Об утверждении Правил выпуска, размещения, обращения и погашения краткосрочных нот Национального Банка Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-кредит саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Тармақ 3
3. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiн бекiту туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 246  қаулысының  күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына жiберсiн, филиалдарға осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына жiберудi мiндеттесiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.
Басқа 8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесi
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 554 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесi Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын (бұдан әрi - қысқа мерзiмдi ноттар) шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу тәртiбiн реттейдi.
Тарау 1. 1-тарау. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар
1-тарау. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар
Тармақ 1
1. Бастапқы агент - бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар көрсетiлген ұстаушы ретiнде клиенттердiң есебiн жүргiзуге құқылы және қысқа мерзiмдi ноттармен операциялар жасау тәртiбi туралы Ұлттық Банкпен шарт жасасқан бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы болып табылатын заңды тұлға.
Тармақ 2
2. Дисконттелген баға - көрсетiлген құннан төмен баға.
Тармақ 3
3. Кесiмдi баға - өтiнiмдердi қанағаттандыру тоқтатылатын ең төменгi дисконттелген баға.
Тармақ 4
4. Орташа алғандағы дисконттелген баға - кесiмдi баға бойынша аукционда құралған қысқа мерзiмдi ноттардың жалпы көлемiне қарай орташа дисконттелген баға.
Тармақ 5
5. Аукцион - ең жоғары дисконттелген бағадан бастап және аукционның жарияланған талаптары шегінде кесiмдi бағамен аяқталатын (бағалардың көптiгiн қанағаттандыратын) Бастапқы агенттiң өтiнiмдерiнде көрсетiлген дисконттелген баға бойынша тиiстi эмиссияның қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру. Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 6
6. Қосымша орналастыру - тиістi эмиссияның қысқа мерзiмдi ноттарының қосымша көлемiн аукционда қалыптасқан орташа алғандағы дисконттелген баға бойынша орналастыру. Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тарау 2. 2-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 7
7. Қысқа мерзiмдi нот эмиссиялық мемлекеттiк дисконттелген құжаттамасыз бағалы қағаз болып табылады. Оны Ұлттық Банк алдымен дисконттелген баға бойынша орналастырады да көрсетiлген құны бойынша өтейдi. Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 8
8. Қысқа мерзiмдi ноттар Ұлттық Банктiң ақша базасын реттеп отыруға арналған ақша-кредит саясатының құралы болып табылады.
Тармақ 9
9. Қысқа мерзiмдi ноттың көрсетiлген құны 100 теңге болады.
Тармақ 10
10. Қысқа мерзiмдi ноттарды шығару, орналастыру шарттарын және айналыс мерзiмiн Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты мақсаттарына сәйкес белгiлейдi. Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 11
11. Қысқа мерзiмдi ноттардың әрбiр эмиссиясының ұлттық бiрегейлендiру номерi болады. Оны бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен белгiлейдi.
Тармақ 12
12. Қысқа мерзiмдi ноттар Бастапқы агенттер арқылы орналастырылады.
Тармақ 13
13. Қысқа мерзiмдi ноттармен операциялар жасау тәртiбi туралы шартқа Ұлттық Банктiң атынан мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне жетекшiлiк ететiн Төрағаның орынбасары (бұдан әрi - уәкiлеттi бөлiмше), Бастапқы агенттiң атынан - Бiрiншi басшы немесе ол уәкiлеттiк берген адам қол қояды. Қысқа мерзiмдi ноттармен операциялар жасау тәртiбi туралы үлгi шарттың нысаны осы Ереженiң N 1 қосымшасында белгiленген.
Тармақ 14
14. Инвесторлар қысқа мерзiмдi ноттармен мәмiлелердi тек Бастапқы агенттер арқылы, олармен мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногында қысқа мерзiмдi ноттармен мәмiлелер жасауға шарт жасаса отырып жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Ұлттық Банк қысқа мерзiмдi ноттарды былайша орналастырады:
Тармақша 1
1) аукцион арқылы;
Тармақша 2
2) қосымша орналастыру арқылы;
Тармақша 3
3) өзi шығаратын қысқа мерзiмдi ноттарды Бастапқы агенттермен келiсiлген дисконттелген баға бойынша сату. Ескерту: 15-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 16
16. Ұлттық Банк өзi жүргiзетiн ақша-кредит саясатының бағыттарына және қаржы рыногының конъюнктурасына сәйкес аукционға қатысушылардың қысқа мерзiмдi ноттарды шығару талаптарында белгiленген көлемнен төмен немесе жоғары мөлшерде қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алуға берген өтiнiмдерiн қанағаттандыруға құқылы.
Тармақ 16-1
16-1. Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты мiндеттерiн орындауға көлемi мардымсыз және бағалар талабы қанағаттанғысыз болған жағдайда қысқа мерзiмдi ноттар орналастырылмады деп жариялауға құқылы. Орналастырылмағаны жөнiндегi хабарлама Төрағаның уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн орынбасарының өкiмiмен бекiтiледi. Ескерту: 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 17
17. Ұлттық Банк Бастапқы агентпен (Бастапқы агенттермен) келiсе отырып өзi шығаратын тиiстi эмиссиядағы қысқа мерзiмдi ноттарды мерзiмiнен бұрын толық көлемде, сондай-ақ iшiнара өтеуге (айналыстан алып тастауға) құқылы.
Тармақ 18
18. Қысқа мерзiмдi ноттарды шығаруға және операциялар жасауға салық салу тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен реттеледi.
