармақтарымен белгіленген жағдайларда конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне эссе жазады. Бір және сол лауазымға үміткер кандидаттарға сұрақтардың саны тең көлемде қойылады. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу, эссе жазу, сондай-ақ іріктеудің басқа құралдарын өткізу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді. Бұл ретте әңгімелесудің және іріктеудің басқа тәсілдерінің бейнежазбасымен кандидат және комиссия мүшелері қамтылады. Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі. Әңгімелесу барысында техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен бір жылдан кем емес персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады. Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Тармақ 55
55. А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағиданың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Конкурс комиссиясының отырысы
5-параграф. Конкурс комиссиясының отырысы
Тармақ 56
56. Әңгімелесуді өткiзу аяқталған күні конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ эссені бағалау нәтижелерін және конкурс сұрақтарына жауаптарды қамтитын өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелері бойынша кандидаттардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
Тармақ 57
57. Кандидаттарды бағалау нәтижелерін конкурс комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы кандидаттарды бағалау парағына (бұдан әрі – Бағалау парағы) әрбір үміттенген бос лауазым бойынша енгізеді. Кандидатты бағалау парағы электронды түрде толтырылуы мүмкін.
Тармақ 58
58. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидаттарды бағалау парағында қойылған баллдар негізінде қабылданады.
Тармақ 59
59. Егер бағалау парақтарын комиссия құрамының кемінде үштен екісі оның ішінде төраға, бірақ үштен кем емес адам толтырса, конкурс комиссиясының шешiмi заңды деп есептеледi.
Тармақ 60
60. Ең көп балл сомасын алған кандидат конкурс комиссиясының оң қорытындысын алады. Балл сомалары тең болған жағдайда, конкурс комиссиясының төрағасы конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты анықтайды. Балл сомаларын есептеуді конкурс комиссиясының хатшысы жүзеге асырады. Бұл ретте конкурс комиссиясы конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттың жоқтығы туралы шешім қабылдай алады.
Тармақ 60-1
60-1. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған еркін нысандағы қағаз және (немесе) электронды түрдегі хаттама түрiнде ресiмделедi. Конкурс комиссиясының мүшелерi шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.
Тармақ 61
61. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның интернет-ресурсында конкурс комиссиясының шешімі орналастырылады. Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда, оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Тармақ 62
62. Конкурс комиссиясының хатшысы әңгiмелесуден табысты өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, конкурс комиссиясы шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күн iшiнде хабарлайды.
Тарау 5. 5-тарау. Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
5-тарау. Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Тарау 6. 6-тарау. Жалпы конкурс
6-тарау. Жалпы конкурс
Тармақ 66
Тармақ 67
Тармақ 68
Тармақ 69
Тармақ 70
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы конкурс туралы хабарландыру
1-параграф. Жалпы конкурс туралы хабарландыру
Тармақ 71
71. Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде жалпы конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, басқа интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде қосымша жариялауға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда жалпы конкурс өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді басылымдарда, басқа интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде қосымша жариялауға жол беріледі. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландырулар өзі соның құрылымында тұрған мемлекеттік органның интернет-ресурсында да орналастырылады.
Тармақ 72
72. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 15-бабы 3-тармағы, 27-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
Тармақ 73
73. Жалпы конкурсты өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық почта мекенжайлары;
Тармақша 2
2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
Тармақша 4
4) құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам құжаттарды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында қабылдайды;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 76 немесе 79-тармақтарында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі, осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген оларды ұсыну тәсілдері туралы ақпарат;
Тармақша 6
6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
Тармақша 7
7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;
Тармақша 8
8) конкурсқа қатысу үшін өтініш пен Қызметтік тізімнің нысаны;
Тармақша 9
9) конкурс комиссиясының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы ақпарат;
Тармақша 10
10) осы Қағидалармен көзделмеген кандидаттарды іріктеу құралдарын қолдану туралы ақпарат.
Тармақ 73-1
73-1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне сәйкес шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда денсаулық сақтау, әлеуметтік-еңбек және білім саласындағы уәкілетті органдардың, олардың ведомстволарының, олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі конкурстық комиссияның шешімі бойынша бір жұмыс күнін құрауы мүмкін.
Тармақ 74
74. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт жұмыс орны (лауазымы) сақталған уақытша болмайтын жұмыскердің жұмысқа шығу күнін көрсетумен конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қабылдау
2-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қабылдау
Тармақ 75
75. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері, электрондық пошта мекенжайлары арқылы ұсынады.
Тармақ 76
76. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) Өтініш;
Тармақша 2
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
Тармақша 3
3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Тармақ 77
77. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
Тармақша 1
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Тармақ 78
Тармақ 79
79. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) Өтініш;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.
Тармақ 80
80. Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді. Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілерімен жіберіледі.
Тармақ 81
81. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Тармақ 82
82. Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген адамдардың қызметтік тізімі, өтініш және құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) конкурс аяқталған сәттен бастап бір жыл ішінде сақталады.
Тармақ 83
83. Конкурстық іріктеуден өтпеген адамдардың өтініштері негізінде оларға осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, сондай-ақ 79-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар қайтарылады. Көрсетілген құжаттардың көшірмелері алынады және олар персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады. Осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды сақтау мерзімдері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген сақтау мерзімдері көрсетіле отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесіне сәйкес айқындалады.
Тармақ 3. 3-параграф. Жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру
3-параграф. Жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру
Тармақ 84
84. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігін қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды. Кандидаттардың Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің «Арнайы есептер» деректер қоры арқылы қаралады. Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 85
85. Шешім әзірленеді және оған конкурс комиссияның хатшысы және персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам қол қояды. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.
Тармақ 86
86. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және 7-қосымшаға сәйкес үлгіде оны өткізудің кестесін қалыптастырады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адаммен шешімді қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күні өткенге дейін және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.
Тармақ 87
87. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 87-1
87-1. Кандидат болып табылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің жұмыс берушісі персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру интегралды ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 88
88. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның шешімі қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу
4-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу
Тармақ 89
89. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады. Конкурс комиссиясы шекті мәннен төмен емес нәтижелерімен жеке қасиеттерді бағалауды ескереді.
Тармақ 90
90. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Тармақ 91
91. Жалпы конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген тәртіпте өткізіледі.
Тармақ 92
92. А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Конкурс комиссиясының отырысы
5-параграф. Конкурс комиссиясының отырысы
Тармақ 93
93. Әңгімелесуді өткiзу аяқталған күні конкурс комиссиясы кандидаттарды ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ эссені бағалау нәтижелерін және конкурс сұрақтарына жауаптарды қамтитын өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелері бойынша кандидаттардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
Тармақ 94
94. Кандидаттарды бағалау нәтижелері Кандидаттардың бағалау парағына әрбір үміттенген бос лауазым бойынша енгізіледі.
Тармақ 95
95. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидаттарды бағалау парағында қойылған баллдар негізінде қабылданады.
Тармақ 96
96. Конкурс комиссиясының шешiмi егер бағалау парақтарын оның құрамының үштен екі кем емес бөлiгi, оның ішінде төраға, бірақ үштен кем емес адам толтырса, заңды деп есептеледi.
Тармақ 97
97. Конкурс комиссиясының оң нәтижесін ең көп орташа балл алған кандидат алады. Орташа балдар тең болған жағдайда, конкурс комиссиясының оң нәтижесін алған кандидатты конкурс комиссиясының төрағасы анықтайды. Орташа балдарды есептеуді конкурс комиссиясының хатшысы жүзеге асырады. Конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат жарияланған лауазымға орналасудан бас тартқан кезде конкурс комиссиясының шешімі бойынша оның оң қорытындысын келесі ең жоғары балдар жиынтығын алған кандидат ала алады. Бұл ретте конкурс комиссиясының барлық мүшелері толтырған кандидаттарды бағалау парақтарының орташа балы кемінде төрт балл болған кандидаттардың болуы жағдайларын қоспағанда, конкурс комиссиясы конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттың жоқтығы туралы шешім қабылдай алады.
Тармақ 98
98. Талқылау барысы мен конкурстық комиссияның шешімі еркін нысандағы хаттама түрінде қағаз және (немесе) электрондық түрде ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды. Шешім электронды түрде әзірленген жағдайда конкурс комиссиясының мүшелері шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.
Тармақ 99
99. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады. Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Тармақ 100
100. Конкурс комиссиясының хатшысы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде хабарлайды.
Тарау 7. 7-тарау. Кандидаттың лауазымға орналасуы
7-тарау. Кандидаттың лауазымға орналасуы
Тармақ 101
101. Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен лауазымға орналасу жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ егер алдыңғы жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес бір айлық жұмыспен өтеу мерзімін белгілесе немесе тараптардың келісімі бойынша өзге мерзім белгіленсе, мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң, бірақ он жұмыс күнінен кешіктірмей, оң қорытынды алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды. Әңгімелесуге бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындала алады. Бұл ретте алдыңғы жұмыс беруші конкурс комиссиясының шешімі туралы хабарлама алғаннан кейін конкурсқа қатысқан мемлекеттік қызметшіні Заңның 61-бабы 1-1-тармағының және осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, атқарып отырған лауазымынан босатады. Конкурс комиссиясының шешімі туралы хабарлама алдыңғы жұмыс берушіге интегралды ақпараттық жүйе арқылы конкурс комиссиясының шешімі қабылданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жолданады. Мемлекеттік орган жарияланған лауазымға мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеруді жүргізу үшін жолдайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 қаулысымен және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар адам кандидатты жоғары тұрған лауазымды адамның (органның) келісімі бойынша лауазымға қабылдайды.
Тармақ 101-1
101-1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне сәйкес шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда денсаулық сақтау, әлеуметтік-еңбек және білім саласындағы уәкілетті органдардың, олардың ведомстволарының, олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бос лауазымдарына тағайындауға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидатты тағайындау конкурстық комиссияның отырысы өткен күннен бастап жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 102
102. Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамға мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);
Тармақша 2
2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) амбулаториялық-емханалық ұйымдарында қолданылатын медициналық есеп құжаттамасының нысандарына сәйкес құжатты тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген №075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариат куәландырған көшірмесі);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20665 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығы) бекітілген «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі нысаны бойынша құжат тапсырғанға дейін он күнтізбелік күннен аспайтын уақытта берілген мәлімет;
Тармақша 4
4) № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрықпен бекітілген «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі нысаны бойынша құжат тапсырғанға дейін он күнтізбелік күннен аспайтын уақытта берілген мәлімет;
Тармақша 5
5) Қағиданың 75-тармағына сәйкес құжаттың электрондық көшірмесін тапсырған жағдайда білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам осы Қағиданың 76-тармағы 3) тармақшасына сәйкес білімі туралы құжаттарға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.
