Об утверждении тарифов на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по Теректинскому району Күшін жойған
Басқа 0
Теректі ауданы бойынша
тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға және әкетуге арналған
тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Теректі ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Теректі аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 31 наурыздағы №11-6 «Теректі ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімі жойылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (В.Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Теректі аудандық мәслихатының
2017 жылғы 9 маусымдағы №12-5 шешіміне
қосымша
Теректі ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері
п/п
Объект
Есеп айырысу бірлігі
Баға теңгемен (ҚҚС жоқ)
1.
Тұрмысқа жайлы иеліктегі үйлер
тұрғын/айына
113
2.
Тұрмысқа жайлы емес иеліктегі үйлер
тұрғын/айына
113
3.
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінен
1 м³
358
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС - қосылған құн салығы.