О контроле за исполнением республиканского и местных бюджетов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы Осы Заң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың негiзгi принциптерiн, үлгілерi мен стандарттарын, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң (бұдан әрi - Есеп комитетi), мәслихаттардың тексеру комиссияларының, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органдардың, әкiмдер уәкiлдiк берген мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiнiң ұйымдастырылуы мен қызметтерiнiң негiздерiн айқындайды, сондай-ақ олар мен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау объектiлерi арасындағы қатынастарды реттейдi.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) сыртқы бақылау - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджеттi және жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттердi атқаруын бақылау, мұны оларға қатынасы жөнiнен тәуелсiз мемлекеттiк органдар, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) iшкi бақылау - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын тиiсiнше Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асыратын бақылау;
Тармақша 3
3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау - бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарына сәйкестiгiн тексеру, талдау және бағалау, мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн бақылау республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатының нысаналы әрi тиiмдi пайдаланылуын, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттерге қаражаттың толық және уақтылы түсуiн бақылау;
Тармақша 4
4) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын нысаналы пайдаланбау - мемлекеттiк мекемелердiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражатты бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың), сондай-ақ шығыстардың экономикалық жiктемесiнiң мақсатына сай келмейтiн мақсаттарға пайдалануы; жеке және заңды тұлғалардың республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражатты мемлекеттiк мекемелермен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң, оның iшiнде кредит шарттарының талаптарына сай келмейтiн мақсаттарға пайдалануы;
Тармақша 5
5) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын тиiмсiз пайдалану - республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден қаражаттың бюджеттiк бағдарламаның паспортында көзделген мақсаттарға жеткiзбей жұмсалуы;
Тармақша 6
6) бақылау объектiлерi - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден мемлекеттiк тапсырысты орындауға субсидиялар, кредиттер, мемлекет кепiлдiк берген заемдар түрiнде қаражат алатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ өздерi республикалық және жергiлiктi бюджеттерге қаражаттың толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз етуi бөлiгiнде мемлекеттiк органдар;
Тармақша 7
7) iшкi бақылау қызметi - мемлекеттiк орган мен оның бөлiмшелерiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органның бөлiмшесi;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органдар - Қазақстан Республикасының республикалық немесе республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы органдары;
Тармақша 9
9) әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган - жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын және тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
Тармақша 10
10) қаржылық есептiлiк - мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпарат, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, оның нысандары мен көлемдерiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Бап 2. 2-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы заңдар
2-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы заңдар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күшi республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдарға, мәслихаттардың тексеру комиссияларына, жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI БЮДЖЕТТЕРДIҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ҮЛГІЛЕРІ, ПРИНЦИПТЕРI МЕН СТАНДАРТТАРЫ
2-тарау. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI БЮДЖЕТТЕРДIҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ҮЛГІЛЕРІ, ПРИНЦИПТЕРI МЕН СТАНДАРТТАРЫ
Бап 4. 4-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау үлгiлерi
4-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау үлгiлерi Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау кезiнде бақылаудың мынадай үлгiлерi пайдаланылады:
Тармақша 1
1) сәйкестiктi бақылау - бақылау объектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарына сәйкестiк дәрежесiн бағалау;
Тармақша 2
2) қаржылық есептiлiктi бақылау - бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауы мен беруiнiң дұрыстығын, негiздiлiгiн және уақтылылығын бағалау;
Тармақша 3
3) тиiмдiлiктi бақылау - бақылау объектiсiнiң бюджеттiк бағдарламаны оның паспортына сәйкес атқаруын бағалау.
Бап 5. 5-бап. Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың принциптерi мен стандарттары
5-бап. Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың принциптерi мен стандарттары
Тармақ 1
1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау-жасау құпиялылық режимi мен кәсiби әдептiң қамтамасыз етiлуi ескерiле отырып, тәуелсiздiк, объективтiлiк, дұрыстық, құзыреттiлiк, жариялылық принциптерi мiндеттi түрде сақталып жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау стандарттары республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың бiрыңғай талаптарын белгiлейтiн нормативтiк құжаттар болып табылады.
Тармақ 3
3. Республикалық бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылау стандарттарын Есеп комитетi әзiрлейдi және бекiтедi.
Тармақ 4
4. Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылау мен республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылау стандарттарын Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган әзiрлейдi және Есеп комитетi бекiтедi.
