Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Ә.Б. Сқақовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 2 маусым
№ 255 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін ақшалай ризықпен, жәрдемақылармен және басқа да төлемдермен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Тармақ 1-1
1-1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) ақшалай жабдықталым – атқаратын әскери лауазымына сәйкес әскери қызметшінің лауазымдық айлықақысы (әскери лауазымы бойынша айлықақы) және берілген әскери атаққа сәйкес айлықақы (әскери атағы бойынша айлықақы);
Тармақша 2
2) ақшалай үлес – әскери қызметшілерді материалдық қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылатын ай сайын төленетін үлес түрі.
Мерзімді қызмет əскери қызметшілерін, әскери, арнайы оқу орнының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, əскери қызметшілердің ақшалай үлесі ақшалай жабдықталымды (лауазымдық айлықақыны жəне əскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайы үшін үстемеақыны жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақы мен қосымша төлемді қамтиды.
Мерзімді қызмет əскери қызметшілерінің, әскери, арнайы оқу орнының кадеттері мен курсанттарының ақшалай үлесі (стипендиясы) тек лауазымдық айлықақыны қамтиды;
Тармақша 3
3) үстемеақы – қызметтiң ерекше жағдайы үшiн лауазымдық немесе базалық лауазымдық айлықақыдан пайыздық қатынаспен не белгiленген мөлшерде есептелетiн ай сайынғы төлем;
Тармақша 4
4) сауықтыру жәрдемақысы – әскери қызметшіге физикалық және психикалық көңіл-күйін жақсартуға бағытталған, жыл сайынғы еңбек демалысына кеткен кезде төленетін жыл сайынғы төлем;
Тармақша 5
5) жұмыстан шығу жәрдемақысы – әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша не әскери бөлім (мекеме) штатының қысқаруына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде төленетін төлем;
Тармақша 6
6) көтерме жәрдемақы – әскери қызметші мен оның отбасы мүшелеріне (бар болса) жаңа қызмет орнында әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасауға және жайластыруға бағытталған біржолғы сипаттағы ақшалай өтемақы;
Тармақша 7
7) ісі мен лауазымын қабылдау күні – ісі мен лауазымын қабылдау-тапсыру актісі бекітілген, әскери қызметшінің ісі мен лауазымын қабылдау туралы баянатына командир қарар қойған күн, ол ісі мен лауазымын қабылдау туралы командирдің бұйрығында көрсетіледі;
Тармақша 8
8) ісі мен лауазымын тапсыру күні – ісі мен лауазымын қабылдау-тапсыру актісі бекітілген, әскери қызметшінің ісі мен лауазымын тапсыру туралы баянатына командир қарар қойған күн, ол ісі мен лауазымын тапсыру туралы командирдің бұйрығында көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Лауазымдық айлықақының мөлшерін айқындау үшін қызмет өтілі күнтізбелік есептеуде ескеріледі.
Толық бір ай қызмет өткермеген әскери қызметшіге тиесілі ақшалай ризықтың мөлшері осы айда қызмет өткерген күнтізбелік күннің нақты санын негізге алып, пропорционалды түрде айқындалады.
Тармақ 3
3. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 5-тармағының 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайда әскери қызметші әскери қызметте дәлелсіз себеппен болмаған, әскери емес лауазымда әскери қызмет өткерген жағдайда оған, қамауда болған уақытта сотталған әскери қызметшіге ақшалай ризық командирдің бұйрығы негізінде әскери қызмет міндеттерін нақты орындау күніне пропорционалды түрде төленеді. Бұйрықта әскери қызметте нақты болмаған күн көрсетіледі. Ақшалай ризықты пропорционалды есептеу үшін айдағы күнтізбелік күн қолданылады.
Тармақ 4
4. Әскери қызметшіге ағымдағы айға ақшалай ризықты төлеу ағымдағы айдың 25-і күні жүргізіледі.
Ақшалай ризық төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.
Ақшалай ризықты төлеу кезінде әскери қызметші тиісті кезең үшін оған тиесілі ақшалай ризықтың құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, сондай-ақ төленуге тиіс жалпы ақша сомасы туралы жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Әскери қызметшіге белгіленген мерзімдерден бұрын ақшалай ризық төлеуге оның баянатының негізінде мынадай жағдайларда жол беріледі:
Тармақша 1
1) демалысқа (жүктілікке және бала тууына және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты қоспағанда), оқуға, қызметтік іссапарға кеткенде – ағымдағы ай үшін;
Тармақша 2
2) жаңа қызмет орнына қоныс аударғанда – ағымдағы ай үшін.
Тармақ 6
6. Әскери қызметшіге тиесілі және оған уақтылы төленбеген немесе мөлшерден аз төленген ақшалай ризық әскери қызметшінің талап мерзімінің өтуі шегінде оған құқығы болған барлық кезең үшін төленеді.
Тармақ 6-1
6-1. Әскери бөлімде (мекемеде) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің (бұдан әрі – келісімшарт бойынша әскери қызметшілер) лауазымдық айлықақысының мөлшерін айқындау үшін лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссия құрылады. Әскери бөлім (мекеме) комиссиясының құрамына қаржы, заң, персоналмен жұмыс бөлімшелерінің лауазымды адамдары (болмаған жағдайда – жеке құрамды есепке алу жөніндегі міндеттер жүктелген адамдар) енгізіледі.
Тармақ 7
Тармақ 7-1
7-1. Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және халықаралық ұйымдарғаіссапарға жіберілген әскери қызметшілерге ақшалай ризық, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерімен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 74-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 7-2
7-2. Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерге (бұдан әрі – резервтегі әскери адам) ақшалай төлем «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 1-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақшалай төлемді резервтегі әскери адам резервте қызмет өткеру үшін әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығы негізінде кірген әскери бөлім (мекеме) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге ақшалай үлес төлеумен бір мезгілде жүзеге асырады.
Ақшалай төлемді есептеу резервтегі қызметті нақты өткеру күндеріне пропорционалды түрде жүргізіледі.
Тармақ 7-3
7-3. Әскери қызметші бітімгершілік операцияға қатысқан кезеңде оған ақшалай жабдықталым «Бітімгершілік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес төленеді.
Ақшалай жабдықталымды әскери қызметші бітімгершілік операцияға қатысу үшін кеткен әскери бөлім (мекеме) әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығы негізінде төлейді.
Тармақ 7-4
7-4. Әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді, резервте әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді қоспағанда) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес далалық төлемдер жүзеге асырылады.
Далалық төлемдерді әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығы негізінде ағымдағы ай үшін ақшалай үлесті төлеумен бір уақытта өткен ай үшін әскери қызметші қызмет өткеретін әскери бөлім (мекеме) төлейді.
Далалық төлемдер:
Тармақша 1
1) егер ол туралы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығында көрсетілген қызметтік міндетті орындау тұрақты орналасу пунктінен немесе тұрғылықты жерінен тыс жерде үздіксіз болуды талап етпесе, тұрақты орналасу пунктіне немесе тұрғылықты жеріне күн сайын қайтып оралуға мүмкіндігі бар;
Тармақша 2
2) жауынгерлік даярлық бойынша міндеттерді пысықтау үшін әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығынсыз бір тәуліктен артық мерзімге оқу-жаттығу орталықтарына, полигондарға, қосалқы әуеайлақтарға шығарылған әскери бөлімдер мен бөлімшелер;
Тармақша 3
3) арнайы далалық жұмыстар уақыты үшін;
Тармақша 4
4) әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығына далалық шығуға оны өткізу кезеңінде тартылатын бөлімше құрамына енгізілмеген әскери бөлімнің (кәсіптік білім беретін әскери білім беру мекемесінің) тұрақты орналасу пунктінен тыс орналасқан оқу-жаттығу орталықтарында, кәсіптік білім беретін әскери оқу орындарының оқу әскери бөлімдерінде, лагерьлерде, полигондарда, қосалқы әуеайлақтарда штаттық әскери лауазымдарды атқаратын әскери қызметшілерге төленбейді.
Тармақ 7-5
7-5. Әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты әскери қызметтен шығарылған, әскери қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес және одан көп жыл болатын азаматтардың, сондай-ақ әскери қызметтің жалпы ұзақтығына қарамастан, жауынгерлік іс-қимылдарға және терроризмге қарсы операцияларға қатысушылардың мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітін тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Әскери қызметтен шығарылған азаматтардың мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды төлеуді қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлік берілген орын бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттер жүргізеді.
Тарау 2. 2-тарау. Әскери қызметшіге ақшалай ризық төлеу
2-тарау. Әскери қызметшіге ақшалай ризық төлеу
Тармақ 1. 1-параграф. Курсанттан, кадеттен және мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшінің әскери атағы бойынша айлықақысы
1-параграф. Курсанттан, кадеттен және мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшінің әскери атағы бойынша айлықақысы
Тармақ 8
8. Әскери қызметшіге әскери атағы бойынша айлықақы әскери атақ беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап төленеді.
