Об утверждении Правил отражения поступлений бюджета в годовой консолидированной финансовой отчетности об исполнении республиканского, областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы, бюджета района (города областного значения), районного (города областного значения) бюджета, бюджетов города районного значения, села, поселка, сельского округа Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына, 120-2-бабының 2-тармағына және 120-3-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға оның көшірмесін жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы _________________Н.Айдапкелов 2017 жылғы 26 мамыр
Басқа 0. Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығымен бекітілген Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 120-1-бабы 2-тармағына, 120-2-бабы 2-тармағына және 120-3-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) айырбасталатын операциялар – бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме алынатын активтерге немесе қызметтерге, өз міндеттемелерін өтеуге айырбасқа шамамен құнға тең басқа баламаны тапсырады (негізінен ақшалай қаражат, тауарлар көрсетілетін қызметтер немесе пайдалануға басқа активтерді ұсыну түрінде);
Тармақша 2
2) айырбасталмайтын операциялар – айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
Тармақша 4
4) кірістер – капиталда қатысатын тұлғалардың жарналарына байланысты арттырудан ерекшеленетін таза активтердің/капиталдың өсуіне әкеп соқтыратын активтердің ағымы немесе өсуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында есеп кезеңі ішінде экономикалық пайдалардың немесе сервистік әлеуеттің өсуі;
Тармақша 5
5) міндеттеме – өткен оқиғалардан туындайтын мемлекеттік мекеменің бар міндеттемесі, оны реттеу экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстың шығып қалуына әкеп соқтырады;
Тармақша 6
6) республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi орган – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджетті атқару және жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуына қызмет көрсету саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орталық атқарушы органның құзыретi шегiнде жүзеге асыратын ведомствосы;
Тармақша 7
7) мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган – орталық уәкілетті органның салықтардың, кедендік төлемдер мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ететін ведомствосы;
Тармақша 8
8) салық оқиғасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салуға жататын оқиға.
Тармақ 3
3. Республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті орган және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылы үшін бухгалтерлік теңгерімнен, қаржылық қызмет нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
Тарау 2. 2-бөлім. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдердің көрсетілуін ұйымдастыру тәртібі
2-бөлім. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдердің көрсетілуін ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi орган, бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікте тиісті бюджетке түсетін түсімдер сомасын көрсетеді.
Тармақ 5
5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары қолданылады.
Тармақ 6
6. Бюджет түсімдері бойынша операциялар бухгалтерлік есепте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Бухгалтерлік есепке алу қағидалары) айқындалған тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Бюджетке түсетін түсімдер операцияларын есепке алу тиісті мемориалдық ордерларда жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының «Бас журнал» кітабында жүйелендіріледі.
Тармақ 8
8. Тиісті бюджеттердің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларының талаптарына сәйкес қалыптастырылады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік кірістер органы және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қалыптастыратын мемлекеттік кірістер органдарында олар бойынша есепке алу жүргізілетін Салық және бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп (бұдан әрі – Жиынтық есеп) бюджетке есептелген салықтық түсімдерді көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады. «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ИААЖ) алынған түсімдер бойынша есептердің нысандары есептелген түсімдердің өзге санаттарын көрсету үшін бастапқы құжаттар болып табылады. Кедендік әкелу баждарының, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 26-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу туралы есептер бөлінген, бірақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер есепті күнге Қазақстан Республикасына аудармаған кедендік әкелу, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша дебиторлық берешекті көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады.
Тармақ 10
10. Жиынтық есеп ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, талдау мақсатында – ағымдағы жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша қалыптастырылады.
Тарау 3. 3-бөлім. Бюджетке түсімдер есепке алу тәртібі
3-бөлім. Бюджетке түсімдер есепке алу тәртібі
Тармақ 11
11. Есептеу әдісі бойынша көрсетілетін бюджетке түсімдер салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттердің түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттер мен қарыздардың түсімдерін қамтиды. Тиісті бюджеттерге түсімдер Бюджет кодексінің 8-тарауына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының талаптарына сәйкес операциялардың немесе оқиғалардың туындауы нәтижесінде есепте көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік баждар, кедендік алымдар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары салықтық түсімдер болып табылады.
