О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасындағы еркiн экономикалық аймақтардың мәселелерi" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 сәуiрдегi N 320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 15, 245-бап):
"Жезқазған облысындағы Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағын дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 қыркүйектегi N 734 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 35, 529-бап);
"Талдықорған облысындағы Алакөл еркiн экономикалық аймағын дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 қыркүйектегi N 740 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 35, 533-бап);
"Талдықорған облысының Жаркент еркiн экономикалық аймағын дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 қыркүйектегi N 741 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 35, 534-бап);
"Талдықорған қаласындағы "Талдықорғансырткөлiк" кәсiпорнының негiзiнде еркiн экономикалық қосалқы аймақты дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 қыркүйектегi N 742 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 35, 535-бап);
"Маңғыстау еркiн экономикалық аймағын дамыту үшiн басым маңызы бар бiрiншi кезектегi мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 904 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 41, 612-бап);
"Лисаковск еркiн экономикалық аймағының дамуы үшiн басым маңызы бар бiрiншi кезектегi мәселелер туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 23 қарашадағы N 974 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 45, 656-бап);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 шiлдедегi N 663 қаулысының N 1 қосымшасының 4 және 8-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 31, 362-бап);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң салық салу мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және кейбiреуiнiң күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 тамыздағы N 1069 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң салық салу мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 4, 5, 6, 7, 8, 9-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 27, 320-бап);
"Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қазандағы N 1327 қаулысымен бекiтiлген Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 32, 407-бап).
Тармақ 2
2. Жезқазған, Талдықорған, Қостанай облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерi сондай-ақ аталған облыстардың Еркiн экономикалық аймақтарының Әкiмшiлiк кеңестерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заң күшi бар Жарлығына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлердi қайта қарасын және күшiн жойсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1996 жылдың 20 ақпанына дейiнгi мерзiмде мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу тетiгi енгiзiлген "Арнайы экономикалық аймақтар құру туралы ұсыныс енгiзу тәртiбiн", сондай-ақ тұжырымдама мен техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.
Тармақ 4
4. Жезқазған, Талдықорған, Қостанай облыстарының және Алматы
қаласының әкiмдерi бiр ай мерзiмде еркiн экономикалық аймақтар
қызметiнiң қаржы-экономикалық қызметiнiң нәтижелерiн қарасын және
жаңа экономикалық жағдайда олардың жұмыс iстеуiнiң орындылығы туралы
мәслихаттармен келiсiлген ұсыныстары Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң қарауына тапсырылсын.