Тармақ 9
9. Әскери қызметке алғаш рет шақырылған әскери қызметшіге әскери атағы бойынша айлықақы жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап төленеді.
Тармақ 10
10. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген әскери қызметшіге әскери атағы бойынша айлықақы әскери бөлім (мекеме) жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап төленеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Офицерлер құрамы әскери қызметшісінің лауазымдық айлықақысы
2-параграф. Офицерлер құрамы әскери қызметшісінің лауазымдық айлықақысы
Тармақ 11
11. Қызмет өтілінің көбеюіне байланысты лауазымдық айлықақыны арттыру кезінде лауазымдық айлықақыны есептеу пропорционалды түрде лауазымдық айлықақының арттырылған күнінен бастап жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әскери оқу орнын бітірген офицерге офицерлік атақ берілген күннен бастап істер мен лауазымды қабылдаған күнге дейін взвод командирінің лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.
Тармақ 13
13. Әскери қызметке алғаш рет шақырылған офицерге жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кеткен күннен бастап істер мен лауазымды қабылдаған күнге дейін лауазымдық айлықақысы взвод командирінің лауазымы бойынша төленеді.
Тармақ 14
14. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген офицерге әскери бөлім (мекеме) жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап іс пен лауазымды қабылдағанға дейін лауазымдық айлыққы взвод командирінің лауазымы бойынша төленеді.
Тармақ 15
15. Офицерді лауазымға тағайындау кезінде, оның ішінде әскери оқу орнын бітіргеннен кейін және запастан әскери қызметке айқындағаннан кейін атқаратын лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Курсанттан, кадеттен басқа, сарбаз (матрос) және сержант (старшина) лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің лауазымдық айлықақысы
3-параграф. Курсанттан, кадеттен басқа, сарбаз (матрос) және сержант (старшина) лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің лауазымдық айлықақысы
Тармақ 16
16. Қызмет өтілінің көбеюіне байланысты лауазымдық айлықақыны арттыру кезінде лауазымдық айлықақыны есептеу пропорционалды түрде лауазымдық айлықақының арттырылған күнінен бастап жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Сарбаз (матрос) және сержант (старшина) лауазымына тағайындалған әскери қызметшіге лауазымдық айлықақы ісі мен лауазымын қабылдау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап төленеді.
Ісі мен лауазымын қабылдағанға дейін:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметті аяқтағаннан кейін лауазымға қабылданған және тағайындалған әскери қызметшіге – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі – еңбекке ақы төлеу жүйесі) белгіленген лауазымның 2-деңгейі бойынша лауазымдық айлықақы;
Тармақша 2
2) әскери арнайы орта оқу орнын бітірген әскери қызметшіге – еңбекке ақы төлеу жүйесінде белгіленген лауазымның 3-деңгейі бойынша лауазымдық айлықақы;
Тармақша 3
3) келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген әскери қызметшіге командирдің (басшының) әскери бөлім (мекеме) жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап – еңбекке ақы төлеу жүйесінде белгіленген лауазымның 2-деңгейі бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.
Тармақ 18
18. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші сарбаз (матрос) және сержант (старшина) лауазымына бір лауазымнан екіншісіне ауысқан кезде жаңа лауазым бойынша айлықақы іс пен лауазым қабылданған күннен бастап бұйрық негізінде төленеді.
Тармақ 19
Тармақ 4. 4-параграф. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінің лауазымдық айлықақысы
4-параграф. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінің лауазымдық айлықақысы
Тармақ 20
20. Мерзімді әскери қызметке шақырылған адамға жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кету туралы тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығы шығарылған күннен бастап лауазымға тағайындағанға дейін лауазымның еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген I санаты бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.
Тармақ 21
21. Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіні бір лауазымнан басқасына ауыстырған кезде жаңа лауазымы бойынша айлықақысы лауазымға тағайындау туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.
Тармақ 21-1
21-1. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшісі әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткеннен кейін немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде оған бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан көрсетілген әскери қызметшіге – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
Тармақ 5. 5-параграф. Қазақстан Республикасының әскери оқу орнында оқитын курсанттың, магистранттың, докторанттың, адъюнкттің және резидент әскери дәрігердің лауазымдық айлықақысы (стипендиясы)
5-параграф. Қазақстан Республикасының әскери оқу орнында оқитын курсанттың, магистранттың, докторанттың, адъюнкттің және резидент әскери дәрігердің лауазымдық айлықақысы (стипендиясы)
Тармақ 22
22. Келесі курсқа ауыстырылған оқыту курсына байланысты айлықақы алатын курсантқа осы оқыту курсы бойынша айлықақы келесі курсқа ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап, бірақ жаңа оқу жылы басталардан ерте емес төленеді.
Тармақ 23
23. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдің әскери оқу орындарында білім алып жатқан әскери қызметшіге төлемдер халықаралық келісімшарттарға және шарттарға сәйкес төленеді.
Тармақ 24
24. Әскери оқу орнынан шығарылған әскери қызметшіге шығару туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мыналар төленеді:
Тармақша 1
1) әскери оқу орнына қабылданар алдында әскери бөлімде (мекемеде) әскери лауазымды атқарған адамға (үлгермеуі және тәртіпсіздігі үшін оқудан шығарылған мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) оқуға қабылданғанға дейін ол әскери бөлімде (мекемеде) атқарған соңғы штаттық әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы;
Тармақша 2
2) әскери оқу орнына мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген кезеңінде қабылданған және үлгермеуі, сондай-ақ тәртіпсіздігі үшін шығарылғанға лауазымның еңбекақы мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген I санат бойынша айлықақы.
Тармақ 6. 6-параграф. Әскери қызметші өкімде болған кезеңде әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару кезінде ақшалай ризықты төлеу
6-параграф. Әскери қызметші өкімде болған кезеңде әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару кезінде ақшалай ризықты төлеу
Тармақ 25
25. Осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам бос лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеген әскери қызметшіге істер мен лауазымды қабылдағаны туралы бұйрық шыққан күннен бастап, ол міндеттерін уақытша атқаруға жіберілген әскери лауазым бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.
Тармақ 26
26. Командирдің өкіміне қабылданған күннен бастап оған міндеттерді жүктеп, әскери қызметшіге соңғы атқарған лауазымы бойынша сыныптық біліктілік үшін ақшалай жабдықталым және үстемеақы төлеу мынадай мерзім ішінде сақталады:
Тармақша 1
1) оны басқа лауазымға тағайындаған кезде – 2 ай;
Тармақша 2
2) ұйымдық-штаттық іс-шараларды жүргізуге байланысты – 3 ай.
Тармақ 26-1
26-1. Әскери қызметшіге командирдің (бастықтың) өкімінде болған кезеңде оған қатысты күдіктінің әрекетін жіктеу туралы қаулының шығарылуына байланысты, қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін әскери атақ үшін айлықақы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына ең төменгі жалақы мөлшерінен аз емес ай сайынғы жәрдемақы төленеді.
Қаулы негізінде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған әскери қызметшіге қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін ақшалай үлесті төлеу тоқтатыла тұрады.
Тармақ 27
27. Ақшалай ризық алуға құқықты айқындаған кезде өкімде болу мерзіміне әскери қызметшінің жыл сайынғы негізгі демалысында, әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде емделуде болған кезеңдері есептелмейді.
Тармақ 28
28. Әскери қызметшіге өкімінде болуына байланысты алу құқығын жоғалтқан сыныптық біліктілігі үшін ақшалай жабдықталым және үстемеақы төлеу:
Тармақша 1
1) лауазымға тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап және іс пен лауазым қабылданған күнге дейін, бұл ретте соңғы атқарған әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы есепке алынады;
Тармақша 2
2) бос әскери лауазым бойынша мiндеттердi атқаруға уақытша жiберiлген адамға – әскери лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқаруға жiберу туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап және әскери лауазым бойынша мiндеттердi атқарудан босатылған күнге дейінгіні қоса алғанда;
Тармақша 3
3) емделуге жiберiлген адамға – жiберiлген күннен бастап, бұл ретте ақшалай жабдықталым мен сыныптық бiлiктiлiк үшiн үстемеақы өкімінде тұрған жерге оралған күнді қоса алғанда, ал әскери-дәрiгерлiк комиссияның шешiмi бойынша науқастануы бойынша демалысқа кеткен адамға – демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленедi;
Тармақша 4
4) магистрантқа, докторантқа, адъюнктке және резидент әскери дәрігерге, сондай-ақ күндізгі оқу нысаны бойынша әскери оқу орнына қабылданған курсантқа – оқуға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап;
Тармақша 5
5) жыл сайынғы демалысқа кеткен адамға – демалысқа кеткен күннен бастап, бұл ретте ақшалай жабдықталым және сыныптық біліктілік үшін үстемеақы демалыс аяқталған күнге дейінгіні қоса алғанда төленеді.