Тармақ 19
19. Өтiнiмдерде көрсетiлген бағалар бойынша сыйақы ставкасы көрсетiлген құн мен дисконттелген баға арасындағы айырманың қысқа мерзiмдi ноттардың дисконттелген бағаға қарым-қатынасын бiлдiредi, процентпен көрсетiледi де мына формула арқылы анықталады: Рн - Рд      365 -------- *  ---- * 100% Рд        То мұндағы:     Рн - көрсетiлген құн Рд - дисконттелген баға То - айналыс кезеңi (күндерде) Ескерту: 19-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тарау 3. 3-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттарды орналастыру тәртiбi
3-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттарды орналастыру тәртiбi
Тармақ 20
20. Қысқа мерзiмдi ноттарды орналастыруға байланысты ақпарат Ұлттық Банк анықтайтын деректердi берудiң электрондық жүйесi арқылы берiледi.
Тармақ 21
21. Деректердi берудiң электрондық жүйесi бойынша берiлетiн электрондық хабар Ұлттық Банк пайдаланатын бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесiнiң көмегiмен шифрланады.
Тармақ 22
22. Техникалық себептерге байланысты деректердi берудiң электрондық жүйесi арқылы хабар беру мүмкiн болмаған жағдайда осы хабарды осы Ереженiң 2, 4-қосымшаларындағы нысан бойынша қағазда беруге рұқсат етiледi.
Тармақ 23
23. Ұлттық Банк тиiстi эмиссиядағы қысқа мерзiмдi ноттардың аукционын өткiзерден бұрын 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей деректердi берудiң электрондық жүйесi арқылы Бастапқы агенттерге және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Орталық депозитарий) аукцион өткiзу шарттарын хабарлайды.
Тармақ 24
24. Бастапқы агенттер қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алуға бәсекелес және бәсекелес емес ұсыныстары бар өтiнiмдер бере алады.
Тармақ 25
25. Берiлген өтiнiмдегi бәсекелес ұсыныстарда қысқа мерзiмдi ноттардың саны, бiр ноттың шамамен дисконттелген бағасы, көрсетiлген құны және дисконттелген бағасы бойынша сатып алудың жалпы көлемi көрсетiледi.
Тармақ 26
26. Бәсекелес емес ұсыныстарда қатысушылар аукционда қалыптасқан орташа алғандағы дисконттелген баға бойынша сатып алуға дайын қысқа мерзiмдi ноттардың жалпы саны ғана көрсетiледi.
Тармақ 27
27. Қысқа мерзiмдi аукциондар өткiзiлетiн күнi сағат 9.00-ден сағат 11.00-ге дейiн Бастапқы агенттер уәкiлеттi бөлiмшеге қысқа мерзiмдi ноттарды бәсекелес және бәсекелес емес ұсыныстармен сатып алуға өтiнiм бередi.
Тармақ 28
28. Уәкiлеттi бөлiмше сағат 9.30-дан сағат 11.00-ге дейiн қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алуға берiлген өтiнiмдердi осы Ереженiң 3-қосымшасындағы нысан бойынша жинақ ведомосiне жинақтайды. Жинақ ведомосiне уәкiлеттi бөлiмшенiң басшысы қол қояды және уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн орынбасарға ұсынылады.
Тармақ 29
29. Ұлттық Банк бәсекелес емес өтiнiмдердi қанағаттандырудың үлесiн, сондай-ақ Бастапқы агенттер мен резидент еместердiң қысқа мерзiмдi ноттарды сату көлемiндегi үлестерiн аукционның талаптары жарияланған кезде қаржы рыногының конъюнктурасына орай дербес анықтайды.
Тармақ 30
30. Ұлттық Банк аукцион өткiзiлетiн күнi қысқа мерзiмдi ноттар аукционының жарияланған талаптарын Бастапқы агенттердiң немесе инвесторлардың қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алуын шектеудi, резидент еместердiң қатысуын және бәсекелес емес өтiнiмдердi қанағаттандыруды шұғыл өзгертуге құқылы.
Тармақ 31
31. Аукционды өткiзген кезде бiрiншi кезекте аукционда қалыптасқан орташа алғандағы баға бойынша аукционның жарияланған талаптары шегiнде бәсекелес емес өтiнiмдер, ал содан кейiн бәсекелес өтiнiмдер қанағаттандырылады.
Тармақ 32
32. Ұлттық Банктiң басшылығы (Ұлттық Банктiң Төрағасы және/немесе жетекшiлiк ететiн орынбасары) аукционға қабылданған өтiнiмдердiң жинақ ведомосi негiзiнде сағат 11.00-ден сағат 12.00-ге дейiн аукционда қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алудың баға талаптары мен өтiнiмдердi қанағаттандыру көлемi туралы шешiмдi қабылдайды.
Тармақ 33
33. Ұлттық Банк баға талаптары және өтiнiмдердi қанағаттандыру туралы шешiмнiң негiзiнде қысқа мерзiмдi ноттарды орналастырады және Бастапқы агенттерге осы Ереженiң 4-қосымшасындағы нысан бойынша аукциондағы қанағаттандырылған өтiнiмдердiң көлемi жөнiндегi хабарламаны бередi.
Тармақ 34
34. Қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша орналастыру туралы шешiм қабылданған жағдайда Уәкiлеттi бөлiмше аукцион өткiзiлетiн күнi сағат 12.00-ге дейiн Бастапқы агенттерге тиiстi эмиссиядағы қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша орналастыру талаптарын хабарлайды.
