Об утверждении налоговых ставок на земельные участки, сборов и платежей по городу Алматы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы бойынша жер телiмдерiнiң салықтық мөлшерлемелерін, алымдар мен төлемдердi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2011.10.20 N 475 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 333 бабының 1 тармағына, 337 бабының 1, 2 тармағына, 338 бабының 1 тармағына, 373 бабының 2 тармағына, 462 бабына, 477 бабының 2 тармағына, 491 бабының 2 тармағына сәйкес және Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысы бойынша II сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Үй жанындағы жер телiмдерiнiң базалық салық мөлшерлемелерi бекiтiлсiн, N 1 қосымша.
Тармақ 2
2. Автотұрақ, жанармай құю станциялары және базарлар үшiн алынған жер телiмдерiнiң салық мөлшерлемелерi бекiтiлсiн N 2 қосымша.
Тармақ 3
3. Алматы қаласының жерлерiн аймақтастыру жобасы схемасы негiзiнде базалық салық мөлшерлемелерiнiң түзетiлiмi бекiтiлсiн, N 3 қосымша.
Тармақ 4
4. Алматы қаласының базарларындағы тауар сату құқығы үшiн бiр жолғы талондардың бағасы бекiтiлсiн, N 4 қосымша. 📌 Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XVI сессиясының 2002 жылғы 13 ақпандағы шешімімен.
Тармақ 5
5. Алматы қаласын бойынша 2002 жылға арналған қоршаған ортаны ластағандығы жөнiндегi төлемдер мөлшерлемелерi бекiтiлсiн, N 5 қосымша.
Тармақ 6
6. 2002 жыл үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақты "Медеу" Мемлекеттiк табиғи бағын пайдаланғандығы үшiн (кiру, шығу, қону) төлемдер мөлшерлемелерi бекiтiлсiн, N 6 қосымша.
Тармақ 7
7. Сыртқы жарнама және көрнекi ақпарат нысандарын орналасқандығы, жарнама орындарын бергендiгi үшiн айлық төлемнiң және рұқсат бергендiгi жөнiндегi бiр жолғы төлемнiң мөлшерлемелерi бекiтiлсiн, N 7 қосымша.
Тармақ 8
8. Базарлар әкiмшiлiктерiне суда орыны үшiн бiр жолғы талон төлемi енгiзiлгеннен кейiн базарды күтiп-ұстау үшiн саудагерлерден базарлар әкiмшiлiктерi алатын жалпы алымдардың өсуiне жол бермеу ұсынылсын. Сауда жасаушы адамдардан алынатын осы төлемдердiң төмендеуiн қамтамасыз ететiн базарлардың басқару және пайдалану iшкi құрылымдарын оңтайландыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
Тармақ 9
9. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау экономика және өндiрiстi дамыту жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (А.И.Шелипанов), Алматы қаласы бойынша салық комитетiнiң төрағасына (Б.У.Қалижанов) жүктелсiн.
Басқа 10
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы шешiмiне N 1 қосымша Үй жанындағы жер телiмдерiнiң базалық салықтық мөлшерлемелерi 📌 Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXIІІ сессиясының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен.
Басқа 11
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы шешiмiне N 2 қосымша Автотұрақтар, автомобильге жанармай құю станциялары және базарлар үшiн қолданылатын жер телiмдерiнiң салықтық мөлшерлемелері 📌 Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXIІІ сессиясының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен.
Басқа 12
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы шешiмiне N 3 қосымша Алматы қаласының жерлерiн аймақтастыру (схемасы) жобасының негiзiндегi базалық салықтық мөлшерлемелердiң түзетiлiмi 📌 Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXIІІ сессиясының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен.
Басқа 13
ІI-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы XIV кезектен тыс сессиясының шешiмiне N 4 қосымша 📌 Ескерту. 4 қосымша жаңа редакцияда - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XVI сессиясының 2002 жылғы 13 ақпандағы шешімімен; өзгеріс енгізілді - ІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХХVII сессиясының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен. Алматы қаласының базарларында тауар сату құқығы үшiн бiр жолғы талондар көлемi күн сайын (теңгемен) N Базардың бағыты Базардың санаты I II III 1. 1.1 Азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарлар: Прилавкалардан басқа контейнерлерден, дүңгiршектерден, павильондардан және өзге де уақытша орнатылған құрылыстарда сауда жасау 6,0 шаршы м.көлемге дейiнгi сауда орнынан 6,0 шаршы м.көлемнен 14,0 шаршы м.көлемге дейiнгi сауда орнынан 14,0 шаршы м.көлемнен жоғары сауда орнынан 360 450 540 360 450 540 360 450 540 1.2 Прилавкада сауда жасау (әр сауда жасайтын адамнан алынады, сауда орыны ескерiлмейдi) 160 140 120 2. 2.1 2.2 Автомобиль сататын базар 1 автокөлiктi сатқаны үшiн Автобөлшектердi сату (әр сауда жасайтын адамнан) 360 340 Тыйым салынады 300 Тыйым салынады 260 3. Гүл сататын базар 180 160 140 4. Машина үстiнен сауда жасайтын базар 540 Тыйым салынады Тыйым салынады 5. Коммуналдық базарлар 50 50 50
Басқа 14
ІI-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы XIV кезектен тыс сессиясының шешiмiне N 5 қосымша Алматы қаласы бойынша ортаны ластағаны үшін 2002 жылға арналған төлемдер мөлшері 📌 Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXII сессиясының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы шешімімен және ІІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ІV сессиясының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 17 шешімімен.
Басқа 15
ІI-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы XIV кезектен тыс сессиясының шешiмiне N 6 қосымша " Медеу" Мемлекеттік табиғи паркі - ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғандығы үшін төлем мөлшемелері 📌 Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXII сессиясының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы шешімімен және ІІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ІV сессиясының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 17 шешімімен.
Басқа 16
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы шешiмiне N 7 қосымша Сыртқы жарнама мен көрнекі ақпаратты орналастырғандығы, жарнама орындарын бергендігі туралы бір жолы төлемі үшін алынатын ай сайынғы төлем мөлшерлемелері (бір жағы үшін) 📌 Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXIV сессиясының 2003 жылғы 27 ақпандағы шешімімен.