Тармақ 29
29. Ақтайтын негіздер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау (қылмыстық іс) тоқтатылған немесе сот ақтау үкімін шығарған жағдайда әскери қызметшіге ақшалай үлес Қағидалардың 26-1-тармағына сәйкес төленген соманы алып тастап, командирдің өкімінде мәжбүрлі болған уақыты үшін төленеді.
Тармақ 30
30. Алып тасталды – ҚР Қорғаныс министрінің 05.05.2025 № 527(19.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 7. 7-параграф. Сырқаттану кезеңінде, демалыстарда болу уақыты үшін, әскери қызметші қайтыс болған жағдайда
7-параграф. Сырқаттану кезеңінде, демалыстарда болу уақыты үшін, әскери қызметші қайтыс болған жағдайда
Тармақ 31
31. Әскери қызметшінің әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша емделуде болған немесе науқастануы бойынша демалыста болған барлық кезеңі үшін ақшалай ризығы сақталады.
Тармақ 32
32. Еңбек демалысының барлық түрлерінде болу мезгіліне (жүктілік және босану бойынша еңбек демалысында болуды, үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша еңбек демалысында болуды қоспағанда) әскери қызметшінің ақшалай ризығы сақталады.
Тармақ 33
33. Әскери қызметші қайтыс болған жағдайда ақшалай ризық оны бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шығарған күнге дейін төленеді.
Тарау 3. 3-тарау. Курсанттан, кадеттен басқа, келісімшарт бойынша әскери қызметшіге қызметті өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар
3-тарау. Курсанттан, кадеттен басқа, келісімшарт бойынша әскери қызметшіге қызметті өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар
Тармақ 1. 1-параграф. Үстемеақыларды төлеу тәртібі
1-параграф. Үстемеақыларды төлеу тәртібі
Тармақ 34
34. Ерекше қызмет өткеру жағдайлары үшін үстемеақы алуға құқығы бар әскери қызметшіге үстемеақы атқаратын әскери лауазымы бойынша нақты алатын лауазымдық айлықақысына төленеді.
Тармақ 35
35. Егер үстемеақы толық бір ай үшін есептелмесе, оның мөлшері осы айдағы өткерілген күнтізбелік күндердің нақты санына сүйене отырып, пропорционалды түрде айқындалады.
Тармақ 36
36. Сыныптық біліктілігі үшін үстемеақыны қоспағанда, ерекше қызмет жағдайы үшін үстемеақы мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшіге командирдің бұйрығы негізінде ерекше қызмет жағдайы үшін үстемеақы алуға құқығы бар лауазымға тағайындалған күннен бастап, бірақ іс пен лауазым қабылданған күннен ерте емес төленеді.
Тармақ 37
37. Сыныптық біліктілігі үшін үстемеақыны қоспағанда, әскери қызметшіге ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы төлеу лауазымынан босатылған күннен немесе үстемеақы төлеу белгіленбеген әскери лауазым міндеттерін уақытша атқаруға кіріскен күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 38
38. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін, оның ішінде бос лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару жүктелген әскери қызметшіге «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық орган үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысында белгіленген үстемеақы атқаратын әскери лауазымы бойынша (іс пен лауазым қабылданған күннен бастап) және атқаратын әскери лауазымнан босатылған (іс пен лауазым тапсырылған) күнге дейін немесе командирдің (бастықтың) өкіміне қабылданған күнге дейін төленеді.
Қызмет орны бойынша лауазымы сақталып, әскери бөлімнен (мекемеден) уақытша кеткен әскери қызметшіге үстемеақы төлеу сақталады.
Тармақ 39
39. Ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы ағымдағы ай үшін ақшалай ризықты төлеумен бір уақытта әскери қызмет орны бойынша төленеді.
Тармақ 40
40. Үстемеақы төлеу көзделген әскери лауазымның міндеттерін уақытша атқаруға белгіленген тәртіппен жіберілген әскери қызметшіге осы үстемеақы осы Қағидаларға сәйкес төленеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Сыныптық біліктілік үшін үстемеақы
2-параграф. Сыныптық біліктілік үшін үстемеақы
Тармақ 41
41. Әскери қызметшіге үстемеақы сыныптық біліктілік берілген (расталған, төмендетілген) күннен бастап төленеді.
Бір мамандық бойынша сыныптық біліктілігі бар, ол бойынша сыныптық біліктілік берілетін басқа әскери-есептік мамандықтың әскери лауазымына тағайындалған әскери қызметшіге күнтізбелік жылдың соңына дейін үстемеақы төлеу сақталады.
Тармақ 42
42. Екі және одан артық мамандық бойынша сыныптық біліктілігі бар әскери қызметшіге үстемеақы ол әскери лауазымы бойынша міндетін атқаратын мамандық бойынша төленеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Ұшқыш әскери-есептік мамандығына сәйкес лауазымда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы
3-параграф. Ұшқыш әскери-есептік мамандығына сәйкес лауазымда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы
Тармақ 43
43. Ұшқыш әскери-есептік мамандығына сәйкес лауазымда әскери қызмет өткеретін, тиісті командирдің бұйрығымен оқу жылына арналған ұшуларға жіберілген, ұшуларды орындайтын және рұқсат етілген мерзімдерден артық үзілісі жоқ әскери қызметшіге ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы өткен ай үшін ағымдағы айда төленеді.
Тармақ 44
44. Ұшулардағы рұқсат етілген үзіліс аяқталған күннен бастап бір ай ішінде ұшуларды орындамаған кезде ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы төлеу кезекті ұшуларды орындағанға дейін тоқтатылады.
Оларға байланысты емес себептер бойынша (сырқаттануы, демалыс, іссапар, ұшуларға тыйым салу, авиациялық техниканың жөндеуде, регламенттеу жұмыстарында болуы, істен шыққан кезде, ресурс аяқталғанда) ұшуларды орындамаған әскери қызметшіге ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы ай сайын төленеді.
Рұқсат етілген мерзімдерден артық үзілістері жоқ әскери қызметшілерді, сондай-ақ оларға байланысты емес себептер (нақты себептерді көрсете отырып) бойынша осы ұшуларды орындамаған адамдар көрсетіле отырып, үстемеақы төлеу туралы тиісті командирдің бұйрығымен ай сайын жарияланады.
Тармақ 45
45. Атқарып отырған лауазымынан босатусыз ұшу жұмысынан шеттетілген әскери қызметшіге үстемеақы командирдің ұшу жұмысынан шеттету туралы бұйрыққа қол қойған күнге дейін төленеді.
Тармақ 46
46. Әскери қызметшіге ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы төлеу лауазымынан босатылған немесе үстемеақы төлеу көзделмеген әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруға кіріскен күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 47
47. Ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы алатын, осы үстемеақыны төлеу белгіленбеген бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруға жіберілген әскери қызметшіге әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқарған кезең үшін үстемеақы төленбейді.
Үстемеақы төлеу белгіленген бос әскери лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқаруға белгіленген тәртіппен жіберілген әскери қызметшіге осы үстемеақылар осы Қағидаларға сәйкес төленеді.
Тармақ 4. 4-параграф. Авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жерүсті маманына қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы
4-параграф. Авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жерүсті маманына қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы
Тармақ 48
48. Авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жерүсті маманына қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
Тармақша 1
1) арналуы бойынша пайдаланылатын немесе қысқа мерзімді сақтауда (бір жылға дейін) тұрған авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жерүсті маманына – лауазымдық айлықақыдан 50 пайыз;
Тармақша 2
2) ұзақ мерзімді сақтауда (бір жылдан артық) тұрған авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жерүсті маманына – лауазымдық айлықақыдан 25 пайыз;
Тармақша 3
3) тренажерларға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жерүсті маманына – лауазымдық айлықақыдан 10 пайыз.
Тармақ 49
49. Әскери қызметшіге қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы командирдің бұйрығы негізінде төленеді.
Тармақ 50
50. Командирдің үстемеақы төлеу туралы бұйрығы ай сайын шығарылады онда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) лауазымы;
Тармақша 2
2) әскери атағы;
Тармақша 3
3) тегі, аты, әкесінің аты;
Тармақша 4
4) авиатехникаға қызмет көрсетуге рұқсатнама;
Тармақша 5
5) қызмет көрсетілетін авиатехника.
Үстемеақы төлеу туралы бұйрыққа әскери қызметші ол авиатехникаға қызмет көрсету жөніндегі жоспарларды, техникалық жай-күйі мен жұмыстарын қарау, бақылау нормаларын орындаған жағдайда қосылады.