Тармақ 35
35. Қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша орналастыруға арналған өтiнiмдер қосымша орналастыру талаптарында көрсетiлген уақыт басталғанға дейiн қабылданады.
Тармақ 36
36. Түскен өтiнiмдер уәкiлеттi бөлiмшенiң басшысы қол қоятын қосымша орналастырудың жинақ ведомосiне жинақталады және осы Ереженiң 5-қосымшасындағы нысан бойынша уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн орынбасарға ұсынылады.
Тармақ 37
37. Қосымша орналастырудың жиынтық ведомосi негiзiнде Ұлттық Банктiң басшылығы (Ұлттық Банк Төрағасы және/немесе уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн орынбасары) қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша орналастырудың қабылданған өтiнiмдердiң көлемiн қанағаттандыру жөнiндегi шешiмдi қабылдайды. Уәкiлеттi бөлiмше өтiнiмдердiң көлемiн қанағаттандыру жөнiндегi шешiм негiзiнде қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша орналастырады. Қосымша орналастырған кезде өтiнiмдердi қанағаттандыру кезiнде олардың Ұлттық Банкке нақты түскен уақытына басымдық берiледi. Ескерту: 37-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 38
38. Уәкiлеттi бөлiмше қосымша орналастыруды аяқтағаннан кейiн Бастапқы агенттерге осы Ереженiң 4-қосымшасындағы нысан бойынша қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алу өтiнiмдерiнiң көлемiн қанағаттандыру жөнiнде хабарламаны бередi.
Тармақ 39
39. Аукцион және қосымша орналастыруды ескере отырып тиiстi эмиссиядағы қысқа мерзiмдi ноттарды орналастыру көлемi уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн Төраға орынбасарының өкiмiмен бекiтiледi. Ескерту: 39-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 40
40. Ұлттық Банк тиiстi эмиссиядағы қысқа мерзiмдi ноттарды орналастыру толығымен аяқталғаннан кейiн Орталық депозитарийге Бастапқы агенттердiң өтiнiмдерiнiң қанағаттандырылған көлемi жөнiндегi хабарламаны жiбередi.
Тармақ 41
41. Ұлттық Банк Бастапқы агентпен алдын ала келiсiлген баға бойынша өзi шығарған қысқа мерзiмдi ноттарды сатқан кезде ноттарды сату көлемi, оларға ақы төлеу және өтеу Ұлттық Банк белгiлеген талаптарға сәйкес және аукцион өткiзу арқылы орналастыру үшiн осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады. Ескерту: 41-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тарау 4. 4-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттарға ақы төлеу тәртiбi
4-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттарға ақы төлеу тәртiбi
Тармақ 42
42. Уәкiлеттi бөлiмше және Бастапқы агенттер қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алуға берiлген өтiнiмдердiң қанағаттандырылған көлемi жөнiндегi хабарлама негiзiнде оларды шығару талаптарымен Ұлттық Банк белгiлеген төлеу күнi сағат 17.00-ден кешiктiрмей "Орталық депозитарийдiң ережелер жиынтығына" сәйкес "депо" есепшоттары бойынша (бұдан әрi - бұйрық) ақшаны есептен шығаруға және қысқа мерзiмдi ноттарды есепке алуға Орталық депозитарийге "депо" тапсырмасын бередi. Ескерту: 42-тармақтағы және бұдан ары бүкiл мәтiн бойынша "депо" тапсырмасы", "депо" тапсырмасын", "депо" тапсырмаларының" деген сөздер "бұйрық", "бұйрықты", "бұйрықтардың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 43
43. Орталық депозитарийде сол күнi Ұлттық Банктен және Бастапқы агенттерден бұйрықтарының түсуiне қарай олар салыстырылады және салыстыру нәтижелерi бойынша банкаралық ақша аудару жүйесiнде Бастапқы агенттiң позициясынан (бұдан әрi - Бастапқы агенттiң позициясы) ақшаны есептен шығаруға және банкаралық ақша аудару жүйесiнде Орталық депозитарийдiң позициясына (бұдан әрi - Орталық депозитарийдiң позициясы) есепке алуға төлем тапсырмасын рәсiмдеп, оны "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзуге құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорынына бередi.
Тармақ 44
44. Ұлттық Банк және Бастапқы агенттер Орталық депозитарийге берген бұйрықтары сәйкес келмеген жағдайда Орталық депозитарий бұйрықтардың тек сәйкес келген тармақтары бойынша Бастапқы агенттiң позициясынан ақшаны есептен шығаруға және оларды Орталық депозитарийдiң позициясына есепке алуға төлем тапсырмасын Орталыққа бередi. Ескерту: 44-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 45
45. Орталық Бастапқы агенттiң позициясындағы қолма қол ақшаны төлем тапсырмасында көрсетiлген ақша сомасымен салыстырады. Бастапқы агенттiң позициясында ақша жеткiлiктi болған кезде Орталық Бастапқы агенттiң позициясынан Орталық депозитарийдiң позициясына ақша аударады. Орталық депозитарийде оның позициясына ақша есепке алынғаннан кейiн он бес минут iшiнде банкаралық ақша аудару жүйесiнде Ұлттық Банктiң позициясына ақшаны аудару жөнiнде төлем тапсырмасы рәсiмделiп, ол Орталыққа жiберiледi.
