Об участковых комиссиях по оказанию адресной социальной помощи населению Күшін жойған
Басқа 0
Халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссиялар туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 21.12.2005 № 441 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi N 246 Заңын және "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Халыққа атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереже, учаскелiк комиссия қорытындысының нысаны және өкiлдi орган шешiмiнiң нысаны бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi:
Тармақша 1
1) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде учаскелiк комиссиялар құру жөнiнде тиiстi жұмыстар жүргiзсiн;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуды сұраған отбасылардың құрамы туралы мәлiметтердi куәландыруға өкiлдi органды белгiленген тәртiпте белгiлесiн.
Тармақша 3
3) атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн өтiнiш берушi ұсынған құжаттарды тегiн куәландыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмiнiң "Арнаулы әлеуметтiк көмек көрсетудің жөнiндегi Ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы N 200 және "Облыс әкiмiнiң "Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi Ережесiн бекiту туралы" шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" 2001 жылғы 7 маусымдағы N 141 шешiмдерiнiң күшi жойылды деп саналсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Нұрғалиевке жүктелсiн.
Басқа 8. Учаскелiк комиссиялар туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкiмиятының 2002 жылғы
16 қаңтардағы № 4 қаулысына
қосымша
Учаскелiк комиссиялар туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақша 1
1) Учаскелiк комиссиялар - өкiлеттi органдарға және поселке, ауыл (село) әкiмдерiне халыққа атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қызметiне жәрдемдесу мақсатында тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссиялар.
Тармақша 2
2) Құрамы кем дегенде 5 адамнан тұратын учаскелiк комиссияларды ауылдық (селолық), поселкелiк әкiмдер құрады. Учаскелiк комиссиялар жергiлiктi органдардың өкiлдерiнен, аудандық (қалалық), облыстық мәслихаттардың депутаттарынан өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң, халықтың, ұйымдардың, бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау органдарының және құқық қорғау органдарының өкiлдерiнен құрыла алады.
Тармақша 3
3) Учаскелiк комиссиялардың жұмысына, олардың қалыпты жұмыс iстеуiне қажеттi жағдайлар туғызатын, материалдық және көлiкпен қамтамасыз етудi жүзеге асыратын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi жетекшiлiк етедi.
Тармақша 4
4) Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жауапты өкiлеттi органдар учаскелiк комиссияларға әдiстемелiк және ақпараттық көмектер көрсетедi.
Тармақша 5
5) Учаскелiк комиссиялар өз қызметiнде атаулы әлеуметтiк көмек туралы қолданылып жүрген заңнамаларды, осы ереженi басшылыққа алады.
Тармақша 6
6) Учаскелiк комиссия мүшелерi қатарынан төраға мен хатшы сайланады.
Тарау 2. 2. Негiзгi қызметтерi
2. Негiзгi қызметтерi
Тармақша 1
1) Учаскелiк комиссиялар қаржылардың ең мұқтаж отбасыларға бағытталуы мен оның атаулылығын арттыру мақсатында өкiлеттi органдардың, поселке, ауыл (село) әкiмдерiнiң халыққа әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қызметiне көмектесiп отырады.
Тармақша 2
2) Учаскелiк комиссиялар атаулы әлеуметтiк көмекке құқы бар адамдарды (отбасыларын) анықтау мақсатында материалдық көмек алуға өтiнiш берушiлердiң материалдық жағдайына тексеру жүргiзедi.
Тармақша 3
3) Учаскелiк комиссиялар атаулы әлеуметтiк көмек берудiң қажеттiлiгi туралы қорытындыны әзiрлейдi.
Тармақша 4
4) Учаскелiк комиссиялар өкiлдi органның немесе округ әкiмiнiң тапсырмасы бойынша атаулы әлеуметтiк көмек беруге ұсынылған құжаттарға iшiнара тексерулер жүргiзедi.
