О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
____________________Д. Абаев
2017 жылғы 28 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________________Б. Сұлтанов
2017 жылғы 24 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 18 наурыз
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
тізбесі
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2017 жылғы 16 наурыздағы
№ 153 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
тізбесі
Тармақ 1
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда Заңда айқындалған ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғым қолданылады:
қазынашылық сүйемелдеу – қазынашылық органындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде құрылыс объектілерімен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын, жобаның барлық қатысушыларымен – мердігерлермен, қосалқы мердігерлермен салықтарды толығымен төлеуді қамтамасыз етуін бақылау.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Мемлекеттік сатып алуға қазынашылық сүйемелдеу енгізу шеңберінде техникалық күрделі объектілердің құрылысы үшін, оның ішінде бірегей объектілерін салу үшін және ірі инвестициялық жобалар мен «пилоттық» жобалар үшін жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушімен (инвестормен) жобаны басқару бойынша инжинирингтік ұйымдар тартылады.»;
34-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) құрылыс-монтаждау жұмыстары кезде:
келісімдер жасалған объектiлердің құрылыс алаңдарына кiре алады;
тапсырыс берушiнiң техникалық өкілi ретiнде құрылыс объектiлерiнде тапсырыс берушінiң мүддесiн бiлдiреді және қорғайды;
мердiгер жүргiзетiн құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасына толық сәйкес келуiн қамтамасыз етеді;
мердiгердiң құрылыс алаңдарында техникалық қауiпсiздiк, еңбектi қорғау және қоршаған ортаны қорғау ережелерiн сақтауын қамтамасыз етеді;
объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялар мен бұйымдардың сапасын бақылау, оларды стандарттарға және Қазақстан Республикасында қолданыстағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес зертханалық сынауды ұйымдастыру және сапаны растайтын құжаттардың болуын (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және басқалар) тексереді;
мердiгер дайындаған жұмыстардың күнтiзбелiк жоспарларын қарайды және тапсырыс берушiге бекiтуге ұсыну;
жұмыстардың өндiрiс қарқынының бекiтiлген кестеге сәйкестiгiн, объектiлердiң материалдық ресурстармен және техникалық құралдармен жиынтықталу барысын, бiлiктi жұмыс күшiмен қамтамасыз етiлуiн бағалайды;
объектiлерде жұмыс iстейтiн машиналар мен механизмдердi есепке алуды жүргiзу, олардың техникалық жарамдылығын және мердiгердiң конкурстық тапсырысында көрсетiлген тiзбеге сәйкестiгiн бағалайды;
жұмыстарды орындау мерзiмдерiнiң ұзартылуына, қосымша немесе күтпеген жұмыстарды, шығындарды өтеуге қатысты мердiгердiң шағымдарын тексереді және тапсырыс берушiге ұсынымдар береді;
бекiтiлген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалған жұмыстардың көлемi мен олардың құнын тексереді және аралық ақы төлегенде және мердiгермен толық есеп айырысу кезiнде орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдау актiлерiн растайды;
құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуға қазынашылық сүйемелдеу енгізу шеңберінде іске асырылатын «пилоттық» жобалар үшін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) нысанға сәйкес төлем үшін қаржылық есептесуді растайтын төлем сертификатын орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдау актiлерiн беру жолымен растайды;
жабық жұмыстардың куәләндіруін, жауапты құрастырылымның аралық қабылдауды және жұмыстарды төлеу үшін олардың қабылдауды жүргізеді;
техникалық есептер мен ақпарларды дайындауды және бекiтудi, жұмыстардың жүргiзiлу барысын уақтылы құжаттауды қамтамасыз етеді;
орындалған жұмыстардың көлемiне мерзiмдi және түпкіліктi өлшеудi жүргiзеді және олардың мердiгердiң есептерiне сәйкестiгi туралы қорытындылар береді;
барлық материалдар мен конструкцияларға арналған барлық кепілдік құжаттамаларыды және сертификаттарды қабылдау мен сақтауды қамтамасыз ету және құрылыс аяқталғаннан кейін оларды тапсырыс берушіге беру;
сәулет, қала құрылыс және құрылыс саласыңдағы жобалық шешімдер, құрылыс мерзімі және мемлекеттік нормативтік талаптарды сақтау бойынша бақылауды іске асыру;
құрылыс-монтаждау жұмыстарды орындауға бағытталған қаражаттардың нысаналы және тиімді пайдалануды бақылайды;
мердiгерден және қосалқы мердiгерлерден объект бойынша қажетті атқарушы құжаттаманы сұратады;
технологияның бұзылуы, жобадан ауытқу, сапасыз құрылыс материалдарының пайдаланылуы анықталған жағдайда, ақаулар мен бұзушылықтар жойылғанға дейiн жұмыстарды жүргiзудi тоқтата тұрады;
жобадан жүйелi түрде ауытқуларға жол берген, жұмыс өндiрiсi ережелерiн және нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарын бұзған мердiгердi жұмыстан босату туралы тапсырыс берушiге ұсыныс енгiзедi;
төлемге берiлген құжаттарды түзету немесе нормативтiк талаптарға және жобалау құжаттамасына сәйкес келмейтiн жұмыстар көлемiнiң құнын төлеуге берiлген, орындалған жұмыстарды қабылдау актiлерiн алып тастау жөнiнде тапсырыс берушiге ұсыныс енгiзедi;
мердiгердiң лауазымды тұлғаларына ақауларды және олардың туындау себептерiн жою туралы ұсыныстар жасайды;
хат-хабарларды, зерттеу және сынау деректерiн, мәжiлiстердiң хаттамаларын, қаржы жазбаларын, құрылыс алаңының күнделiгiн қоса алғанда, құжаттарды есепке aлу, пайдалану және сақтау жүйесiн құрады.»;
мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
«35-1. Тапсырыс берушімен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды беру туралы сауал жолдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жобаны басқару бойынша қызмет көрсететін ұйым және аталған ұйымның штаттық құрамындағы техникалық қадағалуды жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 ақпандағы № 121 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10529 болып тіркелген) бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес қол қойылған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындының нысанын ұсынады.».
Тармақ 2
Тармақ 3
Басқа 1
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрінің кейбір
бұйрықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтыру
тізбесіне қосымша