О закреплении рыбохозяйственных водоемов Күшін жойған
Басқа 0
Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2005 № 63 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 14-бабына сәйкес және 2001 жылғы 3 қыркүйектегі № 16 балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) табиғат пайдаланушыларға бекіту жөніндегі облыстық тендерлік комиссияның шешімі негізінде Қостанай облысының әкімияты КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Кешенді балық шаруашылығын игеру үшін:
- Қарасу ауданы Панфилов селолық округінің көлемі 73 га № 8 тоғаны және Ушаков селолық округінің көлемі 3 га № 5 тоғаны "Мария" шаруа қожалығына;
- Ұзынкөл ауданының көлемі 287 га Үлкен Қоскөл көлі "Оразақов Б.К." шаруа қожалығына бекітілсін.