Об утверждении основных условий бюджетного кредитования в рамках программы регионального финансирования субъектов малого и среднего предпринимательства акционерным обществом «Фонд развития предпринимательства «Даму» Күшін жойған
Басқа 0
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту
қоры» акционерлік қоғамымен
шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерін өңірлік қаржыландыру
бағдарламасының шеңберінде
бюджеттік кредит берудің
негізгі шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қарағанды облыстық мәслихатының VI сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №131 «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4066 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық бюджет қаражаттарының есебінен «Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кредит беру» 13 3 275 010 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары мен қарыз алушылар санаты бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен кредиттік шарт (келісім) жасауды;
Тармақша 2
2) кредитті нысаналы және тиімді пайдалануды, өтеуді және қызмет көрсетуді бақылауды және мониторингті қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Қарағанды облысы әкімдігінің
2017 жылғы «29» маусым № 38/05
қаулысына қосымша
«Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға
«Даму» кәсіпкерлікті дамытуқоры» АҚ
кредит беру» 13 3 275 010 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша
бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары мен қарыз алушылар санаты
1. Бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары:
Тармақша 1
1) Бюджеттік кредитті беру мақсаты –өңір үшін басым салаларда немесе жекелеген аумақтық бірліктерде олардың жобаларын қаржыландыру жолымен өңірлерде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту;
Тармақша 2
2) Бюджеттік кредиттің мөлшері - 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге;
Тармақша 3
3) Бюджеттік кредиттің валютасы- теңге;
Тармақша 4
4) Бюджеттік кредиттің мерзімі- 60 (алпыс) ай;
Тармақша 5
5) Бюджеттік кредитті игеру мерзімі – 6 (алты) айға дейін;
Тармақша 6
6) Бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі - 0,01%;
Тармақша 7
7) Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес кредиттік шарттарда белгіленеді.
2. Қарыз алушылар санаты:
қарыз алушы – мамандандырылған ұйым, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке не ұлттық холдингке, не «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы тұлғасында Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар;
түпкілікті қарыз алушы – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде жас кәсіпкерлер/әйел кәсіпкерлер/мүгедектер/ 50 жастан асқан тұлғалар;
серіктес-банкілер – коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, олар Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес банкілік қызметті жүзеге асыруға құқылы және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға қатысу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен айқындалған.