Бап 6. 6-бап. Бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк органдар қабылдайтын актiлер
6-бап. Бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк органдар қабылдайтын актiлер Бақылау нәтижелерi бойынша оны жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мынадай актiлердi қабылдауға құқылы:
Тармақша 1
1) қорытынды - Есеп комитетiнiң бақылау нәтижелерi бойынша құжаты;
Тармақша 2
2) Есеп комитетiнiң қаулысы - Есеп комитетiнiң отырысында қабылданған нормативтiк құқықтық акт. Қаулыны қабылдау тәртiбi Есеп комитетi туралы ережемен регламенттеледi. Есеп комитетiнiң қаулысы оның бақылау нәтижелерi жөнiндегi басқа да барлық актiлерiнiң қолданылуын растайды. Есеп комитетiнiң қаулысын ол жолданған барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы мiндеттi;
Тармақша 3
3) ұсыныс - Есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы мемлекеттiк органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға; Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауапқа тарту мәселелерi бойынша құқық қорғау органдары мен соттарға жiберетiн құжаты;
Тармақша 4
4) мәслихаттың бақылау нәтижелерi бойынша шешiмi мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау жүргiзуiнiң қаралған немесе Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органдар, әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган, табыс еткен актiлерi бойынша шешiм бекiтiлетiн құжат;
Тармақша 5
5) нұсқама - Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органның басшысы, әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк органның басшысы өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылдаған және ұйымдардың лауазымды адамдарына мiндеттi түрде орындау үшiн жiберiлген, жұмыстағы жолсыздықтар мен кемшiлiктердi жою туралы белгiленген нысандағы құжат;
Тармақша 6
6) бақылау жүргiзу актiсi - Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган, мәслихаттың тексеру комиссиясы, әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган, мемлекеттік органның iшкi бақылау қызметi жүргiзген бақылаудың нәтижелерi бойынша жасалған құжат.
Тарау 3. 3-тарау. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI БЮДЖЕТТЕРДIҢ АТҚАРЫЛУЫН СЫРТҚЫ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГIЗДЕРI
3-тарау. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI БЮДЖЕТТЕРДIҢ АТҚАРЫЛУЫН СЫРТҚЫ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГIЗДЕРI
Бап 7. 7-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылаудың мемлекеттiк органдары
7-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылаудың мемлекеттiк органдары Республикалық бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган Есеп комитетi болып табылады. Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органдар, мәслихаттардың тексеру комиссиялары болып табылады.
Бап 8. 8-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылаудың мемлекеттiк органдарының өкiлеттiктерi мен құқықтары
8-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылаудың мемлекеттiк органдарының өкiлеттiктерi мен құқықтары
Тармақ 1
1. Есеп комитетi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынады және есеп бередi.
Тармақ 2
2. Есеп комитетiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен , осы Заңмен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен белгiленедi. Есеп комитетi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Тармақ 3
3. Есеп комитетi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентiне Есеп комитетiнiң жұмысы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты табыс етiп отырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуын, оның кiрiсiне салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң толық әрi уақтылы түсуiн, бюджет қаражатының нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын талдауға, бақылаудың қорытындылары мен нәтижелерiне байланысты мәселелер жөнiндегi тапсырмаларын, сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 3
3) республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi Қазақстан Республикасының Парламентiне есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 маусымынан кешіктiрмей табыс етiп отырады, ол өзiнiң мазмұны жағынан Қазақстан Республикасы Үкiметінің республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi жөнiндегi қорытынды болып табылады және Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиiс;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органдар табыс еткен бақылау жүргiзу актiлерiн талдайды және республикалық бюджеттiң атқарылуын осы органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар бередi;
Тармақша 5
5) республикалық бюджеттiң қаражатын пайдалануда бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын өзге де бұзу фактілерi анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi.