Тармақ 46
46. Бастапқы агенттiң позициясында ақша жеткiлiксiз болған кезде Орталық депозитарий Орталықтан ақшаның жеткiлiксiздiгi туралы алған хабарлама негiзiнде бұйрықты орындамағандығы туралы хабарламаны Ұлттық Банкке және Бастапқы агентке жiбередi. Ескерту: 46-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 47
47. Орталық депозитарий Орталықтан алынған Бастапқы агенттiң позициясынан ақшаны шығару туралы хабарлама негiзiнде Бастапқы агенттiң "депо" есепшотына қысқа мерзiмдi ноттарды есепке алады.
Тармақ 48
48. Орталық депозитарий Бастапқы агенттiң "депо" есепшотына қысқа мерзiмдi ноттарды есепке алғаннан кейiн Ұлттық Банкке және Бастапқы агентке бұйрықтарының орындалғандығы жөнiнде хабарлама жiбередi.
Тармақ 49
49. Ұлттық Банк және Бастапқы агент бұйрығының орындалмағаны туралы хабарламаны алған жағдайда Ұлттық Банк және Бастапқы агент бұйрығының орындалмағанына әкелiп соқтырған себептердiң жойылғанына алдын ала көздерi жеткеннен кейiн Орталық депозитарийге бұйрығын қайтадан жiберуге құқылы.
Тармақ 50
50. Орталық депозитарийден бұйрығының орындалғаны жөнiнде хабарламаны алғаннан кейiн, егер инвестордың Бастапқы агентпен шартында басқаша көзделмеген болса, Бастапқы агенттер инвесторға қысқа мерзiмдi ноттарға оның меншiк құқығын куәландыратын куәлiк қағазын бередi.
Тарау 5. 5-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттардың айналымы
5-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттардың айналымы
Тармақ 51
51. Қысқа мерзiмдi ноттардың айналымы Ұлттық Банк белгiлеген Бастапқы агенттер сатып алынған қысқа мерзiмдi ноттар үшiн төлеуге арналған күннен басталады. Ескерту: 51-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 52
52. Өтелуге жататын қысқа мерзiмдi ноттардың айналысы өтеу күнiне дейiн немесе мерзiмiнен бұрын өтеу күнiне дейiн бiр жұмыс күнi бұрын аяқталады. Ескерту: 52-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 53
53. Қысқа мерзiмдi ноттардың және олар бойынша құқықтардың, сондай-ақ олармен жасалатын мәмiлелерге техникалық қызмет көрсетудiң есебi Орталық депозитарийде "депо" есепшоттары бойынша - Бастапқы агенттер бойынша және бiрiншi санаттардағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүргiзуге лицензиясы бар Бастапқы агенттерде ашылған "депо" есепшоттарында - олардың инвесторлары бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 54
54. Қысқа мерзiмдi ноттардың иелерi оларды кепiлге беруге, РЕПО және керi РЕПО операцияларын жүргiзуге, қайталама рынокта сатуға және сатып алуға құқылы. Қайталама рынокта қысқа мерзiмдi ноттармен мәмiлелер жасау көрсетiлген өтеу немесе мерзiмiнен бұрын өтеу күнiнен бiр жұмыс күнi бұрын тоқтатылады. Ескерту: 54-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 55
55. Қысқа мерзiмдi ноттармен операциялар жасау: кепiл, РЕПО және керi РЕПО операциялары, сатып алу және сату, сондай-ақ қысқа мерзiмдi ноттармен басқа да операциялар биржалық және биржадан тыс қайталама рыноктарда мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттарды өтеу тәртiбi
6-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттарды өтеу тәртiбi
Тармақ 56
56. Қысқа мерзiмдi ноттарды өтеу алдындағы жұмыс күнi сағат 17.00-ден кешiктiрмей Бастапқы агенттер өздерiне өтеуге жататын тиесiлi қысқа мерзiмдi ноттар жөнiнде мәлiметтердi және өзiнiң банктiк деректемелерiн Орталық депозитарийге бередi.
Тармақ 57
57. Қысқа мерзiмдi ноттарды өтеу алдындағы жұмыс күнi сағат 17.00-ден кешiктiрмей Орталық депозитарий уәкiлеттi бөлiмшеге эмиссиядағы қысқа мерзiмдi ноттардың санын көрсете отырып қысқа мерзiмдi ноттардың тиiстi эмиссиясының өтелетiнi туралы, тиiстi эмиссияны өтеу кезiнде төленуге жататын сома туралы және өзiнiң банктiк деректемелерi туралы мәлiметтер бередi.
Тармақ 58
58. Қысқа мерзiмдi ноттарды өтейтiн күнi Ұлттық Банк сағат 11.00-ге дейiн алдағы өтеу туралы мәлiметтерге сәйкес Орталық депозитарийдiң позициясына ақша аударады.
Тармақ 59
59. Орталық депозитарий бастапқы агенттердiң позициясына қысқа мерзiмдi ноттарды өтеуге ақшаны өтеу күнi сағат 12.00-ге дейiн олардың көрсетiлген құны бойынша аударады.
Тармақ 60
60. Қысқа мерзiмдi ноттарды өтеуге ақша аударылғаннан кейiн Орталық депозитарий Бастапқы агенттердiң "депо" есепшоттарынан қысқа мерзiмдi ноттарды есептен шығарады (өтейдi).
Тармақ 61
61. Қысқа мерзiмдi ноттарды өтегеннен кейiн Орталық депозитарий сол күнi Ұлттық Банкке өтелгенi туралы хабарлама жiбередi.
