О некоторых вопросах вывоза газойлей с территории Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағынан газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тәжікстан Республикасына және Қырғыз Республикасына әкету мақсатында газойлдарға берілетін квота заңды тұлғалар арасында бөлінсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен келісім бойынша бекітілген тізбеге сәйкес лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға сәйкес газойлдардың әкетілуін бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Жеңіл дистиляттарды және өнімдерді, керосинді және газойлды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1139 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы «және газойлды» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы «және газойлды (коды КО СЭҚ КС 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0)» деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интерграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 8. Әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 180 қаулысымен
бекітілген
Әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі
КО СЭҚ ТН коды
Атауы
Көлемі (тоннамен)
Қолданылу мерзімі
2710 19 410 0
Тұрмыстық пеш отынын қоспағанда, басқа мақсаттарға арналған құрамында күкірт көлемі 0,05 мас. % аспайтын газойлдар
165 000
2011 жылғы 1 шілдеге дейін
2710 19 450 0
Тұрмыстық пеш отынын қоспағанда, басқа мақсаттарға арналған құрамында күкірт көлемі 0,05 мас. % асатын, бірақ 0,2 мас. % аспайтын газойлдар
2710 19 490 0
Тұрмыстық пеш отынын қоспағанда, басқа мақсаттарға арналған құрамында күкірт көлемі 0,2 мас. % асатын газойлдар
Басқа 9. Газойлдарға арналған квотаны бөлу
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 180 қаулысына
қосымша
Газойлдарға арналған квотаны бөлу
Р/с
№
Заңды тұлғалардың атауы
Көлемі, тонна
1
«ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркентинг» акционерлік қоғам
40 000
2
«Refinery Company RT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50 000
3
«Петро Қазақстан Сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
20 000
4
«Литаско С.А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
20 000
5
«Санойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
35 000
Жиыны:
165 000