Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования средств на возмещение ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных товариществу с ограниченной ответственностью «Карагандаликвидшахт»

Қаулы · № 232 · қабылданған 28.04.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-111688/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования средств на возмещение ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных товариществу с ограниченной ответственностью «Карагандаликвидшахт» Күшін жойған Қаулы ·№ 232 ·28.04.2017
01.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования средств на возмещение ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных товариществу с ограниченной ответственностью «Карагандаликвидшахт»

Күшін жойған Қаулы ·№ 232 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования средств на возмещение ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных товариществу с ограниченной ответственностью «Карагандаликвидшахт»
Атауы (қаз.)
«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
232
Қабылданған күні
28.04.2017
Көрсетілген редакция
01.08.2019 111688_416897.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000232
ЭКБ идентификаторы
111688
Редакция идентификаторы
111688_416897
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:14

0 «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 313-құжат);

2

2) «Қарағандышахтатарату» pecпубликалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1042 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 522-құжат).

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 232 қаулысымен
бекітілген
«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидалары
Осы «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына сәйкес әзірленді және «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – «Қарағандышахтатарату» ЖШС) берілген, таратылған шахталар жұмыскерлеріне келтірілген залалды (зиянды) өтеу тәртібін (сомалар мөлшерін айқындау, оларды қайта есептеу және төлеу тәртібін) айқындайды.

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Зардап шеккен жұмыскер жоғалтқан, онда болған не ол анық иелене алатын табыс (кiрiс), сондай-ақ денсаулығына зақым келтiруден туындаған шығыстар (дәрі-дәрмек сатып алуға, медициналық тексерілуге, оңалтуға, бөгде адамның оны бағып-күтуiне, протез салғызуға, банктердің, поштаның қызметі және өзгелері), егер жәбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж және оларды тегiн алмайды деп танылса, өтелуге тиіс.

2 2. Жұмыскер қайтыс болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 940-бабында көрсетілген адамдардың залалды (зиянды) өтетiп алуға құқығы бар.

2 2-тарау. Залалды (зиянды) өтеу және қаражатты қайтару тәртібі

3 3. «Қарағандышахтатарату» ЖШС-ға берілген, таратылған шахталар жұмыскерлерінің өміріне және денсаулығына келтірілген залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджет есебінен өтелуге тиіс.

Залалды (зиянды) өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргізіледі.

4

4. Өтелуге жататын жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiнгi не жәбiрленушiнiң кәсiби еңбекке қабiлетiн, ал ол болмаған кезде - жалпы еңбекке қабiлетiн жоғалтуы дәрежелерiне сәйкес, еңбекке жарамдылығынан айырылу басталғанға дейiнгi орташа айлық табысының (кiрiсiнiң) пайыздарымен анықталады.

5

5. Таратылған шахталар жұмыскерлеріне «Қарағандышахтатарату» ЖШС төлейтін залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түріне қарамастан, Қарағанды облысының аумағында орналасқан, жерасты тәсілімен тас көмірді өндірумен айналысатын ұйымдарға осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген лауазымдар мен кәсіптер бойынша инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады.

6 6. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын есептеуді және төлеуді «Қарағандышахтатарату» ЖШС жүргізеді.

7 7. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі тиісті жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын 7-күніне дейін «Қарағандышахтатарату» ЖШС-ны қаржыландыруды жүзеге асырады.

8 8. «Қарағандышахтатарату» ЖШС залалды (зиянды) өтеудің есептелген сомаларын алушылардың шотына қолма-қол емес тәсілмен аударуды жүргізеді.

9 9. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттеріне жөнелту залалдың (зиянның) өтелуіне құқығы бар жұмыскерлердің тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

«Қарағандышахтатарату» ЖШС-ға банк, пошта бөлімшелері көрсететін қызмет шығындары қызмет көрсету шарттарымен айқындалады.

10 10. «Қарағандышахтатарату» ЖШС Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне бөлінген қаражат бойынша ай сайын келесі айдың 20-күніне дейін өткен айдың есебін ұсынады.

11 11. Залалдың (зияның) өтемін алатын, таратылған шахталардың жұмыскерлері «Қарағандышахтатарату» ЖШС мыналарды:

Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтар – тоқсанына бір рет (тоқсанның бірінші айының 5-күнінен кешіктірмей) нақты тұрғылықты жері туралы мәліметтер;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын азаматтар – жылына бір рет (ағымдағы жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін, сондай-ақ айына бір рет (айдың 5-күнінен кешіктірмей) нақты тұрғылықты жері туралы мәліметтер ұсынады.

