О ходе выполнения Программы по поддержке и развитию малого предпринимательства и создания новых рабочих мест Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту және жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі Бағдарламаны орындаудың барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi, кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi департамент Қазақстан Республикасы Президентiнiң шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейтуге және дамытуды жандандыруға бағытталған актiлерiн орындау жөнiнде белгiлi жұмыс атқаруда. "Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдық және аймақтық бағдарламалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi №3589 Жарлығын орындау мақсатында шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1997-1998 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы бекiтiлдi. Облыста 1998 жылғы 1 мамырға 62 объектi сатылды, сенiмдi басқаруға 42 объект берiлдi, аяқталмаған құрылыстың 9 объектiсi, 450 жер учаскелерi сатылды, пәтерлердi қайтадан жоспарлауға 614 рұқсат алынды. Облыстың шағын кәсiпкерлерiнiң субъектiлерi жыл басынан берi 13,5 миллиард теңге сомасына өнiм өндiрдi және өткiздi, жұмыс пен қызмет көрсетудi орындады немесе бұл тауарлы өнiмнiң жалпы көлемiнiң 45,7 процентi болып отыр. Мұнымен қатар қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң, шағын және орта бизнестi қолдау жөнiндегi департаменттiң "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 мамырдағы №3398 Жарлығын орындау жөнiндегi жұмыстарында елеулi кемшiлiктер бар. Облыста кәсiпкерлердiң құқыларын және заңды мүдделерiн қорғау туралы заңдылықтың талаптарын бұзушылық фактiлерi орын алған. Жеке аудандар мен селолық округтердiң әкiмдерi жеке кәсiпкерлiк құрылымдардың iс-қимылдар бостандығын кемiтетiн өкiмдер шығаруда. Баяндалғанға байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi департамент (Тұрлыбаева А.К.):
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысының кәсiпкерлiктi дамытудың 1997-1998 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөнiнде нақты шаралар қолдансын.
Тармақша 2
2) қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң жаңа жұмыс орындарын құру жөнiндегi есеп беру нысанын әзiрлесiн.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) өндiрiстiк жұмыспен шұғылданушы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн адрестiк қолдауды жасалған аймақтық бағдарламаға сәйкес қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) шағын кәсiпкерлiктi дамыту есебiнен жұмыссыздықты қысқарту, жаңа жұмыс орындарын құру жөнiндегi жұмысты күшейтсiн;
Тармақша 3
3) қызмет көрсету саласын, әсiресе селолық елдi мекендерде дамыту жөнiндегi жұмысты жандандырсын.
Тармақша 4
4) бюджетке салықтық түсiмдердiң түсуiн арттыру және жеке кәсiпкерлердiң жұмысын жандандыру жөнiндегi нақты шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Бақылаушы органдардың жұмысын үйлестiру жөнiндегi жұмыс комиссиясы (Татаев М.Қ.) "Облыстың бақылаушы органдарының шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тексерудi жүргiзу тәртiбiн" орындауға бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi департаментке (Тұрлыбаева А.К.) жүктелсiн.