О профилактических и противоэпидемических мероприятиях по предупреждению биотерроризма Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Биотерроризмді еcкерту жөніндегі алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2008.04.14 N 01 шешімімен. Әлемнің бірқатар елдерінде пошта байланысы арналары арқылы аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштарын жіберу фактілерін тіркеуге байланысты және пошта жөнелтілімдері арқылы биотерроризмді ескерту және алдын алу мен эпидемияға қарсы шараларды жүргізу мақсатында:
Тармақ 1
1. Эпидемияға қарсы облыстық комиссия (Е.Л.Тоғжанов) биотерроризмді ескерту және адамдар жұқпа материалды жұқтырған жағдайда оның зардаптарын жою жөніндегі шаралар жоспарын әзірлесін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері қалалық және аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиялармен бірлесе отырып биотерроризмді ескерту жөнінде алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жоспарын әзірлесін.
Тармақ 3
3. “Қазпошта” ААҚ Қарағанды облыстық филиалы (Е.Р.Асайынов):
Тармақша 1
1) хат-хабармен, сәлемдемелермен және бандерольдармен тікелей жұмыс істейтін пошта байланысы операторларын солардың ішінен күмәнді пошта жөнелтілімдерін табуға оқып үйретсін;
Тармақша 2
2) пошта байланысы бөлімшелерінің барлық қызметкерлеріне жұқпа материалы болуы мүмкін күмәнді пошта жөнелтілімдерінің табылғандығы туралы ақпарат түскен жағдайдағы олардың тәртібі туралы нұсқаулық беруді жүргізсін;
Тармақша 3
3) күмәнді пошта жөнелтілімдері табылған кезде қауіпсіздік шараларын қолдансын және облыстық санэпидемстанцияны, ТЖ жөніндегі облыстық басқарманы және облыстың ІІББ-ын жедел хабардар етсін. Эпидемиологиялық бригада мен облыстың ІІББ қызметкерлері келгенге дейін залалданған адамдарды аулақтандырсын және объектіні күзетуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К.Ермекбаев) мен облыстың Бас санитарлық дәрігері (С.Т.Сәтеков) 15 күннің ішінде облыстық емдеу-алдын алу, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер мен зертханалардың пошта жөнелтілімдерін саралауды өткізуге, карантиндік және аса қауіпті жұқпалармен ауырғандарды табуға және оларды емдеуге әзірлігінің жай-күйі туралы баяндасын. Қажет болған кезде антибиотиктердің, сібір күйдіргісі иммуноглобулинінің алдын алу еміне қолданылатын қан сарысуының, сондай-ақ жұқпасыздандыру және бұқырлау құралдарының қорын жасасын.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер Бас басқармасы (В.Н.Курбатов) облыс аумағында күмәнді пошта жөнелтілімдерінің табылғандығы туралы ақпарат түскен кезде қауіпсіздік шараларын сақтай отырып оны облыстық СЭС-тің аса қауіпті жұқпалар зертханасына жеткізуді қамтамасыз етсін. Қажет болған кезде карантиндік шараларды, соның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау қызметтерінің күштерімен және құралдарымен залалды орындарды (ошағын) қоршауды, санитарлық-бақылау өткізу пункттерін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма (М.Қ.Ысқақов) АҚ пен ТЖ тиісті қызметтерінің биотерроризмді ескерту және бактериологиялық құралдарды қолданған жағдайда оның зардаптарын жою жөніндегі әзірлігі, сондай-ақ тұрғындарға хабарлау жүйесінің жай-күйі туралы баяндасын.
Тармақ 7
7. Облыстық телерадиохабарларын тарату компаниясы (Ә.Ә.Әбдіәкімов) пошта жөнелтілімдері арқылы жұқпа материалмен залалданған фактілер табылған кезде теле- және радиоарналарын шұғыл ақпаратты беру және тұрғандар арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізі үшін ұсынсын.
Тармақ 8
8. Жартыжылдық ішінде (қажеттілігіне қарай) облыс аумағында қауіпсіздік шараларын үйлестіру жөніндегі аймақтық Штабтың отырыстарында пошта жөнелтілімдері арқылы биотерроризмді ескерту жөніндегі жұмыстың жай-күйі қаралсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары - эпидемияға қарсы облыстық төтенше комиссияның төрағасы Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.