Об определении мест для осуществления выездной торговли в Каргалинском районе Күшін жойған
Басқа 0
Қарғалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарғалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І. Тынымгереевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қарғалы ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 22 мамырдағы
№ 155 қаулысына
қосымша
Қарғалы ауданында көшпелі сауданы іске асыруға арналған орындар
№
Елді мекеннің атауы
Саудаға арналған орындар
1
Әлімбет ауылы
Қазақстан көшесі № 66 үйдің алдында
2
Шандыаша ауылы
Орталық көшесі № 16 «б» үйдің алдында
3
Ащылысай ауылы
Каструбин көшесі № 12 үйдің алдында
4
Бозтөбе ауылы
В. Жук көшесі № 44 үйдің алдында
5
Аққөл ауылы
Достық көшесі № 6 үйдің алдында
6
Велиховка ауылы
Орталық көшесі № 37 үйдің алдында
7
Ақжайық ауылы
Бауыржан Момышұлы көшесі № 55 үйдің алдында
8
Петропавл ауылы
Жеңіс көшесі № 1 үйдің алдында
9
Шәмші Қалдаяқов ауылы
Абылай хан көшесі № 1 үйдің алдында
10
Қос-Естек ауылы
Абай көшесі № 91 үйдің алдында
11
Жосалы ауылы
Тың жер көшесі № 28 және № 32 үйлер аралығы
12
Кемпірсай ауылы
Орталық көшесі № 31 және № 35/1 үйлер аралығы
13
Қарабұтақ ауылы
Юрий Гагарин көшесі № 2 және № 4 үйлер аралығы
14
Степной ауылы
Д.А. Қонаев көшесі № 2 үйдің алдында
15
Қайрақты ауылы
Әбілқайыр хан көшесі № 28 үйдің алдында
16
Бадамша ауылы
В. Пацаев көшесі № 3 үйдің алдында
Бадамша ауылы
Әйтеке би көшесіндегі № 38 және № 40 көп қабатты тұрғын үйлердің аралығы