Тармақ 14
14. Тиісті бюджетке түсетін салықтық түсімдер есептеу әдісі бойынша танылады және айырбас емес операциялардан түсетін кірістер ретінде көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Бюджетке түсетін салықтық түсімдер нәтижесінде туындайтын ресурстар субъекті өткен (салық) оқиға нәтижесінде ресурстарға бақылауды алған және осы ресурстардан болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті алуды күткен кезде активті айқындауды қанағаттандырады. Салықтық түсімдерден алынған ресурстар егер ресурстар ағыны және олардың әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін деп күту ықтимал болса, активті тану өлшемшартына сәйкес келеді.
Тармақ 16
16. Корпоративтік табыс салығы бойынша ресурсты бақылау салық оқиғасы болған есепті кезеңде басталады.
Тармақ 17
17. Қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша – ресурсты бақылау ҚҚС бойынша салық салынатын қызметті жүзеге асыруды - есепті кезеңде ҚҚС есепке ала отырып, тауарларды немесе көрсетілетін қызметті сатуды білдіретін салық оқиғасы туындаған кезде басталады.
Тармақ 18
18. Салықтар бойынша аванстық түсімдер мәні жағынан басқа аванстық түсімдерден ерекшеленбейді. Міндеттеме салық оқиғасы басталғанға дейін танылады. Салық оқиғасының басталуымен міндеттеме жойылады және кіріс танылады.
Тармақ 19
19. Айырбас емес операциядан түсетін кіріспен байланысты туындайтын, міндеттеменің айқындамасына жауап беретін қолда бар міндеттеме: міндеттемені орындау үшін экономикалық пайда мен сервистік әлеуетті қамтитын ресурстар ағынын талап ету ықтималдығы болған; міндеттеме сомасы сенімді түрде бағалануы мүмкін болған кезде міндеттеме деп танылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган: бюджетке салықтардың түсу сәті бойынша; немесе салық салынатын кіріс алу немесе өзге салық салу объектісі туындау сәті бойынша (мысалы, салық төлеушінің салықтар бойынша декларация ұсыну сәті бойынша) айырбас емес перациялардан алынатын кірістерді тану үшін салық оқиғасының басталу кезін айқындайды.
Тармақ 21
21. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, Салық кодексінде, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, Бюджет кодексте және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша салықтық емес түсімдер болып табылады.
Тармақ 22
22. Айыппұлдар мен өсімпұлдардан басқа салықтық емес түсімдер бухгалтерлік есепте Бухалтерлік есеп қағидаларында көзделген тәртіппен тиісті ақпарат негізінде көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша кіріс (мемлекеттік баж, алымдар және төлемақылар) уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тиісті декларацияларды, мәліметтерді немесе есептерді ұсынған сәтте басталады.
Тармақ 24
24. Салықтық емес түсімдер (айыппұлдар мен өсімпұлдар) бюджетке ақшалай қаражат түскен сәтте кіріс деп танылады. Айыппұлдар мен өсімпұлдар алуға жататын сома активті айқындауды қанағаттандырған және активті тану өлшемшарттарын қанағаттандырған жағдайда кіріс ретінде танылады.
Тармақ 25
25. Бюджетке:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;
Тармақша 2
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;
Тармақша 3
3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге де тәсілмен өткізуден;
Тармақша 4
4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
Тармақ 26
26. Негізгі капиталды және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, 6320 «Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер» шоты қолданылады. Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды өткізуден түсетін түсімдерді көрсету үшін 6110 «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістер» шоты қолданылады.
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін трансферттердің және төмен тұрған бюджеттерден берілетін трансферттердің түсімдері республикалық бюджетке трансферттердің түсімдері болып табылады. Республикалық бюджеттен және төмен тұрған жергілікті бюджеттерден берілетін жергілікті бюджеттерге трансферттердің түсімдері болып табылады. Трансферттер бойынша түсімдер тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау (бұдан әрі - ҚБШ) есептеу сәтінде танылады және 6085 «Бюджетке трансферттер түсімі» қосалқы шотында ескеріледі.
