О мерах по реализации Закона Республики Казахстан «О государственной адресной социальной помощи» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 28.02.2006 № 1 шешімімен. Қазақстан Республикасының 17.07.2001 ж. № 246 «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» Заңының 5 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.12.2001 ж. № 1685 Қаулысына сәйкес облыс әкімі шешті:
Тармақ 1
1. Халыққа мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ведомствоаралық учаскелік комиссиялар туралы Қағида бекітілсін (қоса беріліп отыр) және облыстық Мәслихатпен келісілсін.
Тармақ 2
2. Арнаулы әлеуметтік көмекті көрсету қажеттілігі туралы учаскелік комиссиялардың қорытындысының формасы бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Арнаулы әлеуметтік көмекті көрсетілуі не көрсетілмеуі жөніндегі уәкілденген органның шешімінің формасы бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Отбасының құрамын куәләндірәтін уәкілденген органдар тұрғылықты жері бойынша есепке алатын мемлекеттік органдарды поселке, ауыл (село) әкімдерін анықтасын.
Тармақ 5
5. Арнаулы әлеуметтік көмекті тағайындаулуына талапкер азаматтар (отбасылар) тиісті ұйымдар мен мемлекеттік органдарға барған уақытта Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» Заңының 3 б., 1п. қарастырылған құжаттардың ақысыз куәләндірілуі қамсыздандырылсын.
Тармақ 6
6. Ақмола облысы әкімінің 20.06.00ж. № 514 «Арнаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу туралы» және 24.01.01ж. «Ақмола облысы әкімінің 20.06.00ж. № 514 «Арнаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу турады» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» №9 шешімдері күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің шешімі Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізілген мезеттен бастап күшіне енеді. КЕЛІСІЛГЕН Ақмола облысы Мәслихатының _____________№ ______ шешімі Халыққа мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек корсету жөніндегі ведомствоаралық учаскелік комиссияның ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар Арнаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ведомствоаралық учаскелік комиссия (бұдан былай - комиссия) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында құрылған. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілерін, ҚР «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және осы қағиданы басшылыққа алады. Комиссия жергілікті өкілдік органдардың өкілдерінен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, меншіктік кооперативтік жайлардың (пәтерлер), поселкенің, ауыл (селоның), уәкілденген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдары мен ұйымдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылуы мүмкін. Комиссия құрамы 3 адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия өз жұмысын қоғамдық бастау негізінде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеті мен қызметі.
2. Комиссияның міндеті мен қызметі. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметі мыналар:
Тармақша 1
1) Уәкілденген органдардың аса мұқтаж отбасыларына арнаулы әлеуметтік көмекті көрсету барысында осы көмек түрінің арнаулылығын арттыруға ықпал ету.
Тармақша 2
2) Зерттеу актісін құру арқылы азаматтардың (отбасыларының) материалдық жағдайын зерттеу.
Тармақша 3
3) Азаматтардың (отбасыларының) материалдық жағдайын зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
Тармақша 3
3) Комиссияның отырыстары өтініштердің жиналуына қарай өткізіледі.
Тармақша 4
4) Отырыстың өткізілетін уақыты және орны комиссия төрағасының комиссия мүшелерімен келісуі арқылы нақтыланады.
Тармақша 5
5) Комиссияның шешімдері ашық дауысқа салынады және ол үшін комиссия мүшелерінің құрамынан көп дауыс берілген болса, қабылданды деп саналады. Егер екі жақтың дауысы тең болса комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақша 6
6) Комиссияның шешімі қорытынды ретінде ресімделіп, уәкілденген органға ұсынылады. Арнаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда жанжал не талас пікірлер туындаған болса, бұл жағдайлар уәкілденген органдармен бірлескен отырыстарда қаралады.
Тарау 6. 6. Комиссия қызметі тоқтатылуы
6. Комиссия қызметі тоқтатылуы Комиссияның қызметі қолданылып жүрген заңға сәйкес тоқтатылады.
Басқа 18
Облыс әкімінің 29.12. № 168 шешіміне № 1 қосымша «____»_______200__ж. №_____ҚОРЫТЫНДЫ _________________ қалалық (поселкелік) учаскелік комиссиясының Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының негізінде отбасына арнаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы _______________________________________________________________________ (өтініш берушінің аты-жөні) ______________________________________________________________ (мекен-жайы) Учаскелік комиссия мына жұмыстарды жүргізіп: (керегін белгілеу) - отбасының құжаттарын қарап; - отбасының тұрмыс жағдайын зеррттеп; - ұсынылған құжаттарды іріктеп, қайта қарап. ______________________________________________________________ (нақты қайсы екенін көрсету) Шешім қабылдады: 1. Отбасы мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж, себебі ______________________________________________________________ (комиссия мүшелерінің пікірі) ______________________________________________________________ 2. Отбасы мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес, себебі ______________________________________________________________ (комиссия мүшелерінің пікірі) ______________________________________________________________ Комиссия төрағасы: Комиссия мүшелері: (қолы, аты-жөні) Күні
Басқа 19
Облыс әкімінің 29.12. № 168 шешіміне № 2 қосымша «____»_______200__ж. №_____ШЕШІМ 1. Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек тағайындалсын Азамат Мекен-жайы Отбасының құрамы Отбасының тіркеу № ҚР 17.07.01 ж. № 246 «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 4, 7 баптарына сәйкес ай сайын _________ теңге мөлшерінде ______ 200__ ж. бастап ________ 200___ ж. дейін. 2. Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмектің тағайындалмайтыны туралы (негіздеме) М.О. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (не оның міндетін атқарушы) қолы аты-жөні ЕЖ жөне ХӘҚ бөлімінің тағайындау бойынша маманы ЕЖ жөне ХӘҚ бөлімінің төлеу бойынша маманы АӘК мөлшерінің есебі Отбасының құрамы адам. Кедейлік шегінің мөлшері . 2002 ж. тоқсаны үшін отбасының жиынтық кірісі. Еңбекақысы Зейнетақысы Әлеуметтік жәрдемақы Мемлекеттік арнайы жәрдемақы Алимент Кәсіпкерлік қызмет Қосалқы шаруашылық Басқа кірістер Барлығы: Отбасының жан басына шаққандағы кірісі Отбасының 1 мүшесіне төленетін АӘК мөлшері Отбасына 1 айда төленетін АӘК мөлшері Қорытындыны дайындады