Об утверждении Правил осуществления мониторинга волонтерской деятельности Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде электрондық және қағаз данасын баспа басылымдарында ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам Министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы №42-1 бұйрығымен бекітілді Волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызмет туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 - бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Волонтерлік қызмет мониторингінің мақсаты – ақпаратты жинақтау негізінде волонтерлік қызметке талдау жүргізу, жалпы үрдістерді анықтау және волонтерлік қызметті дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) волонтерлік қызмет – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделерінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын, әлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы қызмет;
Тармақша 2
2) волонтерлік қызметтің мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинақтау және талдау үрдісі.
Тармақша 3
3) волонтерлік қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес волонтерлік қызметті жүзеге асыратын (волонтерлер, волонтерлер тобы, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер) жеке және заңды тұлғалар.
Тарау 2. 2-тарау. Волонтерлік қызметке мониторинг жүргізу тәртібі
2-тарау. Волонтерлік қызметке мониторинг жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларды іске асыру мақсатында Заңның 10 - бабына сәйкес мониторинг жергілікті атқарушы органдарымен волонтерлік қызмет мониторингі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мониторинг бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылған волонтерлік қызмет субъектілері және тәжірибесі, волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және акциялар туралы ақпарат, бақылаулар және әлеуметтік зерттеулер, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызмет субъектілерінің деректері негізінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Мониторинг келесі кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) волонтерлік қызмет субъектілері туралы (түрі, есепті кезеңдегі субъектілер саны); волонтерлік қызмет түрлері туралы; волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялардың (соның ішінде мемлекеттік органдармен серіктестіктегі) іске асырылуы туралы; волонтерлік қызмет субъектілерімен іске асырылатын волонтерлік қызметтің оң тәжірибесі туралы ақпарат жинақтау;
Тармақша 2
2) мониторинг қорытындылары бойынша ақпаратты өңдеу және талдау;
Тармақша 3
3) жүргізілген талдау негізінде есептік ақпарат әзірлеу Есептік ақпарат келесі құрам бойынша әзірленеді: волонтерлік қызметтің қазіргі жағдайын баяндау; оң тәжірибені сипаттау; туындаған мәселелерді баяндау; волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау бойынша ұсыныстар беру; волонтерлік қызметтің ролін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеу және қабылдау бойынша қсыныстар беру; мәселерді шешу бойынша ұсыныстар беру.
Тармақ 7
7. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ақпаратты әр тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне ұсынады.
Тармақ 8
8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ақпаратты волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) әр тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне ұсынады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган Заңның 9 - бабының 2) тармақшасына сәйкес осы Қағидалардың 5 - тармағында көрсетілген волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинақтайды және қорытындылайды.
Тармақ 10
10. Өңделген ақпарат нәтижесінде уәкілетті органмен жалпы үрдістерді, оң тәжірибені, проблемалық мәселелерді көрсете отырып ақпаратқа талдау жүргізіледі және волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірленеді.
Тармақ 11
11. Волонтерлік қызмет саласында уәкілетті орган мониторинг нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қызмет туралы қорытынды ақпаратты дайындайды және Қазақстан Республикасы Үкіметіне жарты жылда 1 рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күніне енгізеді.