Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Аршалынского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аршалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аршалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Аршалы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Аршалы ауданының әкімі А. Тайжанов 2017 жылғы 14 наурыз
Басқа 4. Аршалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
Аршалы аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 наурыздағы № 13/7 шешімімен бекітілген Аршалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аршалы ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы тәртіппен мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2 тарау. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
2 тарау. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын кент, ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы кент, ауылдық округ әкімі жергілікті қоғамдастық халқын ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді кент және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
Тармақ 8
8. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аршалы аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Басқа 21. Аршалы ауданының елді мекендерінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 13/7 шешімімен бекітілген Аршалы ауданының елді мекендерінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау р/с № Аршалы ауданы елді мекенінің атауы Аршалы ауданының елді мекендерінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Аршалы кенті 1 Аршалы кенті 60 Ақбұлақ ауылдық округі 2 Ақбұлақ ауылы 7 3 Ақтасты ауылы 2 Анар ауылдық округі 4 Анар станциясы 8 5 Донецкое ауылы 3 Арнасай ауылдық округі 6 Арнасай ауылы 7 7 Бабатай станциясы 3 Бірсуат ауылдық округі 8 Бірсуат ауылы 6 9 Байдалы ауылы 1 Бұлақсай ауылдық округі 10 Бұлақсай ауылы 6 11 Қостомар ауылы 4 12 Ақжар ауылы 1 Волгодонов ауылдық округі 13 Волгодонов ауылы 9 14 Қойгелді ауылы 3 15 42 разъезд 2 Жібек жолы ауылдық округі 16 Жібек жолы ауылы 74 17 Жалтыркөл ауылы 10 18 41 разъезд 1 19 102 разъезд 1 Ижев ауылдық округі 20 Ижев ауылы 17 21 Шөптікөл станциясы 1 Константинов ауылдық округі 22 Константинов ауылы 9 23 Белоярка ауылы 2 24 Шортанды ауылы 2 Михайлов ауылдық округі 25 Михайлов ауылы 9 26 Николаев ауылы 2 27 Ольгинка ауылы 2 Сараба ауылдық округі 28 Сары - Оба станциясы 5 29 Сараба ауылы 7 Түрген ауылдық округі 30 Түрген ауылы 7 31 Красное озеро ауылы 1 32 Родник ауылы 1