Тарау 7. 7-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттарды мерзiмiнен бұрын өтеу тәртiбi
7-тарау. Қысқа мерзiмдi ноттарды мерзiмiнен бұрын өтеу тәртiбi
Тармақ 62
62. Ұлттық Банк қаржы рыногына жедел әсер ету мақсатында Бастапқы агентпен мерзiмiнен бұрын өтеу күнiн, санын, бағасын алдын ала келiсе отырып қысқа мерзiмдi ноттарды мерзiмiнен бұрын өтеуге (айналыстан алып тастауға) құқылы.
Тармақ 63
63. Қысқа мерзiмдi ноттарды мерзiмiнен бұрын өтеу жөнiндегi шешiм өкiммен ресiмделедi және оған уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн Төрағаның орынбасары қол қояды.
Тармақ 64
64. Уәкiлеттi бөлiмше және Бастапқы агенттер қысқа мерзiмдi ноттарды мерзiмiнен бұрын өтеу жөнiндегi шешiм негiзiнде Орталық депозитарийге бұйрығын бередi.
Тармақ 65
65. Орталық депозитарий сол күнi бұйрықтарының келiп түсуiне қарай Бастапқы агенттердiң және оның клиенттерiнiң "депо" есепшоттарында қысқа мерзiмдi ноттардың саны жеткiлiктi болуын тексередi және оларға есеп айырысу аяқталғанға дейiн қысқа мерзiмдi ноттарды тоқтата тұрады.
Тармақ 66
66. Орталық депозитарий салыстыру нәтижелерi бойынша Ұлттық Банкке Бастапқы агенттердiң "депо" есепшоттарында мерзiмнен бұрын өтеуге жататын қысқа мерзiмдi ноттардың болуы жөнiндегi мәлiметтердi жiбередi.
Тармақ 67
67. Ұлттық Банк өтеуге жататын қысқа мерзімді ноттардың болуы жөніндегі мәліметтер негізінде Орталық депозитарийдің позициясына ақша аударады.
Тармақ 68
68. Орталық депозитарий ақшаны алғаннан кейін Орталық депозитарийдің позициясынан ақшаны есептен шығарудың және оларды қысқа мерзімді ноттарды өтеу есебіне Бастапқы агенттердің позициясына есепке алудың төлем тапсырмасын рәсімдеп, оны Орталыққа жібереді.
Тармақ 69
69. Орталық депозитарийдің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны Орталық депозитарийдің позициясынан Бастапқы агенттер позициясына есептен шығара отырып Орталық депозитарийге аударым жүргізілгені туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 70
70. Орталықтың ақшаның аударылғаны жөніндегі хабарламасы негізінде Орталық депозитарий Бастапқы агенттердің "депо" есепшоттарынан қысқа мерзімді ноттарды есептен шығарады (өтейді).
Тармақ 71
71. Орталық депозитарий мен Ұлттық Банктiң, сондай-ақ Бастапқы агенттердiң бұйрықтарды орындау және ақша аудару жөнiндегі өзара қарым-қатынастары тиiстi шарттармен реттеледi. Ескерту: 71-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Басқа 91. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарымен операция жасау тәртiбi туралы YЛГI ШАРТ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 554 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiне N 1 қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарымен операция жасау тәртiбi туралы YЛГI ШАРТ Алматы қаласы                           "___" ________200_ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, бұдан әрi - "Ұлттық Банк" деп аталады, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негiзiнде iс-әрекет жасайтын______________________________ арқылы, бiр жағынан және _________________ ________________________, бұдан әрi - "Бастапқы Агент" деп аталады, Жарғы негiзiнде iс-әрекет жасайтын_________________________________ арқылы екiншi жағынан, мына төмендегiлер жайында осы Шартты жасады:
Тармақ 1. 1. ШАРТТЫҢ МӘНI
1. ШАРТТЫҢ МӘНI
Тармақ 1.1
1.1. Ұлттық Банк Бастапқы Агентке Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы "__"____________ N____ қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiне" (бұдан әрi - Ереже) және осы Шарттың талаптарына сәйкес Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарымен (бұдан әрi - қысқа мерзiмдi ноттар) операциялар жасауға өкiлеттiк бередi.
Тармақ 2. 2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МIНДЕТТЕРI
2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МIНДЕТТЕРI
Тармақ 2.1
2.1. Ұлттық Банк: 2.1.1 Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда, Бастапқы агенттiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастырған кезде оның әрекетiн бақылау барысында алған ақпарат жөнiнде мәлiметтi жарияламауға;
Тармақ 2.1.2
2.1.2. Бастапқы агенттi Ережедегi барлық өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде бұл өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде хабардар етуге;
Тармақ 2.1.3
2.1.3. Бастапқы агентпен осы Шартты бұзған жағдайда, оны бұзардан отыз күн бұрын бұл жөнiнде Бастапқы агенттi, сондай-ақ осы Бастапқы агенттiң барлық инвесторларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге;
Тармақ 2.1.4
2.1.4. Қысқа мерзiмдi ноттар Ережеге сәйкес өтелсiн. Ескерту: 2.1.4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 2.2
2.2. Ұлттық Банк:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Бастапқы агенттiң қызметiн бақылау мақсатында қысқа мерзiмдi ноттар рыногында операциялар жүргiзетiн Бастапқы агенттiң кез келген операциялары жөнінде қажеттi ақпаратты сұрауға;
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Қолданылып жүрген Ереже бұзылған жағдайда, сондай-ақ осы Шарттың 2.4.3. тармағы сақталмаған жағдайда немесе Бастапқы агент сатып алынған қысқа мерзiмді ноттардың ақысын төлеуде ақша аударудан ішінара бас тартқанда Бастапқы агенттi 5 рет қатарынан қысқа мерзімді ноттар аукционынан бiржақты тәртiппен шеттетуге; Ескерту: 2.2.2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 2.2.3
2.2.3. Бастапқы агент немесе оның инвесторы қысқа мерзiмдi ноттардың төлеміне ақша аударудан толығымен бас тартқанда немесе ішінара бас тартуды қайталаған жағдайда, сондай-ақ оның iс-әрекетiнен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу байқалған жағдайда, Бастапқы агенттiң бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi уәкiлеттi бөлiмшенiң брокерлiк және дилерлiк қызмет жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алып, Бастапқы агентпен бiр күнтiзбелiк жыл бойы қысқа мерзiмдi ноттарды орналастыру туралы шартқа қол қою құқығынсыз осы Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.
