О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственной адресной социальной помощи" Күшін жойған
Басқа 0
"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімдігінің 30.12.2005 ж. N 478 қаулысымен.
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246-11 Заңына және "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Їкіметінің Қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атаулы әлеуметтік жәрдемді тағайындайтын уәкілетті орган болып облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (А.С. Шерубаев) және оның қала, аудандардағы бөлімшелері тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Учаскелік комиссия туралы Ереже (N 1 қосымша), атаулы әлеуметтік жәрдемді тағайындайтын немесе тағайындамайтын уәкілетті орган шешімінің тұлғасы (N 2 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік атаулы жәрдем алуға өтінушінің отбасы құрамы туралы мәлімдемені дәлелдейтін уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) ауылдарда (селоларда), қалалық үлгідегі кенттерде - ауылдық (селолық), кенттік әкімияттар,
Тармақша 2
2) қалаларда - қала әкімдері белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қала, аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қорғау органын, аталған заңды іске асыру мақсатында, материалдық техникалық қамтамасыз ету мәселесін шешсін,
Тармақша 2
2) өтінуші атаулы әлеуметтік жәрдемге ұсынған құжаттарды тәртіп бойынша тегін дәлелдеу қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (А.С. Шерубаев) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдем" компьютерлік бағдарламаны дайындап енгізсін.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының облыстық бөлімшесіне (Қ.Н. Нұрғалиева) мемлекеттік атаулы жәрдемге мұқтаж азаматтарға әлеуметтік - жеке код беру мәселесін оперативті тәртібінде шешу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Әкімиятының осы қаулысы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының іске асыруына бақылау жасау облыс Әкімінің бірінші орынбасары Т.Ж. Абайділдинге жүктелсін.
Басқа 13. Учаскелік комиссиялар туралы Ереже
Облыс Әкімиятының
2002 жылғы 23 қаңтардағы
N 47 қаулысына N 1 қосымша
Учаскелік комиссиялар туралы Ереже
Тармақ 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Учаскелік комиссия адамдардың әлеуметтік көмек көрсету туралы өтінішіне байланысты олардың материалдық жағдайы мен тұрмысын зерттеу үшін село, ауыл, қала, аудан әкімінің (бұдан әрі - әкім) шешімімен ұйымдастырылады.
Тармақ 2
2. Учаскелік комиссия құрамына жергілікті уәкілетті органның, өзін-өзі басқаратын жергілікті органның, қоғамдық бірлестіктің, меншік үй кооперативінің, халықтың, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау өкілетті органдар мен мекемелердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өкілдері енеді.
Тармақ 3
3. Учаскелік комиссия жұмысына уәкілетті орган, ауыл (кент) әкімі басшылық жасайды. Уәкілетті орган комиссия мүшелерін олардың міндеттерімен, құқықтарымен және жауапкершілігімен таныстырады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті органның басшысы аз қамтамасыз етілген азаматтардың материалдық жағдайын зерттеуді ұйымдастыру үшін жауапты болады.
Тармақ 5
5. Беделіне кір келтірген немесе белгіленген зерттеу тәртібін бұзған комиссия мүшесі уәкілетті орган басшысының құрамынан шығарылады.
Тармақ 6
6. Учаскелік комиссия өз қызметінде осы ережені басшылыққа алады.
Тармақ 7
7. Учаскелік комиссия қажеттілігіне байланысты уәкілетті орган немесе ауыл (кент) әкімі тапсырған күннен бастап 5 күн мерзімінде отбасының (азаматтың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу қорытындысын әзірлейді. Оған қол қойдырып уәкілетті органға (ауыл (кент) әкіміне) ұсынады.
Учаскелік комиссия уәкілетті органның, ауыл (кент) әкімінің тапсырмасы бойынша ұсынылған құжаттарды таңдап қайта тексере алады.
Тармақ 2. 2. Негізгі функциялар
2. Негізгі функциялар
Тармақ 8
8. Учаскелік комиссиялар көмектің атаулылығын арттыру және қаражатты аса мұқтаж отбасыларына жіберу мақсатында уәкілетті органдардың халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметіне жәрдемдеседі.
Тармақ 9
9. Учаскелік комиссиялар әлеуметтік көмек алуға үміткер және өздері тұратын жерге барып тексеру жүргізуге келісім берген өтініш иелерінің нақты материалдық жағдайын зерттеуді жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Учаскелік комиссиясының зерттеу жүргізуге қажетті сәйкес органдардан мәлімдеме жинауға құқы бар.