Тармақ 28
28. Республикалық бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді көрсету үшін 1046 «Республикалық бюджеттің ҚБШ», жергілікті бюджеттерге 1047 «Жергілікті бюджеттер ҚБШ» қосалқы шоттары қолданылады. 1046 «Республикалық бюджет ҚБШ», 1047 «Жергілікті бюджеттердің ҚБШ» қосалқы шоттарында бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мақсатында шығыстарды одан әрі жүргізу үшін бірыңғай қазыналық шотынан түсімдерді есептеу ескеріледі және оны орындау барысында бюджет жағдайының сипаттамасын қамтамасыз етеді.
Тармақ 29
29. 6060 «Гранттар бойынша кірістер» қосалқы шоты қолданылатын гранттардың түсімдерінен түсетін кірістерді қоспағанда, тиісті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдерден түсетін кірістерді тану үшін 6081 «Бюджетке салықтық түсімдерден түсетін кірістер», 6082 «Бюджетке салықтық емес түсімдерден түсетін кірістер» қосалқы шоттары қолданылады.
Тармақ 30
30. Дебиторлық берешекті есепке алу үшін 1291 «Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетте есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты, кредиторлық берешекті есепке алу үшін 3280 «Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қолданылады. Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша дебиторлық/кредиторлық берешектің деректері Жиынтық есептің анықталмаған түсімдері мен қайтаруларын шегергендегі салықтар (төлемдер) бойынша бересі/артық төлемдер берешегінің сальдосына сәйкес келеді. Дебиторлық берешектің құрамына банкроттардың және мәжбүрлеп таратылатын өзге де заңды тұлғалардың салық берешегінің, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік кірістер органдары республикалық бюджеттің салық түсімдері бойынша мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған берешек сомалары енгізілмейді. Бюджетке салық түсімдері бойынша дебиторлық/кредиторлық берешектің құрамына бөлінген, бірақ есепті күнге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аударылмаған кедендік әкелу, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек енгізіледі.
Тармақ 31
31. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан асып кетуімен негізделген қайтарылуға жататын сома бойынша шығыстарды есептеу кезінде 7260 «Бюджетке түсетін түсімдерді азайту бойынша шығыстар» шоты қолданылады.
Басқа 0. _____ жылғы «__» ___________ есепті кезеңге арналған Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп*
Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан _____ жылғы «__» ___________ есепті кезеңге арналған Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп* Ұсынылады: Республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға** және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарға Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. minfin.gov.kz Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп* (бұдан әрі – Жиынтық есеп) Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЖЕ-1 Кезеңділік: жылдық Есепті кезең: _____ жылғы «__» ___________ Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Мемлекеттік кірістер органы және оның аумақтық бөлімшілері Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін Бизнес-сәйкестендiру нөмiрі Жинау әдісі: электронды түрде Бюджет түрі _______________________ Өлшем бірлігі: теңге Тү­сім­дер­дің бюд­жет сы­нып­та­ма­сы ко­ды Бюд­жет сы­нып­та­ма­сы коды­ның ата­уы Тө­лем тү­рі Жыл ба­сын­да­ғы саль­до Есеп­тел­ген са­лық­тар (тө­лем­дер) Азай­ты­л­ған са­лық­тар (тө­лем­дер) Түс­кен (есеп­ке жат­қы­зы­л­ған) са­лық­тар (тө­лем­дер) Қай­та­ры­л­ған (есеп­ке жат­қы­зы­л­ған) са­лық­тар (тө­лем­дер) Өзгер­ті­л­ген са­лық мін­дет­те­ме­сін орын­дау мер­зі­мі бой­ын­ша са­лық (тө­лем) со­ма­сы Жыл­дың со­ңын­да­ғы саль­до са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша бе­ре­шек са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша ар­тық тө­лем са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша бе­ре­шек са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша ар­тық тө­лем 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Жиы­ны І бө­лім. Же­ке шот­тар жүр­гі­зі­ле­тін са­лық­тық тү­сім­дер бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар са­лық өсім­пұл ай­ып­пұл анық­тал­ма­ған тү­сім­дер х х х х х х х Жиы­ны II бө­лім. Же­ке шот­тар жүр­гі­зіл­мей­тін са­лық­тық тү­сім­дер бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар са­лық өсім­пұл х х х х х х х ай­ып­пұл х х х х х х х анық­тал­ма­ған тү­сім­дер х х х х х х х Жиы­ны Ескертпе: * Есеп кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларының есепке ала отырып ұсынылды. **Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган. Мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған банкрот салық төлеушілердің және өзге де мәжбүрлеп таратылатын, сондай-ақ заңды тұлғалардың дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп әкімшілік деректерді жинауға арналған «Жиынтық есеп» нысанына 1-қосымшаға сәйкес жасалады. Шоттардың корреспонденцияларын көрсеткен кезде мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған банкрот салық төлеушілердің және өзге де мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғалардың дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есепте көрсетілген сомалар Жиынтық есептен алып тасталады. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын сату бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуімен негізделген қайтарылуға жататын сомалар бойынша есеп әкімшілік деректерді жинауға арналған «Жиынтық есеп» нысанына 2-қосымшаға сәйкес жасалады. Өтеусіз негізде әкімшілік деректерін жинауға арналған «Жиынтық есеп» нысанын толтыру бойынша түсініктеме әкімшілік деректерді жинауға арналған «Жиынтық есеп» нысанына қосымшада берілген. Атауы ______________________ Мекенжайы__________________ ___________________________________ ____________________________ Телефоны_____________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы_____________________________________ Орындаушы___________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон Бас бухгалтер немесе құрылымдық бөлімшеге басшылық ететін адам _______________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Мөрдің орны
Басқа 1
Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп» нысанына 1-қосымша Есепті күн: Жыл басынан бергі кезеңділік: Өңірдің атауы: _____________________________________________________ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Есепті қалыптастыру күні мен уақыты: Өлшем бірлігі: теңге Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма ко­ды (бұ­дан әрі –БСК) Тө­лем­дер­дің ата­уы Тө­лем тү­рі Жыл ба­сын­да­ғы саль­до Есеп­тел­ген Азай­ты­л­ған Түс­кен (есеп­ке жат­қы­зы­л­ған) Қай­та­ры­л­ған Өзгер­ті­л­ген са­лық мін­дет­те­ме­сін орын­дау мер­зі­мі бой­ын­ша са­лық (тө­лем) со­ма­сы Жыл­дың со­ңын­да­ғы саль­до бе­ре­сі (-) ар­тық тө­лем (+) бе­ре­сі (-) ар­тық тө­лем (+) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті (бар­лы­ғы) Банк­рот деп та­ны­л­ған са­лық тө­ле­у­ші­лер­дің же­ке шот­та­ры­ның қо­ры­тын­ды опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша БСК бой­ын­ша жиы­ны Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­ган­да­ры оған қа­ты­сты мәж­бүр­леп өн­ді­ріп алу­дың бар­лық ша­ра­ла­рын қол­дан­ған са­лық тө­ле­у­ші­лер­дің же­ке шот­та­ры­ның қо­ры­тын­ды опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша БСК бой­ын­ша жиы­ны Атауы ______________________ Мекенжайы__________________ ___________________________________ ____________________________ Телефоны______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы_____________________________________ Орындаушы______________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон Бас бухгалтер немесе құрылымдық бөлімшеге басшылық ететін адам _______________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Мөрдің орны
Басқа 2
Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп» нысанына 2-қосымша теңге Бюджеттік сыныптама коды Есепті кезең үшін қайтаруға жатады Қайтарылды Жиыны Атауы ______________________ Мекенжайы__________________ ___________________________________ ____________________________ Телефоны______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы_____________________________________ Орындаушы___________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон Бас бухгалтер немесе құрылымдық бөлімшеге басшылық ететін адам ________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Мөрдің орны
Басқа 3
Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп» нысанына қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп» (бұдан әрі – Жиынтық есеп) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны, «Салық төлеушінің жеке шотын жүргізу, салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер, айыппұлдар, өсімпұл бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы есеп-қисаптар сальдосын есептеу, есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді қалыптастыру, сондай-ақ «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Жиынтық есепті мемлекеттік кірістер органы мен оның аумақтық бөлімшесі есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін қалыптастырады және республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға ұсынылады.