Тарау 8. 8-тарау. Шағым жасау тәртiбi
8-тарау. Шағым жасау тәртiбi
Тармақ 103
103. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Тармақ 103-1
103-1. Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі. Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібермеуге құқылы.
Тармақ 104
104. Конкурс комиссиясының әкімшілік актісіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей шағым беру немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне шағым беру уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің Қағиданың 103-1 тармағына сәйкес келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін әкімшілік актінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Тармақ 105
105. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
Тармақ 106
106. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 107
107. Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында немесе персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) қаралады. Конкурс комиссиясы немесе персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
Тармақ 108
108. Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздерiне қатысты бөлiгiнде, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.
Басқа 1. Байқаушыға жадынама
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 1-қосымшасы Байқаушыға жадынама Құрметті байқаушы, Сізді конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін шақырды. Осыған орай, байқаушының толық жұмысы үшін Сізді осы жадынамамен танысуыңызды сұраймыз. Жадынама Сіздің қалауыңыз бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады. Сіздің байқаушы ретінде: конкурсқа қатысушылардың құжаттарымен танысуға; конкурсанттармен әңгімелесу кезінде қатысуға; әңгімелесуді өткізу барысына баға беруге; конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікіріңізді жазбаша түрде мемлекеттік органның басшылығына немесе Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл ретте, байқаушы: кандидаттарға сұрақ қоя алмайды; конкурсқа қатысушылардың жеке мәліметтерін жария ете алмайды; әңгімелесуді өткізу рәсіміне араласып, конкурс комиссиясының отырысы барысына кедергі жасай алмайды; конкурсқа қатысушыларға қандай да бір қолдау көрсете алмайды; конкурс комиссиясының мүшелері шешім қабылдаған кезде оларға әсер ете алмайды; нақты конкурсқа қатысушылар туралы, олардың жеке қасиеттері туралы өз пікірін ашық білдіруге болмайды; техникалық жазба құралдарын қолдана алмайды. Әңгімелесу барысында конкурс комиссиясының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын сақтауына назар аударыңызды сұраймыз. Жоғарыда аталған қағидаларға сәйкес: әңгімелесуге конкурс комиссиясының кемінде үш мүшесі қатысады; конкурс комиссиясының хатшысы кандидаттарды конкурс комиссиясының құрамымен, байқаушылармен және сарапшылармен таныстыру тиіс; конкурс комиссиясы конкурсанттарға әңгімелесуден мемлекеттік немесе орыс тілінде өту мүмкіндігін беру тиіс; әңгімелесу барысында конкурс комиссиясы мүшелерінің кандидаттарға деген әдепсіз немесе құрметсіз тәртібіне жол берілмейді; әңгімелесу тілектес жағдайында өту тиіс; әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы бейнежазба көмегімен тіркеледі. Әңгімелесу кезінде кандидат конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Егер «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бұзылған жағдайда ол туралы Агенттікке немесе оның аумақтық департаментіне хабарлауыңызды сұраймыз. Таныстым: __________ _______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 20 __ ж. «___» ___________________
Басқа 2. Өтініш
Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы Нысан __________________________ (мемлекеттік орган) Өтініш Мені ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін. Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін. Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________ (иә/жоқ) Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Мекенжайы: ______________________ Байланыс телефондары: ________________ e-mail: ______________________ ЖСН: ______________________ _________ ___________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 20 __ ж. «___»_______________
Басқа 3. «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы Нысан «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б» ________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО (түрлі түсті/ цветное, 3х4) _______________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) _______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні және жері / Дата и место рождения 2. Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) 3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей 4. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения 5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 6. Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками 7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) 8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) 9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) 10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации қабылданған / приема босатылған / увольнения _____________________ Кандидаттың қолы / Подпись кандидата _______________ күні / дата * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады
Басқа 4
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 4-қосымшасы Нысан № Кон­кур­сқа қа­ты­су­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) Ла­у­а­зым­ның ата­уы Сұ­рақ­тар­ға жа­у­ап­тар­ды ба­ға­лау Жал­пы балл** кә­сі­би тә­жі­ри­бе бі­лім дең­гейі Ком­му­ни­ка­тив­тік дағ­ды­лар Бас­қа­ру. дағ­ды­лар**** эс­се*** Ірік­те­удің бас­қа әді­сте­рі (қол­дан­ған жағ­дай­да) Бей­ін­дік*/ сұ­рақ № «__»______20__ ж. (00.00ч.) 1.1 Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) Ла­у­а­зым­ның ата­уы, са­на­ты 2. Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) Ла­у­а­зым­ның ата­уы, са­на­ты Ла­у­а­зым­ның ата­уы, са­на­ты 3. Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) Ла­у­а­зым­ның ата­уы, са­на­ты Ла­у­а­зым­ның ата­уы, са­на­ты Ла­у­а­зым­ның ата­уы, са­на­ты Ла­у­а­зым­ның ата­уы, са­на­ты ___________________________________________ (конкурстық комиссия мүшесінің қолы) ________________________________________________________________ (конкурстық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) «__»_______ 20__ ж. Ескертпе: * сұрақтар саны және қажет болған жағдайда қосымша өлшемдер мемлекеттік органмен дербес айқындалады ** 0-ден 5 баллға дейін қойылады *** А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдары үшін **** басқарушы лауазымдарға қолданылады Кәсіби тәжірибе: 0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибесі жоқ 1 балл – бір жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 2 балл – бір жылдан екі жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 4 балл – үш жылдан бес жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе 5 балл – тиісті кәсіби тәжірибесі бес жыл және одан астам Білім деңгейі: 1 балл – білімі сәйкес келеді 2 балл – тиісті саладағы магистр 3 балл – тиісті саладағы PhD доктор 4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар 5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар Коммуникативтік дағдылар: 0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді 1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді 2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді 4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені жеңіл жүргізеді 5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені еркін жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді. Басқару дағдылары: 0 балл – басқарушы лауазымдағы тәжірибесі жоқ 1 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі үш жылға дейін 2 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі үш жылдан төрт жылға дейін 3 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі төрт жылдан бес жылға дейін 4 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі бес жылдан алты жылға дейін 5 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі алты жыл және одан астам Эссені бағалаудың параметрлері (екі жүз сөзден артық емес): 0 балл – кандидат эссені жазған жоқ немесе тақырыбын ашып жазған жоқ (мәселені білмейтіндігін көрсетті) 1 – 2 балл – кандидат эссе тақырыбын жартылай ашты (тиісті сала туралы жалпы білімі және түсінігі бар) 3 – 4 балл – кандидат эссе тақырыбын жақсы ашты (тиісті сала туралы ауқымды білімі және түсінігі, дербес және критикалық талдаудың өте жақсы деңгейі бар) 5 балл – кандидат эссе тақырыбын толығымен ашты (тиісті сала туралы терең білімі және түсінігі, дербес және критикалық талдаудың жоғары деңгей бар, саланы жетілдіру бойынша шараларды ұсынады)
Басқа 5
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 5-қосымшасы Нысан _________________________________ (мемлекеттік орган) Кандидат _________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысуға өтініш қабылданды Қабылданған өтінішке қоса берілген құжаттар: _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________________________ ___________________________________________________________________ (Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________________________________ (қолы) «____»_______________ 20__ ж.
Басқа 6. Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу тураы ШЕШІМ
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 6-қосымшасы Нысан Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу тураы ШЕШІМ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Шешім (жіберілді / жіберілген жоқ) Жіберілмеу себебі 1. 1) 2) 3) … 2. 1) 2) 3) … ___________________________________________________________________ (Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 7. Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 7-қосымшасы Нысан Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты Эссе өтетін орны, күні және уақыты 3. 4) 5) 6) … 4. 4) 5) 6) … ___________________________________________________________________ (Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Басқа 2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары
Басқа 2-1. Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына 2-1-қосымша Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары
Басқа 2-2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына 2-2-қосымша Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Тестілеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлғаның қызметкері болып табылатын тестілеу операторының (бұдан әрі - оператор) қатысуымен өткізіледі.
Тармақ 3
3. Тестілеуді өткізудің әділдігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ оператордың сыбайлас жемқорлықты жібермеу әрекеттері туралы жазбаша шектеулерді қабылдауымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 4
4. «Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілетін қызметті берушісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу
2-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті беруші «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – «Б» корпусының лауазымына үміткерлер) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасында келтірілген.
Тармақ 7
7. «Б» корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тапсырады. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады. Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі. Портал арқылы өтініш берілген кезде, құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы нысанындағы тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады. Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен кеңесті көрсетілетін қызметті берушіден ала алады.
Тармақ 8
8. «Б» корпусының лауазымына кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды. Тестілеуге жазылу «электрондық үкімет» веб-порталында қалыптастырылатын осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.
Тармақ 9
9. Тестілеуден өтуден бас тарту негіздері Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.
Тармақ 10
10. «Б» корпусының лауазымына кандидаттар осы Қағидаларға 4 – қосымшаға сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары (бұдан әрі-тестілеу бағдарламалары) бойынша олардың өтініштерінде көрсетілген мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтеді.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке кабинетіне портал арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы электрондық сертификат (бұдан әрі-Сертификат) жолданады. Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген Сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды. Екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген Сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген Сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды. Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде Сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады. Берілген Сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде азамат сол Сертификат жарамды болып табылатын тестілеу бағдарламалары бойынша қайта тестілеуден өтпейді.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлерге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жеке кабинетке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту мәндерінен төмен нәтижелері бар тестілеуден өткені туралы анықтама жіберіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге жіберуге тестілеу өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік үш күн өткен соң жол беріледі.
Тармақ 15
15. «Б» корпусының лауазымына үміткерлер Сертификаттың телнұсқасын оның қолданылу мерзімі ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ала алады.
Тарау 3. 3-тарау. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі
3-тарау. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі
Тармақ 16
16. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеу нысанында жүргізіледі.
Тармақ 17
17. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін тестілеу кестесіне сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған адамдар жіберілмейді.
Тармақ 18
18. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен емес нәтиже алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге тестілеу кестесіне сәйкес келмеген адамлар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарымен белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.
Тармақ 19
19. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады. Тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды. Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды.
Тармақ 20
20. «Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды портал арқылы «жеке кабинетіне» жолданды. «Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды. Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде қорытындының жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Тармақ 21
21. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуде осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мәннен төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің қайта тестілеуіне алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Тарау 4. 4-тарау. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі
4-тарау. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 22
22. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
Тармақ 23
23. Тестілеу басталғанға дейін оператор тестіленуші адамдарды тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда тестілеу рәсімдеріне қатысты туындаған сұрақтарға жауап береді.