Әскери қызметшіні авиатехникаға қызмет көрсетуден шеттеткен жағдайда үстемеақы төлеу командирдің тиісті бұйрығының негізінде тоқтатылады.
Тармақ 51
51. Әскери қызметшіге қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы төлеу лауазымынан босатылған немесе осы үстемеақы төлеу көзделмеген әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруға кіріскен күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 52
52. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы алатын, осы үстемеақыны төлеу белгіленбеген әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруға жіберілген әскери қызметшіге әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқарған кезең үшін үстемеақы төленбейді.
Үстемеақы төлеу белгіленген әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруға белгіленген тәртіппен жіберілген әскери қызметшіге осы үстемеақылар осы Қағидаларға сәйкес төленеді.
Тармақ 5. 5-параграф. Қолданылудағы, жөндеудегі және сақтауда тұрған корабльдер мен катерлерде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы
5-параграф. Қолданылудағы, жөндеудегі және сақтауда тұрған корабльдер мен катерлерде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы
Тармақ 53
53. Үстемеақы алатын және белгіленген тәртіппен ол бойынша осы үстемеақы төлеу белгіленбеген бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаратын әскери қызметшіге әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқарған кезеңі үшін үстемеақы төленбейді.
Үстемеақы алуға құқығы жоқ және белгіленген тәртіппен ол бойынша үстемеақы төлеу белгіленген бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаратын әскери қызметшіге әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқарған кезеңі үшін осы үстемеақы жалпы негіздерде төленеді.
Тармақ 54
54. Үстемеақы төлеу командирдің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6. 6-параграф. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін үстемеақы
6-параграф. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін үстемеақы
Тармақ 55
55. Мемлекеттік құпиялармен ұдайы жұмыс істейтін әскери қызметшіге оған рұқсат етілген ақпараттың құпиялылық дәрежесіне байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін ай сайын мынадай мөлшерде үстемеақы төленеді:
Тармақша 1
1) «ерекше маңызды» құпиялылық дәрежесі бар мәліметтермен жұмыс істегені үшін – лауазымдық айлықақыдан 5 пайыз;
Тармақша 2
2) «өте құпия» құпиялылық дәрежесі бар мәліметтермен жұмыс істегені үшін – лауазымдық айлықақыдан 4 пайыз;
Тармақша 3
3) «құпия» құпиялылық дәрежесі бар мәліметтермен жұмыс істегені үшін – лауазымдық айлықақыдан 3 пайыз.
Тармақ 56
56. Мемлекеттік құпиялармен ұдайы жұмыс істеу деп мемлекеттік құпияларға рұқсатнаманың қолданылу кезеңіне бір реттік, кезеңділік немесе ұдайы негізде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен және олардың жеткізгіштерімен кез келген жұмыс істеу түсініледі.
Тармақ 57
57. Үстемеақы төлеу әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Бұйрықта:
Тармақша 1
1) лауазымы;
Тармақша 2
2) әскери атағы;
Тармақша 3
3) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
Тармақша 4
4) рұқсат ету карточкасында көрсетілген рұқсатнама нысаны, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге рұқсат ету нөмірі, күні;
Тармақша 5
5) ерекше маңызды, өте құпия және құпия мәліметтерге рұқсат етуге ресімделуге тиіс қызметкер лауазымы номенклатурасымен бекітілген рұқсатнама нысаны;
Тармақша 6
6) мемлекеттік құпияға рұқсат ету туралы келісімшарттың нөмірі мен күні;
Тармақша 7
7) белгіленетін ай сайынғы үстемеақының пайыздағы мөлшері көрсетіледі.
Командирге (басшыға) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін үстемеақы жоғарғы командирдің (басшының) бұйрығымен белгіленеді. Оны дайындау үшін жоғарғы басқару органына жоғарыда көрсетілген мәліметтер ұсынылады.
Бұйрық әскери қызметшіні әскери басқару органы (әскери бөлім, мекеме) қабылдаған, мемлекеттік құпияға рұқсат ету нысаны, нөмірі мен күні және штат өзгертілген кезде шығарылады. Әскери бөлімнің (мекеменің) лауазымды адамы бір жыл ішінде қызметке қабылданған және одан шығарылған кезде үстемеақы төлеу мәселесі командирдің (басшының) (саптық бөлім бойынша) бұйрығында көрсетіледі.
Бұйрық жобасы мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерімен, ал штатта олар көзделмеген жерде – құпия іс жүргізу бөлімшелерімен келісу бойынша әзірленеді.
Тармақ 58
58. Әскери қызметшіні командирдің оған үстемеақы төлеуге бұйрығына қосу үшін негіз:
Тармақша 1
1) тиісті нысан бойынша белгіленген тәртіппен ресімделген рұқсатнаманың және мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы үлгілік шарттың (келісімшарттың) бар болуы;
Тармақша 2
2) ерекше маңызды, өте құпия және құпия мәліметтерге рұқсатнама ресімдеу көзделген лауазымға тағайындау;
Тармақша 3
3) тиісті командирдің тікелей рұқсат ету туралы өкімінің бар болуы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелер, ал олар штаттарда көзделмесе құпия іс жүргізу бөлімшелері беретін сынақ тапсыру нәтижелері бойынша анықтама;
Тармақша 5
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге әскери қызметшінің баянаты болып табылады.
Әскери қызметшінің оған мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге баянаты тиісті белгілерді қоюмен мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелермен келісіледі.
Тармақ 59
59. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін үстемеақылар мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуіне тест тапсырған және тиісті бұйрық шығарылған сәттен бастап қызмет орны бойынша нақты белгіленген лауазымдық айлықақыларына ағымдағы ай үшін ақшалай ризық бір уақытта төленеді.
Тармақ 60
60. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін пайыздық үстемеақы мыналарға:
Тармақша 1
1) атқарып отырған лауазымынан босатылған адамға;
Тармақша 2
2) оған қатысты рұқсатнама тоқтатылған адамға;
Тармақша 3
3) командирдің бұйрығымен мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуден босатылған адамға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуіне тест тапсыру нәтижелері бойынша екі реттен астам қанағаттанарлықсыз баға алған, сондай-ақ шеттетілген, оның ішінде құпиялылық режимін бұзғаны үшін мемлекеттік құпиялармен жұмыстан уақытша шеттетілген адамға төленбейді.
Төлеуді тоқтата тұру және қайта бастау туралы шешім командирдің бұйрығымен (саптық бөлім бойынша) жарияланады.
Тармақ 7. 7-параграф. Шифрлау жұмысы үшін үстемеақы
7-параграф. Шифрлау жұмысы үшін үстемеақы
Тармақ 61
61. Шифрлау жұмысы үшін лауазымдық айлықақыға ай сайынғы үстемеақы мемлекеттік шифрлау құралдарымен, оларға теңестірілген құжаттармен және материалмен (шифрды есепке алу және сақтау, шифрлау техникасын пайдалану және жөндеу, құжатталған ақпаратты шифрлау-шифрын ашу, шифрлау қызметінің кадрын оқыту) тікелей жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері шифрлау қызметі органында штаттық лауазымда тұрған әскери қызметшіге, сондай-ақ резервтегі шифрлау қызметкерлеріне белгіленеді. Үстемеақы шифрлау қызметі органында шифрлау жұмысымен тікелей айналысатын және құпия іс жүргізу бөлімшесі бастығының штаттық лауазымын атқаратын адамға да төленеді. Әскери оқу орнында және оқу бөлімшесінде үстемеақы магистранттарды (докторанттарды), адъюнкттерді және шифрлау қызметінің курсанттарын тікелей оқытатын адамға, сондай-ақ оқу процесін қамтамасыз ететін адамға (оқу бөлімшесінің, негізгі құжаттама тобының, құпия іс жүргізу бөлімшесінің бастығы, нұсқаушы, зертханашы, техник және шифрлау техникасын жөндеу шебері) төленеді.
Тармақ 62
62. Шифрлау жұмысындағы өтілді айқындау кезінде мемлекеттік органға, әскери бөлімге, ұйымға, мекемеге немесе кәсіпорынға тиесілігіне қарамастан, шифрлау қызметі органдарындағы құжат түрінде расталған жұмыс өтілі ескеріледі. Сонымен қатар, әскери қызметшінің әскери оқу орнында және шифрлау қызметі органдарының жұмыскерлерін даярлау бойынша оқу бөлімшесінде оқу кезеңдері, егер оқуға қабылданған күні ол шифрлау қызметі органдарында тиісті штаттық лауазымды атқарса және шифрлау жұмысын орындаса, шифрлау жұмысының өтіліне есептеледі.
