О мерах по укреплению общественного порядка и повышению роли участковых инспекторов полиции органов внутренних дел области в предупреждении и профилактике правонарушений Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық тәртіпті нығайту және облыстың ішкі істер органдары полициясының учаскелік инспекторларының құқық бұзушылықтан сақтандыру және алдын алудағы рөлін арттыру жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 08.04.2003 № 70 қаулысымен. Облыс аумағындағы қоғамдық тәртіпті одан әрі нығайту, сондай-ақ құқық бұзушылықтан сақтандыру және алдын алу жөніндегі жұмысты жақсарту, ішкі істердің қалалық және аудандық органдары полициясы учаскелік инспекторларының қызмет ету жағдайларын жақсарту мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) облыстың (ІІБ) ішкі істер органдары полициясы учаскелік инспекторларын қызметтік тұрғын үймен және 2002 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде пәтерлеріне телефон орнатуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қостанай қаласының әкімі В.Н.Ленивцев ҚІІБ полициясының учаскелік инспекторларын 2002 жылғы 10 наурызға дейінгі мерзімде қызметтік пәтерлермен және пәтерлеріне телефон орнатуды қамтамасыз етсін;
Тармақ 2
2. Облыстың облыстық ішкі істер басқармасы(Н.М.Дейхин) облыстық қаржы департаментімен (М.А.Щеглова) бірлесе отырып:
Тармақша 1
1) 2002 жылы облыстың ІІБ полициясы учаскелік инспекторларының штаттық санын белгіленген нормативке — 439 бірлікке дейін жеткізсін, штаттық сандағы өзгерістерді облыс әкімімен келіссін; бюджетті қалыптастырған кезде оларды ұстауға қаражат қарастырсын;
Тармақша 2
2) бұрындары болған полицияның учаскелік пункттарын әкімшілік учаскелердің шегінде қалпына келтіру туралы мәселені қайта қарап жетілдірсін, ағымдағы қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде олардың қызмет етуі үшін қалыпты жағдай жасасын және ұстауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстың облыстық ішкі істер басқармасы (Н.М.Дейхин);
Тармақша 1
1) 2002 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде ҚР ІІМ оқу орындарында және басқа да жоғары оқу орындарының заң факультеттерінде оқып жатқандардың қатардағы және кіші басшылық құрамының арасынан полицияның учаскелік инспекторларының резервін жасасын;
Тармақша 2
2) кадрлардың жетіспеушілегін азайту мақсатында полицияның учаскелік инспекторларын нақты әкімшілік учаскелерге ұзақ мерзімге бекітуді практикаға енгізсін;
Тармақша 3
3) 2002 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде облыстық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерін полицияның учаскелік пункттерін безендіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен, полицияның учаскелік инспекторларының жұмысына арналған қажетті нормативтік материалдармен және құжаттамалармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (О.А.Киколенко) 2001 жылғы 20 желтоқсанға дейін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы заңнаманы құқық корғау багытындағы қогамдық құрылымдарға қолдану жөніндегі мәселені шешсін.
Тармақ 5
5. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімі (В.К.Зюбанов) облыстың облыстық ішкі істер басқармасымен (Н.М.Дейхин) бірлесе отырып 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін Солтүстік Қазақстан университетінің қоғамдық тәртіпті қорғау жөнінен полицияға көмектесетін жедел жастар отрядтарын ұйымдастыру бойынша тәжірибесін оны облыстың жоғары оқу орындарында пайдалану мүмкіндіктерін анықтау мақсатында зерттесін.
Тармақ 6
6. Қостанай облысы әкімінің 1998 жылғы 14 сәуірдегі № 61 "Қоғамдық тәртіпті нығайту және (ІІБ) ішкі істер органдарының учаскелік уәкілдерінің құқық бұзушылықтан сақтандыру және алдын алудағы ролін арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне (В.К.Зюбанов) жүктелсін.