Об основных направлениях земельной реформы в области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстағы жер реформасының негізгі бағыттары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 12.11.2004 № а-10/266 қаулысымен.
Жерге орналастыру, жер кадастрін және жер мониторингін жүргізу жер ресурстарын қорғау және пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, жерге құқық беретін құжаттарды дайындау, тапсыру және жер нарығын келешекте де жалғастырып, жетілдіруді ұйымдастыруда облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті және оның құрылымдық бөлімшелері тұрақты жұмыстар жүргізуде.
Облыстың егістікке жарамды жерлерін пайдалануды жақсартуға бағытталған тыңайған жерлерді ауыл шаруашылық айналымына қатыстыру шаралары жоспарланып, оларға сәйкес соңғы екі жыл ішінде облыста егістікке жарамды жерлер есепке алынуда.
Есепке алу нәтижесі тыңайған жерлердің азайғандығын, бүгінгі таңда ол 669 мың га құрайтыный көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңының шығуына байланысты, жерге орналастыру қызметінің атқарушы және өкілді орындарының алдында белгілі мерзім ішінде орындалуға тиісті бірқатар мәселелер туындады.
Облыс әкімиятының қабылдаған қаулысына сәйкес барлық агроқұрылымдардың жерге құқық беру құжаттарын қайта тіркеу тәртібі бекітілді.
Облыстағы жұмыс тобы жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жеке меншікке және ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін жер учаскелерінің мөлшерлі аумағын белгілеу туралы ұсыныстар жасады.
Сондай-ақ жер реформасы бойынша жұмыстарды жүргізуде орын алып отырған бірқатар кемшіліктер де бар.
Көп аудандарда егістікке жарамды жерлерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, табиғи қорғау аумақтарымен бір кешендегі жерлерді қорғауды мемлекеттік бақылауды күшейту туралы аймақтық бағдарламалар құрастырылмаған.
Қала және ірі елді мекендердің аумақтарын аймақтау жұмыстары жүргізілмейді.
2001 жылы облыс бойынша жергілікті бюджетке қосымша қаражат тарту мақсатында бір де бір жер аукционы (жарыс саудасы), не байқауы өткізілмеген.
Жер реформасы мәселелерінің іске асырылуын жақсарту үшін облыс әкімияты қаулы етеді: (шығарды):
Тармақ 1
1. Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің жер реформасының жүргізіліп жатқан негізгі бағыттары туралы хабарламасы назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Аудан және қала әкімдеріне:
Тармақша 1
1) егістікке жарамды жерлерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру туралы аймақтық бағдарламаларын әзірлесін;
Қалалардың, ірі елді мекендердің аумақтарын аймақтау, ауданның жер қызметі штатын ұлғайту жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржының бөлінуі қарастырсын;
Тармақша 2
2) Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетімен келісе отырып, облыстық жер, инспекциясымен бірлесіп:
Табиғи қорғау аумақтарымен бір кешендегі жерлерді қорғауды мемлекеттік бақылау жұмыстарын күшейтсін;
Барлық агроқұрылымдардың, меншік түріне қатыссыз, Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңымен бекітілген мерзімдерге сәйкес жерге құқық білдіру құжаттарын қайта тіркеу жұмыстарының сөзсіз орындалуын қамтамасыз етсін;
Белгіленген тәртіппен жеке меншікке және ұзак мерзімге пайдалануға берілетін жер учаскелерінің мөлшерлі аумағын бекітсін;
Егін шаруашылығын дамытуға инвестицияларды тарту және бюджетке қаржы түсімін ұлғайту үшін облыс аудандары мен қалаларында жер аукциондарын (жарыс саудаларын) өткізуді кеңінен қолдансын;
Тармақша 3
3) Ақмола мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі институтымен бірге ауыл шаруашылық танаптарын тиімді пайдалану мақсатында топырақ зерттеу, егістік құжаттарын тапсыру, жерге орналастырудың ішкі шаруашылық жобаларын құрау жұмыстарын дамытсын.
Тармақ 3
3. Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті, облыстық жер инспекциясы, «Ақмолагипрозем» институты:
Жер туралы заңдылықтарға сәйкес, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерді пайдалануы мақсатты болуын қатаң бақылауға алсын;
Тыңайған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына кірістіру және егістікке жарамды жерлерді пайдалануды жақсартуға бағытталған шара жоспарларын жақсартсын:
Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігімен бірлесе отырып облыстағы жерге орналастыру қызметінің санын республикалық бюджет есебін арттыру және жерге орналастыру жұмыстарын 2002 жылға қаржыландыруды мүмкіндігінше ұлғайту үшін мақсатты жұмыстар жүргізілсін;
Тармақ 4
4. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егістікке жарамды жерлерді пайдалануды жақсартуға бағытталған шаралар жоспарын іске асыру жұмыстары қанағаттанғысыз екендігі ескертілсін.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстағы жүргізіліп жатқан жер реформасының барысын және егістікке жарамды жерлерді тиімді пайдалану керектігін кеңінен насихаттасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуы бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.