Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Теректинскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 «Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Теректі аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 31 наурыздағы №11-5 «Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешімі жойылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (В.Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Теректі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы №12-4 шешіміне қосымша Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Объектінің түрі Есептік бірлік м3/жыл 1. Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 1,1 2. Қонақ үйлер, демалыс үйлері 1 орын 1,13 3. Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,4 4. Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,62 5. Емханалар 1 адам 0,04 6. Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 2,06 7. Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,13 8. Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 орын 1,16 9. Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1 м2 0,8 10. Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 0,26 11. Дүкендер, супермаркеттер, базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2 0,77 12. Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2 0,44 13. Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері, гараждар 1 машина-орын 0,11 14. Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 0,11 15. Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 0,23 Аббревиатуралардың толық жазылуы: м2 - шаршы метр; м3 – куб метр.