Тармақ 3. 3. Материалдық жағдайына зерттеу жүргізу
3. Материалдық жағдайына зерттеу жүргізу
Тармақ 11
11. Учаскелік комиссия материалдық жағдайын зерттеуді уәкілетті органның тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Зерттеу барысында учаскелік комиссиялар өтініш иесінің қандай жағдайларға байланысты көмек сұрағанын анықтайды. Бұл орайда мыналарға:
отбасының құрамына;
отбасының жұмыс істейтін мүшелеріне;
отбасының еңбекке қабілетті жастағы жұмыс істемейтін мүшелеріне - олардың жұмыс істемеу себебіне;
отбасында балалар, мүгедектер, қарттар, сырқаттарды қарайтын еңбекке қабілетті жастағы жұмыс істемейтін адамның бар екеніне;
кәмелетке толмаған балалардың және күтім жасауға мұқтаж (мүгедектердің, қарттардың, сырқаттардың) адамдардың болуына;
өзінің жұмыспен қамтылмағаны туралы өтінген адамдар табысының нақты деңгейіне (отбасы мүшелерін, көршілерді жеке сұрау жолымен);
жер үлесі мен жеке меншік қосалқы шаруашылығының (мал, құс, үй іргесіндегі учаске, бақша, саяжай учаскесі) болуына және оларды пайдаланудан түсетін табыстың нақты мөлшеріне;
тұрғын үйінің санына (пәтерінің, үйінің).
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаушы мен оның отбасының материалдық зерттеу оның өзінің қатысуымен уәкілетті орган белгілеген мерзімде жүргізілуге тиіс.
Тармақ 14
14. Жүргізілген зерттеудің нәтижелері бойынша учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайын зерттеу актісін жасайды, оған учаскелік комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Зерттеу барысында ұсынылған нысандарымен қоса толтырылған акті ("Отбасының әлеуметтік қартасы") уәкілетті органға тапсырылады (нысандар қоса беріледі).
Тармақ 15
15. Өтініш иесі зерттеу жүргізуден бас тартқан жағдайда учаскелік комиссия акті жасап, бұл туралы әлеуметтік көмек тағайындамау туралы шешім қабылдайтын уәкілетті органға хабарлайды.
Тармақ 16
16. Учаскелік комиссия мүшелері уәкілетті органға берілген актіде жазылған деректердің растығы мен нақтылығына жауап береді.
Қайсыбір бұрмалаушылықтар немесе актіде заңсыз төлемдерге соқтырған жалған деректер анықталған жағдайда кінәлі адамдардан (өтініш иелерінен) зиянды өндіріп алу қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Өтініш иесінің және оның отбасының материалдық жағдайын зерттеуді учаскелік комиссия азаматтардың жеке өміріне құрметпен қарай отырып, олардың қадыр-қасиетін төмендетпейтіндей жағдайда жүргізуге тиіс. Комиссия мүшелері азаматтардың жеке өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік қорғау
басқармасының бастығы
Басқа 34. N____ шешім (көшірме)
Облыс Әкімиятының
2002 жылғы 23 қаңтардағы
N 47 қаулысына N 2 қосымша
N____ шешім (көшірме)
Тағайындалған (немесе атаулы әлеуметтік жәрдемді тағайындамау туралы)
атаулы әлеуметтік жәрдемнің мөлшері туралы істің N __
2002 жылғы "___"__________
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының "Атаулы әлеуметтік көмек туралы"
Заңының 2 бабына сәйкес тағайындалсын
Тегі _____________________________________________________
Аты _____________________________________________________
Әкесінің аты______________________________________________
отбасы мүшелерінің саны___________________________________
__________________________________________________________
Туған күні, айы, жылы ________________жынысы______________
Тұрғылықты жері (нақты)___________________________________
Жеке куәліктің N _______________2002 жылғы "____" _________
Куәлік берген мекеме ______________________________________
Әлеуметтік дербес коды (ӘДК) _________________________________
Салық төлеушінің тіркеу N (СТН)____________________________
өтініш берген күн _________________________________________
2002 жылғы "___" _________________ "____"_________төленетін
атаулы әлеуметтік жәрдемнің мөлшері ____________сомада
___________________________________________________________
Төлейтін банктегі жеке шоттың N __________________________
Тармақ 2
2. Атаулы әлеуметтік жәрдем тағайындалмасын ______________________
__________________________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
Халықты әлеуметтік қорғау _______________________
бөлімінің басшысы (Аты-жөні)
Халықты әлеуметтік қорғау _______________________
бөлімінің маманы (Аты-жөні)
---------------------------------------------------------------------------
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік қорғау
басқарма бастығы