Об утверждении норм субсидий Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Субсидиялардың нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына және «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығымен бекітілген Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11151 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жеміс-жидек дақылдарының көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруге (оның ішінде қалпына келтіруге) арналған субсидиялардың нормалары (1 гектарға) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Алматы облысы әкімдігінің «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» 2016 жылғы 25 тамыздағы № 442 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3947 тіркелген, 2016 жылдың 6 қыркүйегінде «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы «17» сәуірдегі № 151 қаулысына қосымша Алманың «Апорт» сортын отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялар нормалары (тіреуіш бағаналарын орнатуға арналған шығындарды қоспағанда) теңге/ гектар Отыр ғызу схема сы, метр Отырғызу және өсіру ( 1 өсу жылы) 2 өсу жылы 3 өсу жылы барлық шығындары субси диялар норма сы (40%) барлық шығындары субси диялар норма сы (40%) барлық шығындары субси диялар норма сы (40%) 8х6 1 695 800 678 320 440169 176068 440664 176266 кестенің жалғасы 4 өсу жылы 5 өсу жылы 6 өсу жылы 7 өсу жылы барлық шығындары субси диялар норма сы (40%) барлық шығындары субси диялар норма сы (40%) барлық шығындары субси диялар норма сы (40%) барлық шығындары субси диялар норма сы (40%) 491939 196776 441939 176776 446614 178646 496614 198646 Ескертпе: Алманың «Апорт» сортының отырғызылатын көшеттерінің телітушісі Сиверс немесе Недзвецкого болуы тиіс