О проведении конкурсов природопользователей Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғат пайдаланушылар конкурсын өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.01.2004 № 14 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау ережесін бекіту туралы» 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысына сәйкес облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Табиғат пайдаланушыларға кәсіптік балық аулауға құқық беруге және балық шаруашылықтары ішкі су айдындарын бекітуге арналған конкурс өткізудің Тәртібі бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Кәсіптік балық аулаудың лимитін бөлу және су айдындарын бекіту жөніндегі конкурстық комиссия құрамы (бұдан әрі - комиссия) № 2 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген квота көлемінде табиғат пайдаланушыларға кәсіптік балық аулауға құқық беруге және балық шаруашылығы су айдындарын бекітуге арналған конкурстарды жыл сайын өткізіп отыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Жергілікті тұрғындардың балық қорларын пайдалануын және олардың жұмыспен қамтылуын ұлғайту мақсатында аудандардың, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасының бөлімшелері тұрғындарға конкурстардың мерзімі мен шарттары туралы жан-жақты хабарлап отыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің «Табиғат пайдаланушылардың конкурсын өткізу туралы» 2000 жылғы 26 шілдедегі № 41 және «Облыс әкімінің 2000 жылғы 26 шілдедегі № 141 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2001 жылғы 30 наурыздағы № 82 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Есенғалиевке жүктелсін.
Басқа 7. Табиғат пайдаланушыларға кәсіптік балық аулау үшін құқық беруге және балық шаруашылықтарды ішкі су айдындарын бекітуге арналған конкурс өткізудің ТӘРТІБІ
Облыстық әкімияттың 2002 жылғы 14 наурыздағы № 52 қаулысына № 1 қосымша Табиғат пайдаланушыларға кәсіптік балық аулау үшін құқық беруге және балық шаруашылықтарды ішкі су айдындарын бекітуге арналған конкурс өткізудің ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Конкурс су айдындарының экологиялық жағдайын жақсартуға және балық қорын көбейтуге жәрдемдесетін шараларды өткізуге белсене қатысатын табиғат пайдаланушыларға кәсіптік балық аулауға басым құқықтар беру мақсатында өткізіледі.
Тармақ 2
2. Конкурсты өткізу облыстық атқарушы орган құрған конкурстық комиссияға жүктеледі. Комиссия құрамына облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасының, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылайтын облыстық аумақтық басқармасының, облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының, облыстық балық қорын қорғау қызметінің және табиғат пайдаланушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді. Комиссияның хатшысын, конкурс өткізудің орны мен уақытын комиссия төрағасы белгілейді.
Тармақ 3
3. Комиссия өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 1993 жылғы 21 қазандағы Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулаудың ережесін бекіту туралы» 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің балық аулаудың көлемін (лимитін) бекітетін жыл сайынғы қаулыларын, сондай-ақ басқа да табиғат қорғау нормативтік-құқықтық актілерін және осы конкурс өткізудің Тәртібін басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Конкурсқа мамандандырылған балық өндіретін кәсіпорындар мен ұйымдардың, меншіктің нысанына қарамастан конкурсқа қатысу талаптарына сәйкес келетін заңды және жеке тұлғалардың қатысуға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Конкурсқа қатысу үшін табиғат пайдаланушылардың аталған құжаттар тізімінде тіркелген белгіленген үлгідегі өтінімі негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Конкурстың қорытындысы бойынша меншіктің нысанына қарамастан мынадай табиғат пайдаланушыларға:
Тармақша 1
1) су айдындарының экологиялық жағдайын, балықтардың мекен етіп, өніп-өсуі жағдайын жақсартуға бағытталған балық өсіру, суландыру шараларына белсене қатысқандарға;
Тармақша 2
2) балық өндіруге мамандандырылғандарға (аулау, жүзу құралдары, кәсіптік механизмдер, балық қабылдау пункттері, көлік, тоңазытқыштары тағы басқалар бар) басымдық құқықтар беріледі.
Тармақ 7
7. Конкурсқа қатыстырудан және лимит бөлуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) өтінім берушінің балық қорларын тиімді пайдалану жағдайлары мен жоспарланған қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті талаптарға сәйкес еместігі туралы арнаулы өкілді органның қорытындысы;
Тармақша 2
2) ұсынылған құжаттарда айқын емес ақпараттардың болуы;
Тармақша 3
3) аталған су айдындарына квотаның болмауы;
Тармақша 4
4) биотехникалық шараларды жүргізу жөніндегі шартты міндеттемелерді орындамау балық қорларын пайдаланғаны үшін дер кезінде төлемдерді төлемегені, бөлінген лимиттерді игермегені.
Тармақ 8
8. Комиссия мүшелерінің ең кемі үштен екісі қатысқан жағдайда конкурстық комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Конкурстың қорытындысы хаттамамен ресімделеді, оған комиссия мүшелерінің бәрі қол қояды.
Тармақ 9
9. Балық аулау көлемін (лимитін) бөлуді және балық кәсіпшілігі учаскелерін (су айдындарын) табиғат пайдаланушыларға бекітіп беруді конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша облыстық атқарушы орган бекітеді.
Тармақ 10
10. Конкурсты өткізу, шарттары мен қорытындысы туралы хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Басқа 24. Кәсіптік балық аулау лимитін бөлу және су айдындарын бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыстық әкімияттың 2002 жылғы 14 наурыздағы № 52 қаулысына № 2 қосымша Кәсіптік балық аулау лимитін бөлу және су айдындарын бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияның ҚҰРАМЫ Ғилым Зайреденұлы Қуанышев – облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, комиссия төрағасы Марат Нұржанұлы Оразғалиев – облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Қадыр Бақтығалиұлы Әлпейісов – облыстық балық қорғау инспекциясының бастығы Сатыбалды Құспанұлы Құспанов – облыстық аумақтық қошаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары Клара Мауловна Мамина – облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасының бас маманы Нұрлан Мендешұлы Мұқашев – Орал ауданаралық балық қорларын қорғау инспекциясының бастығы Владислав Павлович Неелов – облыс әкімі аппаратының бас маманы Жағыпар Мұқтарұлы Түбетов – жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы Юрий Георгиевич Чалусов – облыстық аңшылар және балықшылар қоғамының төрағасы (келісім бойынша)