О прокуратуре Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Прокуратура туралы Осы Заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының мәртебесін, құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Прокуратураның мақсаты
1-бап. Прокуратураның мақсаты Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Бап 2. 2-бап. Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері
2-бап. Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері Прокуратураның құзыреті, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі Конституцияда және заңда айқындалады.
Бап 3. 3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң қағидаттары
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң қағидаттары
Тармақ 1
1. Прокуратура төмен тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды.
Тармақ 2
2. Прокуратура өз өкілеттіктерін заңдылық, басқа мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсiз болу және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп беру қағидаттарында жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Прокуратура органдары өз функциялары мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде олардың қызметiне араласуға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың қызметіне араласуға, олардың қызметіне тексеріс тағайындауға, заңда көзделмеген негіздер бойынша ақпарат не құжаттар сұратуға құқылы емес.
Тармақ 5
5. Прокуратура органдары адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау туралы заңнама талаптарына қайшы келмейтiндей деңгейде жария әрекет етеді.
Бап 4. 4-бап. Прокуратураның міндеттері
4-бап. Прокуратураның міндеттері Прокуратура заңда белгіленген шекте мынадай міндеттерді:
Тармақша 1
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды және қалпына келтіруді;
Тармақша 2
2) заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың зардабын анықтауды және жоюды;
Тармақша 3
3) құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді;
Тармақша 4
4) заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ САЛАЛАРЫ
2-тарау. ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ САЛАЛАРЫ
Бап 5. 5-бап. Прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары
5-бап. Прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары Прокуратура заңда белгіленген шекте және тәртіппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің;
Тармақша 2
2) заңды күшіне енген сот актілерінің;
Тармақша 3
3) атқарушылық іс жүргізудің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің;
Тармақша 4
4) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың: сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел іздестіру және қарсы барлау қызметі; қылмыстық жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау салаларындағы қызметінің;
Тармақша 5
5) мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың заңдылығын;
Тармақша 6
6) заңда айқындалатын өзге де бағыттар бойынша заңдылықты жоғары қадағалауды (бұдан әрі – қадағалауды) жүзеге асырады.
Бап 6. 6-бап. Қадағалау нысанасы, нысандары және шегі
6-бап. Қадағалау нысанасы, нысандары және шегі
Тармақ 1
1. Прокуратура – мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, ал айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қадағалау тексерістер және заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу, сондай-ақ күшіне енген актілерді бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Прокурор заңдылықтың сақталуын тексеруді өзінің құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмалары негізінде тағайындайды және жүргізеді.
Тармақ 4
4. Бас Прокурор орынбасарларының, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың, аудандар прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының қызметіне тексерісті тағайындау және жүргізу туралы шешімдері:
Тармақша 1
1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың;
Тармақша 2
2) шектелмеген адамдар қатарының;
Тармақша 3
3) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің;
Тармақша 4
4) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдары тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қабылданады.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Прокуратура органдары қадағалауды жүзеге асырған кезде өзге де мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды.
Бап 7. 7-бап. Тексерістер жүргізу тәртібі
7-бап. Тексерістер жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Прокурор, мына жағдайларды:
Тармақша 1
1) осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде жүргізілетін тексерістерді;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) тексеріс тағайындауға осы органның не оның лауазымды адамының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым себеп болған жағдайды қоспағанда, құзыретіне тексеріс жүргізу кіретін уәкілетті мемлекеттік органға тексеріс жүргізуді тапсырады. Құзыретті орган прокурорға тексеріс нәтижелері туралы заңда белгіленген мерзімде хабарлауға міндетті.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тексерісті прокурор жүргізеді. Прокурор осы Заңның 6-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда тексерісті тағайындауға және жүргізуге құқылы.
Тармақ 3
3. Тексеріс жүргізу туралы қаулы шығарылады, ол құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда тіркеледі. Заңдылықтың сақталуын тексеру отыз жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жүргізіледі. Қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажет болған кезде, сондай-ақ тексеріс көлемінің ауқымдылығына байланысты айрықша жағдайларда оны жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге және Бас Прокурормен, оның орынбасарымен, облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурормен келісу бойынша ғана ұзартылуы мүмкін. Сараптама тағайындалған, сондай-ақ шет мемлекеттерден мәліметтер мен құжаттар алу қажет болған жағдайларда – оларды алғанға дейін, сондай-ақ тексеріс жүргізуге кедергі келтіретін өзге де жағдайларда тексеріс тоқтатыла тұруы мүмкін. Тоқтатыла тұрған тексерісті жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады. Тексерістерді тағайындау туралы қаулыларды тіркеудің осы тәртібі және оларды жүргізу мерзімдері қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару заңнамасы, атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық, жедел іздестіру және қарсы барлау қызметі туралы заңнама шеңберінде жүргізілетін тексерістерге қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Тексерісті тағайындау туралы қаулыда көрсетілген адамдар ғана тексеріс жүргізе алады.
Тармақ 5
5. Тексерісті жүзеге асыру кезінде прокурор:
Тармақша 1
1) егер құжаттар, ақпарат тексеріс объектісі болып табылмаса немесе тексеріс нысанасына жатпаса, олардың берілуін талап етуге;
Тармақша 2
2) тексеріс жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асыруға;
Тармақша 3
3) тексерілетін субъектінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруге құқылы емес.