Тармақ 2.3
2.3. Ұлттық Банктiң өзгерiстер мен толықтырулардың енгiзiлгенi жөнiнде хабардар етпеуi салдарынан Бастапқы агенттiң Ереженiң қағидаларын бұзуы ҰЛттық Банктің Бастапқы агенттің қысқа мерзiмдi ноттар орналастыруға қатысу жөнiндегi құқығын шектеуiне негiз болып табылмайды. Ескерту: 2.3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 2.4
2.4. Бастапқы агент:
Тармақ 2.4.1
2.4.1. Осы Шарттың талаптарын сақтауға, Ережеге және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес қысқа мерзiмдi ноттармен мәмiлелер жасауға;
Тармақ 2.4.2
2.4.2. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарына қызмет көрсетуге "Бағалы қағаздардың орталық депозитарий" жабық акционерлiк қоғамымен Шарт жасауға;
Тармақ 2.4.3
2.4.3. Бастапқы агенттiң қызметiн орындау кезеңiнде қысқа мерзiмдi ноттар аукциондарына қатарынан үш аукционды жiбермей қатысуына;
Тармақ 2.4.4
2.4.4. Бастапқы рынокта аукционның баға талаптарына, сондай-ақ қайталама рыноктағы қысқа мерзiмдi ноттардың рыноктық бағасына әсер ету мақсатында бағалы қағаздар рыногының басқа қатысушыларымен жазбаша немесе ауызша уағдаластықтар жасамауға;
Тармақ 2.4.5
2.4.5. Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмшесiне орналастыруға қатысуға өтiнiмдерге қол қоюға уәкiлеттi тұлғалар өтiнiмдердi қағазға жазып берген жағдайда олардың қол қою үлгiлерiн беруге; Ескерту: 2.4.5-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 2.4.6
2.4.6. Ережеге сәйкес сатып алынған қысқа мерзiмдi ноттардың ақысын төлеуге тиiстi ақы төлеу күнi сағат 17.00-ден кешiктiрмей ақшаның түсуiн қамтамасыз етсiн. Сатып алынған қысқа мерзiмдi ноттардың ақысын төлеуге ақша сағат 17.00-ден кейiн түскен жағдайда ақша түсуiнiң кешiгуi ақша бiр күнге кешiктiріліп түстi деп қаралады; Ескерту: 2.4.6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 2.4.7
2.4.7. Осы Шарт бұзылған жағдайда Бастапқы агент өз инвесторларын олар таңдап алған басқа Бастапқы агентке қызмет көрсетуге ауыстыруға міндетті.
Тармақ 2.5
2.5. Бастапқы агент:
Тармақ 2.5.1
2.5.1. Ұлттық Банкке кемiнде бiр ай бұрын жазбаша хабарлап, осы Шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқылы.
Тармақ 3. 3. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI
3. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI
Тармақ 3.1
3.1. Осы Шарт бойынша мiндеттемелердiң орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және осы Шарттың талаптарына сәйкес жауап бередi.
Тармақ 3.2
3.2. Бастапқы агенттен және/немесе оның инвесторынан сатып алынған қысқа мерзiмдi ноттардың төлемi уақтылы түспегенi үшiн, Бастапқы агенттен кешеуiлдетiлген әрбiр күн үшiн төлемнiң барлық сомасының 2% мөлшерiнде өсiмпұл өндiрiледi. Ескерту: 3.2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
Тармақ 4. 4. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
4. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Тармақ 4.1
4.1. Дүлей күштiң, атап айтқанда: табиғат апаты, жол апаты, өрт, электр қуатының сөнiп қалуы, байланыс желiлерiнiң бүлiнуi, жаппай тәртiпсiздiк, ереуiлдер, әскери iс-қимылдардың туындауы, Шартта көрсетiлген қызмет түрлерiне тiкелей немесе жанама тыйым салатын заң актiлерi, үкiмет қаулылары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының өкiмдерi, сондай-ақ шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарының заңнамалары және басқа актiлерi Шарт бойынша өз қызметiн жүзеге асыруына кедергi келтiретiн болса және Тараптардың еркiнен тыс басқа жағдайлардың әсерiнен туындаған жағдайда, егер зардап шеккен Тарап мұндай жағдайлар басталған сәттен бастап 10 күннен кешiктiрмей және байланыс болған кезде орын алған жағдай туралы басқа Тарапқа хабарласа, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын тезiрек жою үшiн барлық шараларды қолданатын болса, олар өздерiне қабылдаған мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.