Тармақ 4
4. Есеп комитетi:
Тармақша 1
1) республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарын сақтауын; республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) атқарылуын және кредиттердiң, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдардың нысаналы пайдаланылуын; мемлекеттiк органдардың республикалық бюджетке қаражаттың; республикалық бюджеттен мемлекеттiң мiндеттемелерiн жабуға берiлген қаражаттың толық және уақтылы түсуiн олардың қамтамасыз ету бөлiгiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) республикалық бюджет қаражатын, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша алынған қаражатты пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Үкiметiнен және бақылау объектiлерiнен республикалық бюджет қаражатының толық түсуi мен пайдаланылуына қатысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттама мен ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 5
5) бекiтiлген республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) экономикалық тиiмдiлiгi мен мақсатқа лайықтылығына баға беруге;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен бақылау объектiлерiнiң банк шоттары бойынша республикалық бюджет қаражатының түсуi, аударылуы, сондай-ақ нысаналы пайдаланылуы бөлiгiнде банктердi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды тексерудiң қорытындылары туралы мәлiметтердi сұратуға және алуға;
Тармақша 7
7) республикалық бюджеттiң атқарылуы мәселелерi бойынша бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының есептерiн тыңдауға;
Тармақша 8
8) Есеп комитетi анықтаған бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамау фактiлерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 9
9) өзi белгiлеген мерзiмде бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға;
Тармақша 10
10) республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын тартуға;
Тармақша 11
11) республикалық бюджеттiң атқарылуына ықпал ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және енгiзуге;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган:
Тармақша 1
1) мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жүргiзу актiлерiн, сондай-ақ ақпарат беру үшiн жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жоспарларын жiбередi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi бюджеттер қаражатының нысаналы және тиiмдi пайдаланылмауын тыю мен оған жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;
Тармақша 3
3) жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдалануда бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын өзге де бұзу фактілерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi;
Тармақша 4
4) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган:
Тармақша 1
1) жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының жергілiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы талаптарының бұзылуы себептерiне баға беруге;
Тармақша 3
3) өзi белгiлеген мерзiмде бақылау объектiлерiнен жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуындағы анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша бақылау объектiлерiнiң лауазымды адамдарын тыңдауға;
Тармақша 5
5) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын тартуға;
Тармақша 6
6) құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу мәселелерiне жататын құжаттармен кедергiсiз танысуға;
Тармақша 7
7) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау жүргiзудiң нормативтiк құқықтық базасы мен әдiстемесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша iс-шаралар әзiрлеуге;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 7
7. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
Тармақша 1
1) мәслихат пен әкiмге, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жергiлiктi атқарушы органның тиiстi есебi бойынша қорытынды берiп, оны кейiннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
Тармақша 2
2) мәслихат пен әкiмге бақылау нәтижелерi бойынша жергiлiктi бюджеттiң қаражатын нысаналы және тиiмдi пайдаланбау фактiлерi туралы, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жұмыстағы кемшiлiктер туралы хабарлап отырады;
Тармақша 3
3) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган жүзеге асыратын бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсынымдар бередi;
Тармақша 4
4) Үкiмет пен әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк органдар табыс еткен бақылау жүргiзу актiлерiне талдау жасайды;
Тармақша 5
5) жергiлiктi бюджеттiң қаражатын пайдалануда бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын өзге де бұзу фактілерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi.
Тармақ 8
8. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
Тармақша 1
1) жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң атқарылуын; жергiлiктi бюджеттен берiлген қаражаттың, оның iшiнде кредиттердiң, нысаналы пайдаланылуын; мемлекеттiк органдардың жергілiктi бюджетке қаражаттың толық және уақытылы түсуiн олардың қамтамасыз ету бөлiгiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) жергiлiктi бюджеттiң қаражатын, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша алынған қаражатты пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) өзi белгiлеген мерзiмде бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға;
Тармақша 5
5) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi мамандарын тартуға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI БЮДЖЕТТЕРДІҢ АТҚАРЫЛУЫН IШКI БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГIЗДЕРI
4-тарау. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI БЮДЖЕТТЕРДІҢ АТҚАРЫЛУЫН IШКI БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГIЗДЕРI
Бап 9. 9-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылаудың мемлекеттiк органдары
9-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылаудың мемлекеттiк органдары Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Yкiметi, әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерi болып табылады.
