О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
кейбір бұйрықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада бекітілген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді:
Тармақша 2
2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы «28» сәуірде
№ 288 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақша 3
3) «Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидаларын, Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы23 маусымдағы № 367 бұйрығына (Нормативтікқұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы
24 шілдеде № 9609 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2014 жылғы 9 қыркүйекте № 134 (2702) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
15-тармақтың 10) тармақшасы алып тасталсын;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы
26 маусымдағы № 383 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26 маусымда № 9635 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2014 жылғы 4 қыркүйекте № 132 (2700), 2014 жылғы 5 қыркүйекте № 133 (2701) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы барпайдаланылатын жолдардың (бұдан әрі – автомобиль жолдары) тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.».
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ұйым лауазымды адамға пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті мынадай құжаттарды:
1) алдын ала толтырылған шығыс деректері (автомобиль жолының атауы, санаты, учаскенің мекенжайы, талап етілетін күтіп ұстау деңгейі) бар пайдаланылатын автомобиль жолының жұмыстарын қабылдау актілерін;
2) көпір құрылыстарын, көпірлерді тексеру журналдарын, жасанды құрылыстарды ағымдық тексеру журналдарын;
3) жұмыстарды жүргізу журналдарын және автомобиль жолдарын тексеру журналдарын ұсынады.».
Тармақша 5
5) «Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы
19 қыркүйектегі № 622 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9839 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 15 қазанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасы:
мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
«3-тарау. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға қатысты электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібі»;
38. Тиісті профилактикалық бақылауды қамтамасыз ету және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін ІІО Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабы 1-тармағына сәйкес электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
39. Жергілікті полиция қызметінің бастығы не оны алмастыратын адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға белгіленген шектеулерге сәйкес, оның жеке басын сипаттайтын мәліметтер негізінде, сондай-ақ тиісті құрал-жабдықты орнатудың техникалық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды дербес есепке алу кезінде оған электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қабылдайды.
40. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты электрондық бақылау құралдарын пайдалану туралы қаулымен ресімделеді, ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға және онымен бірге тұратын адамдарға жарияланады, бұл ретте құрал-жабдықты бұзғаны үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жауапкершілігі түсіндіріледі. Электрондық бақылау құралдарын пайдалануға жауапты ІІО қызметкері қаулы шығарған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қажетті құрал-жабдық орнатуды жүзеге асырады, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамғаэлектрондық бақылау құралдарын пайдаланудың ерекшеліктерін түсіндіреді, осы Қағидаға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның электрондық бақылау құралдарын пайдалану бойынша жадынама алғаны туралы қол қойғызу арқылы оларды пайдалану жадынамасын береді.
41. Электрондық бақылау құралдарының құрылғысынсот белгілеген шектеулерді сақтауға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында ІІО тікелей шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға оның тұрғылықты немесе болу орны бойынша орнатады.
42. Электрондық бақылау құралдарын пайдалануға жауапты
ІІО қызметкері:
1) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға белгіленген шектеулерді сақтауы туралы мониторингілеу пультінің деректерін пайдалана отырып, ақпарат жинауды жүзеге асырады;
2) электрондық бақылау құралдарын бұзу, рұқсатсыз шешу, сотбелгіленген шектеулерді бұзу фактілері туралы ақпарат алған кезде жергілікті полиция қызметі бастығына не оны алмастыратын адамға баяндатпен баяндайды және осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардағы электрондық бақылау құралдары арқылы анықталған бұзушылықтарды есепке алу журналына тиісті белгілер жүргізеді.
Жергілікті полиция қызметі бастығына неоны алмастыратын адамға электрондық бақылау құралдарының жұмысындағы барлық тіркелген жұмыс істемей қалуы және істен шығуы фактілерін дереу баянатпен баяндайды,
осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдағы электрондық бақылау құралдарының бұзылуын есепке алу журналында көрсетеді;
3) электрондық бақылау құралдарының жұмысында істен шығу болған жағдайда, оның себебін анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды.