Тармақ 24
24. Тестілеу сәтінде өзін нашар сезінген адамдар ол туралы операторға тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамдарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.
Тармақ 25
25. Тестілеу кестесі автоматты түрде айқындалады.
Тармақ 26
26. Тестілеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, сонымен қатар «Б» корпусы лауазымына кандидатты сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен жабдықталады.
Тармақ 27
27. Әрбір жұмыс станциясы кандидатты суретке түсіру және тестілеу процесіне бейне жазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.
Тармақ 28
28. Тестілеуден өтетін адамдар басқа адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді. Тестілеуден өтетін адамдарға тестілеу залына қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) кіргізуге рұқсат берілмейді. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға салынады.
Тармақ 29
29. Тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеуді өткізу барысында жалған адам анықталған жағдайда аталған адам тестілеуге жіберілмейді немесе оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді. Бұл ретте оператор осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы актіні толтырады. Тестілеуден өту үшін тіркелген адамды қайта тестілеуге осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген Акт жасалған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жол беріледі.
Тармақ 30
30. Тестіленуші адам осы Қағидалардың 28-тармағының талаптарын бұзған жағдайда оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді. Бұл ретте оператор бір жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы Қағиданы бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады. Акт толтырылған адамдар қайта тестілеуді бұзу болған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді. Осы Қағидалардың 28-тармағының талаптарын бұзған адамдардың тестілеу нәтижелері жойылады.
Тармақ 31
31. Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады және осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады. Мұндай жағдайда, «Б» корпусының лауазымына кандидат тестілеуге осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында айқындалған тәртіпте жазыла алады.
Тармақ 32
32. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.
Тармақ 33
33. Тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк тестілеу бағдарламасының көмегiмен автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы кандидаттың «жеке кабинетіне» 20 (жиырма) минут ішінде жолданады.
Тармақ 35
35. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган «Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 10-бабының13) тармақшасына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Тарау 5. 5-тарау. Тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі
5-тарау. Тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі
Тармақ 37
37. Үміткерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдарын қарастыру және олардың құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органда апелляциялық комиссия құрылады.
Тармақ 38
38. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі. Апелляциялық комиссияның құрамына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қосылуы мүмкін.
Тармақ 39
39. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, немесе апелляциялық комиссияның төрағасы болмағанда төрағаның орынбасары басқарады. Апелляциялық комиссияның іс-қағаздарын жүргізу уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын хатшымен жүзеге асыралады.
Тармақ 40
40. Апелляциялық комиссия тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің төмен нәтижесін алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлердан апелляцияға шағымдарын қабылдайды және қарастырады.
Тармақ 41
41. Апелляцияға кандидаттан келесі шағымдар қабылданады:
Тармақша 1
1) нақты сұрақтардың қисындығына шағымдану;
Тармақша 2
2) техникалық ақаулықтарға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану;
Тармақша 3
3) тестілеу қағидаларын бұзу туралы актіге шағымдану;
Тармақша 4
4) тестілеудің қалыпты барысына кедергі болған жағдайларға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану.
Тармақ 42
42. Осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған үміткерлердан 12-қосымшаға сәйкес нысандағы апелляцияға шағым апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке беріледі. Апелляцияға шағым тестілеуден өткен күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде қабылданады және апелляциялық комиссияның отырысында апелляциялық комиссиямен айқындалған кестеге сәйкес қарастыралады. Апелляциялық комиссияның отырысы түскен шағымдардың санына байланысты өткізіледі.
Тармақ 43
43. Апелляциялық комиссияның отырысында апелляцияға шағым берген үміткерлердың тестілеудің толық нәтижелері қарастырылады. Тестілеудің толық нәтижелері өзіне үміткердің дұрыс жауап бермеген тест тапсырмалары және оның жауап нұсқасы қосады.
Тармақ 44
44. Апелляцияға шағым берген үміткерлердің тестілеудің толық нәтижелері апелляциялық комиссияға көрсетілетін қызметті берушіден сұрау бойынша ұсынылады. Бұл ретте, тестілеудің толық нәтижелері «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен ресімделеді және үміткерлерға танысу үшін беріледі.
Тармақ 45
45. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамалармен ресімделеді, олар екі данада жасалады және осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Апелляциялық комиссияның отырысы хаттамасының екінші данасы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі және бір жыл ішінде сақталады. Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы болады.
Тармақ 46
46. Апелляциялық комиссия апелляцияға берілген шағымды қарастыру нәтижесі бойынша екі шешімнің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;
Тармақша 2
2) үміткердің апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу. Бұл ретте, үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді қайта тапсыруға бір рет қана жіберіледі.
Тарау 6. 6-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының тестілеуден өту мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
6-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының тестілеуден өту мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 47
47. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Тармақ 48
48. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі. _____________
Басқа 2.2.1. Өтініш
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 1-қосымша Нысан ________________________ ________________________ ________________________ тел.____________________ эл. мекенжайы __________ Өтініш Мені «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің ____ бағдарламасы және жеке қасиеттерді бағалаудың ____ бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеуге жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін. Тестілеу өту мекенжайы: ___________ Тестілеу өтуді қалаған күні: _________. Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _______. 20 __ ж. «___» ___________________
Басқа 2.2.2. «Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 2-қосымша «Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) 3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі Тестілеу өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік бір күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі. 4 Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны Электрондық (толық автоматтандырылған) 5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық сертификат, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Б» корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі жөніндегі қорытынды немесе осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама. Тестілеудің нәтижесі портал арқылы кандидаттың жеке кабинетіне 20 (жиырма) минут ішінде жіберіледі. 6 Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері, және оны алу тәсілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. 7 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушінің шешімі бойынша тестілеу залдарының жұмыс уақытын 23.00-ге дейін ұзартуға жол беріледі; 2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (кандидаттың жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтінген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі). Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары: 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында:www.gov.kz; 2) порталда www.egov.kz орналастырылған. 8 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Мемлекеттік қызметті алу үшін кандидат портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге кандидаттың ЭЦҚ-мен немесе ұялы байланыс операторы беретін кандидаттың абоненттік нөмірі тіркелген қосылған жағдайда порталдың есептік жазбасына бір реттік пароль куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным жолдайды. 9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздері 1) кандидаттың соңғы күнтізбелік он бес күн ішінде шекті мәннен төмен нәтижемен тестілеуден өтуі; 2) кандидаттың соңғы алты ай ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) бекітілген Тестілеу ережелерін бұзу туралы қызмет беруші толтырған актінің бар болуы; 3) соңғы бір жыл ішінде тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы оператор толтырған осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес актінің бар болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы; 5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасы бойынша қолданыстағы сертификаттың болуы. 10 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар Кандидат ЭЦҚ қолдану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Кандидаттың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі -1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Басқа 2.2.3. ҚОЛХАТ
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 3-қосымша Нысан ҚОЛХАТ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткердің__________________________________________ өтініші қабылданды. (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)) Тестілеу өту күні: _____________________ Тестілеу өту уақыты: __________________ Тестілеу өту мекенжайы: _______________ Тестілеу бағдарламасы: ________________ Тестілеу бағдарламасында көзделген құқықтық актілер: _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Ескертпе: Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өтеді. Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен «электрондық үкімет» порталы арқылы берілді. «___» ___________________ 20 __ ж.
Басқа 2.2.4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 4-қосымша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:
Тармақша 1
1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестер (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер. Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 91 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.
Тармақша 2
2) екінші бағдарлама B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, D-R-1, D-R-2, D-R-3, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер. Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (115 сұрақ) кем дегенде 69 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.
Тармақша 3
3) үшінші бағдарлама C-R-5, D-R-4, D-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер. Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 95 минутті құрайды.
Басқа 2.2.5. СЕРТИФИКАТ
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 5-қосымша Нысан СЕРТИФИКАТ ________________________________________________ «Б» корпусының (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _____________ қаласында _____ бағдарлама бойынша «___»______________ 20 __ ж. өткенін растайды. Тест атауы Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны Тестілеуді өту мәні Дұрыс жауаптардың саны ҚОРЫТЫНДЫ Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып табылады. Осы сертификат «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің: ___________________________________________санаттарына жарамды. ekyzmet.kz сайтында тексеру коды _______ 20 __ ж. «____» _______________
Басқа 2.2.6. Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 6-қосымша Нысан Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА _____________________________________________________ (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _______________ қаласында «___» _______ 20____ж. _____ бағдарлама бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы берілді. Тест атауы Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны Тестілеуді өту мәні Дұрыс жауаптардың саны ҚОРЫТЫНДЫ Осы үміткер қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өте алады. ekyzmet.kz сайтында тексеру коды ____ 20 __ ж. «____» _______________
Басқа 2.2.7. ТЕЛНҰСҚА СЕРТИФИКАТ
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына 7-қосымша Нысан ТЕЛНҰСҚА СЕРТИФИКАТ ______________________________________ «Б» корпусының (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _____________ қаласында _____ бағдарлама бойынша «___» _____________ 20__ ж. өткенін растайды. Тест атауы Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны Тестілеуді өту мәні Дұрыс жауаптардың саны ҚОРЫТЫНДЫ Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болыптабылады. Осы сертификат «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ санаттарына жарамды. Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылғансертификат телнұсқасын беру жүйесімен «электрондық үкімет» порталы арқылы берілді.
