Об утверждении правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера Күшін жойған
Басқа 0
"Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi басылым өнiмдерiн сату тәртiбi туралы"
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 09.10.2004 N 4/824 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабы 2-тармағын орындау үшiн және эротикалық сипаттағы өнiмдердi сату жөнiндегi сауда нүктелерiнiң қызметiн ретке келтiру мақсатында Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының аумағында эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi басылым өнiмдерiн сату Ережесi бекiтiлсiн (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы Ережеге сәйкес Алматы қаласының аудан әкiмдерi эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы мерзiмдiк басылым өнiмдерiн сатуға арналған арнайы тұрақты орындар белгiлесiн.
Тармақ 3
3. Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, Алматы қаласы iшкi саясат департаментi қалалық әкiм аппараты жанынан эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын басылым өнiмдерiн сату тәртiбiн бақылайтын комиссия құрамын 1 ай iшiнде жасақтап, бекiтуге ұсынсын және комиссия туралы Ереженi әзiрлесiн.
Тармақ 4
4. 28.11.01 жылғы N 3/320 "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi басылым өнiмдерiн сату тәртiбi туралы" қаулының күшi жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Бижановқа жүктелсiн.
Басқа 6. ЕРЕЖЕСI
Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң
2001 ж. 17 қаңтардағы
N 1/30 қаулысына қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын
мерзiмдi басылым өнiмдерiн бөлшек саудада сату
ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" N 451-1 Заңының 3-бөлiмi, 14-бабының 2-тармағы негiзiнде әзiрлендi.
Тармақ 1
1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзiмдi басылым өнiмдерi бөлшек саудада тек қана айқын көрiнiп тұратын жабық орамның iшiнде және жергiлiктi атқару органдары арнайы бөлген тұрақты үй-жайларда ғана сатылуы тиiс.
Тармақ 2
2. Аталған басылым өнiмдерiн:
Тармақша 1
1) 18 жасқа толмаған жасөспiрiмдерге;
Тармақша 2
2) 150 метр аумақтағы балалар бақшалары мен оқу орындарының маңында;
Тармақша 3
3) мәдениет, денсаулық сақтау, бiлiм, сондай-ақ сәулет пен тарихи ескерткiштер және басқа да мемлекеттiк мекемелер маңында;
Тармақша 4
4) қоғамдық көлiкте, аялдамаларда, адамдар демалатын орындарда сатуға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы мерзiмдiк басылымдар тiзбесiн - Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының ұсынысы бойынша Алматы қаласының орталық ғылыми-өндiрiстiк сот-сараптау лабораториясының тұжырымы негiзiнде қалалық әкiм аппаратының жанындағы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдiк басылым өнiмдерiн сату тәртiбiн бақылайтын Комиссия анықтайды.
Тармақ 4
4. Осы Ереже эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзiмдi басылымдарға, сонымен бiрге жақын және алыс шет елдерден әкелiнетiн басылымдарға да қолданылады.
Тармақ 5
5. Эротикалық сипаттағы басылым өнiмдерiн осы мақсатқа арналып бөлiнбеген жерде таратқан немесе жарнамалаған тұлғалар Қазақстан Республикасының 30.01.01 ж. N 155-11 "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық" кодексi бойынша жауапқа тартылады.