43. Cот белгілеген шектеулер өзгерген кезде нетехникалық себептер бойынша электрондық бақылау құралдарын қолдану мүмкін болмаған жағдайда жергілікті полиция қызметінің бастығы не оны алмастыратын адам
осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты электрондық бақылау құралдарын пайдаланудан бас тарту (ауыстыру) туралы тиісті дәлелденген
қаулыны қабылдай отырып, электрондық бақылау құралдарын пайдалануды тоқтатады не оларды пайдалану тәртібін және қолданатын техникалық құралдар жиынтығын өзгертеді. Электрондық бақылау құралдарын
пайдалануға жауапты ІІО қызметкері қаулыны шығарған сәттен бастап
үш жұмыс күні ішінде қажетті құралды алып тастауды (ауыстыруды) жүзеге асырады.
44. Егер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам бұзу фактісін теріске шығарған жағдайда учаскелік полиция инспекторы электрондық бақылау құралдары көмегімен алынған жол берілген бұзушылық фактісі туралы мәліметтерді зерделеу арқылы тексеру жүргізеді.
45. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам электрондық бақылау құралын бұзған (бүлдірген) жағдайда учаскелік полиция инспекторы осы Қағидаға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акті жасайды.»;
Осы бұйрыққа 7, 8, 9, 10, 11, 12-қосымшаларға сәйкес 14, 15, 16, 17, 18, 19-қосымшалармен толықтырылсын.
Тармақша 6
6) «Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 10690 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы
30 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз
ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келісу өтінішті уәкілетті органда тіркеген сәттен бастап онжұмыс күн ішінде жүргізіледі.».
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9.Мыналар:
1) уәкілетті орган – халықаралық және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдарды жобалау, салу, қайта жөндеу, жөндеу және оңалту жөніндегі нормативтік, техникалық және жобалау құжаттамасын, аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы;
2) уәкілетті органның аумақтық бөліністері – осы тармақтың
1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, автомобиль жолдарын, сондай-ақ осы автомобиль жолдарындағы жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық электр көлігі желілерін жобалау, салу, қайта жөндеу, жөндеу және оңалту жөніндегі жобалау құжаттамасын, аумақтық-көліктік жоспарлау, жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы;
3) жоғары тұрған уәкілетті органның нұсқауы бойынша уәкілетті органның аумақтық бөліністері – халықаралық және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдарды жобалау, салу, қайта жөндеу, жөндеу және оңалту жөніндегі жобалау құжаттамасын, аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келіседі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Әзірлеуші келісуден бас тарту себептерін жойғаннан кейін нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттама жазбаша бас тарту алынған күннен бастап екі айдан кешіктірмей қайта келісуге жолданады. Қайта келісу өтініш уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.».
Тармақша 7
7) «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы
30 қаңтардағы № 89 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 3 наурызда № 13373 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл
жасау қағидаларында:
26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ІІД-нің ЖПҚ «Бүркіт» базасына ҚАІІб(Б) ЖПҚ-дантапсырма алған күннен бастап екі тәулік ішінде оларға қатысты әкімшілік қадағалау орнатылған және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды енгізеді.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. ҚАЖД тоқсан сайын аумақтылығы бойынша ІІД Көші-қон полициясы басқармасына (бұдан әрі – ІІД КҚПБ) осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдардың тізімін жолдайды.
Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар босаған кезде ҚАЖД мерзімі аяқталуына байланысты босатылғанға дейін алты ай бұрын, ал оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш берген кезде – сотталғанның өтінішхат берген сәтінен бастап үш тәулік ішінде ІІД КҚПБ-ны ақпараттандырады.».