Басқа 2.2.8. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 8-қосымша Нысан «Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым Тестіленушінің ТАӘ (ол болған жағдайда): Тестілеу күні мен уақыты: ЖСН: Жауаптардың растығы: № Құзыреттің атауы Қысқашы мінездеме 1 Стресске орнықтылық 2 Ынтымақтастық және әрекеттестік 3 Стратегиялық ойлану 4 Қызметті басқару 5 Жеделділік 6 Адалдық 7 Қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану 8 Бастамашылдық 9 Шешім қабылдау 10 Өздігінен даму 11 Көшбасшылық 12 Жауапкершілік 13 Өзгерістерді басқару ekyzmet.kz сайтында тексеру коды _______ 20 __ ж. «____» _______________
Басқа 2.2.9. Тестілеу ережелерін бұзу туралы АКТ
Мемлекеттік әкімшілікқызметшілерді, мемлекеттікәкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлердітестілеуді ұйымдастыру,бағдарламалары мен қағидаларына 9-қосымша Нысан Тестілеу ережелерін бұзу туралы АКТ 20_ ж. «___» _____________ сағат ______ мин. Тестілеу операторы_______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қызметшінің/үміткердің _________________________________ ЖСН _______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының 28-тармағын бұзу фактісі анықталды: _______________________________________________________________ ______________________________________________________________ (Қағидаларды бұзудың қысқаша сипаты) Тестілеу операторының қолы: _____________________________________ Актімен таныстым: ________________________________________________________________________________________ (жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/ үміткердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)). Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/ үміткердің осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба) _______________________________________________________________________________________ (жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/ үміткердің осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)
Басқа 2.2.10. Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы акті
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 10-қосымша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы акті _________қаласы «____» ____ 20___ ж. __ сағ.. _ мин. _____________________________________________ тестілеу операторымен (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) азамат _________ЖСН________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))орнына азамат ____________ЖСН___________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) тестілеуді тапсыру әрекеті дерегі анықталды. Тестілеу операторының қолы: _____________________________________ Актімен таныстым: _______________________________________________ (жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба __________________________ (жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)
Басқа 2.2.11. Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акті
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына 11-қосымша Нысан Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акті Күні: ___________ ___________ қаласы Біз, төменде қол қойғандар, тестілеу рәсімін тоқтату туралы осы актті 20__ жылдың «___» __________ ___ сағ. ___мин. байланыс ақауының компьютерлік техника ақауының тоқ қуаты ақауының өзге себептіңсалдарынан жасадық. Тестілеуді тоқтату себебі бойынша қосымша ақпарат: _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Тестілеу келесі адамларға қатысты тоқтатылды: 1. Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ЖСН қолы Тестілеу залы операторның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) мен қолы:
Басқа 2.2.12. Өтініш
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 12-қосымша Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның апелляциялық комиссиясының Төрағасына ____________________________ (кандидаттың Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) ____________________________ (кандидаттың ЖСН) Тел. ________________________ Эл. мекенжайы ______________ Өтініш Мені, 20__ жылдың ____________________ _____________________ қ. (тестілеу күнін көрсету) өткен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдануға рұқсат беруді сұраймын. Тестілеу нәтижелеріне шағым беру талабымның мәні: _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін. «___» _______________ 20__ж.
Басқа 2-3. Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына 2-3-қосымша Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы уақытша Қағидалар мемлекеттік органдарда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізу (бұдан әрі – іріктеу) тәртібін айқындайды және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 23 тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Іріктеу ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі-жүйе) «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталда жүргізілетін келесі кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) жеке қасиеттерін бағалату;
Тармақша 2
2) жалпы конкурс.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) үміткер – Заңның 16-бабында көрсетілген талаптарға және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкескелетін, іріктеуге қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 2
2) бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері;
Тармақша 3
3) прокторинг – жүйенің автоматты бақылау функциясы арқылы байқау кезеңдерін бақылау және қадағалау рәсімі;
Тармақша 4
4) проктор – іріктеу кезеңдерінен өту рәсімін тексеруді жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 5
5) еңсерілмейтін күш – төтенше және алдын алуға болмайтын оқиға, оның ішінде төтенше жағдай жариялау, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес шектеу іс-шаралары (карантин) енгізілген жағдай;
Тармақша 6
6) кадр қызметі – мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі немесе бірыңғай персоналды басқару қызметі;
Тармақша 7
7) жеке кабинет – тіркелгеннен және/немесе авторизациядан кейін қолжетімді болатын жүйедегі үміткердің жеке парақшасы;
Тармақша 8
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;
Тармақша 9
9) үміткердің электрондық жеке ісі (бұдан әрі – ЭЖІ) үміткердің жеке басын куәландыратын құжатты, тіркелген жері, еңбек жолы, білімі туралы мәліметтерді, сондай-ақ «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық пошта мекенжайын, фотосуреттерін және ұялы телефон нөмірін алу арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Жүйеде іріктеу рәсімінің әкімшісі, оның ішінде «Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушісі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға болып табылады (бұдан әрі - Іріктеу рәсімінің әкімшісі).
Тармақ 5
5. Үміткердің мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүйемен азаматтардың денсаулығын қорғау және қадағалау саласындағы стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның және құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен ақпарат сұратылады. Үміткер Заңның 16-бабының 3, 3-1 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда іріктеудің кез-келген кезеңінен шығарылады.
Тармақ 6
6. Іріктеуге қатысу үшін үміткер жүйеде тіркеледі, жеке сәйкестендіру нөмірін, ЭЦҚ немесе цифрлық сәйкестендіруді пайдалана отырып ақпаратты енгізу арқылы бірыңғай авторландыру құралын (IDP/SSO) пайдалана отырып аутентификациядан өтеді. Өтінім беру кезінде үміткер іріктеуді өткізу тәртібімен танысады және осы Қағидалардың талаптарын сақтайды, сондай-ақ ЭЖІ қалыптастыру үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
Тармақ 7
7. Іріктеудің әрбір кезеңінің алдында үміткер кезеңнен өту шарттарымен танысады және осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін, сондай-ақ іріктеу кезеңінен өтпеген жағдайда іріктеуге қатысуды тоқтатады.
Тармақ 8
8. Үміткер ЭЖІ деректерінің дұрыстығын тексереді, әрбір еңбек жазбасы бойынша функционалдық бағытын көрсетеді, қажет болған жағдайда мәліметтерді толықтырады және түзетеді.
Тармақ 9
9. Іріктеуге қатысу үшін үміткер өзінің техникалық жабдықтарын (компьютердің, ннтернеттің тұрақты жылдамдығы кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камера, микрофон және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандыру) пайдаланады.
Тармақ 10
10. Іріктеу кезеңдерінен өту кезінде үміткер жеке қатысуын және бөгде адамдардың болмауын қамтамасыз етеді; орнын тастап кетпейді; экраннан бұрылмайды; кескінді жаппайды; бейнекамераны ажыратпайды; жүйенің сұранысы бойынша ол іріктеу кезінде орналасқан бөлмеге (360 градус) дөңгелек шолу жасайды; телефонмен сөйлеспейді; басқа тұлғалардың дербес компьютерге (қашықтан қол жеткізу бағдарламалары) қол жеткізуіне мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтамасын қолданбайды және оның жоқтығын қамтамасыз етеді, аудио гарнитура (құлаққап), көмекші электрондық, баспа, қағаз және өзге де материалдар, сондай-ақ заттарды пайдаланбайды.
Тармақ 10-1
10-1. Үміткер осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарын бұзған жағдайда бір жұмыс күні ішінде тестілеуден өту кезінде прокторингпен тіркелген бұзушылықтардың тізімі, жүйе арқылы үміткердің «жеке кабинетіне» жіберіледі. Бұл ретте тестілеу нәтижелері автоматты түрде жойылады.
Тармақ 10-2
10-2. Осы Қағидалардың 10-1-тармағында көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Тармақ 10-3
10-3. Осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарын қайтадан бұзуға жол берген үміткерлерді тестілеуге қайта тестілеуден өткен күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Тармақ 11
11. Проктор үміткердің осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарын бұзғанын анықтаған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде жүйе арқылы бұзушылықтар тізімін жасайды, ол үміткердің жеке кабинетіне жіберіледі. Бұл ретте үміткердің «Тексеруде» өтінімінің жай-күйі «Өтпеген» күйіне ауыстырылады және үміткер іріктеу өткізудің кез келген кезеңінде қатысуын тоқтатады.
Тармақ 12
12. Жүйенің техникалық ақауы (техникалық ақау) туындаған жағдайда іріктеудің тиісті кезеңі автоматты түрде аяқталады, іріктеу рәсімінің әкімшісі жүйеде техникалық ақау туралы актіні тіркейді. Бұл ретте үміткер жиырма төрт сағат ішінде іріктеу кезеңінен өту үшін қайта жазылуға техникалық қолдау қызметіне жүгінеді.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда функциялары, өкілеттіктері мен штат бірліктері қандай да бір өзгерістерге жатпайтын мемлекеттік органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды қоспағанда, жарияланған конкурстар оларды өткізудің кез келген кезеңінде жойылады.
Тарау 2. 2-тарау. Конкурстық комиссияны қалыптастыру
2-тарау. Конкурстық комиссияны қалыптастыру
Тармақ 14
14. Бос лауазымға орналасуға үміткерлерді іріктеу үшін конкурстық комиссияны мемлекеттік органның кадр қызметі қалыптастырады, бұл ретте конкурстық комиссия құрамының кемінде үштен бірін жүйе кездейсоқ тәртіппен қалыптастыратын тиісті тізімнен бағалаушылар құрайды.
Тармақ 14-1
14-1. Жүйемен ұсынылып, өзінің қатысуын жүйеде растаған бағалаушы, конкурстық комиссия құрамынан негізсіз шығарылуға жатпайды. Бағалаушыны қатыспау себебінен шығарып жіберген жағдайда кадр қызметі шығару себебін көрсетеді. Конкурстық комиссияны қалыптастыру кезеңінде кадр қызметі әңгімелесу басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын қосымша бағалаушыны қосу мүмкіндігі бар.
Тармақ 15
15. Конкурстық комиссия мүшелігіне қабылдау туралы шақыру (хабарлама) жүйедегі конкурстық комиссия мүшесінің жеке кабинетіне жіберіледі.
Тармақ 16
16. Конкурстық комиссияның мүшесі шақырудан бас тартқан жағдайда, мемлекеттік органның кадр қызметіне жүйе арқылы тиісті ескерту (хабарлама) келіп түседі және жүйе арқылы конкурстық комиссия мүшелігіне келесі үміткер таңдалады, оған шақыру (хабарлама) жіберіледі.
Тармақ 17
17. Конкурстық комиссия мүшелеріне үміткерлердің дербес деректеріне қатысты мәліметтерді таратпауды, тест тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария етуге, сондай-ақ конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін өзге де іс-әрекеттер жасауға тиым салынады.
Тармақ 18
18. Кворум болмаған немесе конкурстық комиссия мүшелері ауыстырылған жағдайда, конкурстық комиссияның отырысына дейін кадр қызметі конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізеді.
Тармақ 19
19. Орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін не орталық мемлекеттік орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі.
Тармақ 20
20. Конкурстық комиссия кемінде үш мүшеден тұрады және мынадай құрамда қалыптастырылады:
Тармақша 1
1) конкурс жарияланған бос лауазымы бар мемлекеттік органның не құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы;
Тармақша 2
2) кадр қызметінің қызметшісі немесе кадр қызметінің міндеттерін орындау жүктелген адам;
Тармақша 3
3) бағалаушы.
Тармақ 21
21. Конкурстық комиссияның мүшелері үміткерлерді дербес бағалайды.
Тармақ 22
22. Конкурстық комиссияның құрамына конкурсқа қатысушы кірмейді.
Тармақ 23
23. Конкурс жарияланған бос лауазымы бар мемлекеттік органның не құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы болмаған жағдайда, конкурстық комиссияның құрамына оның міндетін атқарушы немесе конкурстық комиссияның мүшесін осы мемлекеттік органның қызметкерлері қатарынан кадр қызметі дербес айқындайды.
