Об утверждении типовых правил осуществления мониторинга реализации волонтерских программ (проектов) и волонтерских акций Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының 9 - бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде электрондық және қағаз данасын баспа басылымдарында ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі _______________ Д. Абаев 2017 жылғы 2 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі _______________ А. Мырзахметов 2017 жылғы 6 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі _______________ Е. Сағадиев 2017 жылғы 28 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі _______________ Е. Біртанов 2017 жылғы 7 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі _______________ Т. Дүйсенова 2017 жылғы 10 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _______________ Ж. Қасымбек 2017 жылғы 13 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б. Сұлтанов 2017 жылғы 17 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі _______________ С. Жасұзақов 2017 жылғы 16 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі _______________ Б. Атамқұлов 2017 жылғы 27 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі _______________ А. Мұхамедиұлы 2017 жылғы 24 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі _______________ Қ. Әбдірахманов 2017 жылғы 28 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы «___» _________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі _______________ Қ. Қасымов 2017 жылғы 24 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі _______________ Қ. Бозымбаев 2017 жылғы 23 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы _______________ М. Құсайынов 2017 жылғы 15 наурыз
Басқа 1. Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидалары
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам Министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 15 бұйрығымен бекітілді Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызмет туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Мониторинг мақсаты – ақпаратты жинақтау негізінде волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуына талдау жүргізу, жалпы үрдістерді анықтау және волонтерлік қызметті дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) волонтерлік акция – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын нақты әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталған іс-шара;
Тармақша 2
2) волонтерлік бағдарлама (жоба) – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын іс-шаралар мен күтілетін нәтижелер көрсетіле отырып, әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге бағытталған жүйелі шаралар кешені;
Тармақша 3
3) волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуы туралы ақпаратты талдау және жинақтау процесі;
Тармақша 4
4) волонтерлік қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес волонтерлік қызметті жүзеге асыратын (волонтерлер, волонтерлер тобы, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер) жеке және заңды тұлғалар.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларды іске асыру мақсатында Заңның 8-бабының 1) тармағының 6) тармақшасына сәйкес мониторинг орталық атқарушы органдармен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 5
5. Мониторинг бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес, соның ішінде волонтерлік ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылған ақпарат, бақылаулар және әлеуметтік зерттеулер деректері, волонтерлік қызмет субъектілері туралы деректер негізінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Мониторинг келесі кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) волонтерлік қызмет субъектілерімен өткізілетін волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялар туралы (атауы, күні, уақыты және өткізілетін жері); волонтерлік қызметті ұйымдастырушылар туралы (орталық және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару, волонтерлерді жеке немесе волонтерлік ұйымдар арқылы тартатын жеке тұлғалар) туралы; волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың жоспарланған мақсаттардың, міндеттердің күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі туралы; волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялар бағытталған адрестік топтардың атауы және саны туралы ақпарат жинақтау;
Тармақша 2
2) мониторинг қорытындылары бойынша ақпаратты өңдеу және талдау;
Тармақша 3
3) жүргізілген талдау негізінде есептік ақпарат әзірлеу. Есептік ақпарат келесі құрам бойынша әзірленеді: волонтерлік қызметтің қазіргі жағдайын баяндау; оң тәжірибені сипаттау; туындаған мәселелерді баяндау; волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау бойынша ұсыныстар беру; волонтерлік қызметтің ролін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеу және қабылдау бойынша қсыныстар беру; мәселерді шешу жолдары бойынша ұсыныстар беру.
Тармақ 7
7. Орталық атқарушы органдар жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ақпаратты волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті органға жарты жылда 1 рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне ұсынады.
Тармақ 8
8. Волонтерлік қызмет саласында уәкілетті орган мониторинг нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қызмет туралы қорытынды ақпаратты дайындайды және Қазақстан Республикасы Үкіметіне жарты жылда 1 рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күніне енгізеді.