О признании утратившим силу некоторых постановлений акимата района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі «Казталов ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» №77 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде №7-8-125 22.04.2011 жылы тіркелген, аудандық «Ауыл айнасы» газетінде №21-22 санымен 6 мамыр 2011 жылы жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі «Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» №82 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде №7-8-126 22.04.2011 жылы тіркелген, аудандық «Ауыл айнасы» газетінде №21-22 санымен 6 мамыр 2011жылы жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулыдан туындаған шараларды алу аудан әкімінің аппарат басшысы М.Нұрмақовқа тапсырылсын.