Бап 8. 8-бап. Заңдылықтың жай-күйін талдау
8-бап. Заңдылықтың жай-күйін талдау
Тармақ 1
1. Заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізудің, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен ресурстарға қолжетімділікті пайдалана отырып талдау жүргізудің тәртібі осы заңда, өзге де заңнамалық актілерде және Бас Прокурордың актілерінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Заңдылықтың жай-күйін талдау прокурорлардың субъектілерге (объектілерге) бармастан статистикалық деректерді, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін, азаматтық және қылмыстық істердің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарын, сондай-ақ өзге де ақпарат көздерін зерделеу арқылы жүргізіледі. Заңдылықтың жай-күйін талдау нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді. Заңдылықтың жай-күйін талдау нәтижелері бойынша осы Заңға сәйкес прокурорлық қадағалау не ден қою шаралары қабылданады. Прокурор мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардан заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуге байланысты ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды талап етіп алдыруға құқылы.
Бап 9. 9-бап. Тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері
9-бап. Тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері прокурорлар тексеріс жүргізген кезде:
Тармақша 1
1) мынадай: тексерілетін субъектіге тексеріс тағайындау туралы қаулыны бермеген; құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеу міндетті болатын кезде, мұндай тіркеусіз тексеріс жүргізілген; осы Заңның 7-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзім өтіп кеткен; тексеріс тағайындау туралы қаулыда көрсетілмеген адамдар тексеріс жүргізген; заңнамада көзделген жағдайда мемлекеттік құпияларға қолжетімділігі туралы рұқсатын растайтын құжаты болмаған жағдайларда, объектіге тексеріс жүргізу үшін келген адамдарды жібермеуге;
Тармақша 2
2) мынадай: жүргізілетін тексеріс нысанасына немесе тексеріс тағайындау туралы қаулыда көрсетілген кезеңге жатпайтын; мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтермен және құжаттармен танысуға құқық беретін тиісті рұқсаты немесе құжаты болмаған кезде осындай мәліметтер мен құжаттарды бермеуге;
Тармақша 3
3) тексеріс тағайындау туралы қаулыға, сондай-ақ прокуратура органдарының лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) заңда белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
Тармақ 2
2. Тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері прокурорлар тексеріс жүргізген кезде:
Тармақша 1
1) прокуратура органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті. Прокуратура органдарының лауазымды адамдарының режимдік объектілердің аумағына және үй-жайларына кіруі тексерілетін ұйымда белгіленген өткізу және объектішілік режимдер туралы талаптар ескеріле отырып қамтамасыз етіледі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, прокуратура органдарының лауазымды адамдарына тексеріс нысанасы шегінде қағаз және электрондық жеткізгіштегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексеріс нәтижелері туралы анықтамаға қоса тіркеу үшін беруге, сондай-ақ органдар мен ұйымдардың құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелері мен ресурстарына қолжетімділік жасауға;
Тармақша 3
3) тексеріс тағайындау туралы қаулымен және оның нәтижелері туралы анықтамамен танысуға және оларды қол қойып алуға;
Тармақша 4
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы талаптарға сәйкес тексерісті жүзеге асыратын адамдар үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 10. 10-бап. Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкестігін қадағалау
10-бап. Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкестігін қадағалау
Тармақ 1
1. Прокуратура:
Тармақша 1
1) осы Заңның 24-бабының 2-тармағында көрсетілген актілерді қоспағанда, Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдерінің;
Тармақша 2
2) меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдері физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдарға, шектелмеген адамдар қатарына қатысты болса не жария сипатқа ие болса, олардың актілері мен шешімдерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкестігін қадағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Осы бапта көзделген қадағалауды прокуратура қабылданған актілер мен шешімдерді Бас Прокурордың актісімен айқындалған тәртіппен бағалау арқылы жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі заңдылықтың сақталуын қадағалау
11-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі заңдылықтың сақталуын қадағалау Прокуратура қылмыстық-процестік заңнамада айқындалған өкілеттіктерге сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі және жасырын тергеу әрекеттері заңдылығының сақталуын қадағалау
12-бап. Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі және жасырын тергеу әрекеттері заңдылығының сақталуын қадағалау
Тармақ 1
1. Жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттері заңдылығының сақталуын қадағалау қылмыстық-процестік заңнамада, осы Заңда, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Бас Прокурордың актілерінде және онымен келісілген құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Қарсы барлау қызметі заңдылығының сақталуын қадағалау «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Бас Прокурор мен қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген жағдайларда жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының жүргізілуін санкциялайды, оларды жүргізудің заңдылығын, сондай-ақ жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің заңдылығын тексереді;
Тармақша 2
2) жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуіне бастамашылық жасайды;
Тармақша 3
3) заңдылықты, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар анықталған кезде, жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатады;
Тармақша 4
4) заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Бап 13. 13-бап. Қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын қадағалау
13-бап. Қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын қадағалау Заңды күшіне енген сот актілерін қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор заңда белгіленген тәртіппен және шекте:
Тармақша 1
1) соттан сот актілері заңды күшіне енген қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, сондай-ақ үкімнің орындалу мәселелері бойынша материалдарды сұратады, қабылданған актілердің заңдылығын зерделейді және негіздер болған кезде оларға наразылық білдіреді;
Тармақша 2
2) заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхаттарды қарайды;
Тармақша 3
3) заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Бап 14. 14-бап. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау
14-бап. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор:
Тармақша 1
1) осы Заңның 6-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда сот орындаушысы әрекеттерінің заңдылығын тексереді;
Тармақша 1-1
1-1) заңда белгіленген жағдайларда сот орындаушыларының қаулыларын санкциялайды;
Тармақша 2
2) заңда белгіленген жағдайларда сот орындаушысының іс жүргізуінен атқарушылық құжатты алады және оны басқа сот орындаушысына беру үшін «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына береді;
Тармақша 3
3) заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Бап 15. 15-бап. Жазаларды орындаудың және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудың заңдылығын қадағалау
15-бап. Жазаларды орындаудың және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудың заңдылығын қадағалау
Тармақ 1
1. Жазаларды орындаудың және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) ұстап алудың, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде және гауптвахталарда күзетпен ұстаудың заңдылығын;
Тармақша 2
2) ұстап алынғандардың, күзетпен ұстаудағы және қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарының, оларды ұстау жағдайларының сақталуын, сондай-ақ аталған адамдардың өздеріне заңмен жүктелген міндеттерді орындауын;
Тармақша 3
3) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны орындаудың заңдылығын тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор:
Тармақша 1
1) бас бостандығынан айыру орындарына және жазалар мен мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын орындайтын басқа да мекемелерге тексеру мақсатымен кез келген уақытта баруға;
Тармақша 2
2) жазаларды орындайтын мекемелер әкімшілігінің актілерін заңда белгіленген жағдайларда келісуге;
Тармақша 3
3) күзетпен ұстаудағы, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға заңды бұза отырып қолданылған тәртіптік жазалар мен көтермелеулердің күшін жоюға, өзінің қаулысымен оларды тәртіптік изолятордан, жалғыз адамдық камерадан босатуға;
Тармақша 4
4) заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындауға құқылы.
Бап 16. 16-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қадағалау
16-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қадағалау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 2
2) ұстап беру, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, сотталғандарды және психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды беру туралы, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын заңнамада белгіленген тәртіппен жасасуға;
Тармақша 3
3) ұстап беру, бас бостандығынан айыруға сотталғандарды одан әрі жазасын өтеу үшін беру, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы, адамдар транзиті, процестік әрекеттерді жүргізу жөніндегі тапсырмаларды жіберу және орындау туралы өтінішхаттарды қарауға;
Тармақша 4
4) шет мемлекеттердің құзыретті органдарында қылмыстық қудалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге;
Тармақша 5
5) заңда және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындауға құқылы.
Бап 17. 17-бап. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау
17-бап. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау Прокуратура «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, осы Заңда және өзге де заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалауды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. СОТТА МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕЛЕРІН БІЛДІРУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ
3-тарау. СОТТА МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕЛЕРІН БІЛДІРУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ
Бап 18. 18-бап. Сотта мемлекет мүдделерін білдіру
18-бап. Сотта мемлекет мүдделерін білдіру Прокуратура Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен сотта мемлекет мүдделерін білдіреді.
Бап 19. 19-бап. Қылмыстық қудалау
19-бап. Қылмыстық қудалау Прокуратура мемлекет атынан қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ БАҒЫТТАРЫ
4-тарау. ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ БАҒЫТТАРЫ
Бап 20. 20-бап. Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру
20-бап. Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру
Тармақ 1
1. Құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді прокуратура органдары осы органдардың өзара іс-қимылын, өзара ақпарат алмасуды және ортақ міндеттерді іске асыру кезінде олардың келісілген әрекеттерін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. Аталған қызметті прокуратура органдары Бас прокуратураның, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың жанынан құрылатын тұрақты жұмыс істейтін үйлестіру кеңестерінің шеңберінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңестері өз қызметін Конституцияға, заңдарға, Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Бап 21. 21-бап. Өтініштерді қарау
21-бап. Өтініштерді қарау
Тармақ 1
1. Прокуратура органдары өтініштерді осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ заңдылықты бұзушылықтар не олардың басталу қаупі туралы өтініштерді осы Заңның 6-бабы 4-тармағында және 7-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қарайды.
Тармақ 2
2. Прокурорлар өтініштерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде қарайды. Өтінішті қарауға байланысты тексеру тағайындалған жағдайда, оны жүргізу тәртібі мен мерзімдері осы Заңның 7-бабында айқындалады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары қарау тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы, сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы заңнамасында белгіленген өтініштерге қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, анонимдік өтініштер прокуратура органдарында қаралуға жатпайды. Прокурор өтініш жасаған адамның мүддесi үшін ақпарат көзiн жария етпеуге құқылы.
Бап 22. 22-бап. Прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының қызметі
22-бап. Прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының қызметі Прокуратураның ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымы:
Тармақша 1
1) статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады және арнайы есепке алуды жүргізеді, процестерді автоматтандырады;
Тармақша 2
2) ішкі істер органдары қызметкерлерін қоспағанда, заңнамада көзделген жағдайларда құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын адамдарды кәсіптік даярлауды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, оның ішінде Президенттік резервте тұрған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары басшылығының қызметкерлерін кәсіптік қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ құқық қорғау қызметі саласындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру мен жүргізуді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау. ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТIЛЕРI
5-тарау. ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТIЛЕРI
Бап 23. 23-бап. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесi
23-бап. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесi
Тармақ 1
1. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесiн:
Тармақша 1
1) прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, санкция, нұсқау, ұсыну, қаулы;
Тармақша 2
2) прокурорлық ден қою актілері: өтінішхат, арыз, үндеу, заңды түсіндіру;
Тармақша 3
3) прокуратураны ұйымдастыру және оның қызметі мәселелерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар, регламенттер және басқалар құрайды.
Тармақ 2
2. Заңда белгіленген негізде, тәртіппен және шекте енгізілген прокурорлық қадағалау актілері олар жіберілген органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың қарауы, орындауы үшін міндетті. Заңда белгіленген негізде, тәртіппен және шекте енгізілген прокурорлық қадағалау актілерін қарамау, орындамау не прокурордың заңды талаптарын орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 24. 24-бап. Наразылық
24-бап. Наразылық
Тармақ 1
1. Прокурор Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiне және Республика ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетiн нормативтiк және өзге де құқықтық актiлерге және мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) наразылық келтіреді.
Тармақ 2
2. Заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңестің актілері, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары, Жоғары Сот Кеңесінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (жүргізілген тексеріс қорытындылары бойынша) актілері, техникалық сипаттағы нормативтік актілер прокурорлардың наразылық білдіруіне жатпайды.
Тармақ 3
3. Наразылық заңсыз актіні, шешімді қабылдаған органға немесе лауазымды адамға, немесе жоғары тұрған органға не жоғары тұрған лауазымды адамға келтіріледі. Органның немесе лауазымды адамның заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) наразылық осындай тәртiппен білдіріледі.
Тармақ 4
4. Прокурордың наразылығын тиiстi орган немесе лауазымды адам күнтізбелік он күн ішінде қарауға тиiс. Наразылық бойынша шешім дайындау және қабылдау қажеттілігіне байланысты прокурор оны қараудың өзге де мерзімін белгілеуге құқылы, бірақ бұл күнтізбелік он күннен кем болмауға тиіс. Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын уақыты мен орны туралы прокурорды хабардар етуге міндетті.
Тармақ 5
5. Прокурор наразылықта заңсыз актiнiң күшiн жоюды не оны Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Республика ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келтiрудi, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекетін (әрекетсіздігін) тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтiрудi талап етедi.
Тармақ 6
6. Орындалуы физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өздерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың, шектелмеген адамдар қатарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардапқа алып келсе не алып келуі мүмкін болса, Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасарлары, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар наразылық келтірілген құқықтық актінің не әрекеттің орындалуын наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 7
7. Заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру негіздері, тәртібі, мерзімдері, сондай-ақ олардың орындалуын тоқтата тұру қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада айқындалады.
Бап 25. 25-бап. Санкция
25-бап. Санкция
Тармақ 1
1. Прокурор заңда белгіленген жағдайларда құқықты шектейтін сипаттағы жекелеген әрекеттерді жасауға, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді алуға санкция (келісім) береді.
Тармақ 2
2. Санкция (келісім) беруді не оны беруден бас тартуды прокурор санкция сұратуға негіз болған материалдар зерделенгеннен кейін лауазымды адамның қаулысына бұрыштама және қол қойып ресімдейді. Санкция (келісім) беруден бас тартылған жағдайда оның себептері мен негіздері көрсетіледі. Санкция (келісім) беру электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамаға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы да куәландырылуы мүмкін.
Бап 26. 26-бап. Нұсқау
26-бап. Нұсқау
Тармақ 1
1. Прокурор:
Тармақша 1
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
Тармақша 2
2) жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттері мәселелері бойынша;
Тармақша 3
3) заңда белгіленген өзге де жағдайларда жазбаша нұсқаулар береді.
Тармақ 2
2. Прокурордың өз құзыреті шегінде берілген нұсқаулары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, жедел-іздестіру қызметін, жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың басшылары мен қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті.
Бап 27. 27-бап. Ұсыну
27-бап. Ұсыну
Тармақ 1
1. Прокурор өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) заңдылықты бұзушылықты жою туралы;
Тармақша 2
2) қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қол сұғылмаушылық құқығына ие адамдарды осы құқықтан айыру мәселелері бойынша;
Тармақша 4
4) заңда белгіленген өзге де жағдайларда ұсыну енгізеді.
Тармақ 2
2. Ұсынуды лауазымды адам немесе орган – күнтізбелік отыз күн ішінде, ал адамның және азаматтың өмірі мен денсаулығы, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардап басталуы мүмкін болған жағдайларда прокурор белгілеген мерзімде заңдылықтың онда көрсетілген бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдай отырып қарауға тиіс. Прокурор ұсынуды қарау кезінде оған қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам прокурорға ұсынуды қараудың уақыты мен орны туралы ұсыну қаралатын күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс. Ұсынуды қараудың нәтижелері және қабылданған шаралар туралы прокуратураға ұсыну қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
Бап 28. 28-бап. Қаулы
28-бап. Қаулы
Тармақ 1
1. Прокурор тәртіптік іс жүргізуді қозғау, тексеріс жүргізу, күштеп әкелу, құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру туралы, мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың күшін жою туралы Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген қаулылар, сондай-ақ заңда көзделген өзге де жағдайларда қаулылар шығарады.
Тармақ 2
2. Прокурордың қаулысы уәкілетті органның немесе лауазымды адамның міндетті орындауына жатады. Қаулыға шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Бап 29. 29-бап. Өтінішхат
29-бап. Өтінішхат Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен прокурор заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат келтіруге құқылы.
Бап 30. 30-бап. Арыз
30-бап. Арыз
Тармақ 1
1. Прокурор заңда белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа арызбен (талап қою арызымен) жүгінуге құқылы.
Тармақ 2
2. Прокурорлық қадағалау актілері қабылданбаған не олар қараусыз қалдырылған кезде прокурор органдардың және лауазымды адамдардың актілерін, шешімдерін және әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді.
Бап 31. 31-бап. Үндеу
31-бап. Үндеу Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында лауазымды адамдарға, мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға үндеу жасауға құқылы. Үндеу бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып немесе өзге де жария тәсілмен таратылады.
Бап 32. 32-бап. Заңды түсіндіру
32-бап. Заңды түсіндіру Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында немесе дайындалып жатқан құқыққа қайшы іс-әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде, прокурор жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне заңдылықты бұзушылықтарға жол бермеу туралы және заңда белгіленген жауаптылық туралы жазбаша және (немесе) ауызша нысанда түсіндіреді.
Бап 33. 33-бап. Прокурорлық қадағалау актілерін және прокурорлық ден қою актілерін жариялау
33-бап. Прокурорлық қадағалау актілерін және прокурорлық ден қою актілерін жариялау Прокуратура органдары өз қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету үшін заңнамада белгіленген шектеулерді сақтай отырып бұқаралық ақпарат құралдарында органдар мен лауазымды адамдардың адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін жариялауға құқылы.
Бап 34. 34-бап. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне шағым жасау
34-бап. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне шағым жасау
Тармақ 1
1. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне жоғары тұрған прокурорға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың әрекеттеріне немесе актілеріне арыз (шағым) бойынша шешім шығарылғанға дейін олардың орындалуын тоқтата тұра алады.
Тармақ 3
3. Жоғары тұрған прокурор мүдделі адамдардың өтініштері бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актілерінің күшін жоя алады, оларды кері қайтара алады, тоқтата тұра алады немесе өзгерте алады.
Тарау 6. 6-тарау. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
6-тарау. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
Бап 35. 35-бап. Прокуратура органдарының жүйесі
35-бап. Прокуратура органдарының жүйесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының бiрыңғай жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар (республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары), аудандық және оларға теңестірілген қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралар (әскери, табиғат қорғау, көлік, арнайы объектілер прокуратуралары) құрайды.
Тармақ 2
2. Прокуратура жанынан прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін ведомстволар, мекемелер, білім беру ұйымдары құрылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Прокуратура органдарының өз нышандары болады, олардың сипаттамасын Бас Прокурор бекітеді.
Тармақ 4
4. Прокуратура органдарын, мекемелерін, ведомстволарын, білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың мәртебесі мен құзыретін айқындау заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 36. 36-бап. Бас Прокурор және оның орынбасарлары
36-бап. Бас Прокурор және оның орынбасарлары
Тармақ 1
1. Бас Прокурорды:
Тармақша 1
1) Парламент Сенатының келiсуiмен Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге лауазымға тағайындайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президентi лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) ол Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi;
Тармақша 4
4) қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, өз өкiлеттiктерi мерзiмi iшiнде Парламент Сенатының келiсімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларына, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Тармақ 2
2. Бас Прокурордың бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Бап 37. 37-бап. Бас Прокурордың өкілеттіктері
37-бап. Бас Прокурордың өкілеттіктері Бас Прокурор:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Республика ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетiн нормативтік және өзге де құқықтық актiлерге наразылық білдіреді;
Тармақша 2
2) төмен тұрған прокуратуралардың қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 3
3) Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады;
Тармақша 4
4) прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелерiнiң және білім беру ұйымының барлық қызметкерлерi мен жұмыскерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, өкiмдер шығарады;
Тармақша 5
5) Бас Прокурордың заңнамалық актілерде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде тікелей көзделген өкілеттіктерін қоспағанда, прокуратура органдарының жүйесінде өз өкілеттіктерін беретін лауазымды адамдарды айқындайды;
Тармақша 6
6) өз құзыретi шегiнде: қылмыстық-процестік заңнама, жедел-iздестiру қызметі туралы заңнама нормаларын қолдану мәселелерi бойынша; құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша; құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінде мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою мәселелері бойынша; прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібін айқындайтын; прокуратураның білім беру ұйымына оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын; құқық қорғау қызметі саласындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, олардың үйлестірілуі және мониторингі тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер; заңнамаға сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
Тармақша 7
7) заңда көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-iздестiру және қарсы барлау қызметiнің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актiлерді келіседі;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Президентіне прокуратура ережесін, құрылымын және жалпы штат санын бекіту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 9
9) облыстардың, аудандардың прокуратуралары, оларға теңестірілген прокуратуралар, прокуратура мекемелері мен білім беру ұйымының ережесін (жарғысын) бекітеді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Президентіне прокуратура ведомстволары мен білім беру ұйымы басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы Президентінің келісуімен облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 12
12) еңбек қатынастары мәселелері заңға сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, мекемелер басшыларын, ведомстволар, мекемелер және білім беру ұйымы басшыларының орынбасарларын, облыстар прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарларын, сондай-ақ аудандардың прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Аталған адамдарды лауазымға тағайындау кезінде оларға үш айға дейінгі мерзімге сынақ мерзімін белгілеуге құқылы;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының Президентiне жоғары басшы құрамның сыныптық шендері мен жоғары офицерлік құрамның әскери атақтарын беру үшiн кандидатуралар ұсынады;
Тармақша 14
14) құқық қорғау қызметі туралы заңнамада белгiленген тәртiппен прокуратура органдарының қызметкерлерiне сыныптық шендер мен әскери атақтар бередi;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының Президентi алдында елдегі заңдылықтың жай-күйі және прокуратура органдарының қызметi туралы есеп бередi;
Тармақша 16
16) прокуратура органдарының қызметкерлерi мен жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға және құрметтi атақтарын беруге ұсынады, ведомстволық наградалармен наградтайды;
Тармақша 17
17) прокуратура органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында қаруды, оқ-дәрiні және арнайы құралдарды алу, есепке алу, сақтау, алып жүру, беру, тасымалдау тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 18
18) өзiне заңмен және Қазақстан Республикасы Президентiнің актілерімен берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Бап 38. 38-бап. Бас прокуратура
38-бап. Бас прокуратура
Тармақ 1
1. Бас прокуратураны Бас Прокурор басқарады.
Тармақ 2
2. Бас прокуратура:
Тармақша 1
1) прокуратура органдары қызметiнiң бағыттары бойынша олардың іс-қимылын бақылауды, үйлестiруді және келісуді қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) заңдардың қолданылуын, заңдылықтың жай-күйiн қадағалау практикасына талдау, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалана отырып талдау жасайды;
Тармақша 3
3) прокуратура органдарының қызметін жетілдіреді;
Тармақша 4
4) жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн, жасырын тергеу әрекеттерін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органдармен заңнамада белгіленген шекте өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 5
5) прокуратура органдары қызметкерлерінің бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және жүргiзедi;
Тармақша 6
6) норма шығарушылық қызметке қатысады;
Тармақша 7
7) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi және қылмыстық-процестік саладағы халықаралық шарттардың жобаларын әзірлейді, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар бастама жасаған прокуратура қызметіне қатысты халықаралық шарттардың жобаларын келіседі.
Бап 39. 39-бап. Облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар мен прокуратуралар
39-бап. Облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар мен прокуратуралар
Тармақ 1
1. Облыстардың прокуратураларын және оларға теңестiрiлген прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады.
Тармақ 2
2. Облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар:
Тармақша 1
1) облыстық, аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де прокуратуралардың қызметiне басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) барлық бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер шығарады;
Тармақша 3
3) Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті үйлестіру кеңестерін басқарады.
Бап 40. 40-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де прокурорлар мен прокуратуралар
40-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де прокурорлар мен прокуратуралар
Тармақ 1
1. Аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларды Бас Прокурор тағайындайтын тиiстi прокурорлар басқарады.
Тармақ 2
2. Аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлар:
Тармақша 1
1) аудандық және оларға теңестiрiлген өзге де прокуратуралардың қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) барлық бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлер үшiн мiндеттi өкiмдер шығарады.
Бап 41. 41-бап. Төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға бағыныстылығы
41-бап. Төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға бағыныстылығы
Тармақ 1
1. Прокурорлардың бағыныстылығы:
Тармақша 1
1) жоғары тұрған прокурорлардың ұйымдастыру және қызмет мәселелерi жөнiндегi нұсқауларының төмен тұрған прокуратуралар үшiн мiндеттiлiгiн;
Тармақша 2
2) төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорлар алдында қызметтік мiндеттерiн орындауы үшiн жауаптылығын;
Тармақша 3
3) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төмен тұрған прокурорлардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруын;
Тармақша 4
4) жоғары тұрған прокурорлардың төмен тұрған прокурорлар актiлерiнiң күшiн жоюын, қайтарып алуын, тоқтата тұруын немесе өзгертуiн;
Тармақша 5
5) төмен тұрған прокурорлардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актiлерiне жасалған шағымдарды жоғары тұрған прокурорлардың шешуiн қамтиды.
Тармақ 2
2. Бас Прокурор осы Заңда белгіленген тәртіппен төмен тұрған прокурорлар бағыныстылығының өзге де нысандарын белгiлеуi мүмкiн.
Бап 42. 42-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар
42-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар
Тармақ 1
1. Бас прокуратура, ведомстволар, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестiрiлген прокуратуралар алқаларын құру туралы шешімді Бас Прокурор қабылдайды.
Тармақ 2
2. Алқа отырыстарында прокуратура органдары қызметiнiң мәселелерi, сондай-ақ Бас Прокурордың, ведомство басшысының, облыс прокурорының немесе оған теңестiрiлген прокурордың ұйғаруы бойынша мүдделі адамдардың қатысуымен алқалы түрде қарауды талап ететiн, заңдылықты анықталған бұзушылықтармен байланысты өзге де мәселелер қаралады.
Тармақ 3
3. Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгінің даусымен қабылданады және прокуратура органдарының бағынысты қызметкерлері мен жұмыскерлері үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 4
4. Бас прокуратурадағы, ведомстволардағы, облыстар прокуратураларындағы және оларға теңестiрiлген прокуратуралардағы алқа жұмысының регламентi мен оның құрамын олардың бірінші басшылары айқындайды.
Тарау 7. 7-тарау. ПРОКУРОРДЫҢ МӘРТЕБЕСІ, ӨКІЛЕТТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІГІ
7-тарау. ПРОКУРОРДЫҢ МӘРТЕБЕСІ, ӨКІЛЕТТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІГІ
Бап 43. 43-бап. Прокурор
43-бап. Прокурор
Тармақ 1
1. Прокурор – прокуратура функцияларын іске асыру мақсатында осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын прокуратура органдарының қызметкері. Мыналар прокурор болып табылады: Бас Прокурор, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілер, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшілер, прокуратура органдары қызметтерінің, департаменттерінің, басқармаларының және бөлімдерінің басшылары, олардың орынбасарлары, бас әскери прокурор, бас көлік прокуроры, облыстар, аудандар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорлары, облыстар прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың аға көмекшілері мен көмекшілері, аудандар прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың аға прокурорлары мен прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкілетті және арнайы прокурорлар.
Тармақ 2
2. Сыныптық шендер немесе әскери атақтар берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендерді немесе әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тармақ 3
3. Прокуратураның әскери міндетті қызметкерлері прокуратура органдарында арнайы есепте тұрады.
Бап 44. 44-бап. Прокурордың өкiлеттiктері
44-бап. Прокурордың өкiлеттiктері
Тармақ 1
1. Прокурор өз құзыретіне сәйкес:
Тармақша 1
1) қылмыстық-процестік заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен әрекеттерді жүзеге асыруға және процестік шешімдер қабылдауға;
Тармақша 2
2) заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жедел-іздестіру қызметінің материалдарын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талап етуге, басшылардан және басқа да лауазымды адамдардан заңдылықтың жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық ақпаратты және өзге де мәліметтерді алуға;
Тармақша 3
3) заңда көзделген негіздерде және тәртіппен сот отырысына қатысуға және іс бойынша қорытынды беруге, соттан сот істерін сұратуға, сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат және наразылықтар келтіруге;
Тармақша 4
4) заңда көзделген тәртіппен тексерістер жүргізуге, оларға қатысу және қорытындылар беру үшін мамандарды тартуға, сондай-ақ қауіпсіздікті және қадағалау қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тексеруді жүзеге асыруға тартуға;
Тармақша 5
5) сараптамалар тағайындауға, прокуратураға келіп түскен материалдар, өтініштер бойынша уәкілетті органдардан тексерістер жүргізуді талап етуге және олардың нәтижелері туралы хабарлауды міндеттеуге;
Тармақша 6
6) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен ресурстарда қамтылған мәліметтерге заңнамада белгіленген негіздерде және тәртіппен қол жеткізуге;
Тармақша 7
7) жүргізілетін тексеріс, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау және қаралатын жолданым мәселелері бойынша лауазымды адамдарды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін түсініктемелер алу үшін шақыртуға;
Тармақша 8
8) негіздер болған кезде және заңда көзделген тәртіппен, лауазымды адамдар қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың дереу күшін жоюды, заңсыз актінің қолданысын толығымен немесе ішінара тоқтата тұруды талап етуге;
Тармақша 9
9) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғауға және тоқтатуға;
Тармақша 10
10) тексерістер жүргізуге, заңдылықтың жай-күйін талдауға, күшіне енген актілерді бағалауға, жолданымдар мен прокурорлық қадағалау актілерін қарауға байланысты ақпарат пен материалдарға заңнамада белгіленген тәртіппен қол жеткізуге;
Тармақша 11
11) нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және қарауға қатысуға;
Тармақша 12
12) басқа мемлекеттердің мекемелерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасауға;
Тармақша 13
13) заңдылықты және құқық тәртібін, қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ақпараттық жүйелерді құруға және жетілдіруге қатысуға;
Тармақша 14
14) заңда көзделген өзге де әрекеттерді орындауға құқылы.
Тармақ 2
2. Прокурор:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
Тармақша 2
2) мінез-құлықтың әдептілік нормаларын сақтауға;
Тармақша 3
3) өз құзыретіне сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауға;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараумен байланысты құжаттар мен материалдарды заңнамада көзделген шекте оларға танысуға ұсынуға;
Тармақша 5
5) заңдылықты бұзушылықтардың, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу және анықтау, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту үшін заңда белгіленген тәртіппен прокурорлық ден қою актілерін және прокурорлық қадағалау актілерін қабылдауға;
Тармақша 6
6) тексерілетін субъектілердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілердің қабылдануына жол бермеуге;
Тармақша 7
7) тексеріс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) заңсыз ұстап алынған және бас бостандығынан айыру орындарында, арнайы мекемелерде, мәжбүрлеу сипатындағы шараларды орындайтын мекемелерде, қызметтік үй-жайларда заңсыз ұсталатын адамдарды дереу босатуға;
Тармақша 9
9) өзінің қызметін халықтың сенімін арттыру басымдығымен жетілдіруге;
Тармақша 10
10) заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.
Бап 45. 45-бап. Прокурор қызметiнiң құқықтық кепiлдiктерi
45-бап. Прокурор қызметiнiң құқықтық кепiлдiктерi
Тармақ 1
1. Прокурорға өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына кедергi келтiру немесе заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал ету заңда белгiленген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 2
2. Прокурордың талап етуi бойынша органдар, ұйымдар және лауазымды адамдар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге заңда белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтай отырып, жүргізілетін тексеріс, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау және осы Заңның 21-бабына сәйкес қаралатын жолданымдар мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды прокурор белгілеген, бірақ үш жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде беруге міндетті. Прокурор мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады;
Тармақша 2
2) тексерiске қатысу және қорытынды беру үшiн мамандар бөлуге мiндетті. Қажет болған жағдайларда адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптарды болғызбау мақсатында сұратылатын ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар дереу беріледі. Мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлері және өзге де адамдар тексеріске мамандар ретінде шарттық негізде тартылады.
Тармақ 3
3. Жүргізілетін тексеріс, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау немесе қаралатын жолданым мәселелері бойынша прокурордың осы баптың 2-тармағында көзделген талаптары органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті.
Тармақ 4
4. Сұратылатын ақпарат, құжаттар мен өзге де материалдар прокуратура органдарына заңнамада белгіленген нысанда және тәртіппен беріледі.
Тармақ 5
5. Лауазымды адамдар мен азаматтар жүргізілетін тексеріс немесе қаралатын өтініш мәселелері бойынша түсініктер беру үшiн прокурордың шақыруы бойынша ол белгiлеген уақытта келуге мiндеттi. Лауазымды адамдар мен азаматтарды прокуратура органдарына шақырту, төтенше жағдайлар немесе бұл кезде алдын алу мүмкін болмайтын мән-жайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, прокурордың мәртебесі мен құзыретін сақтай отырып, шақырылатын адамның уақтылы келуі және түсініктеме беруге дайындалуы үшін жеткілікті мерзім болатындай есеппен жүргізіледі. Шақыру бойынша тағайындалған мерзiмде келуге кедергi келтiретiн себептер туралы шақырылған адам шақырған прокурорды хабардар етуге мiндеттi. Дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда лауазымды адамдар мен азаматтар Бас Прокурордың, оның орынбасарларының, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлардың, олардың орынбасарларының, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелуге (мәжбүрлі түрде жеткізілуге) ұшырауы мүмкін. Прокурордың күштеп әкелу туралы қаулысын iшкi iстер органы орындайды. Күштеп әкелу түнгi уақытта жүргiзiлмейдi. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар және он сегiз жасқа толмаған адамдар олардың заңды өкiлдерiне хабарланбастан, жүктi әйелдер, сондай-ақ дәрiгердiң куәландыруына жататын денсаулық жағдайы бойынша өзiнiң тұрып жатқан орнын тастап кете алмайтын немесе тастап кетпеуге тиiсті адамдар күштеп әкелуге жатпайды.
Тармақ 6
6. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талап етуі бойынша дәлелді себептерсіз келмей қалу заңда белгіленген жауаптылыққа алып келеді. Прокурорлардың тексеріс жүргізу барысында заңдарда көзделмеген талаптарды қоюы заңда белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 7
7. Прокурор заңда көзделген жағдайлар мен тәртiптен басқа кезде, өзiнің іс жүргiзуіндегі iстер мен материалдардың мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Іс жүргізіп жатқан прокурордың рұқсатынсыз тексерістер мен iстердiң материалдарын жария етуге ешкімнің құқығы жоқ.
Бап 46. 46-бап. Прокуратура органдарының жауаптылығы
46-бап. Прокуратура органдарының жауаптылығы
Тармақ 1
1. Прокуратура қызметкерлері өз қызметін жүзеге асыру кезінде заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 2
2. Прокуратура органдарының әрекеттерімен келтірілген залал заңнамада көзделген тәртіппен өтеледі.
Бап 47. 47-бап. Прокуратура органдарында еңбекті құқықтық реттеу
47-бап. Прокуратура органдарында еңбекті құқықтық реттеу Мыналардың:
Тармақша 1
1) прокуратура қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттеледі;
Тармақша 2
2) прокуратураның әскери қызметшілерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттеледі;
Тармақша 3
3) прокуратураның өзге жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттеледі.
Бап 48. 48-бап. Прокуратура органдарындағы қызмет
48-бап. Прокуратура органдарындағы қызмет Прокуратура органдарындағы қызмет – Конституцияға, осы Заңға және өзге де заңнамаға сәйкес прокурорлар жүзеге асыратын құқық қорғау қызметінің бір түрі. Прокуратура органдарында қызмет өткеру тәртібі мен ерекшеліктері «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Бап 49. 49-бап. Қызметтік куәліктер және мөр
49-бап. Қызметтік куәліктер және мөр
Тармақ 1
1. Бас Прокурорға, Бас Прокурордың орынбасарларына белгіленген үлгідегі қызметтік куәліктерді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі береді.
Тармақ 2
2. Бас Прокурор, прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшылары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар бағынысты қызметкерлеріне белгіленген үлгідегі қызметтік куәліктер береді.
Тармақ 3
3. Бас прокуратураның, оған бағынысты прокуратуралардың және прокуратура ведомстволарының, мекемелері мен білім беру ұйымының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөрлері болады.
Бап 50. 50-бап. Прокуратура органдарын қаржылық қамтамасыз ету
50-бап. Прокуратура органдарын қаржылық қамтамасыз ету Прокуратура органдарының жүйесін қаржылық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Прокуратура органдарының қазынашылық органдарда тиісті шоттары болуы мүмкін.
Бап 51. 51-бап. Прокуратура органдарының қызметкерлерін материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету
51-бап. Прокуратура органдарының қызметкерлерін материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 9-1) тармақшасында белгіленген тәртіппен бекітілетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын органдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленеді.
Тармақ 2
2. Прокуратура органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігіне байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеу заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 8. 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 52. 52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 24, 126-құжат) күші жойылды деп танылсын.