Об утверждении Правил присвоения квалификации судебного эксперта Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларын бекіту туралы Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ____________ Д. Абаев 2017 жылғы 30 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы 30 наурыз
Басқа 1. Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығымен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді «Сот сарапшысы біліктілігін беру» және «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мына негізгі ұғымдар қарастырылған:
Тармақша 1
1) Бiрыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі – байланыс орталығы) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушы - сот-сараптама қызметімен айналысуға және сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер жеке тұлға;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті беруші - «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ССО);
Тармақша 4
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
Тармақша 5
5) сот сарапшысы біліктілігін беру - сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін бере отырып, адамның заңнаманы білуге және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуді тапсыруы;
Тармақша 6
6) тестілеу операторы (бұдан әрі – Оператор) – мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай цифрлық деректер базасының (ақпараттық жүйенің) тестілеу рәсімдерін және үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператор;
Тармақша 7
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбамен құрылған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнның өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Тармақша 8
8) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нұсқада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосудың техникалық шарттарын беру қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.
Тармақ 3
3. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсет мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап үш (3) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жібереді.
Тармақ 4
4. Сот сарапшысы біліктілігін беруден өту үшін мүгедектігі бар адамдарға (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы мәліметті өтініштерді берудің қабылдаудың бағдарламалық жасақтамасына жүктейді және көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін сот сарапшысы болып табылмайтын көмекшіні ұсыну қажет екенін қосымша көрсетеді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі
Тармақ 5
5. Сот сарапшысы біліктілігін беру көрсетілетін қызметті алушының біліктілік куәлігін бере отырып, заңнаманы білуге тестілеуді тапсыру және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеру жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Сот сарапшысы біліктілігін беруге жататын адамдардың тізімін ССО қалыптастырады және оны Операторға жолдайды.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес 1,2 Тізбесінде (бұдан әрі -1,2 Тізбе) баяндалған. Көрсетілген қызметті алушы тестілеуді тапсырғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын ССО-ға портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштер жібереді. Көрестілетін қызметті алушы, Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды. ССО өтініш түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. ССО құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтердің толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді ССО «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы 1, 2-Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, ССО өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы толық мәліметтер ұсынған және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тестілеуді өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы немесе портал арқылы «жеке кабинетіне» хабардар етіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде 1, 2-Тізбенің 9-тармағына сәйкес ССО Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап (2) екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді. Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша тестілеу 2 кезеңде 1(бір) жұмыс күні ішінде қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі:
Тармақша 1
1) заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеу (100 сұрақ);
Тармақша 2
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (белгілі бір мамандық бойынша 2 (екі) кейс, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырма). ССО тестілеуге енгізілетін сұрақтардың тізбесін қалыптастырады. Тестілеу сұрақтары мен олардың жауаптары құпия ақпарат болып табылады және таратылмайды. ССО Операторға тестілеу сұрақтарын және оларға жауаптарды электрондық тасымалдаушы арқылы береді. Тестілеу сұрақтарын және олардың жауаптарын ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, Интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді. Тестілеу сұрақтарын және оларға жауаптарды өңдеу, пайдалану, сақтау, есепке алу және жою, құжаттарды жүктеу, жіберу және Интернет иелісіне қосылу мүмкіндігінсіз есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) жүзеге асырылуы тиіс. Тестілеу жүргізілетін ЕТҚ магниттік ақпарат тасымалдаушыларға қол жеткізу бұғатталуы тиіс.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты не «Электрондық құжаттар» сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде жіберіледі. Заңнаманы білуге тестілеу уақыты 90 (тоқсан) минутты, практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеу уақыты - 30 (отыз) минутты белгілі бір мамандық бойынша 2 (екі) кейсті, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырманы құрайды. Тестілеуді өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де тасығыштарда, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарда) пайдалануға жол берілмейді. Тестілеу операторы көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы тестілеуден шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды. Тестілеуден шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң сот сарапшысы біліктілігін беруге рұқсат беру туралы өтінішті қайта береді. Еңсерілмейтін күш (табиғи құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді. Мұндай жағдайда көрсетілетін қызметті алушы қайталама тестілеуден өтеді.
Тармақ 10
10. Мүгедектігі бар адамдың қатарынан сот сарапшысы біліктілігін беру олардың жеке ерекшеліктері мен тіршілік әрекетіндегі шектеулерді ескере отырып, теңдік, қолжетімділік және кемсітпеу принциптерін сақтай отырып қажетті жағдайларды қамтамасыз ете отырып жүргізіледі. Мүгедектігі бар адамға аттестаттаудан өту үшін мынадай арнайы жағдайлар жасалады:
Тармақша 1
1) тестілеуге өтуге бөлінген уақыттың ұзақтығын ұлғайту;
Тармақша 2
2) тестілеу процесінде жалпы ұзақтығы 30 (отыз) минут болатын қосымша үзілістер беріледі;
Тармақша 3
3) тестілеуді орындау процесіне араласпайтын көмекшіге (ілесіп жүруші тұлғанға) рұқсат беру. Заңнаманы білуге арналған тестілеу уақыт мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін (қажет болған жағдайда) – 120 (жүз жиырма) минутты құрайды, практикалық дағдылардың қажетті деңгейін тексеруге арналған тестілеу – 60 (алпыс) минутты құрайды, белгілі бір мамандық бойынша 2 (екі) кейс, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырма.