Шифрлау жұмысының өтіліне шифрлау қызметі органдарындағы жұмыстағы үзілістер есептелмейді.
Тармақ 7-1. 7-1-параграф. Әскери оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын әскери қызметшілерге төленетін қосымша ақы
7-1-параграф. Әскери оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын әскери қызметшілерге төленетін қосымша ақы
Тармақ 62-1
62-1. Әскери оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын әскери қызметшілерге «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабының 6-тармағына сәйкес ай сайынғы қосымша ақы белгіленеді. Ғылыми дәреже үшін қосымша ақы ғылыми дәреже берiлген күннен бастап, бірақ iс пен лауазым қабылданған күннен ерте емес төленеді.
Тармақ 63
63. Үстемеақы әскери қызметшіге командирдің бұйрығы негізінде төленеді, ол үстемеақыны бірінші рет тағайындаған, үстемеақы төлеуді қайта бастаған, сондай-ақ үлкен мөлшерде үстемеақы төлеуге құқық беретін жұмыс өтіліне жеткен кезде шығарылады.
Әскери лауазымға тағайындалған (әскери лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқаруға жіберілген) кезде үстемеақы төлеу командирдің көрсетілген үстемеақыны төлеу туралы бұйрығында көрсетілген күннен бастап жүргізіледі.
Бұйрықта әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы, шифрлау жұмысындағы өтілі және пайыз түрінде белгіленетін үстемеақы мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 8. 8-параграф. Әскери полиция әскери қызметшілеріне қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы
8-параграф. Әскери полиция әскери қызметшілеріне қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы
Тармақ 63-1
63-1. Мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа, әскери полиция әскери қызметшісіне қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап лауазымдық айлықақысынан 10 пайыз мөлшерінде төленеді.
Тармақ 63-2
63-2. Командирдің (бастықтың) істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрығында үстемеақы белгілеу туралы көрсетіледі.
Тарау 3-1. 3-1-тарау. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) лауазымдық айлықақысына үстемеақылар белгілеу
3-1-тарау. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) лауазымдық айлықақысына үстемеақылар белгілеу
Тармақ 63-3
63-3. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) лауазымдық айлықақысына үстемеақылар (бұдан әрі – әскери қызметшінің лауазымдық айлықақысына үстемеақылар) белгілеу бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген мемлекеттiк бюджет қаражатын үнемдеу есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 63-4
63-4. Әскери қызметшіге лауазымдық айлықақысына үстемеақылар белгілеу:
Тармақша 1
1) қысқартылған және/немесе негізгі қызметінен босатылмай уақытша болмайтын әскери қызметшілердің функцияларын орындағаны;
Тармақша 2
2) оған кеңейтілген міндеттер ауқымы жүктелгені, жоғары кәсіби деңгейімен және құзыреттілігімен, оларды тәжірибеде табысты қолданумен ұштасатын жұмыстағы жеткілікті тәжірибесі (өтілі) мен дағдылары, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 63-5
63-5. Әскери қызметшіні объективті мән-жайға байланысты төмен ақы төленетін лауазымға ауыстырған (тағайындаған) кезде үстемеақы:
Тармақша 1
1) еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіргенге не мүгедектігі белгіленгенге дейін осы органда, әскери бөлімде (мекемеде) әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты еңбекте мүгедек болуына, кәсіптік ауруына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне;
Тармақша 2
2) ауысқан (тағайындалған) күннен бастап бір жылға дейін орган, әскери бөлім (мекеме) құрылымының өзгеруіне байланысты белгіленеді.
Тармақ 63-6
63-6. Әскери қызметшінің лауазымдық айлықақысына үстемеақы әскери бөлімнің (мекеменің) қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын толық көлемде қысқарту нәтижесінде босатылған қаражат есебінен әскери бөлім (мекеме) жеке құрамының штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда да белгіленуі мүмкін.
Тармақ 63-7
63-7. Лауазымдық айлықақыға үстемеақы белгілеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының әскери қызметшісіне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарымен, Бас штаб бастығының орынбасарымен немесе аппарат басшысымен келісу бойынша департамент пен басқарма бастықтарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен не оның орнында болатын адам жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрінің бас қолбасшысына, бас басқарма бастығына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына тікелей бағынатын әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тиісті бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) әскер түрінің бас қолбасшысына және бас басқарма бастығына тікелей бағынатын өңірлік қолбасшылық әскерінің, әскер тегінің қолбасшысына, әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрі бас қолбасшысының және бас басқармасы бастығының тиісті бұйрығы негізінде жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) өңірлік қолбасшылық әскерінің, әскер тегінің қолбасшысына тікелей бағынатын әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына) өңірлік қолбасшылық әскері, әскер тегі қолбасшысының тиісті бұйрығы негізінде жүзеге асырылады;
Тармақша 5
5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген әскери қызметшіге әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
Тармақша 4
4) өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшысына тікелей бағынысты әскери бөлімнің командиріне (мемлекеттік мекеме басшысына) өңірлік қолбасшылықтар әскерлері, әскер тектері қолбасшысының тиісті бұйрығы негізінде жүзеге асырылады;
5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген әскери қызметшіге әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 63-8
63-8. Әскери қызметшінің лауазымдық айлықақысына үстемеақы белгілеу жөніндегі ұсыныстарды командирлер (бастықтар) бағыныстылығы бойынша жоғары тұрған әскери басқару органдарына ұсынады.
Тармақ 63-9
63-9. Үстемеақы белгілеу туралы бұйрықты шығару үшін негіздеме негіздемелер, тегі, инициалдары, атқаратын лауазымы және ұсынылатын үстемеақы мөлшері көрсетілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарының дәлелді қолдаухатына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің шешімі болып табылады.
Тармақ 63-10
63-10. Әскери қызметшілердің лауазымдық айлықақысына үстемеақылар белгілеу туралы бұйрықтар шығару көрсетілген мақсаттарға арналған ақша қаражаты бар болған кезде жүргізіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Әскери қызметшіге төленетін жәрдемақылар мен өзге де төлемдер
4-тарау. Әскери қызметшіге төленетін жәрдемақылар мен өзге де төлемдер
Тармақ 1. 1-параграф. Әскери қызметші демалысқа кеткен кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу
1-параграф. Әскери қызметші демалысқа кеткен кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу
Тармақ 64
64. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшіге жыл сайынғы негізгі демалысқа кеткен кезде ақшалай ризық және демалысқа кететін күні атқаратын әскери лауазымы бойынша екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді.
Тармақ 65
65. Сауықтыруға арналған жәрдемақы онда жәрдемақының сомасын көрсете отырып, командирдің бұйрығы негізінде төленеді. Командирдің әскери қызметшінің жыл сайынғы негізгі демалысқа кеткені туралы бұйрығы алдын ала демалыс басталғанға дейін шығарылады. Бұйрықтан үзінді көшірме бұйрық шығарылған күні қаржы органына беріледі. Қаржы органы әскери қызметшінің демалысы басталғанға дейін үш күннен кешіктірмей сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеуді жүргізеді.
Тиісті командирдің өкімінде тұрған әскери қызметшіге соңғы атқарған әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысы есепке алынады.
Бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару жүктелген әскери қызметшіге ол атқаруға жіберілген әскери лауазым бойынша лауазымдық айлықақы есепке алынады.
Бос емес әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаратын әскери қызметшіге атқаратын әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы есепке алынады.
Тармақ 66
66. Әскери қызметші әскери оқу орнын бітіргеннен кейін жыл сайынғы негізгі демалысқа кеткен кезде оған сауықтыруға арналған жәрдемақыны әскери оқу орны төлейді.
Шетелдік әскери оқу орнын бітірушіге сауықтыруға жәрдемақыны одан әрі әскери қызмет өткеру үшін келген әскери бөлім (мекеме) төлейді.
Тармақ 67
67. Әскери қызметшіге ол келісімшарт (әскерге шақыру) бойынша әскери қызметке кірген жылы және қызметтен шығарылған жылы демалыс берілген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшері екі лауазымдық айлықақыны он екіге бөлумен және алынған соманы әскери қызметке кірген немесе одан шығарылған жылы әскери қызметтің толық айларының санына көбейтумен есептеледі.
Әскери қызметшіге үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша қосымша демалыс берілген және одан шыққан жылы жыл сайынғы негізгі демалыс екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлей отырып, демалыс кестесіне сәйкес толық көлемде беріледі.
Тармақ 67-1
67-1. Сауықтыру жәрдемақысының мөлшерін айқындау кезінде әскери қызметшінің демалыс басталатын күнгі лауазымдық айлықақысы ескеріледі.
Тармақ 68
68. Келісімшарт бойынша әскери қызметші теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығарылған жағдайда алған сауықтыруға арналған жәрдемақы сомасын қызмет өткермеген уақытына барабар өтейді.
