О закреплении рыбохозяйственных водоемов Күшін жойған
Басқа 0
Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2005 № 63 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 14-бабына сәйкес және 2001 жылғы 19 шілдедегі № 15 балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) табиғат пайдаланушыларға бекіту жөніндегі облыстық тендерлік комиссияның шешімі негізінде Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Кешенді балық шаруашылығына пайдалану үшін:
Алтынсарин ауданының көлемі 138,6 га Құлақтыкөл көлі «Игілік» ААҚ-на;
Қарабалық ауданының 80 га Үлкен Күншілік көлі Қазақстан Республикасының азаматы Виктор Петрович Назаренкоға;
Қостанай ауданының Белозер селолық округінің көлемі 45,6 га Балықты көлі Қазақстан Республикасының азаматы жеке кәсіпкер Михаил Ефимович Семеновқа;
Қостанай ауданының көлемі 6,4 га «Келлеров» тоғаны Қазақстан Республикасының азаматы Петр Васильевич Гужинге;
Қостанай ауданының Садчиков селолық округінің көлемі 7,8 га «Безымянный» тоғаны «В.Д. Никоненко» шаруа қожалығына бекітілсін.