Об утверждении Правил проведения конкурса по определению операторов универсального обслуживания, включая расчет размера субсидий и порядок возложения уполномоченным органом обязанности по оказанию универсальных услуг на операторов связи, требований к операторам связи по оказанию универсальных услуг связи, перечня универсальных услуг связи и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды, байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі;
Тармақша 2
2) байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптар;
Тармақша 3
3) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қаулының 1-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 238 қаулысымен бекiтiлген Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы», «Пошта туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсететін операторларды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Конкурсты өткізудің мақсаты байланыстың әмбебап қызметтерінің белгіленген тізбесін көрсету үшін әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау болып табылады.
Тармақ 3
3. Пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әмбебап қызмет көрсету операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;
Тармақша 2
2) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері – телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;
Тармақша 3
3) байланыс операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, байланыс қызметтерiн көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі
2-тарау. Әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган конкурстың ұйымдастырушысы (бұдан әрі –ұйымдастырушы) болады. Ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық құжаттаманы, конкурсты өткізу мерзімін және конкурсты өткiзу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру мерзімін бекітеді.
Тармақ 5
5. Ұйымдастырушы конкурсты ашық тәсілмен байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жылының алдындағы жылдың 4-тоқсанында өткізеді, оған байланыс операторларына қатысуға рұқсат етіледі. Байланыс операторы және онымен үлестес тұлғасы конкурсқа бір лот бойынша қатыса алмайды.
Тармақ 6
6. Конкурсты өткiзу:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) адал бәсекелестiк;
Тармақша 3
3) әдiлдiк;
Тармақша 4
4) қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң теңдігі қағидаттарына негізделеді.
Тармақ 7
7. Конкурсты өткiзу басталғанға дейiн ұйымдастырушы конкурсты өткiзу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын орналастырады.
Тармақ 8
8. Хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) байланыс саласындағы уәкілетті органның атауы және орналасқан жері;
Тармақша 2
2) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі;
Тармақша 3
3) конкурсты өткiзу уақыты, күнi және орны;
Тармақша 4
4) әмбебап көрсетілетін қызметтердің тiзбесi;
Тармақша 5
5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
Тармақша 6
6) конкурстық құжаттарды алу орны мен тәсiлдерi.
Тармақ 9
9. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссия мүшелерiнен және хатшысынан тұрады. Дауыс беруге комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері қатысады, комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ. Дауыс беруге құқығы бар конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды (бес адамнан кем емес) құрайды.
Тармақ 10
10. Конкурстық комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, конкурстық комиссияның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасар орындайды.
Тармақ 11
11. Конкурстық комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең түскен жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Тармақ 12
12. Конкурстық комиссияның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi, оларды белгіленген тәртiппен комиссия хатшысы дайындайды және оған комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелері қол қояды.
Тармақ 13
13. Ұйымдастырушы байланыс операторларына ұсынатын конкурстық құжаттама:
Тармақша 1
1) байланыс операторы әрекет ететін аймақтар бар лоттар тізбесін;
Тармақша 2
2) лоттарда көрсетілген жұмыс сипаттамасы туралы техникалық ерекшелікті;
Тармақша 3
3) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің құнын субсидиялау туралы жобалық шартты қамтиды.
Тармақ 14
14. Байланыс операторы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұраумен, конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша түрде жүгінеді. Ұйымдастырушы сұрау тіркелген сәттен бастап үш күн мерзімде оған жауап береді.
Тармақ 15
15. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген байланыс операторы ұсынатын конкурстық өтінім:
Тармақша 1
1) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы үш айдан астам уақыт ішінде байланыс операторының банк (банктер) алдында мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқ екендігі туралы банк (банктер) мөрі қойылған бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған банк (банктер) анықтамасының түпнұсқасын (егер байланыс операторы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
Тармақша 2
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы үш айдан астам уақыт ішінде салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ немесе бар екендігі туралы (тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы куәландырған электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесін;
Тармақша 3
3) байланыс операторы көрсететін байланыстың әмбебап қызметтерінің тізбесіндегі әрбір әмбебап қызмет бойынша негізделген өзіндік құнды;
Тармақша 4
4) байланыс операторы көрсететін байланыстың әмбебап қызметтерінің тізбесіндегі әрбір қызмет бойынша нақты және болжамды көлемдерді;
Тармақша 5
5) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің негізгі техникалық және пайдалану сипаттамаларының егжей-тегжейлі сипаттамасын;
Тармақша 6
6) байланыстың әмбебап қызметтерін тиісінше және үздіксіз көрсетуге қажетті қолда бар ресурстарды қамтиды.