Сауықтыруға арналған жәрдемақы сомасын есептеу осы айдағы күнтізбелік күннің нақты саны негізге алынып, пропорционалды түрде есептеледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Әскери қызметші қызмет бабында ауыстырған кезде көтерме жәрдемақы төлеу
2-параграф. Әскери қызметші қызмет бабында ауыстырған кезде көтерме жәрдемақы төлеу
Тармақ 69
Тармақ 70
70. Көтерме жәрдемақы әскери қызметші тағайындалған немесе ол әскери бөлімнің (мекеменің) жаңа тұрақты орналасу пунктіне келген күні атқаратын әскери лауазымы бойынша айлықақыдан және ауысқан күні әскери атағы бойынша нақты айлықақысы бойынша төленеді.
Тармақ 71
71. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабымен белгіленген тәртіппен және мөлшерде көтерме жәрдемақы мынадай әскери қызметшіге төленеді:
Тармақша 1
1) лауазымға тағайындалуына байланысты қоныс аударған, оның ішінде келісімшарт бойынша әскери қызметке ерікті түрде кіру жағдайынан басқа, әскери қызметке алғаш шақырылған адамға, жаңа қызмет орны бойынша әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) іс пен лауазымды қабылдау туралы бұйрығы негізінде. Бұл ретте көтерме жәрдемақы қарамағында болған орны мен жаңа қызмет орны арасындағы қашықтық 100 километрден аз, бірақ жаңа қызмет орны мен қарамағында болғанға дейінгі қызмет орны арасындағы қашықтық 100 километрден асатын жағдайда да төленеді;
Тармақша 2
2) әскери қызметші іссапарға жіберілген әскери бөлім (мекеме) іссапарға жіберуге байланысты қоныс аударған;
Тармақша 3
3) егер өкімде болу мерзімі 2 айдан асатын болса, соңғы атқарған лауазымы бойынша командирдің (басшының) бұйрығы негізінде жаңа қызмет орны бойынша өкімге қабылдануына байланысты қоныс аударған;
Тармақша 4
4) командирдің (басшының) орналасу орнына келу туралы бұйрығы негізінде әскери бөлімнің (мекеменің) немесе бөлімшенің тұрақты орналасу орнының өзгеруіне байланысты қоныс аударған;
Тармақша 5
5) осы әскери оқу орны тиісті бастықтың қабылдау туралы бұйрығы негізінде әскери оқу орнына оқуға қабылданған;
Тармақша 6
6) әскери қызмет көзделген бір мемлекеттік органнан басқасына ауысуына байланысты қоныс аударған;
Тармақша 7
7) соңғы атқарған лауазымы бойынша ол өкімде тұрған әскери оқу орны шетелдік әскери оқу орнына оқуға қабылданған және оқуға (адъюнкт болып) түскен;
Тармақша 8
8) соңғы атқарған лауазымы бойынша ол ауысып келген мекеме Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабына ауысуына байланысты қоныс аударған.
Бұл ретте, көтерме жәрдемақыны төлеу тиісті командирлердің (басшылардың) жоғарыда аталған бұйрықтарында көтерме жәрдемақы сомасы көрсетіле отырып ескеріледі.
Тармақ 71-1
71-1. Көтерме жәрдемақының мөлшерін айқындау кезінде кету пунктінен белгіленген пунктке дейін елді мекендердің шекарасы арасындағы автомобиль жолының ұзындығы ескеріледі. Елді мекендер арасындағы қашықтық автомобиль жолының мәніне қарамастан, ең қысқа жол бойынша есептеледі.
Көтерме жәрдемақының мөлшерін айқындау кезінде іс пен лауазым қабылданған күнгі лауазымдық айлықақы ескеріледі.
Тармақ 72
72. Әскери бөлімге (мекемеге) лауазымға тағайындалған және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің басқа пунктке қоныс аудару туралы бұйрығын алғаннан кейін осы әскери бөлімге (мекемеге) келген әскери қызметшіге көтерме жәрдемақы жаңа тұрақты орналасу пунктіне келгеннен кейін бір рет төленеді.
Тармақ 73
73. Жаңадан құрылған әскери бөлімге (мекемеге) тағайындалған және бөлімнің уақытша орналасу пунктіне жаңа қызмет орнына келген, одан кейін оның тұрақты орналасу пунктіне қоныс аударған әскери қызметшіге көтерме жәрдемақы тұрақты орналасу пунктіне келгеннен кейін бір рет төленеді.
Тармақ 74
74. Көтерме жәрдемақы әскери қызметшінің әрбір отбасы мүшесіне (жұбайы (зайыбы), баласы (балалары) нақты ауыстырылған және жеке ісінде жазылған күніне отбасының құрамы туралы анықтама негізінде төленеді.
Егер зайыбы мен жұбайы әскери қызметшілер болып табылған жағдайда олардың қалған отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы олардың таңдауы бойынша әскери қызметшілердің біреуіне осы жәрдемақыны алушының ақшалай ризығының айлықақысынан төленеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметші қызметтен шығарылған кезде оған жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу
3-параграф. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметші қызметтен шығарылған кезде оған жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу
Тармақ 75
Тармақ 76
76. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша не әскери бөлім (мекеме) штатының қысқаруына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу (біржолғы) жәрдемақысы мынадай еңбек сіңірген жылдары бар:
күнтізбелік 10 жылдан аз – үш айлық қаражат;
күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін – төрт айлық қаражат;
күнтізбелік 15 жылдан 20 жылға дейін – бес айлық қаражат;
күнтізбелік 20 жылдан 25 жылға дейін – алты айлық қаражат;
күнтізбелік 25 жылдан 30 жылға дейін – жеті айлық қаражат;
күнтізбелік 30 жылдан астам – сегіз айлық қаражат мөлшерінде төленеді.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу (біржолғы) жәрдемақысының мөлшері осы жұмыстан шығу (біржолғы) жәрдемақысы бұрын әскери қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу (біржолғы) жәрдемақысы ескеріліп айқындалады.
Жұмыстан шығу күні тиесілі қаражат мөлшері бұрын алынған қаражаттың мөлшерімен тең болған жағдайда жұмыстан шығу жәрдемақысы қайта төленбейді.
Жауынгерлік іс-қимылға, терроризмге қарсы және (немесе) бітімгершілік операцияларға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының орденімен (ордендерімен) наградталған әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшері қаражаттың екі айлықақысына арттырылады.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген және әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе әскери бөлім (мекеме) штатының қысқаруына байланысты әскери қызметтен шығарылған офицер құрамының әскери қызметшісіне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлеміне құқық болмаған кезде жұмыстан шығу (біржолғы) жәрдемақысын төлеумен бірге әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде әскери атағы бойынша айлықақы төлеу сақталады.
Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде әскери қызметшілердің әскери атағы бойынша айлықақысы арттырылса, тиісінше әскери қызметтен шығарылған офицер құрамының әскери қызметшілеріне төленетін осы айлықақының мөлшері ұлғайтылады.
Жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшерiн айқындау кезiнде бөлiм жеке құрамының тiзiмiнен шығарылған күннiң алдындағы күнгi лауазымдық айлықақы ескерiледi.
Тармақ 77
77. Әскери қызметшіге біржолғы жәрдемақыны қызметтен шығарылғанмен түпкілікті есеп айырысқан және оған қызметтен шығару туралы құжат берілген кезде әскери бөлім (мекеме) төлейді.
Тармақ 4. 4-параграф. Мерзімді қызмет әскери қызметшісі қызметтен шығарылған кезде оған жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу
4-параграф. Мерзімді қызмет әскери қызметшісі қызметтен шығарылған кезде оған жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу
Тармақ 78
78. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткен соң немесе денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде мерзімді қызметтегі әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысы - бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан болған аталған адамдарға - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Жауынгерлік іс-қимылдарға, терроризмге қарсы және бітімгершілік операцияларға қатысқаны үшін орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшері ақша қаражатының екі айлықақысына арттырылады.
Тармақ 5. 5-параграф. Экологиялық зілзала аймағында тұрғаны үшін қосымша еңбекақы төлеу
5-параграф. Экологиялық зілзала аймағында тұрғаны үшін қосымша еңбекақы төлеу
Тармақ 79
79. Экологиялық зілзала аймақтарында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мөлшерде қосымша ақы төленеді.
Тармақ 80
80. Экологиялық зілзала аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы әскери қызметшіге экологиялық зілзала аймағында орналасқан әскери бөлім (мекеме) жеке құрамының тізіміне қабылданған күннен бастап төленеді.
Әскери қызметшіге қосымша ақы төлеу әскери бөлім (мекеме) жеке құрамының тізімінен шығарылған күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 81
81. Егер әскери қызметшіге қосымша ақы толық емес ай үшін тиесілі болса, оның мөлшері осы айда қызмет өткерген күнтізбелік күндердің нақты санына сүйене отырып, барабар айқындалады.