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін компьютерлік тестілеуден өтудің шекті деңгейі сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың кемінде 70% құрайды. Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторының пайдаланылатын компьютерлік бағдарламасының көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Егер заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден аз болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тестілеудің келесі кезеңіне жіберілмейді. Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуден өтудің шекті деңгейі ситуациялық жағдайдағы сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың 70 % құрайды. Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторының пайдаланылатын компьютерлік бағдарламасының көмегімен автоматты түрде компьютерлік бағдарламамен жүргізіледі.
Тармақ 12
12. ССО 2 (екі) жұмыс күні ішінде біліктілік куәлігін ресімдейді. ССО біліктілік куәлігіне - 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қояды. Біліктілік куәлігі көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 13
13. Тестілеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушы оны өткен күннен бастап үш айдан кем емес қайта тестілеуге жіберіледі.
Тармақ 14
14. Дәлелді себептермен (ауру, жақын туысының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күш мән-жайлары) тестілеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынған кезде ССО белгілеген басқа күні тестілеуден өтуі мүмкін. Бұл ретте өтініш тестілеуді өткізіп алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс. Тестілеуге дәлелді себепсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы біліктілікті беру туралы өтінішті қайта береді.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі саласындағы заңнамасына білімін тексеру мақсатында сынақ тестілеуінен өтуге құқылы. Сынақ тестілеуінің нәтижелері сот сарапшысының біліктілігін беру/бермеу туралы дәлелді шешім шығаруға негіз болып табылмайды.
Тармақ 16
16. Емтихандар өткізу барысында туындайтын даулар Апелляциялық комиссияда не сотта қаралады.
Тарау 3. 3-тарау. Апелляциялық рәсім
3-тарау. Апелляциялық рәсім
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті алушылар тестілеу нәтижелеріне қанағаттанбаған жағдайда апелляциялық комиссияға апелляция беруге құқылы.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті алушы ССО-ға апелляцияға өтінішті еркін нысанда береді. Апелляцияға өтінішті көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден өткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қабылдана және апелляциялық комиссия отырыста қарайды. Апелляциялық комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай келіп түскен өтініштердің санына байланысты өткізіледі.
Тармақ 19
19. Апелляцияға өтініш көрсетілетін қызметті алушыдан:
Тармақша 1
1) нақты сұрақтардың дұрыстығына (тестілеу бойынша);
Тармақша 2
2) техникалық ақауларға сілтеме жасай отырып тестілеу нәтижелеріне;
Тармақша 3
3) тестілеу ережелерін бұзу туралы актіге шағымданған жағдайларда қабылданады.
Тармақ 20
20. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссияның шешімдері осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қоюға тиіс хаттамалармен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының 2/3 (үштен екісі) болған кезде заңды болады. Апелляциялық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
Тармақ 21
21. Апелляцияға алынған өтінішті қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия апелляция түскен күннен бастап 1 (бір) күн ішінде екі шешімнің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) апелляцияны қанағаттандырмай қалдыру;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушының апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 22
22. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым ССО-ға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. ССО, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды. Бұл ретте, ССО шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам егер ол шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді өзге әкімшілік әрекетті 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Тармақ 23
23. ССО-ға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ҚР ӘППК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1.1. «Сот сарапшысы біліктілігін беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі
Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларына 1-қосымша «Сот сарапшысы біліктілігін беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәсілдері www.egov.kz, www.eli​cense.kz «электрондық үкімет» веб - порталы 3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) 5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелері сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. 6 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі 7 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін түскі үзіліспен. 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Тестілеуді өткізу орындарының мекенжайлары ССО жіберген хабарламаларда көрсетілген 8 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті мәліметтер тізбесі 1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш. 2) Көрсетілетін қызметті беруші жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. 3) мүгедектік туралы анықтама 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілген қызмет алушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің (мәліметтердің) Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаиы құқығынан айырылуы; 4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. 10 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, электрондық нысан түріндегі қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар 1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. 3. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқасы қолжетімді. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz. интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 77 77
Басқа 1.2. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілікті беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі
Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларына 2-қосымша «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілікті беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәсілдері www.egov.kz, www.eli​cense.kz «электрондық үкімет» веб - порталы 3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) 5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелері сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. 6 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі 7 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін түскі үзіліспен. 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Тестілеуді өткізу орындарының мекенжайлары ССО жіберген хабарламаларда көрсетілген 8 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті мәліметтер тізбесі 1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш. 2) Көрсетілетін қызметті беруші жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. 3) мүгедектік туралы анықтама 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілген қызмет алушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің (мәліметтердің) Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаиы құқығынан айырылуы; 4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. 10 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық нысан түріндегі қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар 1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. 3. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқасы қолжетімді. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz. интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 77 77
Басқа 1.3. Өтініш
Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларына 3-қосымша Өтініш Сізден мені келесі сараптамалық мамандықтар бойынша сот сарапшысы біліктілігін беруге жіберуіңізді сұраймын:
Тармақ 1
1. _____________________
Тармақ 2
2. _____________________ Ақпараттық жүйелердегі қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. ________________________________________________________________ [Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Басқа 1.4. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі
Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларына 4-қосымша «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Герб Республиканское государственное казенное предприятие «Центр судебных экспертиз Министерства юстиции Республики Казахстан» Никад № Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі (сот сарапшысы біліктілігін беру туралы) _________________________________________________________ берілген (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Тармақ 1
1.___________________________________
Тармақ 2
2.___________________________________ [Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)]
Басқа 5.1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі
Тармақ 1
1. «Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10491 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 2
2. «Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 523 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12284 тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 3
3. «Сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысы бiлiктiлiгiн беру үшiн бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 376 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13858 тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).