Об утверждении формы представления информации о сделках банков второго уровня с лицами, связанными особыми отношениями с ними Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері жөнінде ақпарат беру нысанын бекіту туралы Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 134 қаулысымен . Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің депозиторларының мүддесін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сай "Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері жөнінде ақпарат" нысаны бекітілсін. Ескерту: Атауында және 1-тармақта "мәмілелері бойынша" деген сөздер "мәмілелері жөнінде" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 37 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Банктер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы қаулының қосымшасына сай нысан бойынша олармен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен өзінің мәмілелері жөніндегі ақпаратты электрондық түрде ай сайын, есеп берілетін айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей ұсынады деп белгіленсін. Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 37 қаулысымен , 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 129 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Басқа 8. есепті кезең ішінде жасалған, сондай-ақ есепті
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 543 қаулысына қосымша Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 129 қаулысымен . ________________банкпен ерекше қатынастармен (банктің атауы) байланысты тұлғалармен 200__ жылғы «___» _________ бастап 200__ жылғы "___" ___________дейінгі есепті кезең ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы мәмілелері туралы ақпарат N Тұл­ға­ның ата­уы (аты- жө­ні) Осы­ған сәй­кес тұл­ға банк­пен ерекше қа­ты­нас- пен бай­ла- ны­сты тұл­ға- лар­ға жат­қы- зы­ла­тын бел­гі­сі Ва­лю­та тү­рі Со­ма- сы (мың тең- ге­мен) Шар­ттың жа­сал­ған кү­ні (та­лап- тар­ды орын­дау- дың ба­ста­лу кү­ні) Шарт қол­да­ны- луы­ның аяқ­та­лу кү­ні (та­лап- тар­ды орын­дау- дың аяқ­та­лу кү­ні) 1 2 3 4 5 6 7 За­ем­дар­ды бе­ру Жиын­тығы Де­по­зит­ті ор­на­ла­сты­ру және қа­был­дау неме­се за­ем алу Жиын­тығы Банк­пен ерекше қа­ты­на­стар­мен бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар шы­ғар­ған қар­жы құ­рал­да­рын са­тып алу және ке­пі­л­ге алу Жиын­тығы Банк­пен ерекше қа­ты­на­стар­мен бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар­дан қар­жы құ­рал­да­рын са­тып алу (са­ту), оның ішін­де олар­ды ке­рі са­ту (са­тып алу) та­лап­та­ры­мен (банк­ке қар­сы агент­ті анық­та­у­ға жол бер­мей­тін әді­стер­мен ұй­ым­дас­қан ры­н­ок­та жа­сал­ған мәмі­ле­лер­ді қо­с­па­ған­да) Жиын­тығы Банк­пен ерекше қа­ты­на­стар­мен бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар­дан мү­лік­ті са­тып алу (са­ту) және ке­пі­л­ге алу Жиын­тығы Банк­тің жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі бо­ла­шақ мін­дет­те­ме­сі не банк­тің банк­пен ерекше қа­ты­на­стар­мен бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар үшін қа­ра­жат­тық неме­се ор­тақ жа­у­ап­кер­ші­лі­гі Жиын­тығы Жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген опе­ра­ци­я­лар­ды қо­с­па­ған­да, банк­тің және банк­пен ерекше қа­ты­на­стар­мен бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар­дың ара­сын­да­ғы мү­лік­ке мен­шік құқы­ғы­ның өтуі Жиын­тығы Өзге мәмі­ле түр­ле­рі Жиын­тығы Бар­лы­ғы таблицаның жалғасы: Шар­ттың та­лап­та­ры бой­ын­ша қам­та­ма­сыз ету Тө­ле­не­тін сый­а­қы (жыл­дық про­цент­пен) Банк­тің Ди­рек­тор- лар ке­ңе­сі ше­ші­мі- нің не (Ди­рек- тор­лар ке­ңе­сі бол­ма­ған жағ­дай­да) ак­ци­о­нер- лер­дің жал­пы жи­на­лы­сы ше­ші­мі- нің де­рек- те­ме­ле­рі Ес- кер­ту Банк­тің пай­да- сы­на банк­пен ерекше қа­ты- на­спен бай­ла- ны­сты тұл­ға Банк- пен ерекше қа­ты- на­спен бай­ла- ны­сты тұл­ға- ның пай­да- сы­на банк Банк- тің іш­кі құ­жат- та­ры­на сәй­кес тү­рі Құ­ны (мың тең­ге- мен) 8 9 10 11 12 13 14 Банктің банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелердің жалпы сомасы, банктің онымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен операциялардың әрбір түрі бойынша сомасы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1902 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына сәйкес есептелетін меншікті капиталы мөлшерінің 0,1 процентінен аспайтын 200_ жылғы __»_________ жағдай бойынша ________ болады. Банк есепті кезеңде банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға жеңілдік шарттары берілмегендігін және осы Ақпаратты көрсетілгенінен басқа, банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен басқа мәмілелерді банк жүзеге асырмағандығын растайды. Кестені толтыру жөніндегі нұсқамалар: кестеде банктің онымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған, банктің онымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен операциялардың әрбір түрі бойынша сомасы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1902 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына сәйкес есептелетін меншікті капиталы мөлшерінің 0,1 процентінен асатын 200_ жылғы "__"»_____________ жағдай бойынша ________ барлық мәмілелер туралы мәліметтер, оның ішінде кестеде көрсетілген мәмілелер туралы мәліметтер көрсетіледі (бірақ олармен шектелмей). Банк осы Ақпаратқа мынадай нысан бойынша «200_ жылғы "__"» _____________ жағдай бойынша банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізілімін» қоса береді: N Тұл­ға­ның ата­уы (аты-жө­ні) Осы­ған сәй­кес тұл­ға банк­пен ерекше қа­ты­на­спен бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар­ға жат­қы­зы­ла­тын бел­гі­сі 1 2 3 Басқарма Төрағасы ______________ Бас бухгалтер _____________ Орындаушы ______________________ Ішкі аудит қызметінің басшысы ___________________ Мөр орны: