О льготах по санаторно-курортному лечению участников, инвалидов Великой Отечественной войны и пенсионеров Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысына қатысушыларын, мүгедектерін және зейнеткерлерді санаторий-курорттық емдеу бойынша жеңілдіктер туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 30.01.2012 N 1/79 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдардың жеңілдіктері және әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 374-І ҚРЗ Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" N 163 Заңына, Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Алматы қаласының 2002 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне сәйкес және Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында Алматы қаласының Әкімшілігі қаулы етті:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысына қатысушыларын, мүгедектерін және зейнеткерлерді санаторий-курорттық емдеу бойынша жеңілдіктер туралы Ереже бекітілсін (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Алматы қалалық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті (А.Нұрланов), қалалық соғыс ардагерлері және зейнеткерлер кеңесі (А.Шалов) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және зейнеткерлеріне санаторий-курорттық жолдамалардың берілуін және олардың есебінің жүргізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Тәжібаев) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және зейнеткерлерге арналған санаторий-курорттық жолдамалар бойынша ақы төлеу үшін уақытылы қаржы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа берілсін.
Басқа 5
Әкімшілік хатшысы Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 28 қаңтардағы N 1/74 қаулысымен Бекітілді N 1 қосымша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінің демалыс және емдеу орындарында емделуіне жеңілдіктер беру туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Демалыс және емдеу орындарына жолдамалар Алматы қаласында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне тегін беріледі, зейнеткерлерге берілген өтініші негізінде емдеу мекемесінің тұжырымы бойынша Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті арқылы ардагерлер мен зейнеткерлердің қалалық Кеңесі арқылы алған зейнетақысының 50 пайызы мөлшерінде төлеп алады. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері және зейнеткерлер үшін арналған демалыс және емдеу орындары мекемесі ҚР 1997 жылғы 16 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алулар туралы"N 163-1 ҚРЗ Заңына сәйкес анықталады.
Тарау 2. 2. Қаржыландыру көздері
2. Қаржыландыру көздері Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті осы мақсаттар үшін жолдамаларды алғызуға ақша қаражаттарын көздейді.
Тарау 3. 3. Жолдамаларды есепке алу және беру тәртібі
3. Жолдамаларды есепке алу және беру тәртібі Қалалық ардагерлер мен зейнеткерлер Кеңесі ерекше қажеттіліктегі Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері мен зейнеткерлерге демалыс және емдеу орындарын ай сайын 50 жолдамамен қамтамасыз етеді (жылына 600 жолдама) (N 1 қосымша). Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті қалалық ардагерлер мен зейнеткерлер Кеңесінің өтінімі бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жолдама береді(N 2 қосымша).
Тарау 4. 4. Бухгалтерлік есептегі демалыс және емдеу орындарына жолдамаларды беру тәртібі
4. Бухгалтерлік есептегі демалыс және емдеу орындарына жолдамаларды беру тәртібі Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне ұйымдардан келіп түскен демалыс орындарына берілген жолдамалардың (есеп шоттары) негізінде есепке алынады. Онда сақтауға қабылдап алған адамдардың қолымен жолдамалардың келіп түскендігі белгіленеді. түскендігі белгіленеді. Берілген жолдамаларды осы Ережеге сай рәсімделген құжаттар арқылы алып тастау жүзеге асырылады.
Басқа 10
N 1 қосымша Қалалық ардагерлер Кеңесінің жолдамаларды беру және қабылдау жөніндегі өтініштерді тіркеу журналы
Басқа 11
N 2 қосымша Қалалық ардагерлер Кеңесінің өтінімі бойынша Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің берген жолдамаларын тіркеу журналы