Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бескарагайского района Күшін жойған
Басқа 0
Бесқарағай ауданындағы шалғай
елдімекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың
схемасы мен тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушынының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (мемлекеттік тіркеу Реестірінің нормативтік-құқықтық актілерінде 11550 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес Бесқарағай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Бесқарағай ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы
Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2017 жылғы «24» сәуірдегі
№ 119 қаулысына 1-қосымша
Бесқарағай ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы
№
Тура бағыт
Кері бағыт
1
Қарабаш кардоны «Семей орманы» МОТР РММ Канонерка филиалы Джемур орман шаруашылық кеңсесі маңындағы алаңы; Аялдама: Бесқарағай ауылы Елистратов көшесі «Үлкен Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемісінің алдындағыалаң;Қарабашкардон «Семей орманы» МОТР РММ Канонерка филиалы Джемур орман шаруашылық кеңсесі маңындағы алаңы; Аялдама: Бескарағай ауылы Партизан көшесі «Борас орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңы.
Аялдама: Бескарағай ауылы Партизан көшесі «Борас орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Қарабаш кардон «Семей орманы» МОТР РММ Канонерка филиалы Джемур орман шаруашылық кеңсесі маңындағы алаңы; Аялдама: Бесқарағай ауылы Елистратов көшесі «Үлкен Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемісінің алдындағы алаң; Қарабаш кардоны «Семей орманы» МОТР Канонерка филиалы Джемур орман шаруашылық кеңсесі республикалық мемлекеттік мекемесінің маңындағы алаңы.
2
«Семей орманы» МОТР РММ Беген орман шаруашылық кеңсесі; Аялдама: Беген ауылы «Беген орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаңы.
Аялдама: Беген ауылы «Беген орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаң; «Семей орманы» МОТР РММ Беген орман шаруашылық кеңсесі.
3
Лесной ауылы 2 квартал орталық көшесінен; Аялдама: Жетіжар ауылы «Семияр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңы.
Аялдама: Жетіжар аулы «Семияр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Лесной ауылы 2 квартал орталық көшесі.
4
Қара-Мырза ауылы Боровая көшесі «Қара-Мырза негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алаңынан; Аялдама: Канонерка ауылы «Канонерка орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаңы.
Аялдама: Канонерка ауылы «Канонерка орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаңы; Қара-Мырза ауылы Боровая көшесі «Қара-Мырза негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алаңынан.
5
Бөкебай ауылы «Семей орманы» МОТР РММ Бөкебай орман шаруашылық кеңсесінен; Аялдама: Қарағайлы ауылы «Баймұратов Нурлыбек атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаңы.
Аялдама: Қарағайлы ауылы «Баймұратов Нурлыбек атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаңы; Бөкебай ауылы «Семей орманы» МОТР РММ Бөкебай орман шаруашылық кеңсесіне.
6
Черемушка ауылы бұрынғы мектептің маңындағы алаң; Аялдама: Мостик ауылы «Мостик орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңы.
Аялдама: Мостик ауылы «Мостик орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Черемушка ауылы бұрынғы мектептің маңындағы алаң
7
Доңгелек кардоны «Семей орманы» МОТР Дөңгелек орман шаруашылық кеңсесі; Аялдама: Өндіріс ауылы «Өндіріс орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңы.
Аялдама: Өндіріс ауылы «Өндіріс орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; Доңгелек кардоны «Семей орманы» МОТР Дөңгелек орман шаруашылық кеңсесіне.
Бірлік ауылындағы бұрынғы бастауыш мектебінен; Аялдама: Глуховка ауылы «Глуховка орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдыңдағы алаң; Стеклянка ауылы Революция көшесі «Камалхан» дүкенінен; Старая Крепость ауылы Центральная көшесінің аялдамасынан; Центральная көшесінің шетіндегі киосктан 50 метр; аялдамадан Орленок саяжайы; аялдамадан «Подхоз» шаруа кожалығы; Аялдама: Глуховка ауылы «Глуховка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңы.
Аялдама: Глуховка ауылы «Глуховка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң; аялдамадан «Подхоз» шаруа кожалығы; аялдамадан Орленок саяжайы; Старая Крепость ауылы Центральная көшесінің аялдамасынан; Стеклянка ауылы Революция көшесі «Камалхан» дүкенінен; Центральная көшесінің шетіндегі киосктан 50 метр; Аялдама: Глуховка ауылы «Глуховка орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаң; Бірлік ауылындағы бұрыңғы бастауыш мектебіне.
Морозовка орман шаруашылығы «Семей орманы» МОТР РММ Морозовка орман шаруашылық кеңсесінен; Аялдама: Ерназар ауылы «Сосновка орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаңы.
Аялдама: Ерназар ауылы «Сосновка орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесінің алдындағы алаң; Морозовка орман шаруашылығы «Семей орманы» МОТР РММ Морозовка орман шаруашылық кеңсесіне.
Басқа 5. Бесқарағай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
Бесқарағай ауданы әкімдігінің
«24» сәуірдегі 2017 жылғы
№ 119 қаулысына 2-қосымша
Бесқарағай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
1. Балаларды тасымалдау тәртібі
Тармақ 1
1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау кемiнде екi есiгi бар, техникалық жай-күйi.Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келетiн автобустармен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға арналған автобустар сары түстi шұғылалы шырақшамен жабдықталуға тиiс.
Тармақ 4
4. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген тану белгiсi орнатылуға тиiс.
Тармақ 5
5. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды, шағын автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
Тармақ 6
6. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
Тармақ 7
7. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
Тармақ 8
8. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
Тармақ 9
9. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
Тармақ 10
10. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.
Тармақ 11
11. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
Тармақша 1
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 2
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 3
3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
Тармақ 12
12. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
Тармақша 2
2) жүру маршрутын өзгертуге;
Тармақша 3
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
Тармақша 4
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
Тармақша 5
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
Тармақша 6
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзегеа сыруға;
Тармақша 7
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
Тармақ 13
13. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
Тармақ 14
14. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
Тармақ 15
15. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшiбалаларды–екi-екiденсапқатұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 16
16. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
Тармақ 18
18. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
Тармақша 1
1) салонда тұруына және жүруiне;
Тармақша 2
2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
Тармақша 3
3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
Тармақша 4
4)қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шығаберiстегi) алаңдарда орналастыруына;
Тармақша 5
5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
Тармақша 6
6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
Тармақша 7
7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
Тармақша 8
8)жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
Тармақша 9
9) есiктердi ашуына;
Тармақша 10
10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға;
Тармақша 11
11) шылымшегуге, сiрiңке, оттықжағуға;
Тармақша 12
12) спирттiк iшiмдiктердi iшуiне, есiрткi, психотропты және улы заттарды қабылдауына жол бермейдi.
Тармақ 19
19. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
Тармақ 20
20. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
Тармақ 21
21. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
Тармақша 1
1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
Тармақша 2
2) баспалдақтардансекiруiне;
Тармақша 3
3) көлiк құралын жолдың жүргiн шiбөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
Тармақша 4
4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
Тармақ 22
22. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
Тармақша 1
1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығуға;
Тармақша 2
2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүру;
Тармақша 3. 2. Қорытынды ережелер
3) түсiру орнынан жаяу жүрген кезде олардың Жол жүру ережесiмен жаяу жүргiншiлерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Қорытынды ережелер
Тармақ 23
23. Қаланың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.