Тармақ 4.2
4.2. Төтенше жағдайларға байланысты зиян шеккен Тарап дүлей күштiң әсерiне ұшыраған Тараптан болған оқиғалары жөнiнде дәлелдер, сондай-ақ шеккен зиян көлемiн есептеуге байланысты кез келген құжаттарды талап ете алады.
Тармақ 5. 5. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТIБI
5. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТIБI
Тармақ 5.1
5.1. Осы Шарт талаптарын орындау барысында келiспеушiлiктер мен даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды сот тәртiбiнен тыс реттеу үшiн қажеттi шаралардың бәрiн қабылдауға мiндеттенедi.
Тармақ 5.2
5.2. Өзара келiсiмге келе алмаған кезде барлық реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес сотта қаралады.
Тармақ 5.3
5.3. Осы Шартта реттелмеген басқа барлық мiндеттердi шешуде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 6. 6. ШАРТТЫҚ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗIМI
6. ШАРТТЫҚ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗIМI
Тармақ 6.1
6.1. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi және бiр күнтiзбелiк жыл бойы қолданылады.
Тармақ 6.2
6.2. Егер Тараптардың бiрi осы Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күнтiзбелiк ай бұрын басқа тарапты өзiнiң осы Шартты бұзу ниетi туралы жазбаша хабарламаса, онда ол бiр күнтiзбелiк жылға ұзартылды деп есептеледi.
Тармақ 6.3
6.3. Тараптар бұл жөнiнде кем дегенде бiр ай бұрын басқа Тарапты жазбаша хабардар ете отырып осы Шартты кез келген уақытта бiр жақты тәртiппен бұзуға құқылы.
Тармақ 7. 7. БАСҚА ТАЛАПТАР
7. БАСҚА ТАЛАПТАР
Тармақ 7.1
7.1. Осы Шарт төрт дана етiп жасалды: Тараптардың әрқайсысы үшiн екi данадан, екеуi мемлекеттiк тiлде және екеуi орыс тiлiнде, әрқайсысының заң күшi бiрдей.
Тармақ 7.2
7.2. Тараптар осы Шартты орындау кезiнде Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 7.3
7.3. Тараптар өзара келiсе отырып осы Шартқа кез келген өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзуге құқылы. Шартқа енгiзiлетiн өзгерiстер және/немесе толықтырулар жазбаша түрде ресiмделуi және Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi қол қоюы тиiс.
Тармақ 8. 8. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРI
8. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРI Ұлттық Банк                             Бастапқы агент
Басқа 133. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 554 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiне N 2 қосымша Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен . ___________________ жiберiлген номерi "___"__________ 200__ ж. 200 __ жылғы "__" ________ N ___ шығарылым бойынша ___________ (орналастыру түрi (аукцион, қосымша орналастыру) көрсетiледi) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға Өтінім Бастапқы агент ретiнде әрекет ететiн бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы N _____________________________________________ (ресми атауы және оның "депо" шоты) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде ашылған корреспонденттiк шот N _____________________, БИК __________________________ күн айналыс мерзiмiмен және __________________ күн өтеу мерзiмiмен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын мынадай баға талаптарымен сатып алуға әзiрлiгiн бiлдiредi: ------------------------------------------------------------------ Тармақ.!Қысқа !Бастапқы!Бiр    !Номиналдық !Бiр ноттың !Дисконт. тың но.!мер   !агенттiң!ноттың !құн бойынша!дисконттел.!телген мерi N !зiмдi !"депо"  !номи.  !сатып алу  !ген бағасы !баға !нот.  !шоты    !налдық !көлемi     !           !бойынша !тардың!        !құны   !           !           !сатып алу !саны  !        !       !           !           !көлемi !(дана)!        !(теңге)!  (теңге)  !  (теңге)  !(теңге) ------------------------------------------------------------------ бәсекелес ұсыныстар Жиынтығы: бәсекелес емес ұсыныстар Жиынтығы: ------------------------------------------------------------------ Басшы:          _________________ аты-жөні Бас бухгалтер:  _________________ аты-жөні
Басқа 134. АУКЦИОННЫҢ ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСI
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 554 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiне N 3 қосымша Ескерту: Қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен . Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өтеу күні - ______________ күн болатын N ______ эмиссия бойынша қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға түскен өтiнiмдердiң АУКЦИОННЫҢ ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСI Аукционның талаптары былайша белгiленген: Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатудың белгiленген көлемi__ млн. теңге Бiр қатысушының өтінiмдерiн қанағаттандыруға шектеу процентi____________% Жарияланған көлемнiң бәсекелес емес ұсыныстарын қанағаттандыру процентi __% Қазақстан Республикасының резидент емес инвесторларының қатысу процентi __% Резидент еместер үшiн жарияланған көлемiнiң бәсекелес емес ұсыныстарын қанағаттандыру процентi ________% ____________________________________________________________________ Өтінiмде !Өтінімде !Осы дис.!Резиденттердің қысқа !Резидент емес. көрсе.   !көрсетіл.!конттел.! мерзімді ноттарды   !тердің қысқа мер. тiлген   !ген баға !ген баға!  сатып алу көлемі   !зімді ноттарды дисконт. !бойынша  !бойынша !                     !сатып алу көлемі телген   !сыйақы   !берілген!_____________________!________________ баға     !ставкасы,!өтінім. ! Қысқа   !Өтінімдерді! Қысқа   !Өтінім. !   %     !дердің  ! мерзімді! қанағат.  ! мерзімді! дерді !         ! саны   ! ноттар. ! тандыру   ! ноттар. !