О реорганизации областного управления экономики Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық экономика басқармасын қайта ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 04.03.2006 № 10 шешімімен. Әкімшілік - басқару аппаратының құрылымын жетілдіру, басқару функцияларының қосарлануына жол бермеу, облыс экономикасы мен шағын бизнесін дамытуда бірыңғай саясат жүргізу мақсаттарында:
Тармақ 1
1. «Ақмола облыстық экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған «Ақмола облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы өзгертілсін, соңғының міндеттері мен функциялары қосылатын тұлғаға тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі басқармасының негізгі және айналыс қаржылары облыстық экономика басқармасына тапсырылсын. Тапсыру-қабылдау актісі белгіленген мерзімде бекітілуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Ақмола облыстық экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атауы «Ақмола облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
Тармақ 4
4. «Ақмола облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін (қосымша 1).
Тармақ 5
5. Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасының құрылымы бекітілсін (қосымша 2).
Тармақ 6
6. Заңда белгіленген тәртіп бойынша облыстық әділет басқармасында тіркеуден өткізілін.
Тармақ 7
7. Экономика басқармасының бастығы Г.К.Құсайынова мен шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі басқармасының бастығы А.С.Әміржанов Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 24-бабы мен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңының мемлекет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және оларға демалыс жәрдемақыларын төлеу жөніндегі бөлігі орындалуын қамтамасыз етсін.
Басқа 8
Ақмола облысы әкімінің «10» 04 2001 ж. № 68 шешіміне қосымша Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасының ҚҰРЫЛЫМЫ Р/с Атауы Бірлік саны 1. Басқару 4 Басқарма бастығы 1 Бастықтың орынбасары 3 2. Аумақтық саясат және жоспарлар мен бағдарламаларды үйлестіру бөлімі 4 Бөлім бастығы 1 Бас маман 2 Жетекші маман 1 3. Экономиканың базалық салалар бөлімі 4 Бөлім бастығы 1 Бас маман 3 4. Қаржы және әлеуметтік саясат бөлімі 4 Бөлім бастығы 1 Бас маман 2 Жетекші маман 1 5. Инвестициялық саясат және инфракұрылым бөлімі 4 Бөлім бастығы 1 Бас маман 2 Жетекші маман 1 6. Сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі 4 Бөлім бастығы 1 Бас мамаң 2 Жетекші маман 1 7. Шағын бизнесті дамыту мониторингі бөлімі 4 Бөлім бастығы 1 Бас маман 1 Жетекші маман 2 8. Жалпы бөлім 4 Бөлім бастығы 1 Бас маман 3 Барлығы: 32
Басқа 9
Бекітілген Ақмола облысы Әкімінің шешімі «10» сәуір 2001ж. № 68 «Ақмола облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. «Ақмола облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға статусы бар, басқару функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті дамыту жөніндегі агенттігі мен басқа да министрліктер мен ведомстволардың шешімдеріне, облыс әкімінің өкімдеріне, нормативтік актілерге, сонымен катар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. «Ақмола облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан былай - мемлекеттік мекемесі) жергілікті мемлекеттік басқарудың жеке міндеттерін жүзеге асыруға әкім өкілеттеген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап, заңды тұлға құқығына ие болады.
Тармақ 5
5. Басқарма жеке балансы, заңға сәйкес Қазынашылық басқармасында бюджеттік есеп-шоты, мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылған бланкілері, мөрі, штамптары болады.
Тармақ 6
6. Басқарма өз міндеттері бойынша өзінде бар ақшаларымен жауап береді. Мекемеде бар ақша жеткіліксіз болса, оның міндеттері бойынша жауапкершілікті облыс әкіміяті көтереді. Келісім міндеттері бойынша басқарма жауапкершілігі мекемені қаржыландыру сметасы деңгейінде, заңға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Басқарма жасаған азаматтық-құқықтық келісімдер, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен нақты штат санын облыс әкіміяты белгілейді.
