О введении запрета на вывоз отдельных видов товаров Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарлардың жекелеген түрлерін шығаруға тыйым салу туралы 2008 жылғы 25 қаңтардағы үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес, азық-түлік тауарларының ішкі нарығында күрделі тапшылық пен баға өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сай тауарлардың жекелеген түрлерін шығаруға алты ай мерзімге тыйым енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы кедендік одаққа қатысушы мемлекеттерді, сондай-ақ, Кедендік одақ комиссиясының Хатшылығын хабардар етсін;
Тармақша 2
2) Кедендік одақ комиссиясының қарауына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды басқа да кедендік одаққа қатысушы мемлекеттердің қолдануы туралы ұсыныс енгізсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы күнтізбелік он төрт күн ішінде хабардар етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Шығаруға тыйым салынатын тауарлар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қазандағы № 1024 қаулысына қосымша Шығаруға тыйым салынатын тауарлар По­зи­ци­я­ның ата­уы СЭҚ ТН ко­ды Қа­ра­құ­мық 1008 10 000 Қа­ра­құ­мық дән­де­рі­нен алын­ған жар­ма 1103 19 900 9-дан Ұса­ты­л­ған неме­се ұса­тыл­ма­ған соя бұр­шақ қап­та­ры 1201 00 Ұса­ты­л­ған неме­се ұса­тыл­ма­ған күн­ба­ғы­стың тұқым­да­ры 1206 00 Ұса­ты­л­ған неме­се ұса­тыл­ма­ған қо­за тұқым­да­ры 1207 20 Ұса­ты­л­ған неме­се ұса­тыл­ма­ған өзге май­лы да­қыл­дар­дың өзге де тұқым­да­ры мен же­мі­сте­рі: өзге­ле­рі 1207 99 Та­зар­тыл­ма­ған неме­се та­зар­ты­л­ған, бі­рақ хи­ми­я­лық құ­ра­мы өзгер­ме­ген қы­тай­бұр­ша­ғы­ның майы және олар­дың фрак­ци­я­ла­ры 1507 Та­зар­тыл­ма­ған неме­се та­зар­ты­л­ған, бі­рақ хи­ми­я­лық құ­ра­мы өзгер­ме­ген күн­ба­ғыс, сафлор және мақ­та май­ла­ры және олар­дың фрак­ци­я­ла­ры 1512 Та­зар­тыл­ма­ған неме­се та­зар­ты­л­ған, бі­рақ хи­ми­я­лық құ­ра­мы өзгер­ме­ген рапс (рап­стан неме­се коль­за­дан жа­сал­ған) неме­се қы­ша май­ла­ры және олар­дың фрак­ци­я­ла­ры 1514 Та­зар­тыл­ма­ған неме­се та­зар­ты­л­ған, бі­рақ хи­ми­я­лық құ­ра­мы өзгер­ме­ген зығ­ыр майы және оның фрак­ци­я­ла­ры: ши­кі май 1515 11 000 0 Та­зар­тыл­ма­ған неме­се та­зар­ты­л­ған, бі­рақ хи­ми­я­лық құ­ра­мы өзгер­ме­ген зығ­ыр майы және оның фрак­ци­я­ла­ры: өзге­ле­рі 1515 19 То­лық неме­се жар­ты­лай су­тек­тен­ді­рі­л­ген, қай­та эте­ри­фи­цир­лен­ген, ре­эте­ри­фи­цир­лен­ген неме­се эла­и­ди­ни­зир­лен­ген, та­зар­тыл­ма­ған неме­се та­зар­ты­л­ған, бі­рақ кей­ін­гі өң­де­у­ге ұшы­ра­ма­ған тоң май­лар және жа­ну­ар­лар­дан неме­се өсім­дік­тен алы­на­тын тоң­май­лар және олар­дың фрак­ци­я­ла­ры 1516