Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Шалкарского района Күшін жойған
Басқа 0
Шалқар ауданы аумағында
көшпелі сауданы жүзеге асыру
үшін арнайы бөлінген орындарды
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына сәйкес, Шалқар ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шалқар ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар, қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Жидехановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Шалқар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 18 сәуірдегі
№ 76 қаулысына қосымша
Шалқар ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін
арнайы бөлінген орындар
№
Елді мекен атауы
Көшпелi сауданы жүзеге асыратын орындар
1
Шалқар қаласы
Шалқар қаласы
Ө.Сейтов көшесі, № 18 үйдің алдында
2
Айшуақ ауылдық округі
Бегімбет ауылы
Қарағұл көшесі, № 14 үйдің алдында
3
Ақтоғай ауылдық округі
Қотыртас ауылы
Бейбітшілік көшесі, № 6 үйдің алдында
4
Біршоғыр ауылдық округі
Біршоғыр станциясы
А.П.Тихонов көшесі, № 2 үйдің алдында
5
Есет Көтібарұлы ауылдық округі
Байқадам ауылы
Есет Көтібарұлы көшесі, № 29 үйдің алдында
6
Жанақоныс ауылдық округі
Аққайтым ауылы
Достық көшесі, № 2 Аққайтым дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының алдында
7
Кішіқұм ауылдық округі
Шілікті ауылы
Сартепсең көшесі, № 5 үйдің алдында
8
Қауылжыр ауылдық округі
Қауылжыр станциясы
Желтоқсан көшесі, № 1/1 үйдің алдында
9
Мөңке би ауылдық округі
Мөңкеби ауылы
Ардагер көшесі, № 13 үйдің алдында
10
Тоғыз ауылдық округі
Тоғыз станциясы
Тәуелсіздік көшесі, № 73 үйдің алдында
11
Шалқар ауылдық округі
Жылтыр ауылы
Самал көшесі, № 11 үйдің алдында