Тармақ 24
24. Конкурстық комиссияның жоқ мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Тармақ 25
25. Конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды кадр қызметі жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін мемлекеттік орган бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді. Бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру жүйеде, сондай-ақ мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұданәрі – уәкілетті орган) интернет-ресурстарында жарияланады. Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі хабарландыруда көрсетіледі. Іріктеуге қатысу үшін өтінімдер уәкілетті пайдаланушылардан жүйенің көмегімен қабылданады.
Тармақ 27
27. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) басшысы лауазымына конкурс өткізу кезінде бағалаушы ретінде конкурс комиссиясының құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі енгізіледі.
Тармақ 28
28. Бағалаушы осы Қағидалардың 3-тармағы 2) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бағалаушы рөліне үміткердің жеке кабинетіне жүйемен тиісті хабарлама жіберіледі.
Тармақ 29
29. Бағалаушыға жүйе арқылы оны мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының құрамына енгізу туралы хабарлама жіберіледі.
Тармақ 30
30. Бағалаушы конкурстық комиссияның құрамына енгізілген жағдайларды қоспағанда, жүйедегі бағалаушылар тізімінен кез келген уақытта шыға алады.
Тарау 3. 3-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге тестілеу тәртібі
3-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге тестілеу тәртібі
Тармақ 31
31. Іріктеу рәсімінің әкімшісі азаматтардың өтініш жасауына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге тестілеуді өткізеді.
Тармақ 32
32. Үміткерлер тестілеуге өтінім беруге қатысты ақпаратты және кеңесті жүйеде, уәкілетті органның интернет-ресурсында жұмыс уақытында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін алады.
Тармақ 33
33. Үміткер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білу тестілеуінен өтеді.
Тармақ 34
34. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін шекті мән белгіленбейді.
Тармақ 35
35. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу нәтижесін тестілеу бағдарламасында көрсетілген мәндерден төмен емес алған үміткерге жеке кабинетке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өткені туралы электрондық сертификат (бұдан әрі - сертификат) жіберіледі. Бұл сертификат ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізуге қатысқан кезде ғана жарамды. Сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде үміткер Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден қайта өтпейді.
Тармақ 36
36. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу нәтижелерін тестілеу бағдарламасында көрсетілген мәндерден төмен алған үміткерге жеке кабинетке тестілеуден өтпегені туралы хабарлама жіберіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік үш күннен кейін жол беріледі.
Тармақ 37
37. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары болған кезде сертификаттың жарамдылық мерзімі осындай мән-жайлардың қолданылу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Тармақ 1. 1-параграф. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі
1-параграф. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 38
38. Тестілеуге қатысу үшін үміткер тестілеу күніне дейін күнтізбелік бір күннен кешіктірмей жеке кабинетінде өтінім береді. Үміткер тестілеу уақытын жүйе қалыптастыратын кестеге сәйкес дербес таңдайды.
Тармақ 39
39. Үміткердің жеке кабинетінде өтінімді тіркеуді растау мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебені көрсету болып табылады.
Тармақ 40
40. Тестілеуге жазылу тестілеуден өту күні мен уақытын көрсете отырып, жүйе қалыптастыратын хабарламамен расталады.
Тармақ 41
41. Тестілеуге қатысу үшін үміткер таңдаған уақытынан кешікпей жүйедегі жеке кабинеті арқылы тестілеуді бастайды.
Тармақ 42
42. Тестілеу басталмас бұрын үміткер жүйеде тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
Тармақ 43
43. Үміткер тестілеу басталғанға дейін жеке кабинетте өтінімнің күшін жоюға жол беріледі. Өтінімнің күші жойылмаған және үміткер болмаған (келмеген) жағдайда жүйе үміткерді автоматты түрде бұғаттайды және тестілеуден қайта өту үшін күнтізбелік үш күн өткеннен кейін бұғаттан шығарады.
Тармақ 44
Тармақ 45
Тармақ 46
Тармақ 47
47. Тестілеу рәсімі аяқталғанға дейін қатысушы сұрақтарға жауап беруге, жауаптарды, соның ішінде алдыңғы жауаптарды түзетуге мүмкіндігі бар.
Тармақ 48
48. Үміткер тестілеуді «Ескертусіз аяқтау» немесе «Ескертулермен аяқтау» батырмасын таңдау арқылы тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт өткенге дейін өз бетінше аяқтайды, ал ескертулер болған жағдайда «Ескертулер» жолына үміткер өз ескертулерін, ұсыныстарын енгізеді не шағымын ресімдейді.
Тармақ 49
49. Үміткер компьютерді қуаттан өз бетінше ажырату, интернетке қосылуды ажырату, тестілеу терезесіне кіруді тоқтату арқылы тестілеуді аяқтаған кезде тестілеу нәтижелеріне «Өтпеген» мәртебесі беріледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 50
50. Тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт өткеннен кейін тестілеу автоматты түрде аяқталады.
Тармақ 51
51. Тестілеудің дұрыс жауаптарын санауды жүйе автоматты түрде жүзеге асырады.
Тармақ 52
52. Тестілеу аяқталғаннан кейін жүйе тиісті нәтижені көрсетеді.
Тармақ 53
53. Шекті мәнді еңсерген үміткерлердің нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейін өтінімнің мәртебесін «Тексеруде» деп көрсетеді.
Тармақ 54
54. Проктормен тексеру тестілеу аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 55
55. Проктор тестілеуді өткізу тәртібін бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, үміткердің жеке кабинетіне бұзушылықтар тізімі бар хабарлама жіберіледі. Бұл ретте қатысушының «Тексеруде» өтінімінің жай-күйі «Өтпеген» күйіне ауыстырылады.
Тармақ 56
56. Тестілеуді өткізу тәртібін бұзушылықтар болмаған жағдайда үміткердің өтінім мәртебесі «Тексеруде» дегеннен «Өтті» дегенге ауыстырылады және үміткер іріктеудің келесі кезеңіне жіберіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Тестілеу нәтижелеріне шағымдану тәртібі
2-параграф. Тестілеу нәтижелеріне шағымдану тәртібі
Тармақ 57
57. Үміткерлердің тестілеу нәтижелеріне шағымдарын қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 58
58. Уәкілетті орган өз құзыреті шеңберінде Іріктеу рәсімінің әкімшісіненшағым берген үміткер бойынша тестілеуден өткені туралы материалдарды сұратады.
Тарау 4. 4-тарау. Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жеке қасиеттерін бағалауды және жалпы конкурсты өткізу тәртібі
4-тарау. Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жеке қасиеттерін бағалауды және жалпы конкурсты өткізу тәртібі
Тармақ 59
59. Конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары (бұдан әрі – бос лауазымдар) бар мемлекеттік орган өткізеді.
Тармақ 60
60. Мемлекеттік органдарда бос лауазымдарға орналасуға конкурс жалпы конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 61
61. Бос немесе уақытша бос төменгі лауазымға орналасуға арналған конкурстарды қоспағанда, конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) жүйеде конкурс өткізу туралы хабарландыру;
Тармақша 2
2) жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау;
Тармақша 3
3)үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан және үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтуі;
Тармақша 4
4) эссе жазу (белгілі бір лауазымдар үшін не мемлекеттік органның шешімі бойынша);
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу;
Тармақша 6
6) конкурс қорытындысын шығару.
Тармақ 61-1
61-1. Бос немесе уақытша бос төменгі лауазымға орналасуға конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) жүйеде конкурс өткізу туралы хабарландыру;
Тармақша 2
2) жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау;
Тармақша 3
3) үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан және үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтуі;
Тармақша 4
4) практикалық бағалау;
Тармақша 5
5) конкурс қорытындысын шығару.
Тармақ 62
62. Конкурс кезеңдерінің нәтижелері бойынша жүйе автоматты түрде конкурс қорытындысын (бұдан әрі – конкурс қорытындысы) шығарады.
Тармақ 63
63. Конкурс қорытындысы бос лауазымға қабылдау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Жүйеде конкурс өткізутуралыхабарландыру
1-параграф. Жүйеде конкурс өткізутуралыхабарландыру
Тармақ 64
64. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік органның кадр қызметі қалыптастырады.
Тармақ 65
65. Хабарландырулар жүйеде, мемлекеттік және уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында жарияланады. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында, өзге де мерзімді баспасөз басылымдарында, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде хабарландыруларды қосымша жариялауға жол беріледі.
Тармақ 66
66. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін адамдар конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін Заңның 15-бабының 3, 3-2, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында, 27-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен жарияланған бос лауазымға тағайындалмайды.
Тармақ 67
67. Конкурсты өткізу барысында жарияланған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 68
68. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) орналасқан жері, телефон нөмірлері көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 2
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекақы мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдардың атауы;
Тармақша 3
3) біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік орган айқындайтын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
Тармақша 4
4) Бос лауазымға өтінімдерді қабылдау (жауап беру) мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін үш күнтізбелік күнін құрайды;
Тармақша 5
5) жеке қасиеттерін бағалаудан өту мерзімдері;
Тармақша 6
6) үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өту мерзімдері;
Тармақша 7
7) эссе жазумерзімдері (басшылауазымдарүшін);
Тармақша 8
8) әңгімелесудіөткізукүні;
Тармақша 9
9) конкурс қорытындыларына шағымдану тәртібі туралы ақпарат. 📌 Ескерту. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 16.09.2025 № 159 (20.11.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 68-1
68-1. Бос немесе уақытша бос төменгі лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) орналасқан жері, телефон нөмірлері көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 2
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекақы мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдардың атауы;
Тармақша 3
3) біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік орган айқындайтын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
Тармақша 4
4) бос лауазымға өтінімдерді қабылдау (жауап беру) мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін үш күнтізбелік күнін құрайды;
Тармақша 5
5) жеке қасиеттерін бағалаудан өту мерзімдері;
Тармақша 6
6) үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өту мерзімдері;
Тармақша 7
7) практикалық бағалаудан өту мерзімдері;
Тармақша 8
8) конкурс қорытындыларына шағымдану тәртібі туралы ақпарат.
Тармақ 69
69. Егер конкурс уақытша бос лауазымға өткізілсе, бұл шарт жұмыс орны (лауазымы) сақталатын уақытша болмаған қызметкердің жұмысқа шығу күні көрсетіле отырып, конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау
2-параграф. Жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау
Тармақ 70
70. Үміткер жүйеде бос лауазым туралы хабарландыруға өтінім беру арқылы конкурсқа қатысуын растайды.