Тармақ 16
16. Конкурстық құжаттамаға қоса берілетін есептеулер мен растайтын материалдар мынадай талаптарға сәйкес жасалады:
Тармақша 1
1) конкурс материалдары тігіледі, нөмірленеді және байланыс операторы басшысының мөрімен және қолымен расталады.
Тармақша 2
2) қаржылық құжаттарға байланыс операторының басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және байланыс операторының мөрімен расталады.
Тармақ 17
17. Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды.
Тармақ 18
18. Ұйымдастырушы (оның жауапты тұлғасы) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмаған күйінде қабылданбайды және оларды ұсынған байланыс операторларына қайтарылады.
Тармақ 19
19. Байланыс операторы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс конкурстық өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрмен бекітіледі және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер ұйымдастырушы оларды конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алса, жарамды болып табылады.
Тармақ 20
20. Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін конкурстық өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 21
21. Тіркелген өтінім кері қайтарып алынған жағдайда, байланыс операторы ұйымдастырушыға жазбаша түрде хабарлама жолдайды.
Тармақ 22
22. Байланыс операторының өкілі өзінің байланыс операторы атынан әрекет ету құқығын куәландыратын, ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім беруді жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде құжаттарды конкурстық комиссияға жібереді.
Тармақ 24
24. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде конкурстық комиссия қатысушы адамдарға мыналарды:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысушы байланыс операторларының атауын және орналасқан жерін;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес сұратылған ақпаратты, егер өзгерістер құжатпен көрсетілсе, конкурстық өтінімдерді кері қайтару және өзгерту туралы ақпаратты;
Тармақша 3
3) конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар немесе жоқ екендігі туралы жариялайды.
Тармақ 25
25. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде конкурстық комиссия хатшысы ашу хаттамасын жасайды, оған конкурстық комиссияның төрағасы, оның орынбасары, конкурстық комиссия мүшелері мен хатшысы қол қояды.
Тармақ 26
26. Хаттаманың көшірмелері конвертерді ашқан күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде конкурсқа қатысушылардың мекенжайларына жолданады.
Тармақ 27
27. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді олардың толықтығы, есептеулерде қателердің, құжаттарда барлық қолдардың болуы тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ жалпы өтінімдердің ресімделуінің дұрыстығын тексереді.
Тармақ 28
28. Конкурстық комиссия 5 жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімдерді бағалайды, байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі байланыс операторларына қойылатын талаптарға сәйкестігін, құжаттардың толықтығын салыстырады және жеңіп шыққан конкурстық өтінімді айқындайды.
Тармақ 29
29. Конкурстық комиссия дауыс беру арқылы конкурстың жеңімпазын айқындайды. Конкурс нәтижелері бойынша ұйымдастырушы белгілі бір аумақта байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету бойынша жеңіп шыққан оператор туралы бұйрық шығарады. Ұйымдастырушы конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазына оның конкурстық өтінімінің жеңімпаз деп танылғаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Тармақ 30
30. Ұйымдастырушы конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурстың атауын, жеңімпазын және оның мекенжайын, конкурс жеңімпазы ұсынған субсидиялардың атауы мен мөлшерін көрсете отырып, өз интернет-ресурсында конкурс нәтижелерін жариялау арқылы барлық қатысқан байланыс операторларына хабарлайды. Байланыстың әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау туралы шарт конкурс жеңімпазына хабарлағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде, бірақ байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей жасалады.
Тармақ 31
31. Байланыстың әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау туралы шарт жасалған сәтінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 32
32. Өткізілген конкурс нәтижелері бойынша туындаған барлық дауды уәкілетті орган қарайды. Дауды қарау нәтижесінде қабылданған уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін.
