Об определении единого организатора государственных закупок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении единого организатора государственных закупок
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15/01
- Қабылданған күні
- 20.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2018 112239_341444.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KD004257
- ЭКБ идентификаторы
- 112239
- Редакция идентификаторы
- 112239_341444
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:20
0 Мемлекеттік сатып алуды
бірыңғай ұйымдастырушыны
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарына сәйкес, бюджет қаражаттарын оңтайлы және тиімді жұмсау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің айқындығын арттыру мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Балқаш қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
2 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3
3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айдын Боранбаевич Қапашевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
6 Балқаш қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «20» сәуірдегі
№15/01 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар
Р/с
№
Атауы
1
Тауарлар:
1.1
мамандандырылған жабдықтарды сатып алу:
- 1 бірлік мөлшерінде дөңгелекті экскаватор
- 1 бірлік мөлшерінде дөңгелекті Вахтовка
- 1 бірлік мөлшерінде Фургон-автошеберхана
- 2 бірлік мөлшерінде Вакуумдық машина
- 1 бірлік мөлшерінде КамАЗ 45143-012-15
- 1 бірлік мөлшерінде Трактор МТЗ 82.1