Тармақ 71
71. Жалпы конкурсқа қатысуға тестілеу бағдарламасында белгіленген шекті мәндерден төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден алдын ала өткен үміткерлер жіберіледі. Үміткердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификатының болуы жүйемен айқындалады. Мемлекеттік қызметшілерге және Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификаты талап етілмейді.
Тармақ 72
Тармақ 73
73. Кадр қызметі өтінімдерді қабылдау (үн қосу) мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде үміткерлердің өтінімдерін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігіне қарауды жүргізеді, сондай-ақ мынадай құжаттардың сканерленген нұсқаларының болуын және толықтығын тексереді:
Тармақша 1
1) еңбекқызметін растайтын құжат (біліктілік талаптары өтілінің болуын көздейтін лауазымдар үшін);
Тармақша 2
2) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшалары. Үміткер осы лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, жүйемен конкурс кезеңдерінен өтуге рұқсат беру туралы хабарлама жіберіледі. Үміткер осы тармақта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде кадр қызметі жүйе арқылы қажетті құжаттарды толықтыру және ЭЖІ-ті түзету туралы хабарлама жібереді. Үміткерге қажетті құжаттарды толықтыру және ЭЖІ-ті түзету мүмкіндігі бір рет беріледі. Құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған үміткер жүйеде бір жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды толықтырады және ЭЖІ-ті түзетеді. Кадр қызметі қажетті құжаттар толықтырылғаннан және ЭЖІ түзетілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған үміткердің ЭЖІ-ін бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігіне қайта тексереді. Үміткер біліктілік талаптарына сәйкес келмеген және (немесе) осы тармақта көзделген құжаттар ұсынылмаған не жоқ болған жағдайда және құжаттардың толық емес топтамасын не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттар оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда үміткерді конкурстың келесі кезеңіне жіберуден бас тартылады және жүйемен конкурс кезеңдерінен өтуге жіберуден бас тарту туралы хабарлама жолданады. Үміткер құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда кадр қызметімен конкурс кезеңдеріне жіберуден негізсіз бас тартуға жол берілмейді.
Тармақ 74
74. Егер үміткерлердің ешқайсысы жарияланған бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, жүйе кадр қызметіне біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлердің жоқтығы және конкурстың аяқталуы туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 74-1
74-1. Үміткер конкурс кезеңдеріне жіберілгеннен кейін жүйемен үміткерге дербес сәйкестендіру нөмірі беріледі. Үміткердің дербес сәйкестендіру нөмірі іріктеу кезеңдеріне қатысқан кезде үміткерді оның дербес деректерін көрсетпей иесіздендіру үшін пайдаланылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі
3-параграф. Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі
Тармақ 75
75. Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеу түрінде жүргізіледі.
Тармақ 76
76. Жеке қасиеттерді бағалау жүйеде көзделген кестеге сәйкес жүргізіледі. Үміткердің жеке қасиеттерін бағалаудан өту күнін (кестесін) жүйемен автоматты түрде айқындалады, тиісті хабарлама үміткердің жеке кабинетіне жіберіледі. Жеке қасиеттерді бағалаудан өту уақытын үміткер жүйе қалыптастыратын кестеге сәйкес дербес таңдайды.
Тармақ 77
77. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталардан бір сағат бұрын қатысушының жеке кабинетіне, электрондық поштасына және ұялы телефон нөміріне жүйемен тиісті ескерту-хабарлама жіберіледі.
Тармақ 78
78. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту үшін үміткер жеке кабинетке ескерту-хабарламада көрсетілген уақыттан кешікпей кіреді.
Тармақ 79
79. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталғанға дейін үміткер жүйеде жеке қасиеттерін бағалаудан өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
Тармақ 80
80. Үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) тапсырмалардан тұрады. Жеке қасиеттерді бағалау сонымен қатар сенімділік деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.
Тармақ 81
81. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні жүйемен автоматты түрде анықталатын растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды.
Тармақ 82
82. Жеке қасиеттерді бағалаудың жалпы уақыты 100 минуттықұрайды.
Тармақ 83
83. Жеке қасиеттерін бағалаудан өту рәсімі аяқталғанға дейін үміткер сұрақтарға жауап беруге, жауаптарды, оның ішінде алдыңғы жауаптарды түзетуге мүмкіндігі бар.
Тармақ 84
84. Үміткер «Аяқтау» батырмасын таңдап, жеке қасиеттерін бағалаудан өтуге бөлінген уақыт өткенге дейін жеке қасиеттерін бағалауды өз бетінше аяқтайды.
Тармақ 85
85. Жеке қасиеттерді бағалауға бөлінген уақыт өткеннен кейін рәсім автоматты түрде аяқталады.
Тармақ 86
86. Жеке қасиеттерді бағалауды аяқтаған үміткерлерге нәтижесі жүйе арқылы көрсетіледі.
Тармақ 87
87. Шекті мәнді еңсерген үміткерлердің нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейінгі өтінімнің мәртебесі «Тексеруде» болады.
Тармақ 88
88. Проктор тексеруді жеке қасиеттерін бағалау аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Тармақ 89
89. Жеке қасиеттерін бағалаудан өткен үміткер талаптарды бұзбаған жағдайда оның өтінімінің мәртебесі «Тексеруде» дегеннен «Өтті» дегенге ауыстырылады және үміткер конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.
Тармақ 90
90. Егер үміткерлердің ешқайсысы жеке қасиеттерін бағалау кезеңінің шекті мәнін еңсермеген жағдайда, конкурс мәртебесі жүйемен «Аяқталған» болып өзгереді және конкурс кезеңдеріне қатысу және конкурсты аяқтау үшін үміткерлердің жоқтығы туралы хабарлама мемлекеттік органның кадр қызметіне жіберіледі.
Тармақ 4. 4-параграф. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау
4-параграф. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау
Тармақ 91
91. Бұл кезең үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін екі бөлек тестілеу кезеңінен тұрады.
Тармақ 92
92. Тестілеуді бастамас бұрын үміткер жүйеде осы кезеңнен өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
Тармақ 93
93. Қажет болса үміткер қағазды, қарындашты және калькуляторды қолдана алады.
Тармақ 94
94. Үміткер жүйеде өзіне ыңғайлы уақытта белгіленген күн ішінде мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтеді. Үміткер тапсырмаларға таңдаған уақытта жеке кабинетте қол жеткізе алады.
Тармақ 95
95. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау мәтіннің ұсынылған бөлігін зерттеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын қамтиды.
Тармақ 96
96. Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кестелер, графиктер және диаграммалар түрінде ұсынылған ақпаратты зерттеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын қамтиды.
Тармақ 97
97. Әр бағалаудың ұзақтығы 25 минуттан аспайды. Алдын ала нәтижелер тестілеу аяқталғаннан кейін үміткерлердің мониторларында көрсетіледі.
Тармақ 98
98. «Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» конкурс кезеңінен өтудің шекті мәні сұрақтардың жалпы санынан (50 сұрақ) кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды.
Тармақ 99
99. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудың қорытынды нәтижелері жеке кабинетінде орналастырылады.
Тармақ 100
100. Шекті мәнді еңсерген үміткерлердің нәтижелері прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруден өткенге дейін өтінімнің мәртебесі «Тексеруде» болады.
Тармақ 101
101. Проктордың тексеруі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 102
102. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетінен өткен үміткер талаптарды бұзбағанжағдайда, оның өтінімінің мәртебесі «Тексеруде» дегеннен «Өтті» дегенге ауыстырылады және үміткер конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.
Тармақ 103
103. Егер үміткерлердің ешқайсысы мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңінің шекті мәнін еңсермеген жағдайда, конкурс мәртебесі жүйемен «Аяқталды» болып өзгертіледі және конкурс кезеңдеріне қатысу және конкурсты аяқтау үшін үміткерлердің жоқтығы туралы хабарлама мемлекеттік органның кадр қызметіне жіберіледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Эссе жазу
5-параграф. Эссе жазу
Тармақ 104
104. А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-O-1, D-R-1, E-1, E-R-1 лауазымдарының функционалдық бағыты бойынша кадр қызметі эссе тақырыптарының тізімін қалыптастырады, ол жүйеде орналастырылады және жеке кабинетіне жіберіледі.
Тармақ 105
105. Өзге де санаттағы лауазымдарда эссе жазу кезеңі, төменгі лауазымдарды қоспағанда, мемлекеттік органның қалауы бойынша жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 106
106. Эссе жазу кезеңі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күні өтеді.
Тармақ 107
107. Үміткердің эссе жазу күнін жүйе автоматты түрде анықтайды.
Тармақ 108
108. Эссе жазу кезеңі басталғанға дейін үміткер жүйеде осы кезеңнен өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
Тармақ 109
109. Эссе жазуды үміткер жүйеде онлайн режимде тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында, жүйемен айқындалатын кестеге сәйкес жүргізеді және мемлекеттік немесе орыс тілінде екі жүз елу сөзден аспайды. Дипломатиялық лауазымға үміткерлер үшін әңгімелесу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заңнамаға сәйкес шет тілінде өткізілуі мүмкін.
Тармақ 110
110. Бірнеше бос лауазымдарға конкурсқа қатысатын үміткер әрбір бос лауазым бойынша жеке эссе жазады.
Тармақ 111
111. Эссе жазу кезеңі бейнежазу арқылы жүйемен жазылады.
Тармақ 112
112. Эссе жазу уақыты жүйеде эссе жазудың «терезесі» ашылғаннан бастап есептеледі және 45 минуттан аспауы қажет. Бұл жағдайда үміткер белгіленген уақыт аяқталғанға дейін эссе жазуды бастауы және аяқтауы керек.
Тармақ 113
113. Эссе жазу аяқталғаннан кейін нәтиже прокторға тексеруге жіберіледі.
Тармақ 114
114. Проктор тексеруді келесі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді. Проктордың тексеруден өтуі аяқталғанға дейін өтінімнің мәртебесі «Тексеруде» болады.
Тармақ 115
115. «Эссе жазу» конкурсы кезеңінен өткен үміткерлер тарапынан қағидалар талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда, проктор тексеру нәтижелерін жариялағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде эссені конкурс комиссиясының мүшелері осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес бес баллдық шәкіл бойынша бағалайды. Эссені бағалауға конкурстық комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысады. Әрбір эссе конкурстық комиссия мүшелерінің бірдей санымен бағаланады және ЭЦҚ көмегімен расталады. Конкурстық комиссия мүшесінің үміткердің эссесін бағалаудан бас тартуына жол берілмейді.
Тармақ 116
Тармақ 117
117. Эссе жазу кезеңіне жіберілген үміткерлердің ешқайсысы осы кезеңге қатыспаған жағдайда, конкурс мәртебесі жүйемен «Аяқталған» болып өзгереді. Конкурс аяқталғаны туралы хабарлама жүйемен үміткерлерге жолданады.
