Об определении места для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1-қосымшаға сәйкес Ақжар аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықталсын.
Тармақ 2
2. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылармен кездесулер үшін үй-жай шарттық негізде ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппарат басшысы С.Ж. Бейсембаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақжар аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
____________ М.М.Шапенов
2017 жыл «30» _мамыр__
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «30» мамырдағы
№ 99 қаулысына
1- қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын
№ р/с
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын
1.
Талшық ауылы
«Ақжар аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы алаңда орналасқан ақпараттық стенд,, Ломоносов көшесі, №1 (келісім бойынша)
Басқа 6
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «30» мамырдағы
№99 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулер өткізу үшін үй-жай
№ р/с
Елді мекеннің атауы
Таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай
1.
Талшық ауылы
«Орталық аудандық кітапхана» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің, оқу залы. Ломоносов көшесі № 1