Об установлении размеров платы за побочные лесные пользования на территории лесного фонда области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық орман қоры аумағында орманды жанама пайдаланудың төлемақыларының мөлшерiн белгiлеу туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 23.06.2005 № 15/161-III шешімімен.
Қазақстан Республикасы "Орман Кодексiнiң" 11 бабына, Қазақстан Республикасы "Салық және басқа да бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнiң 473 бабына, облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармасының есептеулерiне сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Облыстың орман қоры аумағында орманды жанама пайдаланудың төлем
ақыларының мөлшерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Шөп шабу мен мал жаю үшiн алынатын төлемнен орман және жануарлар
дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелер, ұлы Отан соғысына
қатысушылар босатылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiм 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Басқа 4
Оңтүстiк Қазақстан облыстық
мәслихаттың 2001 жылы 27
желтоқсандағы 15/166-II
сессиясының шешiмiне қосымша
Оңтүстiк Қазақстан облысының орман қоры аумағында дәрiлiк
өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты, жабайы жемiстердi, жаңғақтарды,
саңырауқұлақтарды, жидектердi және басқа да орманның тағамдық
өнiмдерiн дайындау мен жинаудың төлемақы мөлшерi
_______________________________________________________________________
N ! өсiмдiктердiң аттары ! өлшем !Шикiзаттың түрi ! Төлемақы
! (құрақ күйiнде) ! бiрлiгi ! ! Мөлшерi
! ! ! ! (теңгемен)
____!______________________!__________!________________!________________
1 өрiк,алша,шие кг Жемiстерi 1-95
2 Итсигек кг Жоғары өркендер 0-60
3 Долана кг Жемiстерi 1-92
4 Бөрiқарақат кг Жемiстерi 6-40
5 Ақмия кг Шөп 0-58
6 Сарылапыз кг Тамыр жуашығы 4-56
7 Құм салаубасы кг Гүлшоғы 24-00
8 Шүйiншөп кг Шөп 4-80
9 Жантақ кг Шөп 4-56
10 Қазтамақ кг Шөп 2-40
11 Адыраспан кг Шөп 3-12
12 Жерқонақ кг Шөп 5-28
13 Саңырауқұлақтар кг Жемiс сабағы 20-40
14 Биiк андыз кг Тамыр,тамырсабақ 5-76
15 Киiкшөп кг Шөп 4-80
16 Тегеурiнгүл кг Жапырақтар 3-12
17 Қаражемiс кг Жемiстерi 3-10
18 Шайқұрай кг Жоғары өркен 4-80
19 Қос үилi қалақай кг Жапырақтар 3-96
20 Шашақты бозтiкен кг Тамыр,тамырсабақ 9-60
21 Өгей шөп кг Жапырақтар 5-64
22 Таңқұрай,қарабүлдiрген кг Жемiстерi 1-44
23 Жалбыз кг Жапырақтар 4-80
24 Кәдiмгi арша кг Жемiстерi 3-20
25 Шыранақ кг Жапырақтар 1-74
26 Дәрiлiк бақбақ кг Тамырлар 5-53
27 Түймешетен кг Гүлшоғы 8-40
28 Шұылық кг Шөп,тамырлары 5-65
29 Їлкен бақа жапырақ кг Жапырақтар 4-10
30 Ащы жусан, дериене кг Шөп 3-12
31 Сасық шөп кг Шөп тамырлары 4-15
32 Сүйектi аққұрай кг Жемiстерi 2-10
33 Алтын тамыр кг Тамыр, тамырсабақ 9-30
34 Дәрiлiк түймедағы кг Гүлшоғы 13-50
35 Қызыл мия кг Тамыр, тамырсабақ 6-48
36 Қара қарақат кг Жемiстерi 3-30
37 Мыңжапырақ кг Шөп, гүлшоғы 6-10
38 Зере кг Жемiстерi 1-90
39 Дала қырықбуыны кг Шөп 3-84
40 Жатаған жебiр кг Шөп 3-84
41 Итшоған кг Шөп, жапырағы 7-20
42 Итмұрын кг Жемiстерi 5-76
43 Тұт ағашы кг Жемiстерi 1-45
44 Атқұлақ кг Жапырағы 2-52
45 Пiсте кг Жемiстерi 47-94
46 Шашыратқы кг Тамырлары 6-25
47 Цистанхе кг Тамыр, тамырсабақ 9-60
48 Темiртiкен кг Шөп 6-00
49 Сиверс алмасы кг Жемiстерi 1-37
50 Тау қылша кг Жоғары өркендер 1-70
________________________________________________________________________
Облыстың орман қоры аумағында ара ұялары мен омартаны
орналастыру үшiн алынатын төлемақы мөлшерi
_________________________________________________________________________
Орман қоры телiмдерiнiң санаты ! Өлшем бiрлiгi !Бiр бiрлiк өлшемiне
! ! құны (теңге)
_______________________________!_________________!_______________________
Таулы жерлер 1 Бал ара ұясынан 40
Тоғайлар 1 Бал ара ұясынан 30
__________________________________________________________________________
Облыстың орман қорында шөп шабу мен мал жаю үшiн
алынатын төлемақы мөлшерi
_________________________________________________________________________
Орман қоры төлiмдерiнiң санаты ! Өлшем бiрлiгi ! Бiр бiрлiк
! ! өлшемiне құны
! ! (теңге)
_______________________________!__________________!_______________________
Шөп шабу
Өнiмдiлiгi 5 цн-га дейiн Га 60
Өнiмдiлiгi 5,1 ден 8 цн-га дейiн Га 80
Өнiмдiлiгi 8,1 цн-га дан жоғары Га 110
Мал жаю
Тау аймағы Га 60
Тоғайлар Га 50
Шөл аймағы Га 20
Сирек орманды, алаңқай және
өзге де ормансыз жерлер Га 50
__________________________________________________________________________
Шабындық телiмдерiнiң өнiмдiлiгiнiң тұтыну пункттерiнен қашықтығына
байланысты белгiленген төлемақыға төмендегi коэффициенттер қолданылады:
10 км-ге дейiн -1,5
10,1 км-ден 25 км-ге дейiн -1,2
25,1 км-ден 40 км-ге дейiн -1,0
40,1 км-ден 60 км-ге дейiн -0,8
60,1 км-ден 80-км-ге дейiн 0,6
80 км-ден көп -0,3