Тармақ 6. 6-параграф. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу
6-параграф. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу
Тармақ 118
118. Әңгімелесудің мақсаты үміткерлердің әлеуеті мен жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
Тармақ 118-1
118-1. Төменгі лауазымдарға орналасуға арналған конкурстар бойынша әңгімелесу жүргізілмейді. 📌 Ескерту. Қағидалар 118-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 16.09.2025 № 159 (20.11.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 119
Тармақ 120
120. Әңгімелесуге конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған үшеуден артық емес үміткер қатысады.
Тармақ 121
121. Конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған үміткерлердің баллдары тең болған кезде әңгімелесуге жіберілетін үміткерлердің белгіленген санынан асып кетуіне жол беріледі.
Тармақ 122
122. Әңгімелесу кезеңі алдында үміткерлерге кадр қызметі жүйе арқылы әңгімелесу өткізу күні мен сілтемесі көрсетілген хабарламалар жібереді.
Тармақ 123
123. Үміткерлермен әңгімелесу жүйе арқылы жеке қабинетке жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізіледі. Үміткерлерді жүйеде әңгімелесу кезеңіне кіруден негізсіз бас тартуға жол берілмейді.
Тармақ 124
124. Бірнеше бос лауазымдарға арналған конкурсқа қатысатын үміткер әрбір бос лауазым бойынша жеке әңгімелесуден өтеді.
Тармақ 125
125. Конкурстық комиссияның мүшелері көрсетілген уақытқа сәйкес сілтемеге өтеді. Комиссия хатшысы конкурстық комиссияның уақтылы қатысуын қамтамасыз етеді. Әңгімелесу сессиясының уақыт есебі үміткер күту режимінен әңгімелесуге ауысқаннан кейін жүйемен автоматты түрде іске қосылады.
Тармақ 126
126. Конкурстық комиссияның мүшелері үміткермен байланыс орнатуға және орналасуға, ашықтықты, ойды анық, қисынды түрде білдіру қабілетін анықтауға, сондай-ақ жеке құзыреттері тұрғысынан жалпы сипаттағы сұрақтар қояды. Дипломатиялық лауазымға үміткерлер үшін эссе жазу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заңнамаға сәйкес шет тілінде өткізілуі мүмкін.
Тармақ 127
127. Әр үміткермен әңгімелесу ұзақтығы 15 минуттан аспайды.
Тармақ 128
128. Әңгімелесу өткізу кезінде үміткер, егер бұл конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі келтірмесе, техникалық жазу құралдарын да пайдаланаалады.
Тармақ 129
129. Конкурс кезеңдерінің жазбалары жүйеде конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні бойы сақталады, оның ішінде мемлекеттік органның кадр қызметі оларды жүктеуді және конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде бір жыл сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6-1. 6-1-параграф. Мемлекеттік органда практикалық бағалау
6-1-параграф. Мемлекеттік органда практикалық бағалау
Тармақ 129-1
129-1. Практикалық бағалау кезеңіне конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған екі үміткер жіберіледі. Конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша шекті мәнін бір үміткер жинаған жағдайда, бір үміткердің қатысуына жол беріледі. Конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған үміткерлердің баллдары тең болған жағдайда практикалық бағалауға жіберілетін үміткерлердің белгіленген санынан асып кетуіне жол беріледі.
Тармақ 129-2
129-2. Мемлекеттік органның кадр қызметімен жүйе арқылы үміткерлерге практикалық бағалаудың жүргізу мерзімдері туралы хабарлама жіберіледі.
Тармақ 129-3
129-3. Практикалық бағалауға жіберілген үміткерлерлер оны практикалық бағалауға жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда қашықтықтан өтеді.
Тармақ 129-4
129-4. Бірнеше бос лауазымдарға арналған конкурсқа қатысатын үміткер әрбір бос лауазым бойынша жеке практикалық бағалаудан өтеді.
Тармақ 129-5
129-5. Практикалық бағалау кезеңі басталмас бұрын үміткер жүйеде осы кезеңнің өту жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
Тармақ 129-6
129-6. Практикалық бағалау кезеңінде үміткерлердің бос лауазымның функционалдық бағыттарынан туындайтын кәсіби қабілеттері анықталады. Практикалық тапсырмалар қысқа, анық, нақты және қабілеттерді бағалауға бағытталған болуы керек:
Тармақша 1
1) тиісті саладағы мемлекеттік саясатты, нормативтік құқықтық актілер және әкімшілік рәсімдерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу бойынша;
Тармақша 2
2) бос лауазымның лауазымдық міндеттері шеңберінде мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға ресми сауалдар мен хаттар дайындау бойынша;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, заңнамаға сәйкес дәлелді жауаптар дайындау бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 129-7
129-7. Бос лауазымы бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшеcі осы Қағидалардың 129-6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген әр қабілеті бойынша бес практикалық тапсырмадан кем емес тізбені қалыптастырады. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам, конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін тапсырмаларды сапалы орындау үшін қажетті материалдарды және нормативтік құқықтық актілерді қоса бере отырып практикалық тапсырмалардың тізбесін жүйеге жүктейді. Практикалық бағалау кезеңінде жүйе үміткерлер үшін үш практикалық тапсырманы автоматты түрде анықтайды. Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамдар практикалық тапсырмалар тізбесін жария ету және өзектендіру үшін дербес жауапты болады. Практикалық тапсырмалар тізбесі тоқсанына кемінде бір рет кезеңділікпен өзектендіріледі.
Тармақ 129-8
129-8. Үміткерлер бірдей тапсырмаларды бірдей мөлшерде орындайды. Үміткерлер жүйеде онлайн режимде тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында 21.00 сағаттан кешіктірмей, жүйемен айқындалатын кестеге сәйкес, мемлекеттік немесе орыс тілінде күніне бір тапсырмадан орындайды. Төменгі дипломатиялық лауазымға үміткерлер үшін тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы заңнамаға сәйкес шет тілінде өткізілуі мүмкін. Бір тапсырманың орындау уақыты жүйеде тапсырма орындаудың «терезесі» ашылғаннан бастап есептеледі және 120 минуттан аспауы қажет. Бұл жағдайда үміткер белгіленген уақыт аяқталғанға дейін тапсырманы бастауы және аяқтауы керек.
Тармақ 129-9
129-9. Әр тапсырманы аяқтағаннан кейін үміткердің өтініміне автоматты түрде «Тексеруде» мәртебесі беріледі. Үміткердің практикалық бағалау кезеңіне жазылуы болмаған жағдайда, өтініміне «Өтпеген» мәртебесі беріледі және үміткер практикалық бағалау кезеңіне қатысуды аяқтайды.
Тармақ 129-10
129-10. Барлық үш тапсырманы орындау аяқталған күні нәтижелер прокторға тексеруге жіберіледі. Проктор тексеруді келесі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Тармақ 129-11
129-11. Үміткермен Қағидалар талаптары бұзылмаған жағдайда проктор тексерісінің нәтижелері жарияланғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бос лауазымы бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша практикалық бағалау кезеңінің нәтижелерін жүйеге енгізеді. Бос лауазымы бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысы болмаған жағдайда практикалық бағалау кезеңінің қорытындыларын жоғары тұрған басшы енгізеді. Практикалық бағалау кезеңіне жіберілген үміткерлердің ешқайсысы осы кезеңге қатыспаған жағдайда, конкурс мәртебесі жүйемен «Аяқталған» болып өзгереді. Конкурс аяқталғаны туралы хабарлама жүйемен үміткерлерге жолданады.
Тармақ 129-12
129-12. Практикалық бағалаудың материалдары, үміткермен орындалған тапсырмалар жүйеде конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні бойы сақталады, оның ішінде мемлекеттік органның кадр қызметі оларды жүктеуді және конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде бір жыл сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 7. 7-параграф. Конкурс қорытындысын шығару
7-параграф. Конкурс қорытындысын шығару
Тармақ 130
130. Конкурс комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес жүйеге баллды енгізу арқылы үміткерлермен әңгімелесу қорытындыларын жеке бағалайды және ЭЦҚ көмегімен растайды. Комиссия мүшесіне үміткерлермен әңгімелесу қорытындыларын бағалаудан және ЭЦҚ көмегімен бағалауды растаудан бас тартуға жол берілмейді.
Тармақ 131
131. Егер жүйеде бағалау парақтары оның құрамының кемінде үштен екісі, бірақ кемінде үш адам толтырса, конкурстық комиссияның шешімі заңды деп есептеледі.
Тармақ 132
132. Әңгімелесу аяқталған күні жүйе автоматты түрде: жеке қасиеттерін бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау нәтижелері, эссе және конкурстық комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауаптары бойынша барлық кезеңдердің нәтижелері мен жиынтық баллдары ең көп үміткерді - конкурс жеңімпазы ретінде анықтайды.
Тармақ 133
133. Конкурс қорытындысы бойынша жүйе ең жоғары балл жинаған үздік үш үміткерді жинақ баллының төмендеуі бойынша автоматты түрде айқындайды.
Тармақ 134
134. Бірнеше үміткердің баллдары тең болған жағдайда, еңбек өтілі көп үміткер жеңімпаз болып танылады. Еңбек өтілі тең болған жағдайда білім деңгейі қарастырылады. Баллдары, еңбек өтілі және білім деңгейі тең болған жағдайда «Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» кезеңінің нәтижесі бойынша баллдарды ескере отырып жеңімпаз анықталады. Егер әңгімелесу кезеңіне бір үміткер қатысып, осы кезеңдегі нәтижесі бір баллдан кем болған жағдайда конкурстың жеңімпазы анықталмады деп танылады.
Тармақ 135
135. Конкурс қорытындысы шығарылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүйемен хаттама ресімделеді, оған ЭЦҚ көмегімен кадр қызметі қол қояды. Мемлекеттік органның кадр қызметіне және үміткерлердің жеке кабинеттеріне жүйе арқылы конкурс қорытындылары туралы хабарлама жіберіледі.
Тармақ 7-1. 7-1-параграф. Бос немесе уақытша бос төменгі лауазымға орналасуға конкурстың қорытындысын шығару
7-1-параграф. Бос немесе уақытша бос төменгі лауазымға орналасуға конкурстың қорытындысын шығару
Тармақ 135-1
135-1. Практикалық бағалау қорытындылары енгізілгеннен кейінгі келесі жұмыс күні жүйе автоматты түрде осы Қағидалардың 3-1-қосымшасында көзделген әдістемеге сәйкес үміткерлердің баллдарын есептейді. Практикалық бағалау кезеңінің қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған үміткер конкурс жеңімпазы ретінде анықталады.