Әскери қызметшіге қосымша ақы ақшалай ризықты төлеумен бір уақытта төленеді.
Тармақ 6. 6-параграф. Әскери қызметшіге коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеу
6-параграф. Әскери қызметшіге коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеу
Тармақ 82
82. Ақшалай өтемақы төлеу жабық және оқшауланған әскери қалашықта, шекара заставасында тұратынды қоспағанда, келісімшарт бойынша әскери қызметшіге жүргізіледі. Бұл ретте тиісті гарнизонның аудандық пайдалану бөлімі (ол болмаған жағдайда тұрғын үй комиссиясы) жыл сайын 20 қаңтарға дейін тиісті гарнизонда жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында тұратын әскери қызметшілердің тізімін осы гарнизонның әрбір әскери бөліміне (мемкемесіне) ұсынады. Бір жыл ішінде тізім түзетілген жағдайда тиісті гарнизонның аудандық пайдалану бөлімі (ол болмаған жағдайда тұрғын үй комиссиясы) үш күн мерзімнен кешіктірмей осы гарнизонның әскери бөлімдерін (мекемелерін) хабардар етуді жүргізеді.
Ақшалай өтемақы әскери қызметшіге ағымдағы ай үшін ақшалай ризықты төлеумен бір уақытта төленеді.
Тармақ 83
83. Ақшалай өтемақы әскери қызметшінің әскери қызметте болуының барлық кезеңі үшін төленеді.
Әскери қызметшіге ақшалай өтемақы төлеу ол әскери қызметтен шығарылған кезде тоқтатылады.
Тармақ 84
84. Ақшалай өтемақының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес айқындалады.
Тармақ 85
85. Әскери қызметші қайтыс болған жағдайда ақшалай өтемақы ол әскери бөлім (мекеме) жеке құрамының тізімінен шығарылған күнге дейін төленеді.
Тармақ 7. 7-параграф. Жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, қатерсіздендіру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшіге ақшалай өтемақы төлеу
7-параграф. Жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, қатерсіздендіру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшіге ақшалай өтемақы төлеу
Тармақ 86
86. Жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, қатерсіздендіру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшіге тәулігіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленеді.
Тармақ 87
87. Өтемақы әскери қызметшіге ақшалай үлесті төлеумен бір уақытта төленеді.
Тармақ 88
88. Өтемақы төлеу командирдің бұйрығы негізінде ақшалай ризықты төлеген сәтте көрсетілген жұмыстарды орындаған күндері үшін жүргізіледі. Бұл ретте бұйрықта жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, қатерсіздендіру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындаумен айналысатын әскери қызметшілердің тізімі және осы жұмыстарды жүргізу кезеңі көрсетіледі.
Тармақ 8. 8-параграф. Әскери қызметтен шығарылған кезде әскери қызметшіге ақшалай ризық төлеу
8-параграф. Әскери қызметтен шығарылған кезде әскери қызметшіге ақшалай ризық төлеу
Тармақ 89
89. Әскери қызметтен шығарылған кезде ақшалай ризық мыналарға:
Тармақша 1
1) мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшіге әскери бөлім (мекеме) жеке құрамының тізімінен шығарылған күнге дейін, бірақ әскери бөлім (мекеме) қызметтен шығару туралы бұйрықты немесе жазбаша хабарламаны алған күннен бастап бір айдан артық емес;
Тармақша 2
2) мерзімді қызмет әскери қызметшісіне, әскери оқу орнының курсантына, ол шығарылған барлық ай үшін төленеді.
Тармақ 90
90. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери бөлім (мекеме) әскери қызметтен шығару туралы бұйрықты (хабарламаны) алған күні медициналық ұйымдарда емделудегі әскери қызметшіге ақшалай үлес қызмет орнына қайтып келген күнді қоса алғанда, ал жыл сайынғы негізгі демалыстағыға – демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленеді. Бұл ретте емделуге немесе демалысқа кеткенге дейін ісі мен лауазымын тапсырмаған әскери қызметшіге ақшалай үлес Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында белгіленген мерзім шегінде ісі мен лауазымын тапсырған уақыты үшін төленеді.
Тармақ 91
91. Әскери қызметтен шығарылатын әскери қызметшіге Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының 50-тармағында белгіленген мерзім шегінде ісі мен лауазымын тапсырған уақыты үшін, сондай-ақ ол ісі мен лауазымын тапсырғанға дейін берілген жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін ақшалай ризық әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) жыл сайынғы негізгі демалыс беру және оның ұзақтығы туралы бұйрығы негізінде демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленеді.
Әскери қызметшіге қызметтен шығарылған кезде ісі мен лауазымын тапсырғаннан кейін берілген жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін соңғы әскери лауазымы бойынша айлықақы есебінен ақшалай ризық төленеді. Осы жыл сайынғы негізгі демалыста болған уақытта сыныптық біліктілігі үшін үстемеақыны қоспағанда, үстемеақы мен қосымша төлем төленбейді.
Тармақ 9. 9-параграф. Зейнетақы алу құқығынсыз жұмыстан босатылған
офицерге төлемдер
9-параграф. Зейнетақы алу құқығынсыз жұмыстан босатылған
офицерге төлемдер
Тармақ 92
92. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, штаттарды қысқарту бойынша, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығынсыз жұмыстан шығарылған офицерлер құрамының әскери қызметшісіне жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеумен қатар қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде әскери атағы бойынша айлықақы төлеу сақталады.
Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызметтегі әскери қызметшілерге әскери атағы бойынша айлықақылар арттырылса, тиісінше офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенге дейін төленетін осы айлықақылардың мөлшері де арттырылады. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметте болған, жұмыстан шығарылған офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде әскери атағы бойынша айлықақылар төленбейді.
Тармақ 93
93. Зейнетақы алу құқығынсыз Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен босатылған офицерлерге әскери атағы бойынша жалақы төлеуді қорғаныс істері жөніндегі департаменттер жүргізеді.
Тармақ 94
94. Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар, бөлімдер жеке істердің келіп түсуіне байланысты босатылған офицерлерден карт-шотының нөмірін сұратады.
Тармақ 95
95. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлім куәландырған босату туралы бұйрық көшірмесі, карт-шот нөмірі жеке істі алған күннен бастап 10 күн ішінде қорғаныс істері жөніндегі департаментке жолданады.
Тармақ 96
96. Қорғаныс істері жөніндегі департамент алынған құжаттар негізінде бір жыл ішінде әскери атағы бойынша жалақы төлеуді жүргізеді.
Тармақ 97
97. Көрсетілген төлемдерді есептеу бөлімнің жеке құрам тізімінен алып тастаған күннен бастап жүргізіледі.
Тармақ 10. 10-параграф. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) сыйлықақы беру
10-параграф. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) сыйлықақы беру
Тармақ 97-1
97-1. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) сыйлықақы беру (бұдан әрі – әскери қызметшіге сыйлықақы беру) бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген мемлекеттiк бюджет қаражатын үнемдеу есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 97-2
97-2. Әскери қызметшіге сыйлықақы беру белгілі бір кезеңдегі жұмыс қорытындысы, жалпы осы әскери бөлімнің (мекеменің) немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмыс істеуі кезек күттірмейтін және алдын ала болжанбаған жұмыстың шұғыл орындалуына байланысты сол жұмысты орындағаны, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының іс-шараларын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің немесе Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындағаны, егер осы өкілеттіктер қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмесе, заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлегені, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз әскери қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздерде сыйлықақы беруді мереке күндеріне, мереке және мерейтой күндеріне, әскери қызметшілердің мерейтойына орайластыруға жол беріледі.
Әскери қызметшілердің мерейтойы олардың 40 жасқа толуы, сондай-ақ әрбір келесі 5 жас деп саналсын.
Тармақ 97-3
97-3. Әскери қызметшіге сыйлықақы беру жүргізілмейді:
Тармақша 1
1) алынбаған тәртіптік жазасы бар болған кезде;
Тармақша 2
2) әскери қызметшінің теріс себептер бойынша қызметтен шығарылуына байланысты;
Тармақша 3
3) әскери қызметке жаңадан кірген, тиісті әскери бөлімде (мекемеде) сыйлықақы төлеу туралы шешім қабылданған күнге күнтізбелік отыз күннен аз қызмет өткерген (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты бір әскери бөлімнен (мекемеден) екіншісіне ауысуды қоспағанда), сондай-ақ тікелей жоғарыда көрсетілген әскери бөлім (мекеме) командирімен (басшысымен) еңбек шартын бұзғаннан кейін әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасаған кезде;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерден астам өкімде тұрған әскери қызметшіге;
Тармақша 5
5) әскери қызметшіге үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақытта;
Тармақша 6
6) әскери қызметші мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу демалысында болған кезеңде;
7) егер сыйлықақы төлеу туралы шешім қабылданған күнге ол күнтізбелік отыз күннен аз жұмыс істесе, ұзақтығы алты және одан көп ай болатын оқу демалысынан, баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстан шыққан жағдайда.
Тармақ 97-4
97-4. Сыйлықақы беру туралы бұйрық шығару үшін ұсыныста әскери атағы, тегі, инициалдары, атқаратын лауазымы, сыйлықақы беруге негіздеме, сыйлықақы мөлшері, тәртіптік жазасының болмауы туралы мәлімет көрсетіледі.
Тармақ 97-5
97-5. Әскери қызметшіге сыйлықақы беру туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарымен, Бас штаб бастығының орынбасарымен немесе аппарат басшысымен келісу бойынша жоғарғы әскери басқару органы арқылы ұсынылады.
Сыйлықақы беру:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының әскери қызметшісіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің не оның орнында болатын адамның бұйрығы негізінде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына тікелей бағынысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер түрінің бас қолбасшысына, бас басқарма бастығына, әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тиісті бұйрықтары негізінде;
Тармақша 3
3) әскер түрінің бас қолбасшысына және бас басқарма бастығына тікелей бағынысты өңірлік қолбасшылық әскерінің, әскер тегінің қолбасшысына, әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына), әскер түрі бас қолбасшысының және бас басқарма бастығының тиісті бұйрығы негізінде;
Тармақша 4
4) өңірлік қолбасшылық әскерінің, әскер тегінің қолбасшысына тікелей бағынысты әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына), өңірлік қолбасшылық әскері, әскер тегі қолбасшысының тиісті бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген әскери қызметшіге сыйлықақы беру әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Тармақ 97-6
97-6. Әскери қызметшіге сыйлықақы беру туралы бұйрық шығару Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің сыйлықақы беру туралы шешімі және көрсетілген мақсаттарға арналған қаражат болған кезде жүргізіледі.
Осы тармақтың Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің сыйлықақы беру туралы шешімінің болуы бөлігіндегі талаптары әскери қызметшілердің мерейтойына (туған күніне, егер әскери қызметші 40 жасқа және әрбір келесі 5 жасқа толса, бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде) сыйлықақы берілетін жағдайға қолданылмайды.
Тармақ 11. 11-параграф. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) материалдық көмек көрсету
11-параграф. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) материалдық көмек көрсету
Тармақ 97-7
97-7. Әскери қызметшіге (курсанттан, кадеттен, мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) материалдық көмек көрсету (бұдан әрі – әскери қызметшіге материалдық көмек көрсету) бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген мемлекеттiк бюджет қаражатын үнемдеу есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 97-8
97-8. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әрбір әскери бөлімінде (мекемесінде) материалдық көмек көрсету мәселелерін қарау жөніндегі комиссия тағайындалады.
Тармақ 97-9
97-9. Әскери қызметшіге оның ауыр материалдық жағдайына байланысты материалдық көмек көрсету мынадай жағдайда:
Тармақша 1
1) оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары қайтыс болғанда – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде;
Тармақша 2
2) өзі некеге тұрған кезде – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының үш еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде;
Тармақша 3
3) баласы туған, ол бала асырап алған кезде – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының үш еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде;
Тармақша 4
4) әскери қызметшіге өзіне қатысты құқыққа сыйымсыз әрекет жасау (тонау, ұрлық және басқа) салдарынан мүліктік залал келтірілгенде, сондай-ақ зілзала (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және басқа) болғанда – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының үш еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде;
Тармақша 5
5) қосымша қаржы шығыны талап етілетін емделу (санаторлықтан басқа, күнтізбелік он және одан көп күн стационарлық немесе амбулаторлық емделу), емдеу мекемесінен тиісті құжат болғанда (операцияға төлем шот, дәрілік препараттарға шығыс және тағы басқа) – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының үш еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде;
Тармақша 6
6) зейнеткерлікке шыққан кезде – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының үш еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
Әскери қызметшіге материалдық көмек көрсету көрсетілген жағдайлар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында қызмет еткен кезеңде туындағанда жүзеге асырылады.
Тармақ 97-10
97-10. Әскери қызметшіге материалдық көмек тиісті материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияға оның ауыр материалдық жағдайы туралы баянаты негізінде көрсетіледі. Баянатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары қайтыс болғанда:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
оның жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) және (немесе) жекжаттарының қайтыс болу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі;
қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмесі;
Тармақша 2
2) өзі некеге тұрғанда:
ерлі-зайыптылардың екеуінің де Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) баласы туғанда, ол бала асырап алғанда:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі;
бала (балалар) асырап алғанын растайтын құжаттардың көшірмесі;
Тармақша 4
4) әскери қызметшіге өзіне қатысты құқыққа сыйымсыз әрекет жасау (тонау, ұрлық және басқа) салдарынан мүліктік залал келтірілгенде:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
оны жәбірленуші ретінде тану туралы қаулының көшірмесі;
Тармақша 5
5) әскери қызметшіге зілзала (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және басқа) салдарынан мүліктік залал келтірілгенде:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
мүліктік залал келтірілгенін растайтын Қазақстан Республикасының ішкі істер органынан немесе жергілікті атқарушы органнан құжаттардың көшірмесі;
Тармақша 6
6) қосымша қаржы шығыны талап етілетін емделу (санаторлықтан басқа, күнтізбелік он және одан көп күн стационарлық немесе амбулаторлық емделу) болғанда:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
қызмет орны бойынша әскери-медициналық мекемеден оларда тиісті бөлімшелердің не арнайы жабдықтың болмауына байланысты медициналық көрсеткіштер бойынша медициналық көмек көрсетудің мүмкін еместігі туралы анықтама;
емделуден өткенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
дәрілік заттарды, дәрі-дәрмекті, ақылы медициналық қызметтер көрсетуді төлеу туралы кассалық кіріс ордеріне фискалды чектер немесе түбіртектер;
Тармақша 7
7) әскери қызметші зейнеткерлікке шыққанда:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
еңбек сіңірген жылдарын көрсетумен зейнетақымен қамсыздандыруға құқық беретін қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді.
Материалдық көмек көрсету туралы баянат осы Қағидалардың 97-9-тармағында көзделген жағдайлар туындаған күннен бастап екі ай ішінде беріледі.
Әскери қызметшіге зейнеткерлікке шыққанда материалдық көмек көрсетуге оның бөлiм тiзiмiнен шығарылған күнге дейiн бiр айдан кешiктiрмей берілген баянаты негізінде жол беріледі.
Тармақ 97-11
97-11. Материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссия келесі қаржы жылында қаралуы мүмкін төртінші тоқсанда болған жағдайлардан басқа, тек ағымдағы қаржы жылында болған жағдайларды қарайды. Материалдық көмек көрсету туралы шешім комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 97-12
97-12. Ауыр материалдық жағдай, науқастанудың өте ауыр түрлері (мысалы: онкологиялық аурулар) ерекше жағдайларында комиссия материалдық көмектің мөлшерін арттыру туралы шешім қабылдауы мүмкін, бірақ екі еседен астам емес.
Тармақ 97-13
97-13. Комиссия отырысының хаттамасы болған кезде материалдық көмек:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының әскери қызметшісіне;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тиісті бұйрықтары негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрінің бас қолбасшысына, бас басқарма бастығына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне және Қарулы Күштері Бас штабының бастығына тікелей бағынысты әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына);
Тармақша 3
3) әскер түрі бас қолбасшыларының және бас басқарма бастықтарының тиісті бұйрықтары негізінде өңірлік қолбасшылық әскерінің, әскер тегінің қолбасшысына, әскер түрінің бас қолбасшысына және бас басқарма бастығына тікелей бағынысты әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына);
Тармақша 4
4) өңірлік қолбасшылық әскері, әскер тегі қолбасшыларының тиісті бұйрықтары негізінде өңірлік қолбасшылық әскерінің, әскер тегінің қолбасшыларына тікелей бағынысты әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына);
Тармақша 5
5) әскери бөлім командирлерінің (мекеме басшыларының) бұйрықтары негізінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында атап көрсетілмеген әскери қызметшілерге төленеді.
Тармақ 97-14
97-14. Материалдық көмек көрсету туралы бұйрық шығару көрсетілген мақсаттарға көзделген ақша қаражаты бар болған кезде жүргізіледі.
Тарау 8. 5-тарау. Ақшалай аттестаттар
5-тарау. Ақшалай аттестаттар
Тармақ 98
Басқа 0.1
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне
ақшалай үлесті, жәрдемақылар мен басқа да
төлемдерді төлеу қағидаларына
қосымша
Нысан