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
1-қосымша
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
2-қосымша
Басқа 3
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
3-қосымша
Басқа 4
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
4-қосымша
Басқа 5
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
5-қосымша
Басқа 6
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
6-қосымша
Басқа 7
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
7-қосымша
Жазасын өтеуден шартты
түрде мерзімінен бұрын
босатылған адамдардың
мінез-құлқын бақылауды
жүзеге асыру қағидасына
14-қосымша
Нысан
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға қатысты электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы қаулы
Мен,___________________________________________________________________
(ІІО атауы, бастықты алмастыратын адам)
_______________________________бастығы ________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні)
20_ жылғы «___»_________ ______________________________________________
(сот атауы)
жазалау мерзімінің өтелмеген бөлігіне___________________________________-
(шарты түрде мерзімінен бұрын босау мерзімі)
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған_______________________________
________________________________________________материалдарын қарап,
(тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
Анықтадым:
_______________________________________________________________________
(электрондық бақылау құралдарын орнатудың қажеттілігін дәлелдейтін
___________________________________________________________________
себептер мен шарттар көрсетіледі)
Баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару
кодексінің 169-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып,
Қаулы еттім:
____________________________________________электрондық бақылау құралдары
(электрондық бақылау құралдарының атауы)
шартты түрде мерзімінен бұрын
босатылған__________________________________________қатысты қолданылсын.
(тегі, аты-жөні)
Тұрғылықты жері бойынша электрондық бақылау құралдарын орнату (күні)
мерзімі___________________________________ (_____________)
(электрондық бақылау құралдарын орнату күнімен таныстыру туралы оператордың қолы)
___________________________
(орган атауы)
Бастығы
__________________________ _________________ ___________________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)
20__ жылғы «___» __________
М.О.
Қаулымен таныстым: __________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні. тегі)
20__жылғы «____»____________
Мен, __________________________________, электрондық бақылау құралын
(тегі, аты-жөні)
жоғалтқан не зақым келтірген, жойған кезде және осыған байланысты ерікті
түрде келтірілген залалды өтеуден бас тарту жағдайда осы мәселе белгіленген
заң тәртібінде шешілетіні туралы таныстым.
_______________________________
(шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның қолы)
Басқа 8
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
8-қосымша
Жазасын өтеуден шартты
түрде мерзімінен бұрын
босатылған адамдардың
мінез-құлқын бақылауды
жүзеге асыру қағидасына
15-қосымша
Нысан
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамныңэлектрондық бақылау құралдарын пайдалану жөніндегі жадынаманы алуы
туралы қолхаты
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған___________________________________
(тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
___________________________________________________________мерзімге
______________________________электрондық бақылау құралы орнатылды
(құралдың түрі көрсетіледі)
аталған құралды пайдалану тәртібі түсіндірілді_____________________________
___________________________________________________________________________
(іс-әрекет ету аумағы, қуат беру затын ауыстыру мерзімі, басқа да сипаттамасы)
Таныстырған:
_______________________________
(органның атауы)
Бастығы ____________________________________ ______________
(атағы, Т.А.Ә) (қолы)
20__ жылғы «___» __________
Жадынаманы алған: ___________________________________________________________
(тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
20___жылғы «__» _________
Басқа 9
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
9-қосымша
Жазасын өтеуден шартты
түрде мерзімінен бұрын
босатылған адамдардың
мінез-құлқын бақылауды
жүзеге асыру қағидасына
16-қосымша
Нысан
____________________________________________________________________________
(ІІО атауы)
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдағы электрондық бақылау құралдары арқылы анықталған заң бұзушылықтарды есепке алу журналы
20___жылғы «____» ______ басталды
20___жылғы «____» ______ аяқталды
(журналдың ішкі жағы)
№
п\п
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның Т.А.Ә (бар болса)
Заң бұзушылық жасаған күні, уақыты, жасаған орны
Жол берілген заң бұзушылықтың қысқаша мазмұны
Тексерісжүргізу үшін материалдардыалған күні, қызметкердің тегі, қолы
Қабылданған шешім
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
Басқа 10
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
10-қосымша
Жазасын өтеуден шартты
түрде мерзімінен бұрын