қанағат !         !        !дың саны,! кезінде   !дың саны,!тандыр. !         !        !  дана   !түскен сома! дана    !ру кез. !         !        !         !           !         !інде !         !        !         !           !         !түскен !         !        !         !           !         ! сома ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ жиынтығы ____________________________________________________________________ таблицаның жалғасы _______________________________________________________ Өспелі жиынтығы          !Аукционда    ! Орташа       ! Аукцион бойынша ақша     !қалыптасқан  ! алғандағы    ! түсімінің көлемі         !орташа       ! дисконттелген! ________________________ !алғандағы    ! баға бойынша ! Көрсетілген  Көрсетілген !дисконттелген! сыйақының    ! шектеулер    шектеулер   !баға         ! жылдық       ! ескеріле     ескерілмей  !             ! ставкасы, %  ! отырып                   !             !              ! ________________________ !             !              ! дана теңге   дана теңге  !             !              ! _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ Қабылданған өтiнiмдердiң           Бәсекелес емес БҚ-дың 1 қысқа мерзiмдi нотына            барлық саны ____дана орташа дисконттелген баға: _____________ болды. МБҚ-мен операциялар жасауға        Күні _______________ уәкiлеттi бөлiмшенiң басшысы _______ (аты-жөнi) Қысқа мерзiмдi ноттарды орналастыру мына баға талаптарымен жүргiзiлсiн: Кесiмдi бағасы _________ (теңге) Орташа алғандағы баға ___ (теңге)   Шектеу ____ Көлемі___(теңге) Қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша орналастыру мынадай талаптармен жариялансын: Орташа алғандағы баға____ (теңге) Қосымша орналастыру көлемi ___ (теңге) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары ________________
Басқа 135. ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 554 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiне N 4 қосымша Ескерту: Қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен . Қазақстан Республикасының                  Бастапқы агентке Ұлттық Банкі                        (толық атауы, оның тiркеу коды) Бiрiншi басшы (лауазымы, аты-жөнi) мекен-жайы _______ _______ _______ N _____________________ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Сiздiң қысқа мерзiмдi ноттарды сатып алуға берген өтiнiмiңiз 200___ ж. "___" ______ N __ эмиссия бойынша ______ теңгеге қанағаттандырылғанын хабарлайды. Орташа алғанда дисконттелген аукцион бағасы бiр қысқа мерзiмдi нот үшiн теңге __________ болды. ____________________________________________________________________ Өтiнiмнiң ! Бастапқы !Қысқа мерзімді!Бір қысқа мерзімді!Сатып алудың тармағы  ! агенттің !ноттардың саны!нот үшін дисконт. !қанағаттан. N     !  депо    !   (данасы)   !   телген баға    !дырылған !  шоты    !              !     (теңге)      !көлемі !          !              !                  ! (теңге) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ЖИЫНТЫҒЫ: ____________________________________________________________________ МБҚ-мен операция жасауға уәкiлеттi бөлiмшенiң басшысы
Басқа 136. ҚОСЫМША ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСI
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 554 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiне N 5 қосымша Ескерту: Қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 109   қаулысымен . Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қосымша орналастыру әдiсi бойынша өтеу күні - __________________ _____ күн болатын N __________  эмиссия бойынша қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға түскен өтiнiмдердiң ҚОСЫМША ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСI Қосымша орналастыру талаптары былайша белгiленген: Осы эмиссияның аукционда қалыптасқан орташа алғандағы дисконттелген бағасы _______ теңге Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын қосымша орналастырудың белгiленген көлемi ________ млн. теңге Бiр қатысушының өтiнiмдерiн қанағаттандыруға шектеу процентi_____ % Қазақстан Республикасының резидент емес инвесторларының өтiнiмдерiн қанағаттандыруды шектеу процентi                _____ % ____________________________________________________________________ Өтiнiм.!  Орташа  !Өтінім.!  Резиденттердің   !Резидент еместердің нiң  !алғандағы !дердің !  МБҚ-ды қосымша   ! МБҚ-ды қосымша реттік !дисконт.  ! саны  !орналастыру көлемі !орналастыру көлемі номерi !телген    !       !___________________!_____________________ !баға      !       !Қысқа  !Қосымша    !Қысқа     !Өтінім. !бойынша   !       !мерзім !орналас.   !мерзімді  !дерді !сыйақының !       !ді нот.!тыру       !ноттардың !қанағат. !жылдық    !       !тардың !көлемі,    !саны,     !тандыру !ставкасы, !       !саны,  !теңге      !дана      !кезінде !    %     !       !дана   !           !          !түскен !          !       !       !           !          !сома ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________                  жиынтығы ____________________________________________________________________ таблицаның жалғасы ___________________________ Өспелі жиынтығы       ! Қосымша орналастыру көлемі ! ___________________________! Көрсетілген !Көрсетілген   ! шектеулер   !шектеулер     ! ескерілген  !ескерілмеген  ! ____________!______________! дана !теңге ! дана !теңге  ! ___________________________! ____________________________ ____________________________ ____________________________ Қысқа мерзiмдi ноттарды қосымша орналастыру ____________ (теңге) көлемiнде жүргiзiлсiн Уәкiлеттi бөлiмшенiң басшысы _______(аты-жөнi)  Күнi ____________