О мерах по дальнейшему реформированию системы среднего образования в Республике Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасында орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы
Орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау және оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.01.25. N 64 Қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне педагогикалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1047 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.01.25. N 64 Қаулысымен
Тармақша 3
3) мемлекеттiк бастауыш кәсiптiк білім беретін оқу орындарын жергіліктi бюджет қаражатының есебiнен жұмыссыздар мен қолы бос халықты оқытуға арналған аймақтық орталықтар ретiнде барынша пайдалану үшiн шаралар қабылдасын.
📌 Ескерту. 3-тармақ өзгерді- ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1047 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.
Тармақша 2. Мемлекеттiк жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жанындағы Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қоры туралы ҮЛГI ЕРЕЖЕ
2) "Жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 65 қаулысында :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мұнайгаз және көлiк-коммуникация кешендерiндегi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, денсаулық сақтау, бiлiм беру, ғылым, мәдениет және спорт жүйелерiнiң кәсiпорындарындағы жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасында: "Денсаулық сақтау, бiлiм, ғылым, мәдениет және спорт, объектiлерiн жекешелендiрудiң шарттары" деген тарауша мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Жалпы бiлiм беру мекемелерi, кәсiптiк-техникалық мектептер, мектептен тыс мекемелер Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң келiсiмiмен жекешелендiрiледi".
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы тамыздағы
N 640 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жанындағы Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қоры туралы ҮЛГI ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысымен.