Об утверждении Инструкции о порядке выдачи государственных гарантий Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттiк кепiлдiктер берудiң тәртiбi туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi бойынша
1995 жылғы 1 тамыздағы
N 195 бұйрығымен бекiтiлдi
Тармақ 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк кепiлдiктер берудiң осы тәртiбi "Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк капиталды тарту саласында мемлекеттiк басқару мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қаңтардағы N 2035 Жарлығын орындау мақсатында қабылданған "Қазақстан Республикасына шетелдiк несиелердi тарту жөнiндегi жұмысты тәртiпке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 ақпандағы N 139 Қаулысына сәйкес жасалды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк кепiлдiк - займ алушы-Қазақстан Республикасының резидентi шетелдiк кредитор алдындағы несиелiк мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда оларды өтеуге Қазақстан Республикасының атынан берiлген мiндеттеме.
Тармақ 2. 2. МЕМЛЕКЕТТIК КЕПIЛДIКТЕРДIҢ НЫСАНЫ
2. МЕМЛЕКЕТТIК КЕПIЛДIКТЕРДIҢ НЫСАНЫ
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк кепiлдiк шетелдiк кредиторға несиеге қызмет көрсетуге өкiлеттiгi бар банк арқылы берiледi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының атынан берiлетiн мемлекеттiк кепiлдiк жазбаша нысанда уағдаласушы тараптар қабылдаған тiлде бiр дана болып жасалады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк кепiлдiктерге Қазақстан Республикасының атынан тек Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, болмаса оны алмастыратын адам ғана қол қоя алады.
Тармақ 6
6. Кепiлдiктiң сыртқы бетiнде кепiлдiктiң нөмiрi, кепiлдiк субъектiсiнiң атауы және кепiлдiк берiлетiн келiсiм туралы деректер болады және ол кепiлдiктiң N 1 бетi болып табылады. Кепiлдiктiң қалған беттерi нөмiрленуi және мынадай нысан бойынша куәландырылуы тиiс: әр беттiң төменгi жағына "Кепiлдiк N #" деген жазу басылады, кепiлдiк берушiнiң мөрi басылып, өкiлеттiгi бар адамның қолы қойылады.
Тармақ 3. 3. МЕМЛЕКЕТТIК КЕПIЛДIКТЕРДI БЕРУДIҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТIБI
3. МЕМЛЕКЕТТIК КЕПIЛДIКТЕРДI БЕРУДIҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТIБI
Тармақ 7
7. Мемлекеттiк кепiлдiктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Қазақстан Республикасының сыртқы борышының бюджеттiк лимитi шегiнде ғана берiледi.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi (бұдан әрi "Кепiлдiктер") олардың берiлу нысандарына қарамастан (тауарлық, инвестициялық, консигнация шарттарында, лизинг және т.б.) шетелдiк қаржы институттары (банктер, халықаралық несие консорциумдары және т.б.) беретiн несиелерге берiледi.
Тармақ 9
9. Үкiметтiң шешiмi және тапсыруы бойынша Қаржы министрлiгi мемлекеттiк кепiлдiктердi несие ресурстарын мезгiлiнде қайтару және барлық iлеспе шығындарды төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi қамтамасыз ететiн қарсы кепiлдiктердi және/немесе тиiсiнше ресiмделген кепiлдiк шарттарын мiндеттi түрде берген жағдайда, тартылып отырған несиеге қызмет көрсететiн банктермен шарттар жасалғаннан кейiн бередi.
Кепiлдiк тақырыбы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өндiрiп алуға берiлетiн кез келген мүлiк (үй-жайлар, ғимараттар, кәсiпорындар, негiзгi қорлар, бағалы қағаздар, ақша қаражаты, валюталық құндылықтар, мүлiктiк құқықтар және т.б.) болуы мүмкiн.
Қаржы министрлiгi шетелдiк әрiптесi алдындағы мiндеттемелерiне мемлекет кепiлдiгi берiлген займ алушымен келiсiм (шарт) жасайды, онда республикалық бюджеттiң қаржылары кепiлдiк мiндеттемелердi қамтамасыз етуге пайдаланылған жағдайда олардың ақылы негiзде қайтарылуын қамтамасыз етудiң тәртiбi, мерзiмдерi мен рәсiмдерi айқындалады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттiк кепiлдiктердi Қаржы министрлiгi банктiң өкiлеттi өкiлi банк сараптамасының оң қорытындысын, банктiң қарсы кепiлдiгiн және кепiлдiк берушiнiң шығындары толық қайтарылуын қамтамасыз ететiн басқа да құжаттарды қоса тiркей отырып тапсырыс берген күннен бастап он бес күн iшiнде ресiмдейдi.
Тармақ 11
11. Нысаны мен мазмұны шетелдiк инвесторларға ұсынылатын мемлекеттiк кепiлдiктерге оның Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес келетiндiгiне Әдiлет министрлiгiнен оң қорытынды алынғаннан кейiн ғана қол қойылады.
Тармақ 12
12. Қаржы министрлiгi берiлген мемлекеттiк кепiлдiктердi тиiстi куәлiк пен қолданылып жүрген мемлекеттiк кепiлдiктердiң тiзiмiн бұдан былай жүргiзудi ресiмдей отырып тiркейдi.
Тармақ 4. 4. БЕРIЛЕТIН МЕМЛЕКЕТТIК КЕПIЛДIКТЕР ҮШIН АҚЫ ТӨЛЕУ
4. БЕРIЛЕТIН МЕМЛЕКЕТТIК КЕПIЛДIКТЕР ҮШIН АҚЫ ТӨЛЕУ
Тармақ 13
13. Мемлекеттiк кепiлдiктердi беру және тiркету үшiн тартылғалы отырған несиеге қызмет көрсететiн банктер немесе ақырғы займ алушылар кепiлдiк сомасының 2 % мөлшерiнде алдын ала мiндеттi бiр жолғы төлем төлейдi.