Тармақ 9
9. Басқарма Ақмола облысы әкімінің «4» мамыр 1998 ж. № 69 шешімімен құрылды. Ақмола облысы әкімінің «10» сәуірдін 2001 ж. № 68 шешімімен оған «Ақмола облысының кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы өзгертілді. Құқықтық мұрагері - «Ақмола облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Басқарманың құрылтайшысы мемлекет болып табылады, Ақмола облысының әкімі арқылы. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттары мемлекеттік мекемені құру туралы акті және ол туралы Ереже болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру облыс бюджетте атқарушы органдарды ұстауға қарастырылған қаражаттан жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқарманың толық атауы орыс тілінде: государственное учреждение - «Акмолинское областное управление экономики и развития малого бизнеса», мемлекеттік тілде: «Ақмола облысының экономиканы және шағын бизнесті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 108.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік мекеменің қызметі, негізгі міндеті және хұқығы
2. Мемлекеттік мекеменің қызметі, негізгі міндеті және хұқығы
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеті Ақмола облысын дамытудың стратегиялық жоспарын және жеке бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру, облыстық басқарма органдарының ведомствоаралық және салааралық жұмыстарын үйлестіру кезінде әлеуметтік-экономикалык саясатты жүргізу болып табылады.
Тармақ 15
15. Осы мақсаттарға жету үшін басқарма төмендегідей жұмыстармен айналысады:
Тармақша 1
1) облыстың экономикасы мен шағын бизнесін дамытудың негізгі бағыттарын белгілейді және бірынғай саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақша 2
2) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сараптау жүргізеді.
Тармақша 3
3) әзірлеуді үйлестіреді және стратегиялық жоспарларды жергілікті атқарушы органдардың жүзеге асыруын бақылайды.
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдардың, басқармалар мен комитеттердің, департаменттердің жұмыстарын үйлестіреді, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді индикативтік және ағымдағы жоспарлары мен бағдарламаларын дайындайды.
Тармақша 5
5) Облыстың сыртқы экономикалық қатынастарын белгілейді және үйлестіреді.
Тармақша 6
6) Басым салалар бойынша жобаларды қаржыландыру мәселелерінде банктермен және қаржы ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеуді жүзеге асырады.
Тармақша 7
7) Облыстың стратегиялық және инвестициялық басымдылықтарын анықтайды.
Тармақша 8
8) Жергілікті атқарушы органдардың шағын бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді.
Тармақша 9
9) Аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуын сараптайды және олардың даму бағдарламаларын дайындауды үйлестіреді.
Тармақша 10
10) облыстың шаруашылық субъектілерін инфрақұрылымдық, диверсификациялық дамыту және сауықтырудың негізгі бағыттарын, дайындауды үйлестіреді.
Тармақша 11
11) тұтыну нарқын дамыту, аз қамтамасыз етілгендерді әлеуметтік қорғау, облыстың әлеуметтік салаларын қолдау бағдарламаларын дайындау мен жүзеге асыруға қатысады.
Тармақша 12
12) коммуналдық меншікке жататын кәсіпорындардың қаржылық ахуалын талдайды, оларды қайта ұйымдастыру, қаржылық жандандыру, санациялау мен банкроттау бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады.
Тармақша 13
13) еңбек ресурстарын дамыту және тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды дайындау мен жүзеге асыруға, қосымша жұмыс орындарын ашу, еңбекақұы төлеуді реттеу және оның себептерін күшейтуге қатысады.
Тармақша 14
14) шағын бизнесті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы бойынша аумақтық бағдарламалар мен ұсыныстар дайындау мен жүзеге асыруға қатысады.
Тармақша 15
15) Шағын бизнеске халықаралық және отандық қаржы институттарымен, басқа да ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуіне қаржылық, техникалық және консультативтік көмектер ұйымдастырады.
Тармақша 16
16) Шағын бизнестің инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға қолдау жасайды.
Тармақша 17
17) Тұрғындар мен шағын кәсіпкерлік субъектілердің арасында ұйымдастыру, шағын бизнесті қолдау, және дамыту жөніндегі заңдардың мәселелері бойынша ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізеді және ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді.
Тармақша 18
18) Облыста шағын бизнес-орталықтарын, бизнес-инкубаторлар, басқа да шағын бизнесті дамыту мен қолдау жөніндегі құрылымдар құру жөніндегі жұмыстарға қатысады.