Бап 10. 10-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылаудың мемлекеттiк органдарының өкiлеттiктерi мен құқықтары
10-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылаудың мемлекеттiк органдарының өкiлеттiктерi мен құқықтары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган:
Тармақша 1
1) республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау саласындағы орталық мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiнiң жұмысын үйлестiрiп отырады;
Тармақша 2
2) орталық мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсынымдар бередi;
Тармақша 3
3) Есеп комитетiне бақылау жүргiзу актiлерiн, сондай-ақ ақпарат беру үшiн республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жоспарларын жiбередi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджет қаражатының нысаналы және тиiмдi пайдаланылмауын тыю мен оған жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;
Тармақша 5
5) республикалық бюджеттiң қаражатын пайдалануда бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының әрекеттерiнде қылмыс белгілерi, Қазақстан Республикасының заңдарын өзге де бұзу фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi;
Тармақша 6
6) республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган:
Тармақша 1
1) республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарын сақтауын; республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табыс үлесiн республикалық бюджетке толық және уақтылы аударуын, сондай-ақ шаруашылық серiктестiктерiнде табыстың мемлекеттiк үлеске және дивидендтердiң акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiне есептелуiн; республикалық бюджеттен берiлген бюджет қаражатының, оның iшiнде кредиттердiң, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдардың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) республикалық бюджет қаражатын, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша алынған қаражатты пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы талаптарының бұзылу себептерiне баға беруге;
Тармақша 5
5) бекiтiлген республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) экономикалық тиiмдiлiгi мен мақсатқа лайықтылығына баға беруге;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiнен жоспарлар, есептер және өзге де қажеттi ақпарат алуға;
Тармақша 7
7) өзi белгiлеген мерзiмде бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi сұратуға және алуға;
Тармақша 8
8) республикалық бюджеттiң атқарылуындағы анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша бақылау объектiлерiнiң лауазымды адамдарын тыңдауға;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдардың тиiстi мамандарын республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге тартуға;
Тармақша 10
10) құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысуға;
Тармақша 11
11) нормативтiк құқықтық базаны және бақылау жүргiзу әдiстемесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiнде iс-шаралар әзiрлеуге;
Тармақша 12
12) акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакетi иеленуге және пайдалануға берiлген мемлекеттiк органдарға акционерлiк қоғамдардың тексеру комиссияларының құрамына сыртқы немесе iшкi бақылаудың мемлекеттiк органдарының қызметкерлерiн енгiзудi ұсынуға;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 3
3. Әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган:
Тармақша 1
1) мәслихаттың тексеру комиссиясына бақылау жүргiзу актiлерiн, сондай-ақ ақпарат беру үшiн жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау жоспарларын жiбередi;
Тармақша 2
2) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың iшкi бақылау қызметтерiнiң қызметiн үйлестiреді;
Тармақша 3
3) жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдалануда бақылау объектiлерiнiң лауазымды адамдарының қызметiнде қылмыс белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын өзге де бұзу фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi.
Тармақ 4
4. Әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган:
Тармақша 1
1) жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң Қазақстан Республикасының жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын сақтауын; жергiлiктi бюджеттен берiлген бюджет қаражатының, оның iшiнде кредиттердiң нысаналы пайдаланылуын; коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табыс үлесiн жергiлiктi бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ кiрiстi шаруашылық серiктестiктерiндегi мемлекеттiк үлестерге және дивидендтердi коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк акциялар пакеттерiне есептеуге;
Тармақша 2
2) жергілiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) жергiлiктi бюджет қаражатын, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша алынған қаражатты пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) жергiлiктi бюджет атқарылуының анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша бақылау объектiлерiнiң лауазымды адамдарын тыңдауға;
Тармақша 5
5) бекiтiлген жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) экономикалық тиiмдiлiгi мен орындылығына баға беруге;
Тармақша 6
6) өзi белгiлеген мерзiмде бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға;
Тармақша 7
7) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттік органдардың тиiстi мамандарын тартуға;
Тармақша 8
8) құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысуға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылады. Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметi:
Тармақша 1
1) бақылау жоспарын жасайды;
Тармақша 2
2) ақпарат беру үшiн iшкi бақылау жүргiзу жөнiндегi жоспарды: орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органға; жергiлiктi орган - әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк органға табыс етедi;
Тармақша 3
3) iшкi бақылау жүргiзу жоспарларының орындалуы жөнiндегi есептi: орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органға; жергiлiктi орган - әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк органға табыс етедi. Жыл сайынғы есептердi табыс ету туралы талаптар мен iшкi бақылау жүргiзу жоспарлары туралы ақпараттар ақпараты мемлекеттiк құпияға жататын шығыстарды бақылауға байланысты жағдайларға қолданылмайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметi:
Тармақша 1
1) орталық атқарушы органда, оның аумақтық бөлiмшелерiнде және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында, жергiлiктi атқарушы органда - тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк мекемелерде, сондай-ақ олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында iшкi бақылау жүргiзуге;
Тармақша 2
2) тиiсiнше Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган мен әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк органның консультациясын алуға құқылы.