Тармақ 14
14. Кепiлдiк мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн Қаржы министрлiгi республикалық бюджетте арнайы қор көздейдi, оған мемлекеттiк кепiлдiк алушы займ алушылар кепiлдiк бойынша ықтимал қауiп үшiн жылдық 1 % мөлшерiнде берiлген мемлекеттiк кепiлдiк валютасында төлемдер төлейдi. Төлемдер тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 30-жұлдызына дейiн жүргiзiледi. Кепiлдiк берiлген уақыт - проценттер төлеудiң алғашқы есеп айырысу кезеңiнiң басталу уақыты. Бiр жолғы және мерзiмдi төлемдер төленуге тиiстi шотты кепiлдiк беру кезiнде Қаржы министрлiгi айқындайды. Проценттiк төлемдер кепiлдiк сомасына есептеледi. Займ алушы (немесе ол үшiн) мемлекеттiк кепiлдiк бойынша негiзгi борышты өтеуiне қарай кепiлдiкке төленетiн проценттiк төлемдердiң есебiн шығару үшiн пайдаланылатын сома өтеу уақытынан өтеу сомасына кемiтiледi. Ақырғы проценттiк төлем мемлекеттiк кепiлдiк толық өтелген тоқсан үшiн жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Ақырғы займ алушының ақша қаражаты болмаған жағдайда кепiлдiк бергенi үшiн бiр жолғы төлемдi және ықтимал қауiп үшiн төленетiн төлемдердi жүзеге асыру үшiн Қаржы министрлiгi соңғысымен борыш мiндеттемесiн (келiсiмiн) жасайды, онда төлемдердi өтеудiң мерзiмдерi мен схемасы, олардың бюджетке төлейтiн процентi, мiндеттемелердi бұзғаны үшiн қолданылатын айып санкциялары айқындалады.
Бұл төлемдер ақырғы займ алушылардың шоттарынан мiндеттi түрде аударылуы тиiс.
Тармақ 16
16. Мемлекеттiк кепiлдiк күшiне енген кезде шетелдiк инвесторға қарызды өтеу Қаржы министрлiгi осы мақсаттар үшiн көзделген республикалық бюджеттiң арнаулы қорының қаржылары есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 17
17. Займ алушының ол үшiн мемлекеттiң кепiлдiк мiндеттемелерiн
қамтамасыз етуге жұмсалған қаржыларды республикалық бюджетке қайтаруы жөнiндегi мiндеттемелерi кепiлдiк бойынша шетелдiк әрiптеске алғашқы төлем төленген сәттен бастап күшiне енедi. Қайтару негiзгi борыш пен iлеспе төлемдердi бiртұтас ұлттық валютамен - қайтару сәтiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң бағамы бойынша теңгемен өтеу нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 5. 5. КЕПIЛДIКТIҢ ҚОЛДАНЫЛУ КҮШIНIҢ МЕРЗIМI
5. КЕПIЛДIКТIҢ ҚОЛДАНЫЛУ КҮШIНIҢ МЕРЗIМI
Тармақ 18
18. Егер кепiлдiк берiлгеннен кейiн алты ай iшiнде несиенi игеру басталмаса және несие келiсiмiнде өзгеше көзделмеген болса, Қаржы министрлiгi берiлген кепiлдiктi жою жөнiнде шешiм шығарады.
Тармақ 19
19. Кепiлдiктi жою туралы шешiмге Қаржы министрi, болмаса оның орнындағы адам қол қояды.
Кепiлдiктiң жойылғаны туралы ақпарат қарызгер банкке берiледi.
Тармақ 20
20. Мемлекеттiк кепiлдiктiң қолданылу күшi ол арқылы қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң тоқтатылуымен бiрге тоқтатылады, бұл iшкi займ алушыны оның мiндеттемелерiнiң кепiлдiк өтемiне жұмсалған қаржыларды өтеуден босатпайды.
Тармақ 21
21. Қолданылу күшi жоқ кепiлдiктердiң түпнұсқа даналары оларды алушылар арқылы Қаржы министрлiгiне қайтарылуға тиiс.
Тармақ 22
22. Кредитор (жеткiзушi) ауыстырылған жағдайда бұл кепiлдiк жойылады. Жаңа кепiлдiк өзгерген жағдайларды ескере отырып, қайта қаралғаннан кейiн берiлуi мүмкiн.
Тармақ 6. 6. БАҚЫЛАУ
6. БАҚЫЛАУ
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi займ алушылар мен өкiлеттi банктердiң шетелдiк кредиторлар алдындағы мемлекеттiк кепiлдiк берген мiндеттемелерiнiң мезгiлiнде және толық орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өкiлеттi банктер мен займ алушылардың несие келiсiмдерiнде бюджеттен тыс көздерден жұмсау көзделген, кепiлдiк берiлген төлемдердiң орнын толтыруға бюджеттен жұмсалған шығындарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiнiң атқарылуын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 7. 7. СЫРТҚЫ ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК
7. СЫРТҚЫ ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК
Тармақ 25
25. Займ алушыларға, сондай-ақ тартылып отырған несиеге қызмет көрсететiн және пайдаланылған шетелдiк несиелердi мезгiлiнде және толық өтеу және оның iлеспе шығындарын төлеу жөнiндегi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамайтын банктерге Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жасалған шарттар мен келiсiмдерде көзделген санкциялар қолданылады.