Тармақ 16
16. Басқарманың құрылу мақсаттарына сәйкес келмейтін жұмыстармен айналысуға құқығы жоқ.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік мекеменің құқықтары:
Тармақша 1
1) Ақмола облысы әкіміятына облысты дамыту мақсаты, басылымдылығы және стратегиясы бойынша ұсыныстар енгізу.
Тармақша 2
2) облыстың даму стратегиясын жергілікті атқарушы органдардың орындауын бақылау.
Тармақша 3
3) жергілікті атқару органдарына олардың облыстың даму стратегиясын жүзеге асыруға кедергі жасайтын актілерін өзгерту туралы ұсыныстар жасау.
Тармақша 4
4) жергілікті атқару органдары мен ұйымдарынан белгіленген мерзімде ақпараттар талап ету және алу.
Тармақша 5
5) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату, құру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу.
Тармақша 6
6) Басқарманың құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен жиналыстар шақыру.
Тармақша 7
7) облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыстық бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды және басқа құжаттарды әзірлеу үшін жұмыс топтарын құру.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекеменің өзіне жүктелген міндеті мен қызметін орындауы үшін жеке дара жауапкершілікті мекеменің бірінші жетекшісі көтереді.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлері тәртіптік ағаттық жібергені үшін қолданыстағы заңнама белгілеген тәртіпте тәртіптік жауапкершілік көтереді.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
3. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекеменің мүліктері мемлекет тапсырған мүліктерден құралады, негізгі қорлар мен айналыс қаржыларынан тұрады, сонымен қатар, бағасы басқарма балансында көрсетілген басқа да мүліктер жатады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекеменің мүліктері оған жедел басқару құқығында тиесілі, және мемлекеттік меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік мекеменің жұмысын қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен ғана қаржыландырылады.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекемесі қаржылық есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес есеп беріп отырады.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық жұмыстарын тексеруді заңдарда белгіленген тәртіпке сәйкес құрылтайшы және баска да бақылау органдары жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемелекеттік мекеме қызметін ұйымдастыру.
4. Мемелекеттік мекеме қызметін ұйымдастыру.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік мекемені Ақмола облысының әкімі тағайындайтын және босататын бірінші жетекші басқарады. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысында лауазымға заңнама белгіленген тәртіпте тағайындалатын және босатылатын орынбасар (орынбасарлар) болады.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік мекеменің бастығы басқарма жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Ақмола облысы әкіміне тікелей бағынады және басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен жүзеге асырылуына тікелей жеке жауап береді.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік мекеменің бастығы жалғыз басқару принципімен жұмыс істейді және өз құзыреттілігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Заңдары мен осы Ережеде белгіленген тәртіп бойынша басқарма жұмысы мәселелерін өзі шешеді.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік мекеменің жұмысын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеменің бастығы заңда белгіленген тәртіптерге сәйкес:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің атынан сенім хатсыз жұмыс жүргізеді.
Тармақша 2
2) барлық ұйымдарда басқарманың мүддесін қорғайды.
Тармақша 3
3) заңда белгіленген тәртіпке сәйкес деңгейде және жағдайларда басқарманың мүліктерін жұмсайды.
Тармақша 4
4) Келісім шарттар жасайды.
Тармақша 5
5) Сенім хаттар береді.
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің іссапарлары, стажировкалары, қызметкерлердің қазақстандық және шет елдік оқу орталықтарында және біліктілігін жетілдірудің басқа да түрлері бойынша жоспарлар мен тәртіптерін бекітеді.
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері орындауға, міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
Тармақша 8
8) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа тағайындайды және босатады.
Тармақша 9
9) мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне марапаттау және тәртіптік жазалау шараларын қолданады.
Тармақша 10
10) өз орынбасарларының және мемлекеттік мекеменің басқа қызметкерлерінің міндеттері мен өкіліттілігін белгілейді.
Тармақша 11
11) Заңға, осы Ережеге сәйкес және Ақмола облысы әкімімі жүктеген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 29
29. Қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.