Тарау 5. 5-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨЗАРА IС-ӘРЕКЕТI, ЕСЕП КОМИТЕТI ТӨРАҒАСЫНЫҢ, МҮШЕЛЕРIНІҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ, БАҚЫЛАУ ОБЪЕКТIСI ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ МIНДЕТТЕРI МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
5-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨЗАРА IС-ӘРЕКЕТI, ЕСЕП КОМИТЕТI ТӨРАҒАСЫНЫҢ, МҮШЕЛЕРIНІҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ, БАҚЫЛАУ ОБЪЕКТIСI ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ МIНДЕТТЕРI МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
Бап 11. 11-бап. Мемлекеттiк бақылау органдарының өзара iс-әрекетi
11-бап. Мемлекеттiк бақылау органдарының өзара iс-әрекетi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттік органдар ақпарат беру үшiн Есеп комитетiне республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзу жоспарларын жiбередi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттік органдар және әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган ақпарат беру үшiн мәслихаттың тексеру комиссиясына жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзу жоспарларын жiбередi.
Тармақ 3
3. Қажет болған жағдайда Есеп комитетi Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органмен, ал мәслихаттың тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органмен және әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк органмен бiрлесе отырып бақылау жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген тиiстi мемлекеттiк органдар республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзген кезде осы жұмысқа шарттық негiзде және Есеп комитетiмен келiсiм бойынша тәуелсiз жеке аудиторлық ұйымдарды тартып, аталған органдарға олардың көрсеткен қызметтерiне осы мақсатқа республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде ақы төлей алады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган және әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган бюджет қаражатын пайдалануды бұзушылық фактiлерi бойынша тексерiс жүргiзу туралы қылмыстық қудалау органдарының қаулылары негiзiнде жоспардан тыс бақылау жүргiзедi.
Бап 12. 12-бап. Есеп комитетi төрағасының, мүшелерiнiң және мемлекеттiк бақылау органдары басшыларының өкiлеттiктерi мен құқықтары
12-бап. Есеп комитетi төрағасының, мүшелерiнiң және мемлекеттiк бақылау органдары басшыларының өкiлеттiктерi мен құқықтары
Тармақ 1
1. Есеп комитетiнiң төрағасы:
Тармақша 1
1) Есеп комитетiнiң қызметiне басшылық етедi, өзiне жүктелген тапсырмалар мен мiндеттердi орындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында дербес жауапты болады;
Тармақша 2
2) кемiнде тоқсанына бiр рет Қазақстан Республикасының Президентiне Есеп комитетiнiң жұмысы туралы ақпарат берiп отырады;
Тармақша 3
3) Есеп комитетi қызметiнiң регламентiн бекітедi;
Тармақша 4
4) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi, Есеп комитетiнiң отырыстарында қабылданған қаулылар мен өзге де актiлерге қол қояды;
Тармақша 5
5) республикалық және шетелдiк ұйымдармен өзара қатынастарда Есеп комитетiнен өкiлдiк етедi;
Тармақша 6
6) бақылау жүргiзудiң мерзiмдiлiгi мен ұзақтығын белгiлейдi;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Есеп комитетiнiң төрағасы мен мүшелерi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары алқаларының отырыстарына қатысуға;
Тармақша 2
2) құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысуға;
Тармақша 3
3) өздерi белгiлеген мерзiмде бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етуге және алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Есеп комитетiнiң төрағасы мен мүшелерi:
Тармақша 1
1) өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтайды, тексерiлетiн бақылау объектiлерiнiң жұмыс iстеуiне кедергi жасамауға және олардың ағымдағы шаруашылық қызметiне араласпауға тиiс;
Тармақша 2
2) бақылау нәтижелерiнiң бұрмаланғаны, мемлекеттiк органдарға табыс етiлетiн және жариялауға берiлетiн ақпараттың дұрыстығы, заңмен белгiленген құпияны жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органның басшысы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органның қызметiне басшылық етедi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Yкiметiне тиiстi шаралар қолдану үшiн бақылаудың нәтижелерi туралы ақпарат берiп отырады;
Тармақша 3
3) бақылау жүргiзудiң мерзiмдiлiгi мен ұзақтығын белгiлейдi;
Тармақша 4
4) бақылау объектiлерiнен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау мәселелерi жөнiндегi қажеттi құжаттама мен ақпаратты сұратады және алады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) мәслихаттың тексеру комиссиясының қызметiне басшылық етедi, өзiне жүктелген тапсырмалар мен мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бередi;
Тармақша 2
2) бақылау жүргiзудiң мерзiмдiлiгi мен ұзақтығын белгiлейдi;
Тармақша 3
3) мәслихатқа тексеру комиссиясының жұмысы туралы хабарлап отырады;
Тармақша 4
4) мәслихат пен әкiмге бақылаудың нәтижелерi туралы хабарлап отырады;
Тармақша 5
5) жергiлiктi атқарушы органдардан, бақылау объектiлерiнен жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау мәселелерi жөнiндегi қажеттi құжаттама мен ақпаратты сұратады және алады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк органның басшысы:
Тармақша 1
1) әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк органның қызметiне басшылық етедi;
Тармақша 2
2) тиiстi шаралар қолдану үшiн әкiмге және мәслихатқа бақылаудың нәтижелерi туралы ақпарат берiп отырады;
Тармақша 3
3) бақылау жүргiзудiң мерзiмдiлігi мен ұзақтығын белгiлейдi;
Тармақша 4
4) бақылау объектiлерiнен жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау мәселелерi жөнiндегi қажеттi құжаттама мен ақпаратты сұратады және алады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң басшысы:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органның басшысына бағынады және есеп бередi;
Тармақша 2
2) iшкi бақылауды жүргiзуге жауапты;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылу фактiлерi туралы тиiсiнше Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органның және әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттiк органның басшыларына дереу хабарлауға мiндеттi.
