О предельных (максимальных) размерах земельных участков, которые могут находиться в долгосрочном землепользовании или в собственности Күшін жойған
Басқа 0
Жеке меншікте немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануда бола алатын жер учаскелерінің шекті (ең көп) мөлшері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыс мәслихатының 2005 жылғы 31 мамырдағы N 11/168-III шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабының 3 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. "Жеке меншікте немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануда бола алатын жер учаскелерінің шекті (ең көп) мөлшері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық әкімиятының 2001 жылғы 10 желтоқсанындағы N 35 қаулысы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешім Шығыс Қазақстан облыстық әділет басқармасында
тіркелгеннен кейін өз күшіне енеді.
Басқа 3. Жеке меншiкте немесе ұзақ мерзiмдi
жер пайдалануда бола алатын жер учаскелерiнiң
шектi (ең көп) мөлшерi туралы
Шығыс Қазақстан облысы
әкімиятының
2001 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 35 қаулысымен бекітілген
Жеке меншiкте немесе ұзақ мерзiмдi
жер пайдалануда бола алатын жер учаскелерiнiң
шектi (ең көп) мөлшерi туралы
"Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы № 152-II Заңының 35 бабының 3 тармағы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 1 тармағының 8 тармақшасы негiзiнде Шығыс Қазақстан облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Тауарлы ауыл шаруашылық өндiрiсiн жүргiзу үшiн ұзақ мерзiмдi жер пайдалануда болуы мүмкiн жер учаскелерiнiң (ең көп) мөлшерi мамандандыру мен табиғи - климаттық жағдайларды және ерекшелiктердi негiзге ала отырып мынандай мөлшерде белгiленсiн:
Тармақша 1
1) дәндi дақылдар бағыты - ауыл шаруашылығы пайдалы жерiнiң барлығы 50000 гектар жер, оның iшiнде егiстiк жерлер 20000 гектар, одан суармалы жерлер 5000 гектар;
Тармақша 2
2) мал шаруашылығын жүргiзу - ауыл шаруашылығы пайдалы жерiнiң барлығы 100000 гектар жер, оның iшiнде егiстiк жерлер 10000 гектар, одан суармалы жерлер 5000 гектар;
Тармақша 3
3) көкөнiс бағыты және бақша шаруашылығы - 500 гектар егiстiк.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн жер учаскелерiнiң шектi (ең көп) мөлшерi мынандай мөлшерде белгiленсiн:
Тармақша 1
1) жеке үй (қосалқы) шаруашылығын (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын 1,0 гектар және суарылатын 0,5 гектар жер;
Тармақша 2
2) жеке тұрғын үй құрылысы, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн 0,5 гектар.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 15 маусымдағы N 868 шешiмi күшi жойылды деп саналсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына бекiтуге
енгiзiлсiн.