Об утверждении правил о порядке и условиях финансирования общественных работ Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.08.2005 № 291 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін орындауда, Қостанай облысының әкімияты КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ереже бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (О.А. Киколенко) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырғанда осы ережелерді басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 104 «Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу тәртібін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін және облыс әкімиятының 2001 жылғы 23 қазандағы № 152 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібін бекіту туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ә. Құлмағанбетовке жүктелсін.
Басқа 5. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 15 қаңтардағы № 8 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ереже Осы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тәртіп ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін мекемелермен есеп айырысу жүйесін және негізгі талаптарды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы тәртіпте пайдаланылатын негізгі ұғымдар :
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметінің түрлері ;
Тармақша 2
2) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіріп отыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы орган - тиісті аумақта өз құзыры шегінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын, аудан, қала, облыс әкімі басқаратын, әкімият;
Тармақша 4
4) нысаналы топтар - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңмен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қоргауды қажет ететін адамдар топтары.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыс берушілермен қоғамдық жұмысты атқаруга көрсететін қызмет жөнінде шарт жасасады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жүмыстар мекемелерде уақытша жұмыс орындарын қүру жолымен жүргізіледі және жергілікті бюджеттің қаражатынан қаржыл андырыл ады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және жергілікті (облыстық) бюджеттік ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған қаражатты тиімді пайдалану мақсатында, аудандық (қалалық) жергілікті атқарушы органдар төмендегі іс-шараларды жүзеге асырады :
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сүраныс пен үсынысты айқындайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелердің тізбелерін, қоғамдық жұмыстарды орындаудың нақты жағдайларын, көлемін, түрін бекітеді.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды аудандық (қалалық) жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен анықталған мекемелерге қоғамдық жұмыстарға жіберу аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларымен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқығы бар.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбек ақы төлеуді жеке еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады және ол орындалған жұмыстың күрделілігіне, сапасына, санына байланысты.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысқа қатысушыларының еңгебіне төлеген ақы шығыны, Қостанай облысы әкімиятының қаулысымен анықталған молшерде, жергілікті (облыстық) бюджет қаражатынан отеледі. Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп-айырысу шоттарына аударылады.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарга қатысушы жұмыссыздарга жергілікті бюджет қаражатынан төленетін еңбек ақы заңнамалар белгілеген тәртіппен салықтан босатылады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер жергілікті (облыстық) бюджеттен түскен ақшаны қатаң түрде мақсатты пайдаланады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілер еңбек ақыға төлеген шығынын жергілікті (облыстық) бюджеттен қайтару үшін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қоргау басқармасына ай сайын жұмыс уақытының есеп табелін, жұмысқа қабылдаган бүйрықтың көшірмесін, еңбек ақы есептеу тізбесін, орындалган жұмыстың кесімін беріп отырады. Қоғамдық жұмысқа қатысушы азаматтарга жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарга қатысушыларга мертігу немесе денсаулыққа келтірілген зақымның, зиянның орнын толтыру, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуді, қолданыстагы заңнамаларга сәйкес жұмыс берушілер жүргізеді.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және үйымдастыру тәртібін бақылау
4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және үйымдастыру тәртібін бақылау
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және үйымдастыру тәртібін бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.