Бап 13. 13-бап. Бақылау объектiсi лауазымды адамдарының мiндеттерi мен құқықтары
13-бап. Бақылау объектiсi лауазымды адамдарының мiндеттерi мен құқықтары
Тармақ 1
1. Бақылау объектісiнiң лауазымды адамы:
Тармақша 1
1) сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттiк органы қызметкерiн жұмыс орнымен қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттiк органы қызметкерiн бақылау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қажеттi сұрау салынған барлық ақпаратпен қамтамасыз етедi және оның дұрыстығы, объективтiлiгi және толықтығы үшiн дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттiк органы қызметкерiнiң iс-әрекеттерiне араласпайды, жаңылыстыруға әрекет етпейдi, бақылау жүргiзуiне кедергi жасамайды және оның ауқымын шектемейдi;
Тармақша 4
4) кемшiлiктердi жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы уақтылы есеп берiп отырады.
Тармақ 2
2. Бақылау объектiсiнiң лауазымды адамы:
Тармақша 1
1) бақылаудың мақсатын, уақыты мен ұзақтығын, оның нәтижелерiн, тұжырымдары мен ұсынымдарын (егер олар болса) бiлуге;
Тармақша 2
2) тиiсiнше Есеп комитетiнiң тапсырмасын, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк органның және әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның бұйрығын мәслихаттың, мәслихат тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының бақылау жүргiзуге берiлген шешiмiн табыс етпеген сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттiк органының қызметкерiн бақылауға жiбермеуге құқылы.
Тарау 6. 6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 14. 14-бап. Халықаралық байланыстар
14-бап. Халықаралық байланыстар Есеп комитетi және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган шет мемлекеттердiң мемлекеттiк аудит және бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен байланыс жасайды, оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келiсiмдер жасасуға құқығы бар және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы халықаралық ұйымдардың құрамына кiре алады.
Бап 15. 15-бап. Мүдделер тартысы
15-бап. Мүдделер тартысы
Тармақ 1
1. Мүдделер тартысы - сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттiк органы қызметкерiнiң объективтiлiгi мен тәуелсiздiгiн шектей алатын кез келген қызмет немесе қатынастар.
Тармақ 2
2. Мыналарға:
Тармақша 1
1) бақылау объектiсi басшысының, құрылтайшысының немесе оған қатысушының жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын;
Тармақша 2
2) бақылау объектiсiнде жеке мүлiктiк мүдделерi бар қызметкерлердiң, қатысушылардың, оның лауазымды адамдарының бiрi болып табылатын;
Тармақша 3
3) тексеру кезеңiнде бақылау объектiсiнде жұмыс iстеген сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттiк органдарының қызметкерлерiне бақылау жүргiзуге тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Мүдде тартысы туындаған жағдайда сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттiк органының қызметкерi бұл туралы бақылауды тағайындаған басшыға хабарлауға тиiс. Олай болмаған жағдайда мүдде тартысы жағдайларының туындағаны үшiн толық жауапкершiлiк сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттiк органының қызметкерiне жүктеледi.
Бап 16. 16-бап. Келiспеушiлiктердi шешу
16-бап. Келiспеушiлiктердi шешу Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, сондай-ақ бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн.
Бап 17. 17-бап. Қазақстан Республикасының республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
17-бап. Қазақстан Республикасының республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.