Тарау 3. 3-тарау. Субсидиялар мөлшерін есептеу
3-тарау. Субсидиялар мөлшерін есептеу
Тармақ 33
33. Ауылдық елді мекендерде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін шығындар, егер бұл конкурстың нәтижесімен немесе байланыс операторына байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді жүктеу шарттарымен айқындалған болса, субсидиялануға жатады.
Тармақ 34
34. Қалаларда байланыстың әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін шығындар субсидияланбайды.
Тармақ 35
35. Субсидиялардың мөлшері конкурстың немесе байланыс операторына байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді жүктеу шарттары бойынша айқындалады, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген субсидиялардың мөлшерінен аспауға тиіс және шығыстар мен байланыстың шығынды әмбебап қызметтерін көрсетуден түскен нақты кірістердің айырмасы ретінде айқындалады.
Тарау 4. 4-тарау. Уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі
4-тарау. Уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі
Тармақ 36
36. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер болмаған немесе жеңiмпазды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, байланыстың әмбебап қызметтерiнің тізбесінен байланыстың әмбебап қызметтерін көрсетудi уәкілетті орган осы аумақта көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша нарықтың ең көп үлесін алып отырған байланыс операторына жүктейдi. Қызметтердің тиісті нарығын талдау негізінде уәкілетті орган байланыс операторының нарықта алатын үлесін айқындайды. Уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеуі уәкілетті органның бұйрығы түрінде ресімделеді.
Тармақ 37
37. Уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеуі туралы бұйрықтың көшірмесі үш жұмыс күні ішінде байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің құнын субсидиялау туралы шарт жасасу үшін тиісті байланыс операторына жіберіледі.
Тармақ 38
38. Уәкілетті орган бұйрық шығарғаннан кейін он жұмыс күні ішінде байланыс операторымен телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген әмбебап байланыстың қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасалады.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 238 қаулысымен бекiтiлген Байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі байланыс операторларына қойылатын талаптар Байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі байланыс операторларына мынадай талаптар қойылады:
Тармақша 1
1) телекоммуникациялар секторында қызмет көрсету үшін – байланыс операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушылардың байланыстың әмбебап қызметтерінің қолжетімділігіне, сапасына және ұсынылу бағасына деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын телекоммуникация желілерінің болуы;
Тармақша 2
2) пошта байланысы секторында қызмет көрсету үшін – пошта операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушылардың пошта байланысының әмбебап қызметтерінің қолжетімділігіне, сапасына және ұсынылу бағасына деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын пошталық желілердің болуы.
Басқа 2. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 238 қаулысымен бекітілген Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесі Р/с № Әм­бе­бап көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы 1 2 Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар сек­то­рын­да бе­кі­ті­л­ген бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі­нің тіз­бе­сі 1. Ин­тер­нет же­лі­сіне қо­сы­лу жыл­дамды­ғы 2 Мбит/с-тан 8 Мбит/с-қа дей­ін­гі же­ке қол­же­тім­ді­лік қыз­мет­те­рі 2. Ин­тер­нет же­лі­сіне қо­сы­лу жыл­дамды­ғы 8 Мбит/с-тан астам тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық бай­ла­ныс же­лі­ле­рі­нің тех­но­ло­ги­я­сы бой­ын­ша же­ке қол­же­тім­ді­лік қыз­мет­те­рі 3. Ин­тер­нет же­лі­сіне же­ке қол­же­тім­ді­лік қыз­ме­ті бой­ын­ша суб­си­ди­я­ла­на­тын або­нент­тер­ді қо­с­па­ған­да, жер­гі­лік­ті бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі По­шта бай­ла­ны­сы сек­то­рын­да бе­кі­ті­л­ген бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі­нің тіз­бе­сі 4. Тір­кел­мей­тін хат­ты жi­бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 5. Тір­кел­мей­тін по­шта кар­точ­ка­сын жi­бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 6. Тір­кел­мей­тін бан­де­роль­ді жi­бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 7. Жа­з­ды­рып алы­на­тын мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­рын та­ра­ту бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ____________________________________________________
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 238 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсету құқығына конкурс өткiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1012 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 36, 482-құжат).
Тармақ 2
2. «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 153-құжат).
Тармақ 3
3. «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 969 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 759-құжат).
Тармақ 4
4. «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 1231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 72-73, 653-құжат).