Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Кокпектинского района Күшін жойған
Басқа 0
Көкпекті ауданындағы шалғайдағы елді
мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беретін мектептерге тасымалдаудың
схемасы мен тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 25-бабының, 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар багажды тасымалдау қағидаларына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көкпекті ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Көкпекті ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы
Көкпекті ауданы әкімдігінің
«09» наурыздағы 2017 жылғы
№ 61 қаулысына № 1 қосымша
Көкпекті ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы
№
Тура бағыт
Кері бағыт
1
Көкпекті ауданы Көкжайық ауылдық округінің Ақ-ой ауылының «Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылдық округінің Ақ-ой елді мекені
Аялдама: Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылдық округінің Қарамойыл елді мекені
Аялдама:Көкпекті ауданы Көкжайық ауылдық округінің Ақ-ой ауылының «Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
2
Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округінің Тассай ауылының «Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округінің Аөқсу елді мекені.
Аялдама:Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округінің Үшкөмей елді мекені.
Аялдама:
Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округінің Аөқсу елді мекені.
Аялдама:Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округінің Үшкөмей елді мекені.
Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округінің Тассай ауылының «Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
3
Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылдық округінің Үлкенбөкен ауылының «Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылдық округінің Жансары елді мекені.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылдық округінің Қарамойыл елді мекені.

4
Көкпекті ауданы Белое ауылдық округінің Белое ауылының «Октябрь мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Белое ауылдық округінің Жаңажол елді мекені.

5
Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Көкпекті ауылының «Көкпекті орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылының Заречный елді мекені
Аялдама: Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылының Заречный елді мекені .
Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Көкпекті ауылының «Көкпекті орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
6
Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Көкпекті ауылының «Шажүнісов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылының Заречный елді мекені .
Аялдама: Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылының Заречный елді мекені .
Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Көкпекті ауылының «Шайжүнісов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
7
Көкпекті ауданы, Самар ауылдық округінің Самар ауылының «Самар бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Самар ауылдық округінің Самар елді мекені.

8
Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің Шұғылбай ауылының «І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылдық округінің Мелитополь елді мекені .
Аялдама: Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылдық округінің Мелитополь елді мекені.
Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің Шұғылбай ауылының «І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
9
Көкпекті ауданы Палатцы ауылдық округінің Палатцы ауылының «Палатцы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Палатцы ауылдық округінің Песчанка елді мекені.
Аялдама: Көкпекті ауданы Палатцы ауылдық округінің Песчанка елді мекені.
Көкпекті ауданы Палатцы ауылдық округінің Палатцы ауылының «Палатцы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң
10
Көкпекті ауданы Теректі ауылдық округінің Теректі ауылының «Аухадиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Теректі ауылдық округінің Өрнек елді мекені. Аялдама: Көкпекті ауданы Теректі ауылдық округінің Қызыл жұлдыз елді мекені.

11
Көкпекті ауданы Преображенка ауылдық округінің Преображенка ауылының «Преображенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Преображенка ауылдық округінің Черноярка елді мекені.
Аялдама: Көкпекті ауданы Преображенка ауылдық округінің Үкілі қыз елді мекені.

12
Көкпекті ауданы Сарыбел ауылдық округінің Сарыбел ауылының «Новотимофеевка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Сарыбел ауылдық округінің Новостройка елді мекені.

13
Көкпекті ауданы Үлгілі-малшы ауылдық округінің Үлгілі малшы ауылының «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылдық округінің Сүлеймен елді мекені.
Аялдама: Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылдық округінің Нұра елді мекені.

14
Көкпекті ауданы Мариногорка ауылдық округінің Мариногорка ауылының «Мариногорка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Мариногорка ауылдық округінің Московка елді мекені.

15
Көкпекті ауданы Самар ауылдық округінің Пантелеймоновка ауылының «Пантелеймоновка негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Самар ауылдық округінің Қайыңды елді мекені.

16
Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Толағай ауылының «Куйбышев атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылдық округінің Ақтас елді мекені.

Басқа 5. Көкпекті ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
Көкпекті ауданы әкімдігі
«09» наурыздағы 2017 жылғы
№ 61 қаулысына № 2 қосымша
Көкпекті ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
1. Балаларды тасымалдау тәртібі
Тармақ 1
1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен жүкті тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды, шағын автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
Тармақ 3
3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар реттеледі.
Тармақ 4
4. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға арналған автобустар сары түстi шұғылалы шырақшамен жабдықталуға тиiс.
Тармақ 5
5. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген тану белгiсi орнатылуға тиiс.
Тармақ 6
6. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
Тармақ 7
7. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
Тармақ 8
8. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты
еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
Тармақ 9
9. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.
Тармақ 10
10. Балаларды тасымалдау мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
Тармақша 1
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 2
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 3
3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және жол қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
Тармақ 11
11. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
Тармақша 2
2) жүру маршрутын өзгертуге;
Тармақша 3
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi тасымалдауға;
Тармақша 4
4) автобуста балалар болған кезде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
Тармақша 5
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
Тармақша 6
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
Тармақ 12
12. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
Тармақ 13
13. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
Тармақ 14
14. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 15
15. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
Тармақ 17
17. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
Тармақша 1
1) салонда тұруына және жүруiне;
Тармақша 2
2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
Тармақша 3
3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
Тармақша 4
4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
Тармақша 5
5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
Тармақша 6
6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
Тармақша 7
7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
Тармақша 8
8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
Тармақша 9
9) есiктердi ашуына;
Тармақша 10
10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға;
Тармақша 11
11) шылым шегуге, сiрiңке, оттық жағуға;
Тармақша 12
12) спирттiк iшiмдiктердi iшуiне, есiрткi, психотропты және улы заттарды қабылдауына жол бермейдi.
Тармақ 18
18. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
Тармақ 19
19. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
Тармақ 20
20. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
Тармақша 1
1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
Тармақша 2
2) баспалдақтардан секiруiне;
Тармақша 3
3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
Тармақша 4
4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
Тармақ 21
21. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
Тармақша 1
1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығуға;
Тармақша 2
2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау
алаңшаларынан ерiп жүру;
Тармақша 3. 2. Қорытынды ережелер
3) түсiру орнынан жаяу жүрген кезде олардың Жол жүру ережесiмен жаяу жүргiншiлерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Қорытынды ережелер
Тармақ 22
22. Қаланың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.