Тармақ 3
3. Жиынтық есеп төлемдер журналы мен салық төлеушілердің жеке шоттарының деректері негізінде теңгеде толтырылады. Жиынтық есеп есепті жасау күніне салық төлеушілердің дербес шоттарында көрсетілген барлық жазбалар ескеріле отырып қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Жиынтық есепке мемлекеттік кірістер органы мен оның аумақтық бөлімшелерінің орындаушысы мен басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдар қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Жиынтық есепті толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Жиынтық есепті толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Жиынтық есептің І «Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар» бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Жиынтық есептің ІІ «Жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдер бойынша операциялар» бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Жиынтық есептің 1-бағанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Жиынтық есептің 2-бағанында БСК атауы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Жиынтық есептің 3-бағанында төлем (анықталмаған салық, өсімпұл, айыппұл) түрі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Жиынтық есептің 4-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Жиынтық есептің 5-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем сомасы көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Жиынтық есептің 6-бағанында тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша есептелген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомаларын есептеуге (азайтуға) тізілім негізінде есептелген салық төлеушілердің салық есептілігінің деректері бойынша есептелген салықтардың (төлемдердің) сомалары көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Жиынтық есептің 7-бағанында уәкілетті Мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша азайтылған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомаларын есептеуге (азайтуға) тізілімнің, тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының хабарламалары негізінде азайтылған салық төлеушілердің салық есептілігінің деректері бойынша азайтылған салықтардың (төлемдердің) сомалары көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Жиынтық есептің 8-бағанында есепті жыл үшін төленген салықтардың (төлемдердің) сомалары және осы салықтарға (төлемдерге) есептелген республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi органнан алынған деректер көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Жиынтық есептің 9-бағанында бюджеттен қайтарылған және басқа салықтарға (төлемдерге) және басқа мемлекеттік кіріс органдарына есептелген жылдағы сомалары бойынша республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi органан алынған деректер көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Жиынтық есеп нысаны бойынша қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтарды (төлемдерді) алып тастағандағы (9-баған) салықтар (төлемдер) түсімдерінің қорытынды сомасы (8-баған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында есепке алынуға және бөлінуге жататын түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) республикалық бюджеттің, тиісті жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есептерде көрсетілген түсімдер бойынша деректерге сәйкес келеді.
Тармақ 17
17. Жиынтық есептің 10-бағанында салықты (төлемді) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгертілген сомалар және кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) өтеу кестесі бойынша сомалар көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Жиынтық есептің 11-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Жиынтық есептің 12-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлеу сомасы көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Жиынтық есепке 1-қосымшада банкроттардың және мәжбүрлеп таратылатын өзге де заңды тұлғалардың салық берешегінің есептелген, азайтылған, келіп түскен (есепке жатқызылған) және қайтарылған сомалары, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қабылдаған берешегі көрсетіледі
Тармақ 21
21. Жиынтық есепке 2-қосымшада нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуіне негізделген қайтарылуға жататын сомалар, сондай-ақ салықтардың басқа түрлері бойынша нақты қайтару сомалары көрсетіледі.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік кірістер органы мен оның аумақтық бөлімшелері:
Тармақша 1
1) бюджет түсіміне әсер ететін негізгі факторларға;
Тармақша 2
2) салықтық түсімдердің жалпы сомасына үлес салмағын көрсете отырып, БСК бөлінісінде неғұрлым ірі бюджетке салықтық түсімдердің есептелген және төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларына;
Тармақша 3
3) бересі мен артық төлемнің пайда болу себептері;
Тармақша 4
4) Жиынтық есептің салықтары бойынша берешекке енгізілген бересі сомасы себептеріне талдауды жүзеге асырады. Талдау бойынша деректер есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей, жартыжылдық үшін – ағымдағы жылдың 10 тамызынан кешіктірмей ұсынылады.