босатылған адамдардың
мінез-құлқын бақылауды
жүзеге асыру қағидасына
17-қосымша
Нысан
______________________________________________________
(ІІО атауы)
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанадамдағы электрондық бақылау құралдарының бұзылуын есепке алу журналы
20___жылғы «____» ______ басталды
20___жылғы «____» ______ аяқталды
(журналдың ішкі жағы)
№
п\п
Аудиовизуальдық, электрондық бақылау құралының сәйкестендіру нөмірі
Анықталған бұзылудың күні, уақыты және сипаты
Қабылданған шаралар
Бұзылуды қалпына келтірген күні және уақыты
Бұзылудықалпына келтірген адамның тегі және қолы
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
Басқа 11
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
11-қосымша
Жазасын өтеуден шартты
түрде мерзімінен бұрын
босатылған адамдардың
мінез-құлқын бақылауды
жүзеге асыру қағидасына
18-қосымша
Нысан
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты электрондық бақылау құралдарын алып тастау (алмастыру) туралы қаулы
Мен,__________________________________________________________________
(ІІО атауы, бастықты алмастыратын адам)
_______________________________бастығы _______________________________
(тегі, аты-жөні)
«___»__________ 20_ жылғы_____________________________________________
(сот атауы)
жазалау мерзімінің өтелмеген бөлігіне___________________________________-
(шарты түрде мерзімінен бұрын босау мерзімі)
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған
_____________________________________________ материалдарын қарап,
(тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
Анықтадым:
_______________________________________________________________________
(электрондық бақылау құралдарын қолдануды алып тастау (ауыстыру) қажеттілігін
____________________________________________________________________
дәлелдейтін себептер мен шарттар көрсетіледі)
Баяндалғынның негізінде және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару
кодексінің 169-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып,
Қаулы еттім:
Қадағалауға алынған адам____________________________________қатысты
(тегі, аты-жөні)
______________________________________ электрондық байқау құралдары
(электрондық бақылау құралдарының атауы)
алып тасталсын (ауыстырылсын).
(қажетсізін сызу керек)
Бастығы ______________________ ___________________________________
(атағы) (қолы)(аты-жөні, тегі)
20__ жылғы «___» _________
М.О.
Қаулымен таныстым: __________ _________________________________________
(қолы) (қадағалауға алынған адамның аты-жөні, тегі)
20__жылғы «__»____________
Басқа 12
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 288 бұйрығына
12-қосымша
Жазасын өтеуден шартты
түрде мерзімінен бұрын
босатылған адамдардың
мінез-құлқын бақылауды
жүзеге асыру қағидасына
19-қосымша
Нысан
____________________________________________________________________
(ІІО атауы
Электрондық бақылау құралдарындағы бұзылуды анықтау туралы акті
Мен, _________________________________________________________________
(ІІО атауы, бастықты ауыстыратын адам)
_______________________________бастығы________________________________
(тегі, аты-жөні
Куәгерлердің:
1. __________________________________________________________________
(тегі,аты-жөні,тұрғылықты жері)
2. ____________________________________________________қатысуымен
(тегі,аты-жөні,тұрғылықты жері)
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанға____________________________
(тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
__________________________Бекітілген__________________________________
______________________________________________________________________
(электрондық бақылау құралының атауы көрсетіледі)
_______________________электрондық бақылау құралының ақауының себебін қарап,
Анықтадым:
____________________________________________________________________
(электрондық бақылау құралы ақауының себебі көрсетіледі, ШМББ кінәсінің дәрежесі)
____________________________________________________________________
Баяндалғанның негізінде,
Қаулы еттім:
Электрондық бақылауқұралдары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның
кінәсіне (шартты түде босатылған амдамға тәуелсіз басқа себептер бойынша)
байланысты жарамсыз болған, осыған байланысты,
(қажеттіні сызу)
________________________________________________________________________
(ШМББ кінәсі анықталған жағдайда, азаматтық тәртіпте ШМББ келтірген залалды
________________________________________________________________________
өтеу үшін материалдар жолданады, анық бұзылу болмаған кезде құрал
сараптамаға жолданады).
________________________________________________________________________
________________________________
(орган атауы)
Бастығы
___________________________ _________________ ______________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)
20__ жылғы «___» __________
М.О.
Актімен таныстым: __________ _______________________________________
(қолы) (ШМББ тегі, аты-жөні)
Куәгерлер:1. _______________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
2. ______________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
20__жылғы «___»___________