Тармақ 135-2
135-2. Практикалық бағалау кезеңінің нәтижесі бойынша бірнеше үміткердің баллдары тең болған жағдайда іріктеудің алдыңғы кезеңдерінің: жеке қасиеттерді бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудың қорытындылары бойынша ең көп жиынтық балл жинаған үміткер жеңімпаз болып танылады. Алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша балладар тең болған жағдайда білім деңгейі қарастырылады. Егер практикалық бағалау кезеңіне бір үміткер қатысып, осы кезеңдегі нәтижесі бір баллдан кем болған жағдайда конкурстың жеңімпазы анықталмады деп танылады.
Тармақ 135-3
135-3. Конкурс қорытындысы шығарылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүйемен хаттама ресімделеді, оған ЭЦҚ көмегімен кадр қызметі қол қояды. Мемлекеттік органның кадр қызметіне және үміткерлердің жеке кабинеттеріне жүйе арқылы конкурс қорытындылары туралы хабарлама жіберіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Үміткердің лауазымға орналасуы
5-тарау. Үміткердің лауазымға орналасуы
Тармақ 136
136. Мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам үш күнтізбелік күні өткеннен кейін, бірақ конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, егер алдыңғы жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес бір айлық жұмыспен өтеу мерзімін белгілемесе немесе тараптардың келісімдері бойынша өзге мерзім белгіленбесе, жарияланған бос лауазымға үміткер - конкурс жеңімпазын қабылдайды. Бұл ретте алдыңғы жұмыс беруші конкурс комиссиясының шешімі туралы хабарлама алғаннан кейін конкурсқа қатысқан мемлекеттік қызметшіні Заңның 61-бабы 1-1-тармағының және осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, атқарып отырған лауазымынан босатады. Конкурс комиссиясының шешімі туралы хабарлама алдыңғы жұмыс берушіге интегралды ақпараттық жүйе арқылы конкурс комиссиясының шешімі қабылданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жолданады.
Тармақ 137
137. Әңгімелесу кезеңіне немесе практикалық бағалау кезеңіне бір үміткер қатысқан жағдайда, оны тағайындау конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 138
138. Конкурс жеңімпазы тағайындаудан бас тартқан, сол сияқты осы Қағидалардың 136-тармағында белгіленген мерзімде жұмысқа қабылдау туралы өтінішті ұсынбаған не оны Заңның 20-бабында көзделген сынақ мерзімі өткенге дейін жұмыстан босатқан жағдайда, мемлекеттік органның кадр қызметі жүйе арқылы іріктеудің барлық кезеңдерінің жиынтық баллдарының ең көп санын жинаған келесі үміткерге бос лауазымға орналасуға шақыру (хабарлама) жібереді, ол қабылданған шешім туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Тармақ 139
139. Жеңімпаз, мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде кадр қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) станционарларда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттармасының нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Тарау 6. 6-тарау. Шағымдану тәртібі
6-тарау. Шағымдану тәртібі
Тармақ 140
140. Үмтікерлердің конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдануына жол беріледі.
Тармақ 141
141. Конкурс қорытындысына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап үш күнтізбелік күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 142
142. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
Тармақ 143
143. Шағымды қарау қорытындысы бойынша, осы Қағидалардың талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органға ұсыныс енгізеді.
Тармақ 144
144. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ұсынымын конкурс комиссиясы оның отырысында бұрынғы құрамда не кадр қызметінде қарайды. Конкурс комиссиясы немесе кадр қызметі қабылданған шешім туралы уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне және шағым берген үміткерге ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Тармақ 145
145. Үміткерлер конкурстық құжаттарды, тестілеу, жеке қасиеттерін бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауды және әңгімелесу нәтижелерімен өздеріне қатысты бөлігінде танысады, сондай-ақ уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері сұратады және алады.
Басқа 2.3.1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білу тестілеу бағдарламасы
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларына 1-қосымша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білу тестілеу бағдарламасы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тесттің (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тесттер. Тестілеуден өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (55 сұрақ) кемінде 30 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша кемінде 5 дұрыс жауапты құрайды. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындаудың жалпы уақыты 55 минутты құрайды.
Басқа 2.3.2. СЕРТИФИКАТ
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларына 2-қосымша нысан СЕРТИФИКАТ __________________________________ «Б» корпусының (үміткердіңтегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден 20__ жылы өткенін растайды. Тест атауы Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны Тестілеуді өту мәні Дұрыс жауаптардың саны ҚОРЫТЫНДЫ Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеуден өткен күннен бастап бір жылды құрайды. Бұл сертификат ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеуге және өткізуге қатысу үшін жарамды. «___» ___________________ 20 __ ж.
Басқа 2.3.3. Бағалау әдістемесі
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларына 3-қосымша Бағалау әдістемесі Жеке қасиеттерін бағалау Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау Эссе жазуды бағалау Сұхбатты бағалау Жеке қасиеттерді бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T = 0,02 х S мұнда: T – қорытынды балл; 0,02 – жеке қасиеттерін бағалау коэффициенті; S – жауаптардың растық деңгейінің пайызы Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T = Т1 + Т2 мұнда: Т – мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл; T1 – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл; T2 – сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T1 = 0,1 х S1 мұнда: T1 – қорытынды балл; 0,1 – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау коэффициенті; S1 – дұрыс жауаптардың саны. Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T2 = 0,1 х S2 мұнда: T2 – қорытынды балл; 0,1 – сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау коэффициенті; S2 – дұрыс жауаптардың саны. 0 балл -үміткер эссе тақырыбын жазбаған немесе ашпаған (сұрақты білмегендігін көрсетеді); 1 – 2 балл-үміткер эссе тақырыбын ішінара ашты (тиісті сала туралы жалпы білімі мен түсінігі бар); 3 – 4 балл -үміткер эссе тақырыбын жақсы ашты (тиісті сала туралы кең білімі мен түсінігі, тәуелсіз және сыни талдаудың өте жақсы деңгейі бар); 5 балл – үміткер эссе тақырыбын толық ашты (тиісті сала туралы терең білімі мен түсінігі, тәуелсіз және сыни талдаудың жоғары деңгейі бар, саланы жетілдіру бойынша шараларды ұсынады). 0 балл - үміткер әңгімелесу қабілетін көрсетпеді, немесе әңгімелесуді қысылып жүргізеді, сұрақтарға толық жауап бермейді 1 балл-үміткер әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға нашар жауап береді, бірақ кейбір сұрақтарға толық жауап береді; 2 балл – үміткер жақсы әңгімелеседі, көптеген сұрақтарға толық жауап береді, жетекші сұрақтарға жауап береді; 3 балл - үміткер еркін әңгімелеседі, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді, ой-өрісінің кеңдігін көрсетеді, кәсіби тәжірибеден мысалдар келтіреді, сенімді дәлелдер мен негіздемелер береді.
Басқа 2.3.3-1. Бағалау әдістемесі
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларына 3-1-қосымша Бағалау әдістемесі Жеке қасиеттерін бағалау Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау Практикалық бағалау Жеке қасиеттерді бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T = 0,02 х S мұнда: T – қорытынды балл; 0,02 – жеке қасиеттерін бағалау коэффициенті; S – жауаптардың растық деңгейінің пайызы Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T = Т1 + Т2 мұнда: Т – мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл; T1 – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл; T2 – сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T1 = 0,1 х S1 мұнда: T1 – қорытынды балл; 0,1 – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау коэффициенті; S1 – дұрыс жауаптардың саны. Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: T2 = 0,1 х S2 мұнда: T2 – қорытынды балл; 0,1 – сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау коэффициенті; S2 – дұрыс жауаптардың саны. Практикалық бағалау бойынша қорытынды балл мынадай формула бойынша есептеледі: Т=Т1+Т2+Т3 мұнда: T – қорытынды балл; Т1 – бірінші тапсырма бойынша баға 0-1 балл; Т2 – екінші тапсырма бойынша баға 0-1 балл; Т3 – үшінші тапсырма бойынша баға 0-1 балл. 0 баллов – үміткер тапсырманы сапасыз орындады; 1 балл – үміткер тапсырманы сапалы орындады.
Басқа 2.3.4. Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеуді және конкурстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың Тізбесі
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларына 4-қосымша Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеуді және конкурстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың Тізбесі 2024 жылғы 1 ақпанынан 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілетін мемлекеттік органдар:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
Тармақ 5
5. Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 6
6. Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары; 2024 жылғы 1 ақпанынан 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілетін мемлекеттік органдар:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
Тармақ 8
8. Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 9
9. Ақмола облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 10
10. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 11
11. Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 12
12. Шымкент қаласының жергілікті өкілді органы;
Тармақ 13
13. Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 14
14. Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 15
15. Астана қаласының жергілікті өкілді органы;
Тармақ 16
16. Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 17
17. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 18
18. Қарағанды облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 19
19. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 20
20. Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 21
21. Павлодар облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 22
22. Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы. 2024 жылғы 1 шілдесінен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілетін мемлекеттік органдар:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
Тармақ 8
8. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 9
9. Ақтөбе облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 10
10. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 11
11. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 12
12. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 13
13. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 14
14. Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 15
15. Батыс Қазақстан облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 16
16. Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 17
17. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 18
18. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 19
19. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 20
20. Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 21
21. Маңғыстау облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 22
22. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы. 2025 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілетін мемлекеттік органдар:
Тармақ 1
Тармақ 2
2. Адам құқықтары жөніндегі орталық;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Тармақ 10
10. Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 11
11. Алматы облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 12
12. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 13
13. Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 14
14. Атырау облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 15
15. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 16
16. Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 17
17. Жамбыл облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 18
18. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 19
19. Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 20
20. Жетісу облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 21
21. Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 22
22. Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 23
23. Қостанай облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 24
24. Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы. 2025 жылғы 1 шілдесінен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілетін мемлекеттік органдар:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Аппараты;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі;
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы;
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы;
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасыеың Қаржы министрлігі;
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
Тармақ 12
12. Абай облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 13
13. Абай облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 14
14. Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 15
15. Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 16
16. Алматы қаласының жергілікті өкілді органы;
Тармақ 17
17. Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 18
18. Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 19
19. Ұлытау облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 20
20. Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 21
21. Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 22
22. Қызылорда облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 23
23. Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы;
Тармақ 24
24. Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары;
Тармақ 25
25. Түркістан облысының жергілікті өкілді органдары;
Тармақ 26
26. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы.
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі.
Басқа 2.3.5. Үміткердің практикалық бағалау нәтижелері
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларына 5-қосымша Үміткердің практикалық бағалау нәтижелері Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Бағаланатын қабілеттер Баға (0-1 балл арасында) 1. 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма Барлығы
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді).
Тармақ 2
2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 81 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 мамырда № 13720 болып тіркелді).
Тармақ 3
3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 104 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 маусымда № 13817 болып тіркелді).