12 12. Пайдаланылмаған бюджеттік қаражатты қайтару Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

1 «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидаларына

1-қосымша
Лауазымдар мен кәсіптер тізбесі
Р/с №
01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік жік­те­уі­ші­нің қыз­мет­тер сы­нып­та­уы­шы­на сәй­кес ла­у­а­зым­дар мен кә­сіп­тер­дің ата­уы
Өн­ді­рі­сте­гі жа­за­тай­ым оқи­ға­лар ту­ра­лы ак­ті­лер­де­гі және кә­сіп­тік ула­ну мен кә­сіп­тік ау­ру­ды тер­геп-тек­се­ру ак­ті­ле­рін­де­гі ла­у­а­зым­дар мен кә­сіп­тер­дің ата­уы
1
2
3
1
Учас­ке ба­стығы(өнер­к­ә­сіп­те)
Учас­ке ба­стығы, учас­ке ба­стығ­ы­ның кө­мек­ші­сі, аға ме­ха­ник, ти­еу ба­стығы
2
Тау-кен жұ­мыс­шы­ла­ры және же­ра­с­ты және ашық тә­сіл­мен пай­да­лы қаз­ба­лар өн­ді­ру жө­нін­де­гі бас­қа да кә­сіп­тер жұ­мыс­шы­ла­ры
Же­рү­сті тау-кен жұ­мыс­шы­сы
3
Же­ра­с­ты тау-кен жұ­мыс­шы­сы
Же­ра­с­ты тау-кен жұ­мыс­шы­сы, же­ра­с­ты та­ке­лаж­ни­гі, же­ра­с­ты қон­дыр­ғы­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі, шах­та­ға бе­кі­ту ма­те­ри­ал­да­рын жет­кі­зу­ші, тау-кен қаз­ба­ла­рын жөн­деу жө­нін­де­гі тау-кен жұ­мыс­шы­сы, мо­то­рист, пли­та­шы, жол жұ­мыс­шы­сы
4
Та­зар­ту за­бой­ы­ның тау-кен жұ­мыс­шы­сы
Та­зар­ту­шы за­бой­ы­ның тау-кен жұ­мыс­шы­сы, үй­ін­ді уа­ту­шы
5
Же­ра­с­ты тау-кен мон­та­ж­шы­сы
Же­ра­с­ты тау-кен мон­та­ж­шы­сы, мон­та­ж­шы
6
Жүк ти­е­у­ші
Жүк ти­е­у­ші
7
Қа­зан­дық ма­ши­ни­сі (ко­че­гар)
Күл­ші
8
Бе­кі­ту­ші
Бе­кі­ту­ші
9
Элек­тро­воз ма­ши­ни­сі
Элек­тро­воз ма­ши­ни­сі
10
Тау-кен қа­зу ма­ши­на­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі
Тау-кен қа­зу ма­ши­на­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі, ком­байн­шы, кө­мір ком­бай­ны­ның ма­ши­ни­сі, ком­байн­шы­ның кө­мек­ші­сі
11
Бұр­ғы­лау қон­дыр­ғы­сы­ның ма­ши­ни­сі
Бұр­ғы­лау ста­но­гы­ның ма­ши­ни­сі
12
Үң­гі­ле­у­ші
Үң­гі­ле­у­ші
13
Оқ­пан­шы (же­ра­с­ты)
Оқ­пан­шы
14
Сы­лақ­шы
Сы­лақ­шы-ма­ляр
15
Же­ра­с­ты электр сле­са­рі
Же­ра­с­ты электр сле­са­рі, ке­зек­ші сле­сарь
16
Ке­зек­ші және жаб­дық­ты жөн­деу жө­нін­де­гі электр сле­са­рі (сле­сарь)
Электр сле­са­рі, элек­трик
17
Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры мен ав­то­ма­ти­ка сле­са­рі
Электр сле­са­рі - ав­то­мат­шы
18
Бас­шы
Ди­рек­тор
19
Гео­лог
Гео­лог
20
Та­ра­зы­шы
Та­ра­зы­шы
21
Тау-кен ше­бе­рі
Тау-кен ше­бе­рі, ЖМ үле­сті­ру­ші
22
Учас­ке ше­бе­рі
Кө­мір­ді бай­ы­ту ше­бе­рі
23
Жа­ру­шы
Жа­ру­шы-ше­бер
24
Ме­ха­ник
Ме­ха­ник
25
Ең­бек­ті нор­ма­лау жө­нін­де­гі ин­же­нер
Же­ра­с­ты хро­но­мет­ра­ж­шы

2 «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидаларына

2-қосымша
Шахталар тізбесі
«АрселлорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы

1 1. Қазақстан.

2 2. Шахтинск.

3 3. Ленин атындағы.

4 4. Тентек.

5 5. Саран.

6 6. Абай.

7 7. Күзембаев атындағы.

8 8. Костенко атындағы.

«ГЕФЕСТ» көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы

1 1. Западная.

2 2. «Батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

«Рапид» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – Ғ.О. Омаров атындағы Шахта ұңғылау тресті.

Қолданыстағы