О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам банковской деятельности Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ____________________ Д. Абаев 2017 жылғы 27 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________________Т. Сүлейменов 2017 жылғы 7 наурыз
Басқа 0. Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы «28» қаңтардағы № 23 қаулысымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
3. «Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өтуге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4430 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы туралы өтініш нысанын бекіту туралы»; 1-тармақ мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы туралы өтініш нысаны бекітілсін.»; қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2026 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 6
Тармақ 8
Тармақ 9
Тармақ 10
10. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.04.2026 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Басқа 1
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша
Басқа 2
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша
Басқа 3
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 216 қаулысына қосымша Нысан __________________________________ (депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы) Күні 20__ жылғы «____»__________ Өтініш Екінші деңгейдегі банк _____________________________________________________ _________________________________________________________________________ (банктің толық атауы) (бұдан әрі - Банк) __________________________________________________________ _________________________________________________________________ негізінде (жарғы, бұйрық, сенімхат немесе өзге құжаттың) іс-әрекет ететін, ___________________________________________________________ ___________________________________________________________________атынан (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банктің қосылу шартына қосылады. Банк қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияны қоса алғанда, банктік операцияларды жүргізуге арналған 20____ жылғы «____»_____________ лицензияны 20____ жылғы «____»_____________ алды. Банк «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында және қосылу шартында көзделген қатысушы банктің міндеттемелерін өзіне қабылдайды. Банк деректемелері: _______________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы _______________________________________________________________________________________ анықтамаға сәйкес банктің қазақ және _______________________________________________________________________________________ орыс тілдеріндегі атауы) _______________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) _______________________________________________________________________________________ туралы анықтаманың куәліктің берілген күні) _______________________________________________________________________________________ (заңды мекенжайы) _______________________________________________________________________________________ (нақты мекенжайы) _______________________________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі _______________________________________________________________________________________ корреспонденттік шоттың нөмірі) _______________________________________________________________________________________ (банктік сәйкестендіру коды) Бірінші басшы _____________________________________________ __________ (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)) (қолы) Мөр орны (бар болса)
Басқа 4
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымша
Басқа 5
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 5-қосымша
Басқа 6
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 6-қосымша