Тарау 3. 3. Материалдық жағдайға зерттеу жүргiзудiң және
атаулы әлеуметтiк көмек берудiң қажеттiлiгi туралы қорытындыны
әзiрлеудiң тәртiбi
3. Материалдық жағдайға зерттеу жүргiзудiң және
атаулы әлеуметтiк көмек берудiң қажеттiлiгi туралы қорытындыны
әзiрлеудiң тәртiбi
Тармақша 1
1) Учаскелiк комиссияның материалдық жағдайды зерттеудi жүргiзуi өкiлеттi органның немесе поселке, ауыл (село) әкiмiнiң жазбаша тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) Учаскелiк комиссиялар өтiнiш берушi көмек сұраған кезде көрсеткен жағдайларды тексеру барысында анықтайды.
Тармақша 3
3) Әлеуметтiк көмек сұраған өтiнiш берушiнiң және оның отбасының материалдық жағдайын зерттеу оның қатысуымен өкiлеттi органнан немесе ауыл (село) әкiмiнен тапсырма алынған күннен бастап 5 күн мерзiм iшiнде жүргiзiледi.
Тармақша 4
4) Учаскелiк комиссиялар тиiстi органдардан поселкіге, ауылға (селоға) зерттеу жүргiзу үшiн қажеттi мәлiметтер сұрай алады.
Тармақша 5
5) Учаскелiк комиссия жүргiзiлген зерттеу нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайын зерттеу актiсiн толтырады, оған учаскелiк комиссияның барлық мүшелерi қолдарын қояды.
Тармақша 6
6) Өтiнiш берушi зерттеу жүргiзуден бас тартқан жағдайда учаскелiк комиссия актi толтырады және бұл жөнiнде өкiлеттi органға хабарлайды.
Тармақша 7
7) Учаскелiк комиссияның мүшелерi өкiлеттi органға ұсынылатын актiде баяндалған деректердiң сенiмдiлiгi және дәлдiгi үшiн жауап бередi.
Тармақша 8
8) Учаскелiк комиссия қорытындыны әзiрлеу кезiнде әлеуметтiк көмек беруге қажеттi құжаттардың орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiпте толықтығын тексередi.
Тармақша 9
9) Учаскелiк комиссия комиссияның барлық мүшелерi қолдарын қойған жазбаша қорытындыны құжаттармен бiрге қорытынды әзiрлеу туралы тапсырма берген органға қайтарады.
Басқа 31. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң қажеттiгi
туралы ___________________________ селолық
округтiң учаскелiк комиссиясының қорытындысы
Облыс әкiмиятының 2002 жылғы
16 қаңтардағы N 4 қаулысына
N 2 қосымша
Атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң қажеттiгi
туралы ___________________________ селолық
округтiң учаскелiк комиссиясының қорытындысы
____________ 200__ ж.
Атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарай
отырып _______________
Аты _________________________________________________
Әкесiнiң аты ________________________________________
Тегi ________________________________________________
Санаты_______________________________________________
(жұмыс iстейдi, жұмыссыз, зейнеткер, мүгедек т.б.)
Жеке куәлiк № ______________________________________
Кiм және қашан берген _______________________________
Әлеуметтiк жеке коды (СИК)___________________________
Отбасы құрамы _______________________________________
(адам)
Жан басына шаққанда табысы __________________________
Өтiнiш берген күнi __________________________________
Учаскелiк комиссия ҚР "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк
көмек туралы" заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес
_____________________________________________________
(көмек алуға үмiткерлердiң аты-жөнi)
атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудi қажет деп есептейдi.
Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелерi:
Басқа 32. _________________________________ Батыс Қазақстан облысы
(өкiлеттi органның аты)
Облыс әкiмиятының 2002 жылғы
16 қаңтардағы N 4 қаулысына
N 3 қосымша
_________________________________ Батыс Қазақстан облысы
(өкiлеттi органның аты)
Хаттама N _____ күнi ______
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау
жөнiндегi комиссия мәжiлiсi
_________________________________________________________
_________________________________________________________
ШЕШIМ
Азамат __________________________________________________
_________________________________________________________
Әлеуметтiк көмектiң түрi ________________________________
1. Әлеуметтiк көмек тағайындалсын
ай сайынғы сомасы _______________________
_________________________ бастап
__________________________ дейiн.
2. Әлеуметтiк көмек тағайындаудан бас тартылсын _________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
3. Әлеуметтiк көмек төлеу тоқтатылсын ___________________
МӨР Комиссия төрағасы:
орны Комиссия мүшелерi: