Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Күшін жойған
Басқа 0
Кәмелеттік жасқа толғанға дейін
ата-анасынан айырылған немесе
олардың қамқорлығынсыз қалған
білім беру ұйымдарының түлектері
болып табылатын жастар қатарындағы
азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін
квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 9) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Сеитқановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген мекеме-ұйымдарының тізімі
Үржар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 18 мамырдағы
№ 155 қаулысына 1 қосымша
Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген мекеме-ұйымдарының тізімі
Р/с
№
Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы
Жұмысшылардың тізімдік саны
Бекітілген квота мөлшері (%)
1
ШҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
250-ден 500-ге дейін
1%
2
ШҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Үржар ауданының ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
250-ден 500-ге дейін
1%
3
«ШҚО Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
0-ден 50-ге дейін
1%
4
«ШҚО Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
0-ден 50-ге дейін
1%
5
«ШҚО Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
50-ден 100-ге дейін
1%